Жұқа линза формуласы:
Кескін өлшемінің h (биіктік) нәрсе өлшеміне Н (биіктікке) қатынасын сызықтық үлкейту Г деп атайды.
.
V. Есептер шығару.
Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: А: №24, №25, В: №1, №2, №7, С: №2, №3.
Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: : §§70.71.72.. 31-жаттығу. №1, №2, №4.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §§73.74.Оптикалық аспаптар. Көз-оптикалық жүйе.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға проекциялық аппараттар, фотоаппараттар, микроскоп, телескоптың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, көздің құрылысы, аккомодация, алытан көргіштік, жақыннан көргіштік туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Сфералық линза дегеніміз не?
Дөңес линзаның қандай сипаттамаларын білесіңдер?
Оптикалық оське параллель сәулелер өткенде, олардың жолдары қалай өзгереді? Ойыс линзадан өткенде ше?
Тәжірибеде линза фокусының орнын қалай анықтауға болады?
Линзаның оптикалық күші деген не?
Жинағыш линза беретін кескіндердің өзгеруі неге байланысты?
Линзада кескін алу үшін қандай сәулелерді пайдаланған ыңғайлы?
Линзаның формуласын жазыңдар. Ол қанадй шамаларға байланысты?
Линзаның үлкейтуі деген не? Ол неге тең?
Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспаптарды проекциялық аспаптар немесе аппараттар деп атайды.
Проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы:
3-ойыс айна
К-конденсор –жазықдөңес линзалар жүйесі.
Д-диапозитив
О-объектив.
Фотоаппараттың құрылысының оптикалық сұлбасы:
Лупа –бұл шыныдан жасалған қосдөңес, қысқа фокусты линза.
Фокус аралығы азайған сайын линза көбірек үлкейтеді.
Микроскоп –күрделі оптикалық аспап.
Микроскоптың құрылысының оптикалық сұлбасы:
Телескоп алыстағы нәрсенің кескінін үлкейту үшін қолданылады.
Телескоптың оптикалық құрылысының сұлбасы:
Телескоптың түрлері: телескоп-рефрактор, телескоп-рефлектор
Достарыңызбен бөлісу: |