ІV. Есептер шығару:
Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: №9, №12, №15.
V.Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§§65, 66. 28-жаттығу.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §67. Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Жарықтың сынуы, сыну бұрышы, жарықтың сыну заңы туралы оқушыларға түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Жазық айнада қандай кескін алынады?
Жазық айнаның алдына биіктігі 2см А әрпі қойылған. Айнада не көрінеді?
Жазық айнадағы нәрсе кескінінің қандай ерекшеліктері бар?
Екі айна бір-біріне 900 бұрыш жасай орналастырылған. Мұндай күрделі айнаға қарап тұрған бақылаушы не көреді?
Айналық перикоптың құрылысы қандай?
Сфералық айна деген не?
Ойыс айнаның дөңес айнадан айырмашылығы қандай?
Сфералық айнаның негізгі сипаттамаларын атаңдар және сипаттаңдар.
Ойыс айнаның беретін кескінін сипаттаңдар.
Дөңес айнада қандай кескін алынады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.
Жарықтың сыну құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп атайды.
Жарықтың сыну заңы:
Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген орта үшін тұрақты шама болып табылады:
n шамасы сыну көрсеткіші.
Егер жарық шоғы бір заттан келесі затқа өткен кезде сынған сәуле перпендикулярға жақындаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан кем болса, онда екінші затты оптикалық тығыз деп атайды.
Ал, егер жарық шоғы бір заттан келесіге өткен кезде сынған сәуле перпендикулярдан алыстаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болса, онда екінші затты оптикалық тығыз емес дейді.
Оптикалық тығыз емес заттың абсолюттік сыну көрсеткіші оптикалық тығыз заттыкінен кем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |