ІV. Есептер шығару:
В.И. Лукашик: №1330, №1332,1347.
V.Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§§65, 66. 29-жаттығу. №4, №5.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §68,§69. Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі.
Сабақ мақсаты:
1. Жарықтың толық шағылу құбылысы, спектр,дисперсия туралы оқушыларға түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Жарықтың сынуы деген не?
Жарықтың сыну бұрышы деген не?
Жарықтың сыну заңын тұжырымда.
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарықтың толық шағылу құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Жарық шоғы тығызырақ ортадан тығыздығы азырақ ортаға өткенде, таралу жылдамдығы артады. Сәуленің түсу бұрышымен салыстырғанда, сыну бұрышы да артады. Бұл жағдайда сыну заңы:
.
Жарық көзін шайба дөңгелегінің бойымен орын ауыстыру жолымен сыну бұрышын арттыруға болады. Сонда түсу бұрышына қарағанда сыну бұрышы тез артады, шағылған шоқтың жарықтығы артады, ал сынған шоқтың жарықтығы кемиді. Түсу бұрышын сыну бұрышы 900-қа тең болатындай етіп аламыз. Мұнда сынған шоқтың жарықтығы жойылады, ал шағылған шоқтың жарықтығы түскен шоқтың жарықтығына тең болады. Түсу бұршының одан әрі артуы –екі ортаны бөлетін шекарада сынудың болмауына алып келеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп, ал толық шағылу болатын бұрышты сындық немесе αш шектік бұрыш деп атайды.
.
Дисперсия құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Негізгі жеті түсті шоқтар жай, монохроматты шоқтар деп аталады.
Күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы дисперсия деп аталады. Кемпірқосақ –жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күрделі күн жарығының үздіксіз спектрі.
Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |