IV. Жаттығулар орындау.
26-жаттығу. №1, №2, №3.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§55. 25-ж. №4, №5, №6.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
Сынып:11 «А»сынып
Пәні: физика
Күні:
Сабақ тақырыбы: §12,13. Магнетизм туралы ілімнің негізгі кезеңдері.Магниттік өріс. Токтардың өзара әрекеті.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға магнит өрісі ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, электрқозғалтқыш, электрөлшеуіш аспаптар туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, электрондық оқулық, магнит, сым рама, иілгіш сым..
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
Соленоид деген не?
Соленоидтың магнит өрісінің күш сызықтары қалай орналасқан?
Электромагнит деген не?
Оның құрылысы қандай?
Электромагниттік реленің құрылысы, жұмыс істеу принципі қандай?
Электромагниттер қайда қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәжірибе:
Магнит өрісі тогы бар өткізгішке бағыты әрекет етуші өрістің күш сызықтарының бағытына перпендикуляр болатын белгілі бір күштермен әрекет етеді.
Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын сол қол ережесін пайдаланып анықтауға болады:
Егер сол қолдың алақанын өрістің күш сызықтары кіретіндей етіп орналастырса, ал керілген төрт саусақ токтың жүру бағытан сәйкес бағытталса, онда 900 бұрылған бас бармақ өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын көрсетеді.
Тәжірибе:
Рамаға екі күш түсіріледі, солардың әрекетінен ол бұрылып, жазықтығы өріске перпендикуляр болатындай орналасады.
Ғ1=Ғ2
Электрқозғалтқыш деп электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған электр машинасын айтады.
Электр өлшеуіш аспаптар:
магнитэлектрлік
электрмагниттік болып бөлінеді.
Магнитэлектрлік аспап. Электрмагниттік аспап
IV. Пысықтау.
1. Егер тогы бар түзу өткізгішті тұрақты таға тәрізді магнит өрісіне орналастырса не болады?
2. Тогы бар раманы тағы тәрізді тұрақты магнит өрісіне орналастырса не болады?
3. Сол қол ережесі қалай айтылады?
4. Электрқозғалтқыш не үшін пайдаланылады?
5. Электрөлшеуіш аспаптардың қандай түрлері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |