«Хатшы-референт»
мамандығы бойынша № 92 топта
өндiрiстiк оқыту сабағының
Ж О С П А Р Ы
Сабақ тақырыбы: «Қызметтік құжаттаманы ресімдеу»
Сабақ мақсаты:
бiлiмдiлiк: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың
білімін қайталау және қорытындылау
дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлауын, танымдық
қабілетін, тапсырманы өздігінен орындауын
дамыту
тәрбиелiк: Құжаттарды құрастыруда ұқыптылық,
сауаттылыққа қатысты жауапкершілікке
тәрбиелеу; жеке және ұжымда жұмыс істей
алу мен ұйымдастыруды тәрбиелеуге
мүмкіндік жасау
Әдіс, тәсіл: Ауызша, көрнекті, практикалық
Сабақ түрі: Қорытынды сабақ
Пәнаралық байланыс: Құжаттар, хат-хабар, іс жүргізу,
Ақпараттық технологиялар және компьютерлік
іс жүргізу, Іскерлік мәдениет, Қазақ тілі
Оқу-өндірістік жұмыстар: Қызметтік құжаттаманы құрастыру
және ресімдеу
Оқу материалдарымен
қамтамасыз ету: жабдықтар:
1. Компьютерлер.
2. Мультимедиалық проектор.
3. Экран.
дидактикалық материал:
1. Карточкалар.
2. Ребустар.
3. Нұсқаулық карталар.
4. Жетондар.
5. Бағалау бланкі.
САБАҚ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру-мотивациялық кезеңі
1.1. Ұйымдастыру бөлімі.
1.2. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сыртқы көрінісін тексеру. Сабақ құралдарын түгелдеу.
Кіріспе нұсқаулық.
1.3. Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты. Ойынның шартын хабарлау.
Сабақ ойын түрінде өткізіледі. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1 команда «Хатшылар», команда басшысы Мукашева Айзат.
2 команда «Ақпаратшылар», команда басшысы Насыр Жансая.
Тапсырманы тексеру және бағалауында бақылаушылар көмектеседі, олар әр команданың басшылары болады. Сабақ барысында әр командаға дұрыс жауап үшін жетондар беріледі. Сабақ аяғында кімде көбірек жетондар бар екенін қарап, қорытындысың шығарамыз.
«Ассоциациялар» ойыны. Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын хабарлау.
- «Құжат», «ресімдеу» деген сөздерді естігенде сіздерде қандай ассоциациялар туындайды?
- Сабақтың мақсаттары қандай деп ойлайсындар?
1.4. Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.
II. Мазмұнды-танымдық кезеңі.
2.1. Оқушыларға сабақтың материалы жөнінде түсініктеме жасау
1 конкурс. «Кім көбірек?». Әр командаға сұрақтар қойылады. Егер басқалары жауап бере алмаса, басқа команда да сұрақтарға жауап бере алады.
1) Құжаттың деректемесі деген не?
2) Пернетақтаның екінші қатарына қандай әріптер жатады?
3) Түйіндеме не үшін жазылады?
4) Өтініш бойынша не шығарады?
5) Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?
6) Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?
7) Анықтама не үшін беріледі?
8) Еңбек келісімі неше данада жасалады?
9) Өтініш қандай қағазға жазылады?
10) Хаттамаға кім қол қояды?
2 конкурс. «Құжаттың деректемелері».
Әрбір команда көрсетілген құжаттың деректемелерін атауы керек.
1 командаға тапсырма: Бұйрық құжатының деректемелерін атаңыздар.
2 командаға тапсырма: Хаттама құжатының деректемелерін атаңыздар.
Жауаптарын тақтаға шығып жазу керек.
3 конкурс. «Екі қатарды сәйкестендіріңіздер». Екі қатар арасындағы сәйкестікті белгілеңіздер.
Мазмұнына қарай екі қатарды сәйкестендіріңіздер.
1. Студенттер оқу төлемақысын 1. еңбек төлемақысы
төлемесе, қысқартылады.
2. Келісімшарт бойынша 2. екінші хабарламахат
жеткізілім мерзімі көрсетілсе, жібереміз.
3. Құрылысшылар жұмысты 3. біз шығынды өтеп
уақытында аяқтамаса, беруіміз керек.
4. Олар біздің кінәміздан 4. сол уақыттан кешіктірмеу
зиян шексе, керек.
5. Бұл хабарламахат бармаса, 5. олар оқудан шығарылады.
Мазмұнына қарай екі қатарды сәйкестендіріңіздер.
1. Оның еңбекақысы жоғары 1. кездесу ұзаққа
болғандықтан созылмады.
2. Олар кездесуге уақытында 2. қазір осы мәселені көтеріп
келгендіктен отырмыз.
3. Біз бұрын фирма басшысына 3. басқа қызметке
өтініш білдіргендіктен ауыспады.
4. Кейбір қызметкерлер жұмыс 4. қала әкімі мәжіліске
тәртібін ұдайы бұза бергендіктен кешігіп келді
5. Қабылдауда адамдар көп 5. бірнеше рет
болғандықтан ескертулер алды
Қосымша тапсырма. Карточкамен жұмыс.
Бұйрық руководитель
Білімі уважаемый
мамандығы гражданин
басшы справка
түсініктеме расписка
мекенжай образование
анықтама приказ
азамат адрес
құрметті специальность
қолхат объяснительная
Келесі 4 конкурс. «Кім жылдам?»
Түрлері бойынша құжаттарды атап беру керек.
1 команда: Ақпараттық-анықтамалық құжаттар түрлерін көрсетіңіздер.
2 команда: Ұйымдық-басқару құжаттар түрлерін көрсетіңіздер.
5 конкурс. «Қателерді түзе».
Құжаттарды дереу түзетіп және дұрыс ресімдеу қажет.
1) Құжаттың қателерін түзетіңіз.
«Тұлпар» АҚ
Жұмысқа қабылдау туралы
БҰЙРЫҚ
№ 54/2 15.10.2013
Павлодар қаласы
1. А. Оспан 2017 жылғы қазанның 15-інен жоспарлау бөліміне бас маман қызметіне жұмысқа қабылдансын.
2. А. Оспанға штаттық кестеге сәйкес жүз мың теңге көлемінде еңбекақы тағайындалсын.
Директор қолы Аты-жөні Негізі: А. Оспановтың өтініші.
Бұйрықпен таныстым
қолы күні
2) Құжаттың қателерін түзетіңіз.
Анықтама № 18/2
25 қараша 2017 ж.
Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді.
Бейсебеков Болат шын мәнінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
Анықтама Әуезов ауданының салық инспекциясы үшін берілді.
Анықтама 4 ай өз күшінде.
С. Жолдасова Кадр бөлімінің бастығы
3) Карточкамен жұмыс.
Құжаттың қателерін түзетіңіз.
«Адал» фирмасының басшысы
О.Жұбанов мырзаға
Алматы қаласы, Әуезов көшесі
15-үй, 45-пәтерде тұратын
Досанова Сәуледен
Өтініш
Мені 2017 жылдың 15 қазанынан бастап үйлестіруші қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.
24.10.2017 ж. Досанова С. қолы
Қосымша тапсырма. Әзірге команда қатысушылары құжатты ресімдеп болғанша басқаларына келесі тапсырма беріледі. «Ребустарды шешу».
Тапсырмаларды тексеру. Ребустарды шешу.
6 конкурс «Мәтінді толықтырыңдар». Мәтін мағынасына қарай тиісті сөздерді қойыңыздар.
Мәтін мағынасына қарай тиісті сөздерді қойыңыз.
«Қамқор» ЖШС экономист қызметінің ............. орнына конкурс жариялайды. Конкурсқа ........... 30-45-ке дейінгі, экономикалық ......... білімі бар, компьютер бағдарламаларын жетік .............. , ағылшын және қазақ тілдерінде еркін ................ , мамандығы бойынша ............ өтілі 5 жылдан кем емес, адамдармен ............ орнатуға бейімі бар мамандар қатыса алады. Конкурс ............ – 3 апта. Конкурсқа ............ құжаттар: төлқұжат, жеке .............. парағы, 5 фотосурет, өмірбаян.
............. мекен жайға хабарласыңыздар: Алматы қаласы, Достық даңғылы 114.
________________________________________________________________________
еңбек, іс, жасы, мына, мерзімі, жоғары, қажетті, сөйлей алатын, қарым-қатынас, меңгерген, бос
Мәтін мағынасына қарай тиісті сөздерді қойыңыз.
«Адал» ААҚ-ның президенті
Б.М. Мұратов ...........
Хабарламахат
2017 жылдың 21 сәуірінде ........... келісімшарт бойынша «Адал» ашық акционерлік ............ «Нәзік» жауапкершілігі шектеулі .............. әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге ................. болатын.
2017 жылдың шілде, тамыз .............. «Адал» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде .............. жеткізбегендіктен, біз 200 мың теңгеге зиян шектік.
«Нәзік» .................. қоғамы 2017 жылдың 21 қыркүйегінен ........... өзара жасалған келісімшарттан ............ тартатынын мәлімдейді.
«Нәзік» ЖШС-ның президенті Ж.Қ. Сағатова
2017 ........ 15 қараша
________________________________________________________________________
шикізат, мырзаға, серіктестігіне, акционерлік, жылғы, жасалған, айларында, бас, қоғамы, міндеттенген, бастап
7 конкурс «Сыр сандық». Хатшының жұмысына байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
1) Хатшының құжатсыз қызметі туралы не білеміз?
2) Хатшыны кім қабылдайды?
3) Хатшы қандай құжаттарды басшылыққа алады?
4) Хатшы нені білуі керек?
5) Хатшыға қандай қызметтер жүктеледі?
6) Тіркеу журналын жүргізетін мекеме қызметкері кім?
7) Құжаттың маныздылығын кім анықтайды?
8) Хатшының құқығы қандай?
Келесі тапсырма – Практикалық жұмыс.
Сабақ бойы нұсқаулық.
Оқушыларды жаттықтыру. Тексеру мақсатымен жұмыс орнын аралау
а) жұмыс орнын дайындау;
ә) тапсырманың дұрыс орындалуы;
б) қауіпсіздік техникасын сақтау;
в) уақыт тіркеу журналын толтыру.
Жұмыс орындарына бөлу. Нұсқаулық карталар бойынша практикалық жұмыстарды орындау.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН МАҚСАТПЕН ТЕКСЕРIП ШЫҒУ:
1 ТЕКСЕРIС:
Жұмыс орнының ұйымдастыруын тексеру.
2 ТЕКСЕРIС:
Тапсырма орындаудың дұрыстығын тексеру.
3 ТЕКСЕРIС:
Өзiн-өзi бақылау жүргiзудiң дұрыстығын тексеру.
4 ТЕКСЕРIС:
Техникалық жағдайдың сақтау дұрыстығын тексеру.
5 ТЕКСЕРIС:
Қабылдау жүргiзу және жұмысты бағалау.
III. Қорытынды-бағалау кезеңі.
Қорытынды нұсқаулық.
3.1. Дайын тапсырманы қабылдау.
3.2. Сабақ қорытындысын шығару.
Рефлексия:
- Сабақта не қызықты болды?
- Көбінесе тапсырмалар ұнады?
- Қиын тапсырмалар болды ма?
- Нені үйрендік?
3.3. Оқушылардың жұмысын бағалау.
3.4. Жұмыс орынды және кабинетті жинау.
3.5. Үй тапсырмасы: Бақылау жұмысына дайындалып келу.
ӨНДIРIСТIК ОҚЫТУ ШЕБЕРI: А.Ж. Исина
НҰСҚАУЛЫҚ КАРТА
Қызметтік құжаттаманы ресімдеу.
Өткен материалды қайталау
Мақсаты: Құжаттарды дұрыс толтыруды, сауатты жазуға дағдандыландыру.
Жұмыс орындалуының тәртібі:
1. Жұмыстың атауын және мақсатын анықтау. Жұмыс орнының күйін тексеру.
2. MS Word мәтіндік редакторын ашып, А4 пішімді парақтың параметрлерін қойыңыз.
3. Құжаттарды құрастырыңыз, деректемелерді талдаңыз.
«Қайнар» ЖШС, БҰЙРЫҚ, 14.05.2017 ж., № 45, Штатық кестеге өзгерістер енгізу уралы, Өндірістік қажеттілікке байланысты, БҰЙЫРАМЫН: 1. Тіркеу бөлімінде менеджер қызметі қысқартылсын. 2. Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде экономист қызметі енгізілсін. 3. Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары А.Асқаровқа жүктелсін. «Қайнар» ЖШС-ның директоры, қолы, С.Ғ. Саматов
СЕНІМХАТ, Мен, Болат Серікұлы, жеке куәлік № 00000 ҚР ІІ М 02.01.2010 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтер, азамат Қайрат Мұратұлына, жеке куәлік № 00013 ҚР ІІ М 01.01.2010 жылы берілген, мекен-жайы: Павлодар қ., Мир к., 2-үй, 1-пәтер, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кассасынан мамыр айының еңбекақысын алуды сеніп тапсырамын. 01.04.2017, қолы, тегі. Болат Серікұлының қолын куәландырамын. Мемлекеттік нотариус, қолы, тегі. 02.04.2017
Екібастұз қаласының № 1 жалпы орта білім беру мектебінің директоры А. Ахметовке мұғалім Н. Оспановтан, өтініш, Маған 2012 жылғы қарашаның 10-ынан 25-іне дейін 15 күнтізбелік күнге кезекті еңбек демалысын беруіңізді өтінемін. 01.11.2017, қолы, тегі
«АЗАМАТ» ПИК АНЫҚТАМА № 12, Қарағанды қ.,10.02.2017, Самат Қанатұлы Омар 1970 жылы туған, Қарағанды қ., Майра к., 1-үй, 2-пәтерде тұрады. Отбасы құрамы: 1. Жұбайы – Анар Оспанқызы Омар, 1971 жылы туылған. 2. Ұлы – Әмір Саматұлы, 1998 жылы туылған. Анықтама талап етуші орынға көрсету үшін берілді. Анықтама 10 күн өз күшінде. «АЗАМАТ» ПИК төрағасы, қолы, тегі
«Арай» ЖШС директоры А. Оспанұлына БАЯНДАУ ХАТ, 16.01.2017, Сізге 2012 жылғы қаңтардың 15-інде сату бөлімінің маманы Р. Омаров жұмысқа себепсіз шықпағанын хабарлаймын. Тиісті шара қолдануыңызды сұраймын. Сату бөлімінің бастығы, қолы, тегі
Достарыңызбен бөлісу: |