Заттай өлшегіштер есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін қолданылады. Мұндай өлшегіштер болып ұзындық өлшегіштері (метр, сантиметр), салмақ (килограмм, тонна), көлем (литр, куб. метр) және т.б. өлшегіштер жатады.
Заттай өлшегіштер ең алдымен материалдық құндылықтардың санын есепке алу үшін қолданылады. Олардың меншікті сақтау ісінде алатын орны ерекше.
Еңбек өлшегіштері жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеуге арналған. Оларға жұмыс күндері, сағаттары мен минуттары жатады. Еңбек өлшегіштерінің көмегімен еңбек өнімділігінің көрсеткіштері анықталып, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің жалақылары есептеледі, жұмысшылардың еңбек ету нормалары бекітіліп, бақылауға алынады.
Еңбек өлшегіштері көбінесе заттай өлшегіштермен бірге қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |