|
Сабақ тақырыбы: Айнымалы ток пен металды қолмен дәнекерлеу Модуль/пән атауы: Слесарлық жөндеу жұмысы
|
бет | 2/4 | Дата | 05.01.2022 | өлшемі | 26,64 Kb. | | #36422 | түрі | Сабақ |
| Слесарь жұм 94 Сабақтың барысы:
Дәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.
1. Доғалық дәнекерлеудiң негiзгi түрлерi:
1) Петров тәсiлi бойынша
2) Бенардос тәсiлi бойынша
3) Славянов әдiсi бойынша
4) Үш фазалы доғамен пiсiру
Дәнекерлеу доғасы және оның қасиеттерi. Пiсiру доғасы деп көп жылу мен жарық шығаратын газдағы қуатты электрлiк жалындауды айтады. Ол 3 бөлiктен тұрады: катод аумағы, анод аумағы жане доға дiңгегi. Барлық аумақты доға дiңгегi 1 алады, онда ионизациялау процесi мен катод аумағындағы тегiс бөлшектер анодқа қарай ауысады. Доға дiңгегiнiң температурасы 6000-70000С-қа жетедi. Ол қатты қызған электрод пен пiсiрiлетiн металдардың бу қоспаларынан және сол булардың қоршалған газдармен реакция нәтижесiндегi өнiмдерден тұратын ортамен 2 қоршалған.
q=0,24 JU кал/с
Электр доғалық дәнекерлеудiң ток көздерi. Электр доғалық дәнекерлеу үшiн тұрақты және айнымалы ток қолданылады. Тұрақты ток көзi ретiнде тұрақты ток генераторлары және пiсiру түзеткiштерi - селендi, германилi және кремнилi қолданылады. Тұрақты ток генераторлары электроқозғалтқышпен және iштен жанатын қозғалтқышпен жетектелетiн боп жасалады. Айнымалы токпен дәнекерлеуде дәнекерлеу трансформаторларын пайдаланады. Доғалық дәнекерлеудiң тұрақты ток көзi бiрпосталы және көппосталы етiп жасалады, ал айнымалы ток көзi тек қана - бiрпосталы болады.
Қолмен доғалық дәнекерлеу Автоматты және жартылай автоматты доғалық дәнекерлеуде барлық негiзгi процестер доғаның жануы, пiсiру сымының берiлуi, доға ұзындығының тұрақтылығы және пiсiру жылдамдығы механизацияланған және бiр-бiрiмен үйлесiмдi жүргiзiледi.
Электр шлагымен дәнекерлеу әдiсiнде негiзгi металл мен электрод балқытылған шлак арқылы өтетiн электр тогының қызуымен балқиды. Бұл әдiспен ауыр машинажасау, кемежасау және машинажасау өндiрiсiндегi күрделi қалың детальдарды пiсiредi.
Плазмалық дәнекерлеу
Дәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.Плазмалы электр доғасымен дәнекерлеуде шамалы немесе толық ионданған газдардың плазма ағысы қолданылады. Плазманың температурасы 103-2030С-қа жетедi. Сығылған доға дiңгегi арқылы газ өткiзiп, плазма шiлтелерiнде плазма алынады. Шiлтенiң газ үрiлетiн тар каналында электр доғасы жанады. Сол кезде доға қысылып оның тығыздығы мен температурасы артады. Ток мөлшерi көбейгенде доға дiңгегiнен өтетiн газ қысып, ионданып жоғары температуралы плазма болып сыртқа қарай бағытталады. Плазмаға айналатын газдар ретiнде азот, аргон, сутегi, гелий, ауа және олардың қоспалары қолданылады.Плазмалық доғаның тура және жанама әсер ететiн түрлерi болады. Тура әсер ететiн доға вольфрам электроды мен бұйым аралығында жанып 20000-300000С температурадай жылу бередi.Жанама әсер етушi доға вольфрам электроды мен шiлтенiң мыс каналы аралығында жанады.Плазмалық доғамен көмiртегi және тот баспайтын болаттарды баяу балқитын және түстi металдарды дәнекерлейдi.Плазмалық доғаның вольфрамды электродпен аргондоғалық дәнекерлеумен салыстырғанда бiраз артықшылықтары бар.1-шiден ол жылулықтың топталған көзi болып, балқыту қабiлетi жоғары болады. Плазмалық доғамен жиектерiн өңдемей-ақ қалыңдығы 10 мм-ге дейiнгi металдарды, қосымша материал қолданбай дәнекерлеуге болады.2-шiден плазма доғасының жану тұрақтылығы жоғары болғандықтан дәнекерлеу жiктерiнiң сапасы жоғары болады. Қалыңдығы 0,025-0,8 мм аралығындағы металдарды 0,5-10 А ток күшiмен микроплазмалық дәнекерлеу мүмкiндiгi болады.3-шiден ток мөлшерi мен газ шығынының арттыру арқылы бойлай өтетiн деп аталатын плазмалық доға алуға болады. Ондай доғалармен металды кесуге болады. Плазмалық дәнекерлеудiң кемшiлiгi - каналдары мен электродтардың iстен жиi шығуына байланысты, оның шiлтелерiнiң жұмыс атқару уақыты да қысқарақ болады.
Дәнекерлеу процесіндегі айнымалы тоқтың қоректену көздеріне трансформаторлар және арнайы құрылғылар жатады. Дәнекерлеу трансформаторлары бұл- тораптан алынатын 220 және 380В айнымалы ток кернеуін қажет мөлшердегі төменгі кернеуге түрлендіретін электромагнитті аппарат. Дәнекерлеу процесіндегі төмендетілген кернеу мөлшері 140В-тан кем болмауы керек. Трансформатор тұйық магнит өткізгіштен тұрады .Бұл Э320, Э33О маркалы электротехникалық болаттан дайындалынады. Өзекке біріншілік және екіншілік орамдар оралады. Трансформатор біріншілік орамы жағынан тұтынушы, екіншілік орамы жағынан қоректену көзі болып табылады.
Трансформатордың жұмысы біріншілік және екішілік орамдардың магнит өткізгіш арқылы өзара әсерлесуіне яғни өздік индукция құбылысына негізделген. Энергияны беруде екі айнымалы ағыс қатысады: магнит өткізгіш арқылы ғана өтетін негізгі ағыс-Фт және магнит өткізгіш пен ауа арқылы өтетін жайылу ағысы-Фs.
Егер екіншілік орам ажырап тұрғанда біріншілік орамға кернеу беретін болсақ бұл кезде I» бос жүріс тогы өтеді. Бұл ток магниттейтін күш Ғ=І0W1 пен негізгі магнит ағысын-Ф тудырады. Электротехникалық болаттың магниттік өтімділігі ауадан жоғары болғандықтан Ф ағысы өзекте ғана тұйықталады. Екі орамның тарамында да электромагниттік индукцияның ЭҚК-Еі , Е2 туындайды.
Егер екіншілік орамның қыспаларына жүктемені қоссақ онда І2 тогы өтеді және магниттейтін күш Ф2 ағысын туғызады. Бұл Ленц заңына сәйкес негізгі ағысқа Ф қарсы бағытталады. Ф2 ағысы біріншілік орам тарамаларынан өте отырып онда өздік индукцияның ЭҚК-н тудырады. Оның әсерінен I тогы туындайды. І1 тогы І2 тогының әсерін жойып жібереді. Нәтижесінде негізгі магнит ағысы Ф өзгермейді, трансформатордағы магнит қозғалысының күші
І0=І1W 1 +I2 W2
Негізгі ағыстан басқа жайылу ағыстары да болады (Фжі, Фж2 ). Олар толығымен
немесе жартылай ауамен және конструкция элементтерімен тұйықталады. Орамдағы негізгі ағыс тудыратын ЭҚК
Е1= 4,44 W1fф
E2=4,44 W2fФ
Mұнда f -айнымалы ток жиілігі
W1 және W2-біріншілік және екіншілік орамдағы тарам саны;
Ф-магнит ағысы.
Трансформатордағы жоғалу (шығын) аз болғандықтан,
Uі=Е1, U2=Е2 Олай болса былай жазуға болады:
U1/U2=Еі/Е2=Wі/W2=к
Мұнда, k-трансформация коэффициенті. Бұл коэффициент- біріншілік және екіншілік орамдардың тарам санына байланысты кернеуді түрлендіруді сипаттайтын трансформация коэффициенті. Индукцияланған ток кернеуі екіншілік орамның тарам санына байланысты: тарам аз болған сайын ток кернеуі төмен, тарам көп болса, кернеу жоғары болады.
Доғалы дәнекерлеу үшін трансформаторлар МЕСТ 95-77 бойынша 100, 250, 315, 400 және 500 А ток күшіне шығарылады. Трансформаторлардың қызметі: айнымалы токта жұмыс жасайтын дәнекерлеуге арнайы тағайындалған электродты қолданғанда доғаның шапшаң тұтануы мен тұрақты жануын қамтамасыз етуі керек. Электродтардың осындай қасиеті болмағанда (мысалы фторлы-кальцимен қапталмағанда) трансформаторлардың дәнекерлеу қасиеттері қанағаттарлықсыз болады, әсіресе ток күші 100А-ден аз болса.
Трансформаторлардың кемшіліктері доға жануының тұрақтылығы төмен, режимнің тұрақтылығы төмен, қуаттылық коэффициенті (СОS4)=0,4 - 0,5 төмен.
Доғаны түтату үшін 65В кернеуден аз емес бос жүріс кернеуі қажет. Дәнекерлеу доғасының кернеуі 20-30В болуы мүмкін.
Трансформаторлардың артықшылығы дайындалуы арзан, түзеткіштерден 2-4 ретке арзан; ПӘК салыстырмалы жоғары (0,7...0,9); энергияның меншікті шығыны аз (1 кг электрод металын балқытуға 2...4 кBт*сағ); қарапайым, арзан, тез жөнделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|