- Пән мұғалімі Тұрғанбаева Айгүл Ыдырысқызы
- Абайдың “он жетінші” қарасөзі
- Білімділік: 1. Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін , моделінің жобасын жасау
- Дамытушылық: 2. Мәтіннің танымдық сипатын , құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын , түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір – біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу.
- Тәрбиелік: 3. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып , елін сүюге , адамгершілік , адалдық , ізгілікке , ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ: - 1.Абайдың шығармалары мен қарасөздеріндегі философиялық көзқарасын оқып , талдау арқылы мейірім , әділет , шапағат , ар- ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі «толық адам» бейнесін жасау.
- 2.Оқушылардың топтағы жұмыстарын жүйелі жүргізіп жобалауға , жоспарлауға , бағыттауға , ой қоытуға пікір айтуға , дүние танымдық көзқарасын арттыру.
Абай кім? - Қарасөз дегеніміз
- ғылым туралы , философия туралы , дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . «Ғақлия» деген өсиеттері .
- Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді . Орыс , қытай , француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған .
“Қарасөз” модулі “Мен” модулі - « Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін , ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын , кімде – кім ішінен керекті сөз тапса , жазып алсын , я оқысын , керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де , ақыры осыған байладым , енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ .» (1-қарасөзінен үзінді)
- Абай қарасөзін не үшін жазды?
- Мәдмәлат – мақсат , мұрат .
- Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .
- Нәфсі – құмар
- Ахирет – бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім
Қайрат, ақыл, жүрек туралы - «Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,
- Сонда толық боласың елден ерек»
- « Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»
- « Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»
“Он жетінші” қарасөзін талдау -
- мәселесі – адамдыққа үйрету ;
- түрі – айтыс , талас түрінде ;
- мақсаты – өсиет , ғибрат қалдыру .
- « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
-
- Н. Назарбаев
- 17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден , баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу , зерттеу . Ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің артынан қалдырған ғибрат сөздерін жинақтау .
- Назар қойып қарағандарыңызға көп рахмет!!!!!
Достарыңызбен бөлісу: |