IV. Пысықтау.
Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді?
V. Есептер шығару. 12- жаттығу. №1, №2, №5, №7.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма:§32. 12-жаттығу. №3, №4, №6
7-сынып.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың дененің массасы, заттың тығыздығы тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем,Б.А.Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
№263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?
№264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ме болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
№279.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.
№294. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?
№326.Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?
№328. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.
№308. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.
ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: №265, №307, №309, №300. №3 зертханалық жұмысқа дайындық.
7-сынып.
Зертханалық жұмыс №3.
Тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.
1-тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ кірлер, параллелепипед тәрізді білеуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы.
Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның сол жақтағы табақшасына массасы белгісіз дене, ал екіншісыне таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғанына көз жеткізіңдер;
Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
Денені кірлермен теңгеріп болғаннан кейін, таразы табақшасындағы кірлердің массасын есептеңдер.
Өлшеу нәтижелерін төменгі кестеге жазыңдар:
№
|
өлшенетін дене
|
Дене массасы. г
|
Дене массасы, кг
|
1.
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
2-тапсырма. Дене тығыздығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы.
Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталатын денені алыңдар. Параллелипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан кейін оның көлемін V=abc есептеңдер;
Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
-
№
|
Тығыздығы анықталатын дене
|
Дене массасы,г
|
Дененің көлемі,см3
|
Тығыздық
|
г/см3
|
кг/м3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытындылау.
Бағалау.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§33.34. Күш. Деформация.
Сабақ мақсаты:
1. Күш, күштің өлшем бірлігі, күшті өлшейтін құралдар, деформация туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әр түрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күштер түсіруіміз керек. Мысалдар:
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі.
Күш өлшем бірлігі 1 Н.
Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды.
Деформация түрлері: пластикалық және серпімді.
Достарыңызбен бөлісу: |