Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: «№ 2 Қашар орта мектебі»КММ
|
Күні:17-17 .01.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні : Жусипова К.А
|
Сынып: 1Ә
Пән: Сауат ашу
|
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
104-105 сабақ
|
5-бөлім «Табиғатқа саяхат»
«З з» дыбысы мен әрпі
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)
|
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
|
Сабақ мақсаттары
|
Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады.
Үлгілер, сызбалар, суреттер қолдана отырып, қарапайым мәтіндер мен сөйлемдер жазады.
Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады
Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды.
З дыбысы мен әрпін меңгерту.сөздерге дыбыстық талдау жасау.з дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.
З дыбысының сөздегі орнын анықтау.
|
Жетістік критерилері
|
Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау:
сөздердегі өздеріне таныс әріптерді дұрыс жазу;
әңгімедегі басты оқиғаларды баяндау үшін үш сөйлем жазу;
сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы бос орынды тиісті сөзбен толықтыру
|
Сөздік қор
|
«әңгіме», «мазмұн», «оқиға» сөздері арқылы сөздік қорларын молайту.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, Акт пәнімен байланыстыру.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Мәтін жазу «Өріктер»жазу.
Өлең жаттау.
Ө дыбысы мен әрпі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Шаттық шеңбері.
Мектебің – мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
104–105-сабақтар. Табиғатқа саяхат. Зз дыбысы мен әрпі
Суреттердің көмегімен табиғатқа нелер жататынын анықтауға және сол суреттердің ішінде оқылатын жаңа әріп кездесетін сөзді тауып, сызбасын салу тапсырмасын орындату. Дыбыстың айтылу ерекшелігіне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алуына мүмкіндік жасау.
Дыбыс артикуляциясын дұрыс қоюға үйрету үшін «Айна» ойынын ұйымдастырамын. Оқушылардың бірі – айна болады. Ал екіншісі сол айнаға қарап, әріпті айтады. Мысалы, айнаға (оқушыға) қарап отырып, «з» деп айтқанда тіліміз қайтеді? Дыбыс кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. Ендеше «з қандай дыбыс?» деп дыбыстың артикуляциясын бақылай отырып, айтылу ерекшелігіне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алуына мүмкіндік жасау. Әріптің таңбалануын көрсету.
Зымыран сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, жұмбақтар жасырамын.
Сергіту сәті
|
Оқулық
Смайликтер
Дәптермен жұмыс
Тақтамен жұмыс
|
Сабақ ортасы
(МК; Ө; Ж; Қ) Мәтінді суреттерді қосып оқу және сұрақтарға жауап беру, рөлге бөліп оқу білігін бағалау.
(МК; Ө; Т; Қ) Тақырыпқа байланысты керекті сөздер мен суреттерді қолданып ерьегі құрастыру білігін бағалау.
|
1. Оқулықтағы «Оқу» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтыру. Оқиға бойынша бір-бірін бағалап үйренуге басшылық жасау.
Сыныптастарының қалай оқығанын оқушылардың өздеріне көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы бағалатып, кері байланыс жасату.
2. Мәтінді суреттерді қосып оқу және сұрақтарға жауап беру, рөлге бөліп оқу білігін бағалауды ұйымдастырамын. Мәтінді оқуда суреттермен дұрыс байланыстырып, мәтінді өз сөзімен аяқтауына ықпал ету. Қозы мен ботаның сөзін рөлмен оқыту
Сергіту сәті
3. Оқушылардың «Ақылды ұзақ» ертегісін құрастыруына ықпал етіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Тірек сөздерді қолдануына басшылық жасап, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сөздер: ұзақ, шөлдеді, құмыра, тұмсығы, су, тас, салды, көтерілді.
Ертегі мазмұны бойынша алдын ала дайындалған сұрақтарды қойып, жауап аламын. Топта отырып талқылаулар жасап, ертегі құрастыруына ықпал ету. «Автор орындығы» стратегиясын қолданып, оқушыларға ертегінің мазмұнын айтқызу.
|
Суреттермен жұмыс
https://www.google.kz/search?
|
Сабақтың соңы
(МК; Ө; Қ)
Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.
|
Оқушылардың Зз әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.
Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады
Қабілеті жоғары оқушыларға құрмалас сөйлемдер жазғызып тапсырманы күрделендіру.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
«Бірлесіп жазу»
дағдысын бақылау арқылы бағалау.
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар
Сергіту сәттерін ұйымдастыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |