Сабақ Пәні: География «Өзін-өзі тану»



жүктеу 1,62 Mb.
Дата28.11.2017
өлшемі1,62 Mb.
#2298
түріСабақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі
ҮЛГІ САБАҚ

Пәні: География («Өзін-өзі тану»пәнімен ықпалдастыру сабағы)

Тақырыбы: Жапония мемлекеті. «Өркениет-ел мұраты»

Тобы: А-11

Оқытушы Жанабаева Ж.У.

Ақтөбе 2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Жапония мемлекеті. Өркениет-ел мұраты.

а) Білімділік мақсаты:

Оқушыларды Жапония елінің саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайларымен таныстыру. АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сыни ойлауға тәрбиелеу.



ә) Дамытушылық мақсаты:

Саяси –экономикалық танымдарын, есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту. Сабаққа белсенділіктерін арттыру мақсатында ,ізденуге,қосымша материал пайдалануға дағдыландыру .Экономикалық- саяси жағдайларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.



б) Тәрбиелік мақсаты:Құндылық: дұрыс әрекет.Қасиет: ынтымақтастық, әдеп, қанағат. Халықтар арасындағы достықты құрметтеуге тәрбиелейді.

Күтілетін нәтиже

  • Бірлесе отырып, оқуға үйренеді;

  • Оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеті дамиды;

  • Елдерді зерттей отырып толық мағлұмат алады ;

  • Диалог арқылы бір-бірінің пікірін тындайды;

  • Өздігінен оқуға үйренеді;

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау,әңгімелесу,сұрақ-жауап,ізденгіштік,

ой талқы,картамен жұмыс



Пәнаралық байланыс: Тарих, Өзін-өзі тану

Сабақтың материалды-техникалық көрнекіліктері: интерактивтік тақта, оқулық, слайд шоу,кестелер,карталар, бейнефильм,музыка.

Сабақтың барысы және мазмұны:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу,топ тізімі бойынша оқушыларды түгелдеу 5(Т).



«Тыныштық сәті» Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында

II. Үй тапсырмасын сұрау: Халықаралық қатынастар

«Жан қиналмай жұмыс бітпес,

талап қылмай мұратқа жетпес»

1.Ғажайып алаң

1.Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

2.Халықаралық қатынастың түрлері?

3.Сыртқы сауда дегеніміз?

4.Дж.1-ші экономикалық аймақ қай ел?

5.Халықаралық қатынастардың мемлекет үшін маңызы қандай?



2. Кім жылдам?


Сұрақтар

Дұрыс жауап

Қате жауап

1.Қолданымдылық дегеніміз бұл- валюта







2.Валюта түрлері: әлемдік,ортақ,ұлттық,аймақтық,резервтік.







3.Девальвация бұл –валюта құнының жоғарлауы.







4.Ревальвация бұл валюта құнының төмендеуі...........







5.Сыртқы сауда бұл-экспарт пен импорттың қосындысы.







6.Дүние жүзіндегі бірінші экономикалық аймақ- Батыс Еуропа








IIІ.Жаңа сабақ

«Өркениет-мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі»

Ф.Вольтер, Д.Белл

  • Мәдениет пен өркениеттің ықпалдастығы дегенді қалай түсінесіздер?

  • Өркениетпен өскен елдер туралы не айтар едіңіз?

Тақырыбы: Жапония мемлекеті

Жоспары:


  • 1. Географиялық орны,шекарасы.” Күншығыс елі”

  • 2. Халқы,ұлттық құрамы, орналасу ерекшеліктері

  • 3. Шаруашылығы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











Жапония мемлекеті туралы фильмнен үзінді.(Видеоролик)

Жапония (жапонша: 日本)- Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде - Охотск теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын құрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін – Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема – күннің символы – бейнеленген



Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.

Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық патшалық болады.Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады IІІ.Жаңа сабақты бекіту



1.«Білім минуты»

1.Жапондықтар өздерін кім деп атайды?


2.Негізгі діндері қандай?


3. Ұлттық құрамы және қандай ұлттардан тұрады?


4.Жапон елі шикізат өніміне.....................

5.Төрт ірі аралдарын ата?

6.Ірі мегаполисін ата:

2. «Адаспай тап» картамен жұмыс.

Тапсырма: Дж.саяси картасына

1.Картадан Жапония мемлекетін көрсет:

2.Астанасын белгіле:

3.Қандай мұхитпен шектесип жатыр:

4.Шекаралас мемлекеттерді көрсет:

«Адам жасампаз болмаса, ұлы да бола алмайды »

Ян Райнис ІV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма. «Еңбегіне қарай өнбегі»

Жапония мемлекетітуралы қосымша мәлімет жинақтау,картамен жұмыс .



Топпен ән айту.Хор:

«Туған жер» (каз.)  Ә: Б.Тәжібаев с: Б.Тәжібаев.
Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!

Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!

Ауылымның түтіні қымбат маған,

Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!


Туған жер, өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау!

Жүрегім дүрсіл қағады-ау!


Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,

Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!

Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,

Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!


Туған жер, өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау!

Жүрегім дүрсіл қағады-ау!


Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?

Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!

Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,

Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!


Туған жер, өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау!

Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау