Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы Жарық ауылы
ММ « Жамбыл орта мектебі»
Ашық сабақ
Өзін-өзі тану 4 сынып
Мұғалімі: Мурзагулова Бакыт Нуроллиновна
Тақырыбы: «Жақсы сөз-жанға қуат»
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» «Жақсы сөз», мейірім құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
-қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер, үнтаспа,
Шаттық шеңбері «Не деу керек» әнін орындау
-Балалар жаңағы әнде қандай жақсы сөздер айттыңдар?
-Сәлеметсіз бе! Кешіріңіз,рахмет
-Бұл сөздердің барлығы қандай сөздер?
-Жақсы сөздер.
Дұрыс, ендеше бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Жақсы сөз- жанға қуат»
Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау, бір-бірімізге жақсы сөздер айту туралы әңгімелесеміз.
Ой қозғау
«Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларны келеді?
Мұғалім толықтырады
Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, Жақсы сөздер айтуы оларды жақындастырады, достастырады,сыйластықтары артады.
Жақсы сөз айту да жақсылық жасау болып табылады екен.
Ендеше мына тақтадағы сөздерге көңіл аударайық. Бұл сөздер қай кезде және кімге арналып айтылады екен./топтастыру ідісі/ Слайд-1
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
«Сыпайы қоян» мәтінін әңгімелеп беру. Слайд-2
Сұрақ- жауап
Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
Жақсы сөз адамға қалай әсер етеді екен?
Дәйексөз. Сдайд-3
«Жүректен шыққан сөз жүркке жол табады»
-Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»
деген екен. Біреуді таны –таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.
Жақсылық қылсаң-жасыр,
Жақсылық көрсең – асыр.
Өзгеге жасаған жақсылығың ,
Өзіңе жасаған жақсылығың
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Өзіммен-өзім. Слайд-4 /Релакция тыңдау.
Шығармашылық жұмыс /дәптермен жұмыс/
Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп,сол қағазға жақсы сөздерді жазып жеткізу.
-Жұмыстарын қорытындылау.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу)Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Тапсырма. Топтық жұмыс Слайд-5
Тапсырмалар бойынша жақсы сөздер пайдалана отырып диалог құрастыру.
Жүректен-жүрекке
Бір бет қағазға тілектер жазады,оны ұшақ ұқсатып ұшырады.
-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
Талапты достарыма табыс тілеймін.
Сыныптастарыма амандық тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |