3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
Кәсіби қазақ тілі жалпы білім беру пәні ретінде жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде бакалавр сатысында жүргізіледі. Қазақ тілін үйретудің бұл курсында студенттердің тілді орта мектепте оқып үйренгені, тілдік жүйе жайлы түсініктерінің қалыптасқаны ескеріліп, жоғары оқу орнында оны ары қарай толықтыру қолға алынады. Осыған орай мәтіндер әр мамандыққа арнайы дайындалып, әр сала бойынша лексиканы меңгеруге бағытталады. Бакалавр бөлімінде студент мемлекеттік тілді өз мамандығы аясында қолдана алатындай білім дәрежесіне жетуі қажет.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
Студенттердің «Кәсіби қазақ тілі» оқу барысында пәннің зерттеу нысанын, мән-маңызын түсіндіріп, одан алған теория-практикалық білімнің бүгінгі нарықтық замандағы қажеттілікті өтеп, оның зәру мәселелеріне жауап іздейтін сала екендігі жайында мәлімет беру. Өзінің жұмыс орны туралы толық мағлұматты қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Сонымен бірге бұл пәнде студенттің қазақша жазу сауаттылығына ерекше мән беріледі. Тілден нақтылы тиянақты білім беру, студенттің сауатты жазуын қалыптастыру.
Мемлекеттік тілді оқыту барысында халқымыздың тілін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерте отырып, бүгінгі жас ұрпақты парасатты, білімді, білікті, Отанын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда қазақ тілінен білім беру стандартының мақсаттарының бірі-өзге тілді оқушыларды қазақ тілінде еркін сауатты, саналы оқуға үйрету және қазақ тілінде сөйлеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру болып отыр.
3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
-Тыңдаушыларға кәсіби қазақ тілі туралы ғылыми-теориялық білім бере отырып, оның болашақта зерттелуге тиісті проблемаларына байланысты тыңдаушыларды ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру және ресми стильді қалыптастыру.
- Берілген сұрақтарға өзінде бар сөздік қорды пайдалана отырып, дұрыс жауап беруге үйрету;
- Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу;
- Мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру;
- Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру;
- Студенттердің танымдық деңгейін көтеру;
- Ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту;
- Сөйлеу, айту, жазу дағдыларын қалыптастыру.
3.4 Оқытудың нәтижесі:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
Алған білімдерін практикада қолдана білуі;
Меңгерілген тақырыптар аясында қазақ тілінде еркін сөйлеу, хабарлама жасау;
Өтілген тақырыптар бойынша сөздік қорының болуы;
Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін жақсы білу;
Студенттердің тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс.
Тілдік нормаларды сақтай білу, үйренуі тиіс.
теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.
кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
3.5 Курстың пререквизиттері:
Тәжірибелік қазақ тілі
Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу
3.6 Курстың постреквизиті:
Іскерлік қазақ тілі
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:
1 Кесте
Достарыңызбен бөлісу: |