|
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)Физикадан жағдаятты есептер
|
бет | 4/4 | Дата | 22.05.2018 | өлшемі | 0,5 Mb. | | #16057 | түрі | Сабақ |
| Физикадан жағдаятты есептер
Есеп №3
Тегін электрлену
Әрбір адам күнделікті өмірде электрлену құбылысымен жиі кездеседі. Сендер үстеріңнен синтетикалық киімді шешкенде ,шытырлаған дыбыс ести аласыңдар ,ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылдыда байқайсыңдар. Біз бірнеше рет найзағайдың да жарқылын байқадық. «Тегін электрленудің» пайда болуын қалай түсіндіреміз? Осындай құпия құбылыспен кездескен кезде өзімізді қалай ұстауымыз қажет?
***
Лейден ыдысы деп аталып кеткен алғашқы конденсатор XVIII ғасырдың орта шенінде жасалған. Петер Мушенброк Лейдендегі математик – профессор сынап құйылған шыны ыдысқа салынған шегенің үлкен электр зарядын жинақтай алатынын байқаған.Мұндай конденсаторда сынап бір астардың ролін, ал ыдысты ұстап тұрған экспериментатордың алақаны екінші астардың ролін атқарған.Кейінірек астарлардың екеуінде жұқа жезден немесе қорғасын қағаздан жасайтын болды. Тез жетілдірілген конденсаторды(лейден банкасын) ойлап табу электрді одан әрі зерттеуге және электр зарядтарын жинақтауға мүмкіндік берді.Американ ғалымы В.Франклин электр заряды кезінде салыстырмалы үлкен ұшқынды бақылай отырып, найзағайдың электрлік табиғаты туралы болжам жасады.Атмосферадағы электрді зерттеумен ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов және Петербург академигі Г.Рихман айналысты.Олар электр зарядынының күшін өлшеуге арналған алғашқы аспапты құрастырды.1753 жылы тәжірибе жүргізіп жатқан Рихман найхағайдың разрядынан қаза тапты.Рихманның аспабы жоғарғы ұшына зығыр жіп бекітілген,металл шыбықтардан тұрады.Жіп электрленгенде біршама бұрышқа ауытқиды.Электрлену шамасы шкала бойынша есептелінеді. Бұл аспап – алғашқы электрометр.Франклин,Ломоносов,Рихман және бірқатар ғалымдарының жұмыстарының нәтижесінде найзағайдың электрлік табиғаты ашылып , найзағай тартқыш ойлап табылды.
***
1912 жылы адам организмінде әлсіз электр тогының бар екендігі анықталды.Тәжірибе көрсеткендей адамның ішкі құрылысында жүріп жатқан кез келген процесс – жүрек пен мидың жұмысы,жүйке жүйесінің сигналдары , бұлшық еттердің жиырылуы – биологиялық электр сигналдары арқылы жұмыс жасайды,Әрбір органға берілген сигналдар арқылы дені сау немесе ауру адамның ауруының себептерін жеңіл анықтауға болады.Медициналық тексеруден өту кезінде емханаларда пациенттердің жүрегі немесе басы ауырғанда дәрігерлер міндетті түрде электрокардиограмма мен энцефалограммаға түсіріп жүректегі және мидағы аз мөлшердегі биологиялық ток сигналдарын анықтайды.
***
Ұшақ ауамен үйкелісі кезінде электрленеді.Сондықтан ұшақ қону кезінде бірден металл трапты шығармау керек.Себебі разрядталып, өрт шығуы мүмкін. Ең бірінші ұшақ «зарядсыздану» керек.Ол үшін ұшақтың сыртымен байланысқан металл тросты жерге тастау керек. Сол кезде трос арқылы заряд жерге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|