Сабақ мақсаты : Отбасы туралы түсінік, туысқандықты білдіретін сөздер, татулық, бірлік жайында түсінік беру



Дата21.11.2018
өлшемі54 Kb.
#23282
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері.

Сабақ мақсаты:

  1. Отбасы туралы түсінік, туысқандықты білдіретін сөздер, татулық, бірлік жайында түсінік беру.

  2. Ақыл, ой-өрісін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру;

  3. Әдептілікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық, үлестірмелі тест қағазы.

Әдіс – тәсілі: Ой қозғау, сұрақ – жауап, тренинг, ассоциация.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, ән күй.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

-Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Жақсы балалар, қазір бізде дүниетану сабағы.

Сабаққа дайындалу. Сабаққа үш топ қатысады.

1-топ – зерделілер , 2-топ – ұшқындар, 3-топ – алғырлар.


  1. Өткен сабақты еске түсіру.(3 мин)

  1. Қызыл кітап дегеніміз не?

  2. Қазақстанның қызыл кітабына қандай жануарлар мен өсімдіктер кіреді?

  3. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерге қалай көмектесуге болады?

  1. Жаңа сабақ.

  1. Ой қозғау(7 мин)

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Өз .... – өлең төсегім.

  • Балалар тақтадағы мақалда қандай сөз түсіп қалған? Үйім.

  • Әр адамның өз үйі өзіне қандай екен? Ыстық, кең.

  • Үйдің ішінде кімдер болады? Адамдар. Қандай адамдар?

  • Ал енді мына суретте қандай адамдар бар? Оларды бір сөзбен не дейді?

  • Отбасы. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді.

Ассоциация.

  • Отбасы ата әке әже ана ұл қыз

  • Балалар сендер ата-аналарыңа кім болып келесіңдер? Балалары боласыңдар.

  • - Сендердің отбасы алдында қандай міндеттерің бар?

  • - Әке мен ананың қандай міндеттері бар?

  1. Мақсатты анықтау.

  2. Мағынаны ажырат(7 мин)

а) Оқулықпен жұмыс.

  1. беттегі «Отбасы» мәтінін әр топқа мәнерлеп оқыту.

ә) Мәтінді талқылау

- Мәтін не туралы?

- Отбасы

- Әр бөлімде не туралы айтылған?



б) Үш топпен схема арқылы жұмыс істеу.(5 мин)

1-топ: Туыстықты білдіретін сөздер

2- топ: Отбасы тату өмір сүру үшін не істеу керек, қандай болу керек?

3- топ: Тренинг «Жұбын тап». Әке, ата, әже, ана, нағашы ата, нағашы апа, ұл, қыз.



в) Балалар, Жиренше шешеннің мынадай сұрағы бар?(5 мин)

- Дүниеде не тәтті, не жұмсақ? (Ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ.)

- Біздің елімізде аналарды қандай марапаттаулармен марапаттайды?

г) Мәтінмен танысу.

- Ендеше «Ана» тақырыпшасын мен оқимын. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.



ғ) Мәтінді талқылау.

- Яғни, көп балалы аналарымыз «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталады.

- Балалар, биылғы жылы (2012ж) 7 бала өсірген анаға - алтын алқа,

Ал 6 бала өсірген анаға - күміс алқа беріледі екен.



д) Сергіту сәті . Ән «Менің анам алтын» (2 мин)

IV. Бекіту. Ой толғаныс(5 мин)

  1. 1- топ: ана туралы 5-жолды өлең

2-топ: ана қандай адам?

3-топ: Ананың жылы сөздері



  1. Қорытындылау. (2 мин)

- Сонымен, балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Отбасын кімдер құрайды?

- Балалар ананың қолын, жүрегін неге «алтынға» теңейді?

- Себебі аналарымыздың қолынан кез келген жұмыс келеді.



VI. Рефлексия(5 мин)

Жаңа тақырып бойынша тест жұмысы.

VII. Бағалау.(1мин)

VIII. Үй тапсырмасы. (1мин)

Мәтінді мазмұндау. «Менің анам» тақырыбына шығарма жазу.


Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі.



Ашық сабақ
Пән: Дүниетану

Тақырып: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері
Сынып: 2 «Ә»
Мұғалім: Смагулова Бақыт Байзрахметқызы

2011-2012 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау