Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады



жүктеу 0,97 Mb.
бет4/6
Дата17.11.2017
өлшемі0,97 Mb.
#671
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

Лекция№11

Тақырыбы: Басқа жұмысқа ауыстыру

Дәрістің мазмұны: Басқа жұмысқа ауыстыру түсінігі.

Басқа жұмысқа ауыстыру түрлері.

Басқа жұмысқа ауыстыру деп, жеке еңбек шартында белгіленген талаптардың өзгеруін айтады. Жеке еңбек шартының қажетті талаптарын белгілеу тараптардың келісімі бойынша болғандықтан, оларды өзгерту де келісуді талап етеді және ауыстыруды қызметкердің жазбаша келісімінсіз жузеге асыруға болмайды.(Еңбек заңының 17-бабы.)

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005

Лекция№12

Тақырыбы: Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері

Дәрістің мазмұны: Еңбек шартын тоқтату негіздері.

Еңбек шартын бұзу негіздері.

Жұмыстан шығару және шеттету.
Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 4-тарауында еңбек шарты сипатталған. Еңбек шартын тоқтату негіздері Кодекстің 51-52 баптарын қамтиды.

«Жұмыстан шеттету» термині заңдарда түрлі мағынада қолданылады. Бір жағдайларда жеке еңбек шартының күшін тоқтатпай жұмыстан шеттету оның маңызды міндеттерін орындауды тоқтата тұру түрінде жүзеге асырылады. Енді бір жағдайларда жұмыстан шеттету деп қызметкерді жұмысынан сөзсіз және түпкілікті шығаруды жеке еңбек шартын бұзу түрінде, сондай-ақ қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру жолымен жүзеге асыру түсіндіріледі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998


Лекция №13

Тақырыбы: Ұжымдық шартқа түсінік, оның қағидалары.

Дәрістің мазмұны: Ұжымдық шарттар түсінігі, қағидалары.

Ұжымдық шарттың тараптары.

Ұжымдық шарттың мазмұны.

Ұжымдық шартты жасасу тәртібі.

Жұмыс берушінің еңбеккерлердің арасындығы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік қатынастар ұжымдық шарттар арқылы анықталады. Ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындаудың жалпы құқықтық әрі ұйымдық негіздері Қазақстан Республикасының 1992 жылы 4-шілдеде қабылданған «Ұжымдық шарттар туралы» Заңы бойынша реттеледі.

Мемлекеттік кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік құрылымда жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын мен еңбек ұжымы болады. Мемлекеттік емес кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес құрылымда жасалатын ұжымдық шарттың тараптар кәсіорын иесі немесе ол өзінің өкілі болуға уәкілдік берген кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.

Нақты кәсіпорында еңбек және әлеуметтік экономикалық қатынастарды реттеу мақсатымен тараптардың алдын ала келісілген және мақұлданған талаптарын ұжымдық шарттың мазмұнаы дейді.

Ұжымдық шартты қабылдау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші саты ол ұжымдық шарттың жобасын жасау. Оны әзірлеуді еңбек ұжымы өз мүшелерінің, осы ұжымда құрылған кәсіподақ ұйымдарының және басқа да еңбекшілер қоғамдық бірлестіктерінің кеңінен қатысуымен жүзеге асырады.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005

Лекция№14

Тақырыбы: Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері.

Дәрістің мазмұны: Жұмыс уақытының ұғымы,түрлері.

Жұмыс уақытының режимі.

Жұмыс уақытының есебі.

Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындыйтын уақыт.Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

Еңбек заңдары бойынша жұмыс аптасының екі түрі белгіленген. Олар қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы және бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы.

Еңбек заңдарында жұмыс уақытын есептеудің екі түрі белгіленген. Бұлар күндік және жиынтық есептеулер. Жұмыс уақытының күндік есебі бойынша бір тәуілектегі жұмыс сағатының саны заңда белгіленгендегіден артық болмауы керек.

Жұмыс уақытының заңда белгіленген қалыпты ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзімнен тыс жұмыстар деп есептеледі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002



Лекция№15

Тақырыбы: Тынығу уақытының ұғымы және түрлері.

Дәрістің мазмұны: Тынығу уақытының ұғымы.

Тынығу уақытының түрлері.

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.

Тынығу уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдаланатын уақыты.

Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:


  1. демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

  2. күн сайынғы демалыс;

  3. демалыс күндері;

  4. мереке күндері;

  5. демалыстар.


Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

4.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001


Лекция №16

Тақырыбы: Жалақы ұғымы

Дәрістің мазмұны: Жалақы ұғымы.

Жалақыны реттеу әдістері.

Жалақы төлеу тәртібі.

Жалақы дегеніміз - жеке еңбек шартының негізінде орындалған еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті сыйақы.

Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады.

Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разрядаралық тарифтік коэффициенттерін, барлық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің Бірыңғай тарифтік кестесін, жалақы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.



Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002




Лекция №17

Тақырыбы: Еңбекті нормалау.

Дәрістің мазмұны: Еңбекке ақы төлеу жүйесі.

Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқу болған реттерде еңбекке ақы төлеу.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі - жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі. Жалақының негізгі жүйелеріне - мерзімді және кесімді жүйе жатады.

Еңбек туралы заңның бабының тармағына сәйкес мерзімнен тыс жұмыстарға ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді, яғни заң мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеудің тек төменгі мөлшерін белгілейді де, тараптарға шарт негізінде неғұрлым жоғарғы мөлшердегі ақы төлеу мүмкіндігін береді.

Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс орындайтын жерінде жүргізіледі.

Зейнетақы төлемдерін, еңбекке жарамсыздық, жүктілік пен босану жөніндегі жәрдемақыларды және басқа төлемдерді есептеу үшін ұйымдар қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы №1942 қаулысымен бекітілген «Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі» нұсқаулық белгілейді.

Еңбек туралы заңдарда қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақылар төлеу реттері белгіленген. Заңдарда дәлелді деп танылған себептерге байланысты қызметкер жұмыс істемеген уақытқа төленетін ақыларды кепілдіктер дейді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002




Лекция №18

Тақырыбы: Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі.

Дәрістің мазмұны: Материалдық жауапкершілік ұғымы.

Жауапкершілікке тарту шарттары.

Қызметкерлердің толық материалдық жауапты жағдайлары.

Келтірілген зиян мөлшерін анықтау және оның орнын толтыру тәртібі.

Қызметшілер ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарауға және жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге міндетті. Еңбек міндеттерін орындау кезінде ұйымға келтірілген зиян үшін, егер зиян оның кінэсінен келтірілген болса, қызметкерлерге материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Егер қызметкер өзінің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіп пен жағдайларда өтеуге мінтетті.

Қызметкерлер еңбек заңдарына сәйкес мынадай жағдайларда өздерінің кінәсінен жұмыс берушіге келтірілген зиянның толық мөлшерінде материалды жауапты болады:

1) қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкерге берілген мүлік пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін өзіне толық материалдық жауапкершілік алу туралы жазбаша шарт жасаған болса.

Еңбек шартындағы басқа тарпқа зиян келтірген тарап оны еңбек туралы Заңға және өзге де заң актілеріне сәйкес сот шешімі негізінде не ерікті түрде өтейді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002




Лекция №19

Тақырыбы: Еңбек тәртібі.

Дәрістің мазмұны: Еңбек тәртібінің түсінігі.

Ішкі еңбек тәртібі.

Тәртіптік жазалар қолдану, оған шағым жасау.

Еңбек тәртібі көп адамдар қосылып бірге жұмыс істегенде сақталып отыруға тиісті ережелер.Құқықтық санат ретінде еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген жұмыс беруші мен қызметкердің өзара міндеттемелерін орындау дәрежесін білдіреді.

Ішкі еңбек тәртібі дегеніміз еңбек қатынастары тарптарының еңбек заңдарына, жеке еңбек, ұжымдық шарттарына сәйкес белгіленген құқықтары мен міндеттері айқындалған ұйымның жұмыс режимі.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

8.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001



Лекция №20

Тақырыбы: Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары.

Дәрістің мазмұны: Еңбегі үшін көтермелеу.

Жазалау шаралары.


Еңбек міндеттерін үлгілі орындаған, еңбек өнімділігін арттырған, өнімнің сапасын жақсартқаны үшін және басқа да жетістіктерге жеткені үшін көтермелеу шаралары қолданылу мүмкін.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағандығы немесе тиісінше орындалмағандығы үшін жұмыс беруші қолданатын еңбек заңдарында, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген жазалар шараларын тәртіптік жазалар дейді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №21

Тақырыбы: Еңбек даулары

Дәрістің мазмұны: Жеке еңбек дауларының түсінігі, түрлері.

Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында және соттарда қарау.

Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қарау.
Еңбек даулары заңдарының қолданылуы мәселелері бойынша бұрын қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындығы келіспеушіліктерді еңбек даулары дейді.

Келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 15-ақпандағы №37 бұйрығымен бекітілген «Келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі туралы» нұсқаулықта анықталған.

Қызметкер жұмыс берушімен арадағы еңбек дауларын шешу мақсатында аудандық қалалық соттарға шағымдануға құқылы.

Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қараудың өзгешелігі мемлекеттік билік пен атқаруш органдардың сайланатын тағайындалатын лауазымдарының қызметкерлерінің, судьялардың, прокуратура органдары қызметкерлерінің, тергеушілердің арыздарыы бойынша еңбек даулары бағыну тәртібімен жоғары тұрған органдаррда қаралады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001

7.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005


Лекция №22

Тақырыбы: Ұжымдық даулар.

Дәрістің мазмұны: Ұжымдық даулар түсінігі.

Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері.

Бітістіру комиссиясы.

Еңбек төрелігі.

Ұжымдық еңбек даулар ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісім жасуға, оларды орындауға байланысты жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы келіспеушілектер.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005



Лекция №23

Тақырыбы: Еңбекті қорғау ұғымы.

Дәрістің мазмұны: Еңбекті қорғау ұғымы, оны ұйымдастыру қағидалары. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау дегеніміз - тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде, еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін, сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу - алдын алу шаралары.

Мемлекет уәкілдік берген органдар арқылы ғылымға негізделген стандарттар,ережелер мен нормалар негізінде өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге қажетті талптар белгілейді. Жұмыс берушілерге еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын, ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі.

Еңбек заңдары азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салады.

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.



Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

Лекция №24

Тақырыбы: Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу.

Дәрістің мазмұны: Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу түсінігі.

Жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі.

Жазатайым оқиғаларды ресімдеу және тіркеу.
Жұмыс беруші мен еңбек қатынастарында түратын қызметкерлер еңбек міндеттерін атқару процесінде ұшыраған жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, улану және өзгеде денсаулыққа зақым келу оқиғаларын тексерудің, рәсімдеудің, тіркеудің бірыңғай тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3-наурыздағы №326 қаулысымен бекітілген «Еңбек қызметі мен жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру есепке алу Ережесі» белгілейді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001



Лекция №25

Тақырыбы: Азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу.

Дәрістің мазмұны: Азаматтық қызметке кіру. Азматтық ықзметтеу болумен байланысты шектеулер. Аттестаттау.Ақы төлеу.Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі

Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын ұйымдастырып, өткізеді. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

    

      Азаматтық қызметші:


      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;
      2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
      4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік құпияны, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді. Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.



Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

Лекция №26

Тақырыбы: Еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылау

Дәрістің мазмұны: Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторының құзіреті.

Мемлекеттік еңбек инспекторының іс-әрекетіне шағым жасау.


Қр Еңбек кодексінің және өзге де еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылауды Қазақстан республикасының Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Еңбек туралы заңдардың талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек туралы Заңда қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым береді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №27

Тақырыбы: Еңбек заңнамасын бұзушылық үшін жауапкершілік

Дәрістің мазмұны:

Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық.

Әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері.

Қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері.

Еңбек туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді. Кінәлі адамдар тиісінше тәртіптік, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005


Лекция №28

Тақырыбы: Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық еңбек қатынастары және коллизиялық мәселелер.

Дәрістің мазмұны: Халықаралық құқықтағы еңбек қатынастары.

Коллизия ұғымы.

Еңбек қатынастарындағы коллизиялық мәселелер.

Қазіргі кезде белсенді миграциялық процестер мен терең экономикалық байланыстар заманында шетелдік элемент қатысатын еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің маңызы күн санап арта түсуде.

Кез-келген елдің еңбек нарығына , оның құрылымы мен біліктілігіне жұмыс күшінің миграциясы үлкен әсер етеді.

Қазақстан тұрғындарының миграциясы факторларын ескере отырып, Үкімет тұрғындар миграциясының мемлекеттік бағдарламасын дайындады.

Миграция мәселелері мемлекеттің ішкі проблемалары ғана емес, басқа мемлекеттердің де проблемасы. Бұл жағдайлар көптеген халықаралық келісімдерде көрініс тапты.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5. Богуславский М.М. «Международное частное право» М., 2000(328-332)

6.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

7.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

8.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

9.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001

10.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005



Лекция №29

Тақырыбы: Шетелдіктердің еңбек ету құқықтары

Дәрістің мазмұны:

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқықтары.

ҚР азаматтарының шетелде еңбек ету құқықтары.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес шетел азаматтары ҚР азаматтарымен тең құқықтар мен міндеттер иеленеді. Осыған сәйкес ҚР азаматтары шет мемлекеттерде, ал шетел азаматтары ҚР территориясында еш кемсітушіліксіз еңбек қатынастарына түсуге құқылы.

ҚР қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 31-мамырдағы № 577 қаулысымен бекітілген Ережелер арқылы реттеледі.



жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау