Сабақ жоспары сабақтың тақырыбы: Бұрғылау жұмыстары. Сабақтың мақсаты



жүктеу 253,82 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі253,82 Kb.
#10303
түріСабақ



Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара қаласы

16 колледж



Пәні: Слесарлық ісі.

Оқытушының аты – жөні: Дауренов Алтынбек


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Бұрғылау жұмыстары .

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Білім алушыларға бұрғылау жұмысы мен оның құрал-саймандары- мен таныстыра отырып, оларды қолдану ерекшеліктерін үйрету.

ә)Тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларға слесарь ісіне арналған құрал-жабдықтарды күтіп ұстауға үйрете отырып, өз мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, имандылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

б) Дамытушылық мақсаты: Белгі салу құралдарының құрылысы мен материал түрлері туралы түсініктерін дамыту. Слесарьлық жұмыс кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту, практикалық.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру, өзбеттік тапсырма, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың өтетін орыны: Слесарьлық ісі кабинеті.

Көрнекілігі: Слесарьлық іске арналған плакаттар,құрал-саймандар жиынтығы, техникалық қауіпсіздік ережесінің нұсқаулық картасы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Білім алушыларды журнал бойынша түгелдеу.

2. Білім алушылардың сабаққа әзірлігі, жұмысқа арнайы киімдері тексеріледі.

ІІ. Кіріспе нұсқау.

1.Білім алушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

2.Өтілген тақырып бойынша теориялық білімдерін тексеру:

а)Техника кауіпсіздігі ережесін атаңыз.

в) Шаң-тозаң адам ағзасына қалай әсер етеді?

б) Қай шамадағы ток өте қауіпті?

г) Токтан сақталу шаралары қандай?

д) Металлды түзету дегеніміз не?

е) Зертхана мен шеберханаларда еңбекті қорғау бойынша қандай

арнайы талаптар орындалу қажет?

ж). Метеллды ию тәсілдерін атаңыздар?

з). Өрт сөндіргіштегі негізгі заттарды атаңыз.



3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұрғылау — тұтас материалда тесік жасау немесе бұрғыланған тесіктің диаметрін үлкейту сияқты тесіктерді өңдеу әдіс-терінің ең көп тараған түрі. Бұл жерде кескіш құрал — бұрғы. Бұрғы өз осінен бойлай айналып, күрделі қозғалыстар жасайды. Бұрғының айналу қозғалысы кесу қозғалысы деп аталады. Бұрғылау және кеңей у бұрғылау процесі бұрғылау білдектерінде және қолмен — қол дрельдерімен, механикаландырылған кұрал көмегімен — электр дрельдерімен жүргізіледі.



Бұрғылау — тесік өңдеуде өнімділігі жоғары тәсіл, бірақ дөлдік өлшемі (5-класқа дейін) мен кедір-бұдырлығы (тазалығы 3-класка дейін) онша жоғары емес (К-80). Цилиндрлік тесік қозғалткыштардың, сорғылардың, компрессорлардың (оларды жаккыштарды немесе салкындаткыш сұйықтарды әкелу үшін пайдаланады) жұмыс куысы кызметін аткарады. Тесіктерге дәлдік, осьтің түзусызықтығы, геометриялық пішінінің дұрыстығы, беттің

Тесік турлері

кедір-бұдырлығы, т.б. сияқты талаптар койылады. Пішіні бойынша цилиндрлік тесік тегіс, сатылы және ой больш келеді. Сонымен қатар тесіктер тұйық жөне өтпелі болып бөлінеді

Бұрғылауда салыстырмалы түрде кең тараған кұрал шиыршықты бұрғы болып табылады. Бұрғы жұмыс бөлігінен, мойыннан және сағағынан тұрады. Екі кескіш жиек орналаскан бұрғы бөлігі кескіші деп аталады (төмендегі сурет)



Кескіш бөлік Мойын Табан


Кескіш жиектер арасындағы биіктік бұрышы өңделетін материалға байланысты болады.

Сағалы цилиндрлі бұрғы айнадцырыкқа бұрағыш қыскы көмегімен бекітіледі. Бұрғыларды жасау үшін аспаптык болаттар қолданылады: У10А және У12А таңбалы көміртекті аспаптық; 9ХС таңбалы хром-кремді болат, Р9, Р18, Р6 М5, Р6М5К5 таңбалы тезжон-ғыш болат, ВX6, ВК8, Т15К6, ВК15М таңбалы пісірілген қатты қорытпалар және т.б. Тезжонғыш болат бұрғыларын пісірілмелі етіп жасайды.


Шиыршықты бұрғының бөліктері және элементтері.


Металл

Биіктік бұрышы

Алюминий

Мыс


Жез

Шойын жөне болат




140

125 . 140

100 . 118

116 . 118



Олардың жұмыс бөлігі тезжонғыш болаттан, ал қалған бөлігі құрылымдык болаттан жасалады.



ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

1. Білім алушылардың жұмыс орындарына дұрыс орналасуын қадағалау.

2. Слесарлық жұмыс кезіндегі , техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

3.Жұмыс орындарының толық жабдықталуы мен білім алушылардың жұмысқа кірісуін тексеру.

4. Білім алушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдысын бақылау, бағыт – бағдар беру.

Жаңа сабақты пысықтау:

а. Қандай жағдайларда бұрғылау жүргізіледі?

б. Жонғыш білдектерде бүрғының қандай типтері колданылады?

в. Шиыршьщты бүрғы кандай негізгі бөліктерден түрады?

г. Тесік өлшеу үшін кандай өлшегіш күралдар колданылады?

д. Үстелдік бүрғылау білдегіндегі негізгі түзілімдер мен бөліктерді атаңдар.

е. Бүрғылау кезінде акаудың кандай түрлері кездесуі мүмкін?

ІV. Қорытынды нұсқау:

1. Жаттығу жұмыстары аяқталған соң жұмыс орындары жинастырылып, білім алушылардың көрсеткен нәтижелері бойынша қортынды шығарылады.

2. Көзге түскен білім алушылар атап өтіледі және бағаланады, мүмкіндігінше марапатталады.

3. Олардың жетістіктері мен кемшіліктері атап өтіледі.

4. Сабақ соңында дайындалып келу үшін үйге тапсырма беріледі.

V- Үйге тапсырма:

Э.И. Крупицкий. «Слесарь ісі»

1.Техника қауіпсіздк ережесін қайталау.

2. Бұрғылау жұмыстарын қайталау



Технологиялық нұсқаулық карта

Бұрғылау: а) машинамен бұрғылау; ә) қолмен бұрғылау



Қолмен бұрғылау. Қолмен бұрғылауда бұрғысы қыскы арқылы келтірілген коловорот немесе дрельді колданады.

Бұрғының қозғалысқа келтірілуі: коловороттар — тұтқаны айналдыру арқылы, бұрамалы дрельдер — сомынды жоғары-төмен бұүрама ойығы бойынша орын ауыстыру арқылы, берілісті дрельдер — қолсаптардың айналуы арқылы, электрдрельдер — электрқозғалт- кыштар аркылы іске косылады


а Қол іскенжелерінде Машина іскенжелерінде Призмада


ә
Сыналармен Құралкүймешікпен іскенжелерінде

шеберүстелде

Технологиялық нұсқаулық карта


Бұрғылау қысқыларын орнату

Бұрғылағыш білдекті тесікті өңдеу операциясын орындау үшін дайындау. Дайындау жұмыстарына мыналар жатады: білдектің ай­налдырық басын бекіту биіктігімен бірдей етіп орналастыру; кескіш құралды кысқыға немесе білдек айналдырығына орналастыру жөне мьқтап бекіту; ұстаткыш, басатын тақтайша, іскенже немесе басқа айлабұйымдар көмегімен өңделетін тетікті жұмыс үстеліне орналастыру жөне мықтап бекіту. Бұрғы айналдырыктың конустың тесігіне не болмаса бұрғылау қыскысына бекітіледі. Бұрғыны кысқыға бекіт- кенде, оның сағағы қысқы тесігінін түбіне дейін жетуі керек.

Бұрғыны бекіту. Бұрғылау үшін өңделетін тесік центріне төсте немесе іскенжеде белгі салып алу керек. Белгілеп алғаннан кейін, бұрғыны белгінің үстіне дәлдеп қойып бұрғылаған жеңіл.



Бұрғылау кезіндеғі тереңдікті сүйеутөлкені бөліктерге бөліп белігілеп немесе бұрғыға бормен белгі сызып қойып бақылайды. Тесіктің тереңдігін терендікөлшегішпен ШЦ-1, штангенциркульмен, штангельбиномермен немесе қимаүлгімен дәл аныктауға болады.
жүктеу 253,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау