3. Қан қысымы. Жүрек қарыншаларының жиырылуының және одан қанның шығарылуы нәтижесінде, және қантамырлық арнада қан қысымы пайда болады. Бұл қантамырларының қабырғасына қанның ұрылу күші. Қолқадағы және артериялардағы қысымның көлемі жүрек циклының кезеңіне байланысты. Систола кезінде ол ең жоғары болып систолалық, ал диастола кезінде ең аз болып диастолалық деп аталады.
Систолалық қысым жас және орта жастағы дені сау адамда ірі артерияларда 100-130 мм.рт.ст., ал диастолалық 60-80 мм.рт.ст. құрайды. Систолалық және диастолалық қысым арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп аталады. Нормада ол 30-40 мм.рт.ст.
Артериалды қысымды (АҚ) тұра және жанама әдістермен өлшеуге болады. Тұра әдіспен өлшеу үшін артерияға манометрге қосылған ине немесе канюля кірітеді. Датчиктан сигнал электрлі манометрге келеді.
1896 жылы Рива-Роччи систолалық қысымды резиналы манжетте артерияны толық қысу үшін қажет болған қысымның мөлшерімен анықтауды ұсынды. Бұл қысым манометрмен өлшенеді. Қан жүрудің тоқтауы пульстің жоғалуынан анықталады. 1905 жылы Коротков әрі систолалық әрі диастолалық қысымды өлшеу әдісін ұсынды. Манжетте желке артериясында қан жүруі түгел тоқтатылатын қысым жасалды. Кейін ол біртіндеп төмендейді, және бір уақыттың өзінде фонендоскоппен тірсек шұңқырында пайда болған дыбыстар тыңдалады. Манжеттегі қысым систолалықтан біраз төмен болған сәтте қысқа ритмик дыбыстар пайда болады. Оларды Коротков тондары деп атайды. Олар систола кезеңінде деформацияланған манжете қан бөлігінің өтуіне байланысты. Қанның жылжуы турбулентті сипаттамаға ие, сондықтан дыбыстар пайда болады. Қысым төмендеген сайын манжете тондардың интенситвтігі азаяды, оның белгілі көлемінде олар жоғалады. Бұл сәтте манжеттегі қысым диастолалыққа сәйкес келеді.
Артериалдық қысым дене және ақыл-ой жұмысында, эмоциялық реакцияларда көтеріледі. Дене жұмысы кезінде негізінен систолалық қысым көтеріледі. Егер қантамырлары тарайса, систолалық та, диастолалық та қысым көтеріледі. Мұндай жағдай қатты эмоцияларда байқалады.
Артериолаларда, капиллярларда, майда және орта көктамырларда қысым тұрақты. Артериолаларда оның көлемі 40-60 мм.рт.ст., капиллярлардың артериал соңында 20-30 мм.рт.ст., көктамырда 8-12 мм.рт.ст. Көктамырлардағы қысым тікелей әдіспен өлшенеді. Ол флеботонометрия деп аталады.
1 минуттың ішінде жүректен өтетін қан көлемі минуттық көлем деп аталады. Ол бір жиырылу ішінде жүрекпен шығарылатын қанның көлеміне және жиырылу жиілігіне байланысты. Бұл үш өзгерушілік өзара төмендегі теңдеумен байланысты:
Минуттық көлем = жүрек соғу көлемі +жүрек жиыруларының жиілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |