Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → WordPad
(Пуск → Программы → Стандартные → WordPad)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Word Pad мәтіндік редакторының терезесі ашылады. Терезе мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, мәзір жолы, стандартты құрал – саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш, терезенің жұмыс аймағы және қалып — күй жолы.
Тақырып жолы – терезенің жоғарғы бөлігіндегі қатар. Онда құжат аты мен Word Pad программасының аты және оның оң жақ шетінде терезенің басқару батырмалары – жималау, жаймалау, жабу батырмалары орналасқан.
Жималау батырмасы – терезені үжұмыс үстелінен уақытша алып тастайды.
Жаймалау батырмасы – терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.
Жабу батырмасы – құжатты жабады немесе жұмысты аяқтайды.
Мәзір жолы — Word Pad редакторының барлық командаларына қол жеткізеді. Ондағы әр пункт бір бірімен байланысқан менюді ашады. Мысалы: Файл менюін ашу үшін, оны тышқан нұсқағышымен шертеміз. Сол кезде бізге құжатты экранда көрсету тәсілдерін орындайтын бірнеше командала солғын түспен көрсетілген. Мысалы: Соңғы файл (Последний файл) ағымдағы жағдайда активті емес, яғни жұмыс жасамай тұрған командалар осылай көрсетіледі.
Меню жолынан кейін стандартты құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады. Мысалы: Файлды сақтау (Сохранить), баспаға беру (Печать) т.б.
Келесі қатар — пішімдеу тақтасы. бұл тақта мәтінді пішімдеуге арналған батырмалардан тұрады.
Пішімдеу тақтасынан кейін көлденең сызғыш орналасады. Координаталық сызғыш сантиметрмен бөлінген. Сызғыш меню қатарындағы Түр (Вид) → Сызғыш (Линейка) командаларын орындау арқылы экранға шығады немесе экраннан алынып тасталады.
Терезенің негізгі элементтерінің бірі болып, ашық түске боялған Жұмыс аймағы болып саналады. Барлық мәліметтер осында енгізіледі.
Қалып-күй қатары (Строка состояния) негізгі терезенің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.
Word Pad мәтіндік редакторында 2 меңзер болады: кірістіру нүктесі және І-меңзері.
Кірістіру нүктесі – өшіп – жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
І меңзері – терезенің жұмыс аймағында тышқанның нұсқағышы латынның І әрпі түрінде, ал жұмыс бетінің сыртында тышқан нұсқағышы кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.
Сұрақтар: Жауаптар
1.Word Pad мәтіндік редакторының( Іске қосу-Бағдарламалар-Стандартты- Word Pad)
2.Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады? (қалып күй қатары)
3.Мәтінді ең бірінші рет сақтағанда, қандай амалдар орындаймыз?(Файл-сохранить как-Ок)
4.Терезенің ең үлкен бөлігін бос кеңістік қалай аталады?(жұмыс алаңы)
Достарыңызбен бөлісу: |