Дәріс №14 paint графикалық редакторымен жұмыс жоспар



жүктеу 55,71 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі55,71 Kb.
#5759

ДӘРІС № 14

PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫМЕН ЖҰМЫС
Жоспар

  1. Paint графикалық редакторымен жұмыс

  2. Қолданылатын аспаптар


МАҚСАТЫ:

    • Paint графикалық редакторы туралы толық мағлұмат беру

    • Оқушыларға графикалық редакторымен жұмыс жасауды үйрету


1. PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫМЕН ЖҰМЫС

Paint (Paintbrush) — Windows жүйесінін стандартты программалар тобына кіретін карапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан мамандандырылған графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды. Paint редакторын іске қосу үшін Іске қосу=> Программалар=> Стандартты=> Paint комаңдалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтер жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары, құрал саймандар тақтасы бар.


  1. ҚОЛДАНЫЛАТЫН АСПАПТАР

Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маус арқылы курсорды қажетті құралға апарғанда, ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене тіктөртбұрыш пайда болады.

- Ерікті аймақты бөліп алу құралы, бұл дұрыс емес нысандағы сурет фрагментін таңдауға қызмет етеді.

- Бұл құрал Бөліп алу (Выделение) деп аталады, суреттің тік бұрышты фрагментін таңдауға қызмет етеді.

- Ластик/Цветной (түрлі түсті өшіргіш), бұл суреттің белгілі бөліктерін өшіруге арналған.

- Құю құралы тұйық контурдуң ішін көрініс түсімен немесе фон түсімен бояуға арналған.



- Түс таңдау құралы, бұл көрініс (кескін) немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.


- Масштаб құралы суреттің жеке бөлігін үлкейтуге арналған.



- Кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған қарындаш.




- Ерікті сызықты сызуға арналған кисть. Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.

- пульверизатор – бүріккіш.


- сурет ішіне мәтін жазу.


- түзу сызық сызу.

- қисық сызықтар сызу.

- тіктөртбұрыш және квадрат сызу


- кез келген түрдегі тұйық көпбұрыштар сызу.

- шеңбер және эллипс сызу.


- төбелері иілген төртбұрыш және кваджрат сызу.


Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдағанда соң "тышқанның" стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып түрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны тандап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жак, батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы — белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші өшіргіш (ластик) барлық кескіндерді фондық түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.

Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті тандап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізіге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышканды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).

Мәтін енгізу. Әріптер мен сандарды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылқалам мен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Мәтін аспабы қолдалынады.

Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Енгізу курсорын сіздер кездестірдіңіздер. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесіне апарын тышқанды шерту арқылы іске асады. Сол сәтте экранға жыпылықтап түратын енгізу курсоры шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатынын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей Backspace, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады, жаңа жолға өту үшін Enter пернесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тышқанды сырт еткізу арқылы орындалады.

Егер енгізіліп жатқан мәтіннің шрифтін, оның өлшемдерін, стилін өзгерткіңіз келсе, енгізу режимін тоқтатпай-ақ (тышқанды шерткенге дейін) мәзірдің Мәтін командасы арқылы өңдеп-түзетуге болады. Мәтін мәзірінің ішкі командаларын тандау арқылы шрифті көлбеу етуге, қарайтып жазуға, астын сызуға немесе түрлі түсті етуге де болады. Мәтін=>Шрифтер... командасын таңдау арқылы сұқбат терезесінде Windows жүйесінің шрифтерінің кез келгенін тандай аласыз, сондай- ақ оның мөлшері мен стилін де тағайындай аласыз. Енгізу барысында негізгі түсті өзгертуге де болады (сол сәтте экрандағы таңбалар түсі өзгеруі тиіс).

Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (Заливка) сайманын белгілеп алып, курсор кішкене білік түрінде айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез-келген ішкі нүктесінде алып барып, тышқанды сырт еткізсе болғаны. Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын қадағалап отырыңыз.



Paint редакторы бірнеше графиктік форматтармен жұмыс істейді, олардың ішіндегі негізгісі болып BMP форматы саналады.

Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Paint редакторы қандай қызмет атқарады?

  3. Нүктелік бейне дегеніміз не?

  4. Paint редакторында қолданылатын аспаптардың түрлері

  5. Paint редакторының сақталу форматы қандай?



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 394 - 409 беттер

  2. Информатикадан 30 сабақ 220 - 240 беттер

жүктеу 55,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау