№45 Сабақ жоспары: 7а,б сынып Физика
Сабақтың тақырыбы: Манометрлер. Сорғылар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға манометрлер, олардың түрлері, сорғының құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру, білімдерін қалыптастыру;
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу, дүниетанымдарын кеңейту;
б) тәрбиелік: Оқу материалының ең негізгісін таңдап алуға, бар қабілетін дұрыс пайдалануға, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, шприц, суы бар стакан,
Сабақтың түрі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа тақырыппен таныстыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сыныпты топқа бөлу.(Барометр, Манометр)
ІІ. Үй тапсырмасын "Ыстық орындық" әдісі бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру:
Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай? (Атмосфера Жердің ауа қабатын құрайды. Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Жеке иондардын. шамамен 2000 км биіктікте де байқалатындығы белгілі болып отыр.
Атмосфераның төменгі шекарасы — Жер беті болып саналады. Бірақ бұл шекара да дәл емес. Өйткені ауа Жердің ішкі қабаттарына да өте алады. Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.) (Атмосфераңың негізгі құрамы: азот (78,08%), оттегі (20,95%), аргон (0,93%), көмірқышқыл газы (0,03%) болып саналады. Олардың жалпы мөлшері 99,99%, ал қосымша компоненттердің, атап айтқанда озон, сутегі, инертті газдар (Не, Nе, Кг, Хе)
Атмосфераның негізгі қабаттарын ата. (Тропосфера, стратосфера, мезосфера,термосфера )
Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не? Ол неге тең?
760 мм.сын.бағ. қанша Паскальға тең?
Барометр не үшін қолданылады?
Альтиметр дегеніміз не?
Жаңа сабақтың тақырыбын шығару. Тест тапсырмалары арқылы.
"Ұшқыр ойдан ұтымды жауап".
1. Қысым қалай белгіленеді?
М. p В. Ғ С. M Д. Ρ
2. Қысымның өлшем бірлігі
А. Па В. Н С. Кг Д. m2
3. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі
А. Н В. Па С. Кг Н. мм. сын. бағ.
4. Қатты денелер қысымды қалай жеткізеді?
О. Бір бағытта В. Барлық бағытта бірдей С. Жан-жаққа Д. Дұрыс жауабы жоқ.
5. Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?
А. Бір бағытта М. Барлық бағытта бірдей С. Жан-жаққа Д. Дұрыс жауабы жоқ.
6. Сұйықтар мен газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?
А. Инерция Е. Паскаль С. Архимед Д. Дұрыс жауабы жоқ.
7. Атмосфералық қысымның бар екендігін кім тәжірибе жүзінде дәлелдеді?
Т. Торричелли В. Паскаль С. Архимед Д. Н
8.Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым қандай формуламен анықталады?
Р. В. С. Д.
Достарыңызбен бөлісу: |