Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досалиева Ляззат Абсатырқызы
Баяндама тақырыбы: Жаңа технологияларды сабақтастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру
Тел.ном: 87756400960, 87027901515
1818aaa@mail.ru
Тақырыбы:
Жаңа технологияларды сабақтастыру арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»
Ж.Аймауытов
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының бейімділігіне,қабілетіне,шеберлігіне бағыт беріп,тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технолояияларды тиімді пайдалану-ұстаздың міндеті.Қазіргі кезде ұстаздардың қазақ тілін және әдебиетін оқытуда қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, сатылай кешенді талдау, дамыта оқыту технологиялары оқушыларды еркін ойлануға,пікір таластыруға,пікір алмастыруға,өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуде,тез ойлануға,жылдам нақты жауап беруге баулитындығы анықталып отыр.
Сабақтың сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан,теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отырып, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
Өзектілігі: Әрбір оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытып ғана қоймайды, сонымен бірге шығармашылықтарын арттырады және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі бақылауға,өзіне деген сенімділігі және айналасына деген көзқарасы қалыптасады.Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыланады.
Болжам: Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мүмкіндігі бар.
Білім берудің мақсаты,оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық жағынан жабдықталуы,оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат –––– мазмұн ––– форма –––– әдіс ––– оқыту көрнекілігі болса,бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрену –––– меңгеру ––– өмірге ендіру ––– дамыту болып өзгеріп отыр
Шығармашылықпен айналысатын шәкірттеріме қойылатын талаптар: аз сөзге көп мағына сыйғызу,көп іздену, әдеби кітапты көп оқу
Шығармашылық қабілеттерін арттыратын жолдары : ойлау,есте сақтау, жеке бас интелектісі, танымдық күшін қалыптастыру, тақырып мазмұнын ашу,көру қабілетін жетілдіру, оқу әрекеті
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің іскерлік,кәсіптік,адамгершілік,өзін-өзі дамыту,оқу тәрбие үрдісін тиімді,рухани – азаматтық келбетін қалыптастыруына,ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: оқушының пәнге деген жеке қызуғышылығын оятады, танымдық қабілетін қалыптастырады, оқытушының уақытын үнемдейді, этнопедагогикалық тәрбие береді,шығармашылық жұмысқа баулиды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушыны шығармашылыққа баулу барысындағы жұмыстар|:ертегі жазу;ой толғау,эссе жазу;мақал-мәтел негізінде әңгіме жазу;тіл дамыту жұмыстары,жұмбаққа жаңылтпаш құрастыру;бірыңғай дыбысқа құрылған нақыл сөз, элең;табиғат көрңнңсңн көрем тілмен суреттеу.
Оқушылардың шығармашылық қабілетіне жол ашатын диктанттың тиімді түрі – шығармашылық диктант.”Шығармашылық”сөзінің төркіні “шығару”, “ойлап табу” дегенге саяды.
Шығармашылық диктанттардың түрлерін төмендегіше қарастырады
Сөздік диктантының жаңа түрі,модельге негізделген диктант, «өзің тап» диктанты, «бестік» диктанты.
Шығармашылық диктант жүргізудің басты мақсаты:
Қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру;
Сауаттылққа, жазу мәдениетіне баулу;
Көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту;
Еске ұстау қабілетін, зейінін, дарынын, қабілетін дамыту;
Білімді өз ізденістері арқылы алу, өзін- өзі тану іс- әрекетін ұйымдастыру;
Тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру
Сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалмен түсіндіретін болсақ
Мұғалім оқитын сөздер
|
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
|
Көксерек
|
Көксерек- табиғаттың тағы перзенті
|
Құрмаш
|
Құрмаш қанша тәрбиелесе де Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасын не екенін ұға алмады
|
“Өзің тап” диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі.Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады.Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді.Бұл диктантта да мәтін жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады
“Өзің тап” диктанты арқылы тіл дамыту үрдісін жүзеге асыру әдіс - тәсілдерін төмендегі жолдармен жүргізуге болады.
6-сынып.Қазақ тілі:Көсемше
Әдебиет:С.Мұратбеков “Жусан иісі”
Берілген тапсырмалар
1.Көсемшелерді қайталаңдар
2.С.Мұратбековтың “Жусан иісі” мазмұны мен бас кейіпкерлерін еске түсіріңдер.
3.Асты сызылған көсемшелердің “Жусан иісіндегі” түпнұсқасын табыңдар.
4.Диктантты жазып болған соң мәтіндегі 2 көсемшеге түпнұсқадағы 2 көсемшенің жасалу жолына талдау жасаңдар.
Әуелде біз – балалар оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген.Мал дегеннен тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді.Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты.Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.
...Біз – балалар көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз.Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал, “Желкен қиылғырлар-ай!Соғыс аздай, бұл атысып ойнайда дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба,ей!” - деп ұрсып-ұрсып тастайды.
“Өзің тап” диктантының тиімділігі: оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; сөздік қорының баюына ықпал етеді; пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырады
Бестік диктанты. Оның моделі төмендегідей:
1 2 3 4 5
Сөз – сөйлем – сұрақ – жауап – жазу.
Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады.Мысалы, 6-сыныпта Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесінен үзінді
Диктантты жүргізу әдістемесі
Мұғалім “Сөз” дегенде оқушы “Қожа” дейді.
Мұғалім “Сөйлем” дегенде оқушы “Қожа оқулық алуға әжесінен ақша алып дүкенге кетті”.
“Сұрақ” : “Қожа дүкенге неге келді?”
“Жауап”: “Жаңа оқулық алуға”
Оқушы жазған мәтінді түзетіп,толықтырып жазады
Бұл диктанттың ұтымдылығы.
“Бестік” диктантының мәтінін мұғалім емес,оқушылардың өзі құрастырады;есте сақтау қабілеттері жетіледі,алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдаланады.
Әдебиет сабағында маңызды жұмыс түрі – сөздік жұмысы.Сөздік жұмысы мұғалімнің басшылығымен жүргізілсе, сыныптан тыс уақытта өздік жұмыс түрінде қолданылып, оқушының ізденісін арттырады.Сондықтан да ауызша тіл дамыту кезеңінде мағынасы түсініксіз сөздердің түсініктемесін оқушылардың өздерінен сұрап, пікірлерін біліп, өз түсініктерін айтқызу орынды.
“Қырық өтірік” ертегісіндегі түсіндіруді талап етіп тұрған сөздерге түсініктеме мынадай таблица үлгіде көрсетіледі:
-
Тақырыбы Жаңа сөз Жаңа сөздің түсінігі
|
Миығынан күлу езу тарту,жымию
“Қырық өтірік серт ант, уәде
ертегісі Кездік кішірек пышақ
уәзір ханның жәрдемшісі
атжалман саршұнақ,тышқан
естияр ержеткен, ересек
кіріс жағы садақтың керме бауы
ділмар шешен тілді кісі
сарша тамыз жаздың ыстық кезі
жар шақыру елге таратылған хабар
Сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ұлт тілегі,мемлекет ,халық мүддесін ойлайтын жеке тұлға қалыптасады.
Шығармашылықпен айналысатын оқушылар
Оқушылардың жетістіктері
Оқушылардың жетістіктері
Дендерова Назира
1)“Қазақстанның болашағы есірткісіз”атты облыстық шығармалар конкурсында IIIорын 2009ж
2)“Болашаққа нашақорлықсыз” атты сырттай ең үздік жоба сайысында шығарма жанры бойынша Iорын 2009
3)”Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім” атты жас ақындар мен тілшілердің сырттай байқауында проза жанры бойынша III орын 2009ж
4)”Халықтық салт – дәстүр, өнер” байқауында үздік жұмыс көрсеткені үшін марапатталды 2010ж
5)Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 36-шы Республикалық ғылыми – практикалық конференциясында «Батыс Қазақстандағы қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбындағы жұмысы Алғыс хатпен марапатталды 2010ж
Сабырғалиев Нұрлыбек
“Бейбіт күннің жырлар жырын, Жас ұлан!” атты аудандық сырттай жас ақындар мен жас тілшілер байқауында IIIорын алғаны үшін марапатталды 2009ж
Пайдаланылған әдебиеттер
М.Балақов,Е.Жанпейісов “Қазақ тілінің методикасы” 1966 ж
Зернебек Шілдебайұлы “Қазақ тілі мен әдебиеті” 2008 ж №2,3
Қ.Бітібаева “Әдебиетті тереңдетіп оқыту
М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп
Жаңа технологияларды сабақтастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру
(Баяндама)
Дайындаған: Досалиева Л.А
Чапаев ауылы 2016 ж
Достарыңызбен бөлісу: |