Тері астына инъекцияны еңгізу техникасы
Терінің май қабаты қан тамырларына бай болғандықтан, дәрі тез әсерін тигізу үшін тері астына егуді қолданады. Тері астындағы бос клечатканың тез сорылатын және оған жаман әсерін тигізбейтін дәрілік ерітіндіні енгізеді. Тері астына аз мөлшерде 2 мл-ге дейін сұйық енгізуге болады. Тері астына егу жасағанда ірі тамырларға және жүйке сабына тигізбеу керек.
Терінің ең ыңғайлы жерлері: иықтың сыртқы үстінгі бөлігі, жауырынның асты, саннын алдынғы сыртқы бөлігі, іштің үстірт жағының жаны. Осы бөліктерде тері жеңіл жиырылып ұсталынады, және тамырлардың, жүйкелердің және сүйек қабығының зақымдану қауіп – қатері болмайды.
Терінің шел қабатында ісіну немесе қатаю (инфильтрат) болған жерлерге тері астына егу жасауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |