Сабақ №2 4 Сабақтың тақырыбы Практикалық жұмыс Жалпы мақсатыҚорытынды Уақыты: 6 мин
1 топ. Процессор. Балалық шақта біз, қоршаған ортаны зерттеу кезінде, ең алғаш сандармен қақтығысамыз. Қарапайым тапсырмаларды шеше бастаймыз: мысалға, сенде мынанша кәмпит бар, сен оның мынаншамасын досыңа бердің, сонда сенде қанша кәмпит қалды дегендей. Өсе келе біз одан да қиын тапсырмаларды шеше бастаймыз. Егер әр өткізген күнімізге қарасақ, олардың біреуіде математикалық есептеулерсіз өтпеген. Мысалы, дүкенде ақша санаймыз, қоңырауға қанша уақыт қалғанын, және сол сияқты есептеулерді біз мида есептейміз. Егер сіздер қаржыгер, бухгалтер немесе менеджер болсаңыздар? Ол кезде онша қиын емес есептеулерді шығарғанда калькуляторды пайдаланасыздар, ал одан да қиын есептеулерге кездескенде, электрондық кестелерге жүгінесіздер. Сонымен, электрондық кестелер, бізге әртүрлі математикалық операцияларды тез шығаруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді. Ал енді біз бүгін кестелік процессор EXCEL туралы айтамыз. 1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді. MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады. MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады (1 сурет). Бас мәзірде негізінен, басқа да MS Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. (1 сурет) 111 Оның Word мәзірінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған. Аспаптар тақтасының төменгі жағында формула жолдары 1, бағандар аты 2, және электронды кестелер 3 орналасқан: 1 – жұмыс ұяшығының аты; 2 – бағандардың аты; 3 – жұмыс ұяшығы; 4 – жұмыс парағы; 5 – жол аты; 6 – парақ қаттамасы; 7 – басқа параққа ауысу батырмасы; 8 – формула жолы. 2 топ. Монитор. Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады. Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7. Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7. Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз. (2 сурет) Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет. Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек. Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек. 3 топ. Пернетақта. Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі. (3 сурет) Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз) (4 сурет) Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек: * Енгізу пернесін басу; * Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу; * Басқа ұяшықтағы курсорды шерту; * жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу. Кез-келген электронды кестенің ұяшығына Сан; Формула; Мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады. Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді. Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең. Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36- —мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін. жүктеу 0,65 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |