Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



жүктеу 1,87 Mb.
бет53/58
Дата30.05.2023
өлшемі1,87 Mb.
#42855
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Патфиз сабақтікі

1 - тапсырма

Гиперазотемия кезінде тышқандарда диурез өзгерістерін зерттеу.

Әдісі: Тәжірибеге 2 тышқан алынады. Бірінші тышқанға 2%1 – 2 мл мочевина ерітіндісін тері астына енгізеді, екіншісіне – сондай мөлшерде натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін енгізеді. Екі тышқанды мөлшерленген пробиркасына орналастырған несеп жинағыш сүзіндіге отырғызады. Бір сағаттан соң бақылау және тәжірибелік жануарлар бөліп шығарған зәрін салыстырады, қорытынды жасайды.
Тәжірибе хаттамасы

Жануарлар

Әсер ету

Несеп мөлшері




Бақылау № 1 тышқан

2,0 мл физ.ерітіндісі







Тәжірибе № 2 тышқан

2,0 мл мочевина ерітіндісі







2 тапсырма.





Ситуациялық есептер шығару.

1 есеп. Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз. Диурез – тәулігіне 420 мл
Тығыздығы – 1,011
Нәруыз – 2,0 г/л
Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер
Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер
ҚҚ – 175/95 мм с.б.
Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)
2 есеп. Науқастың қан қысымы тұрақты көтерілген, бас ауыруына, көз көруінің нашарлауына шағымданады. ҚҚ 190/110 мм с..б.; ЖСЖ минөтіне 110 рет; ертеңгілік көз асты ісініп тұрады. Шеткі қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз – 56г/л, альбуминдер – 16г/л (қалыпты жағдайда 40-50 г/л)б глобулиндер – 40 г/л (қалыпты жағдайда 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты жағдайда 3,3-8,3 ммоль/л).
Зәр реакциясы сілтілі, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакциясы теріс. Тұнбаны микроскопта зерттегенде: эритроциттер 2-3 көру аумағында, гиалиндік цилиндрлер 7-9 көру аумағында, қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л). Зимницкий сынамасы:

Уақыты

Зәр мөлшері

Зәрдің сал. тығыздығы

9
12
15
18
21
24
3
6

80
100
70
80
150
200
100
150

1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1032

  1. Зимницкий сынамасын бағалаңдар

  2. Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңдер. Бепілген көрсеткіштің өзгерісі нені мәлімдейді?

  3. Науқаста зәрдің сапалық өзгерісі нені мәлімдейді?

  4. Қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістері нені мәлімдейді?



№ 3 есеп. Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.
Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.
1. Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?
2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай?
3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің шығу тегі қандай?
4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?



4 есеп. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.
1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?
2. Анурияның патогенезі қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 561-581

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 555-577

  3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2010 ., Т.2 С. 425-470

  4. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.

  5. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538

  6. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 258-280



Қосымша:

  1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 598-623.

  3. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.

БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 400-415 б.



жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау