Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра құрамына өздерін ғалым жəне тəжірибелі оқытушы ретінде
көрсеткен оқытушылар кірді. Олар ғылыми жұмысқа көп көңіл бөледі.
Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыты - өсімдік қорғау жəне карантин
саласында биологиялық, экономикалық жəне экологиялық міндеттерді
кешенді түрде шешу.
Студенттер, магистранттар мен докторанттар кафедра жəне
факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді араласады.
Кафедра ұжымының танаптық жұмыс кезеңінде
Ғылыми жұмыстар сайыстарында баяндама жасап, жүлделі орындарға
ие болды.
Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулер нəтижелері мен өндірістік
сынақтардың мəліметтерін өндіріс үшін ұсыныс нұсқаулықтарында,
əдістемелік нұсқаулықтарда, сондай-ақ, нөлдік емес импакт-факторлы
журналдардағы мақалаларда, өсімдік қорғау қызметі мамандарының
біліктілігін арттыру курстарында жəне тауар өндірушілердің оқу курстарына
ұсынады. Екінші курстан, жекелеген студенттер бірінші курстан бастап
танаптық
жəне
зертханалық
тəжірибе
салымдарына
қатысады.
Кафедра оқытушылары мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде
Сонымен қатар, 2012-2017 жж. төңірегінде кафедрада келесі ғылыми
жобалар мен шаруашылық келісім шарттар бойынша қаржыландырылатын
тақырыптар бар:
1. 2012-2014 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы: «GLONAS/GPS жəне геоақпараттық технологиялары негізінде
астық өндірісі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік
Қазақстан аймағындағы астық дақылдарының аса қауіпті ағзалардың
(Apamea anceps Schiff., Mayetiola destructor Say.) фитосанитарлық мониторинг
пен болжауды инновациялау».
Ғылыми жетекшісі: Ажбенов В.К.
2. 2012-2014 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы: «Астықты экспорттау жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтасыз
ету үшін жатаған укекіресін анықтау жəне жою жаңалау».
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор, академик Ажбенов В.К.
3. ҚР АШМ АӨК 019 қаржыландылатын бағдарламасы аясындағы
инновациялық жобасы: «Инновациялық тəжірибені тарату жəне енгізу
бойынша қызметтер» тақырыбы бойынша «Аса қауіпті итальяньдық
шегірткенің ошақтарын нақты анықтау мақсатында фитосанитарлық
мониторингтегі GPS-технологиялардың инновациясы».
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор, академик Ажбенов В.К.
4. 2015-2017 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы: «Қоршаған ортаға пестицидтік жүктемені азайту мақсатында
аса қауіпті итальяндық шегірткені (Calliptamus italicus L.) фитосанитарлық
бақылауға озықтық технология əдістемелерін дайындау».
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор, академик Ажбенов В.К.
5. 2012-2014 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы: «Солтүстік Қазақстанның қара-коныр топырақ жағдайында
диверсификациялауды ескере отырып мақсарының өсіру технологиясын
жасау».
Ғылыми жетекшісі: а/ш.ғ.д., профессор Мусынов К.М.
6. 2015-2017 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы:
«Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала жағдайында жаңа үнемдегіш өсіру
технологиясын дайындау арқылы майлы дақылдардың өнімділігін
жоғарлату».
Ғылыми жетекшісі: а/ш.ғ.д., профессор Мусынов К.М.
7. 2012-2014 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы: «Картоптың вирустық ауруларын диагностикалау үшін
экспресс тест жасау».
Ғылыми жетекші: а/ш.ғ.к., доцент Хасанов В.Т.
8. 2015-2017 жж. арналған ҚР БжҒМ бағытының 055 бюджеттік
бағдарламасы:
«Сезімталдығы жоғары диагностикалық тестерді өндіру мақсатында картоп
вирустарының отандық штаммдар банкін құрастыру».
Ғылыми жетекші: а/ш.ғ.к., доцент Хасанов В.Т.
9.
Келісім-шарт
тақырыбы:
№ 60Х
«Пестицидтер
мен
биопрепараттарды мемлекеттік сынау жəне олардың тиімділігін мен
экологиялық құрамын бағалау».
Ғылыми жетекші: а/ш.ғ.к., доцент Тулеева А.К.
10. Келісім-шарт тақырыбы: № 40-15 «Пестицидтер мен
биопрепараттарды мемлекеттік сынау жəне олардың тиімділігін мен
экологиялық құрамын бағалау».
Ғылыми жетекші: а/ш.ғ.к., доцент Садықов Б.С.