Қорытынды: Зертханалық жұмыс барысында ашықтұқымдылардың сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысты. .
ІҮ.Бекіту бөлімі:
1.Қандай өсімдіктерді ашықтұқымды өсімдіктерге жатқызады? 2.Қарағайдыңаталық және аналық бүрлері қалай құралған? 3.Споралы өсімдіктердің ашықтұқымды өсімдіктерден айырмашылығы неде? 4.Фитонцид дегеніміз не? 5.Не себептен ашықтұқымдыларды сүректі өсімдіктерге жатқызады? 6.Қазақстанда қандай қызыл кітапқа неген ашықтұқымдыларды білесіңдер? 7.Шайырлы өзектер дегеніміз не? Ағаштың қай бөлігінен бөлініп шығады?
Ү.Үйге тапсырма:п.38 сұрақтарғажауап беру, кесте толтыру.
ҮІ.Бағалау.
Күні: 28.01.2015 Сыныбы: 6 Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі.
Қылқанжапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, яғни ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру.
б) дамытушылық. Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту.
ә) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік, ауызша баяндау, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қарағай, шырша, самырсын, арша өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1 – плаундар тобы, 2 – қырықбуын, 3 – қырықжапырақ тобы. Әр топтан оқушылар шығып, өз аттарындағы өсімдіктер жайында сабақ айтады. Және жалпы қырықжапырақ өсімдіктері жайында айтып, «Мен – саған, сен - маған» атты ойын түрінде бір - біріне сұрақтар қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны,
Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары.
Балталауға қайтіп оны қиясың,
Бұл ару ғой – көздің көркі, тау сәні.
(Қ. Бекхожин)
Кәдімгі қарағай
Жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу, сымбатты болып өседі. Һ=40 м, жарық көп түскен жерде тез өседі. Тамыры кіндік тамырлы. Жанама тамырлары ұсақ тамыршаларға бөлініп, микориза түзеді. Жапырақтары өркенге жұптасып орналасады. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діңінен өте көп шайыр ағады. Янтарь – қатып, тасқа айналған сары түсті шайыр. Көпке дейін янтарьды орыс ғалымы М. В. Ломоносов «Күн тасы» деп атап келген. Қызғылт түсті аналық бүрлер негізгі өзекше мен қабыршақтардан тұрады. Сыртқы қабыршақ – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірігіп, тұқымбүршік түзеді. Аталық бүрлер жасыл сары түсті, өркеннің төменгі жағында орналасады. Тозаңдары ауаға толы, жеңіл болады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдары аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. 13 айдан кейін ұрықтанады. Тұқым 5 айда пісіп жетіледі, ал бүрден пісіп жетілген соң 3 айдан кейін төгіледі. Сөйтіп 21 ай өткен кезде тұқым пісіп жетіледі. Аналық бүр қоңыр түсті болады. Қылқанжапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Тұқым желмен ұшып таралады.
Қарағайдың шайырынан сәндік бұйымдар жасап, оны қайта айдау арқылы алған канифоьмен шекті аспаптардың ішектерін жылтыратады, спортшылар тайғанамау үшін аяқ киімдерінің табанын майлайды, көпіру үшін сабынға қосады, қағаздарды жылтыратады. Қарағайдың сүрегі өте мықты, шірімейді, сондықтан оны темір жолдарға төсейді, шахталарға тіреу жасайды, қылқанынан сықпа май жасап оны жараға, күйікке жағады.
ІҮ. Бекіту:1. Оқулықты пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Ашық тұқымдыларға шөптекті өсімдіктер жата ма?
2. Олардың қанша түрі бар?
3. Шыршаның қарайғадан қандай айырмашылығы бар?
4. Арша, қылша өсімдіктерінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
5. Қарағай, шырша, балқарағай өсетін орманды не себепті қылқан жапырақты орман деп атайды?
6. Қылқан жапырақтылардың тұқымдары қайда жетіледі?
7. Кәдімгі қарағайдың аналық бүрі суретін талдап, анықтамаларын жаз.
8. Төменгі ұғымдарды түсіндір.
а) Бүр ————————————————————————————
ә) Қабыршақ —————————————————————————
9. Тұқым бүршігінің құрылысын талдап, аттарын орнына жаз:
——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————Аналық бүрде (ұзындығы 4-5 см) қабыршақтар жетіледі, ішкі қабыршақтың қолтығында екі тұқым бүршігі жетіледі. Тұқым бүршігінің сыртындағы қалың қабығының ішінде – спорангий қабығы, ал оның ішінде бір спора түзіледі. Спорадан аналық өскінше (гаметофит) жетіледі де, онда 2 архегоний пайда болады.
10. Мына ұғымдарды түсіндір.
Спора түзуші жапырақшалар –—————————————————————————-
Спорангийлер ————————————————————————————————-
Споралар ——————————————————————————————————-
Ү. Үйге тапсырма: оқу және талдау.
Күні: 30.01.2015 Сыныбы: 6 Пәні: Биология
І Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және
адам өміріндегі маңызы.
ІІ Сабақтың мақсаты:
1.Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы мен көбеюін
табиғаттағы маңызын қорытындылау.
2.Ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың типі: Қорытынды сабақ.
IV Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма,.
V Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, карточка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылардың көңіл күйін сергіту,топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: Ашық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама беру. Кластер әдісін пайдалана отырып
І-топ ІІ-топ
Қарағай Жатаған шырша
ІІІ-топ ІV-топ
Арша Самырсын
3.«Тірек сөздер»
І-топ ІІ-топ
«Дің» «Эрозия»
ІІІ-топ ІV-топ
«Қоңыр» «Бүржидек»
4.Топтық тапсырма
І- топ Қарағайдың көбеюі
ІІ- топ Ашық тұқымды өсімдіктер туралы өлең- жырлар
ІІІ- топ Ашық тұқымды өсімдіктердің шаруашылықтағы, адам өміріндегі маңызы
IV- топ Ашық тұқымды өсімдіктерді қорғау мақсатында жарнама жасау
5.«Сандар сөйлейді»
45
|
32
|
16
|
49
|
42
|
25
|
18
|
81
|
А
|
И
|
О
|
З
|
К
|
Р
|
М
|
И
|
9х2= 5 х5=
8х4= 9 х9=
7х6= 7 х7=
8х2= 9 х5=
6.«Табиғатқа саяхат»
І-топ Бірүйлі өсімдік? (қарағай)
ІІ-топ Жатаған шыршаның қылқаны неше қырлы? (4)
ІІІ-топ Жапырағының ені кең, сызықты қандауырша тәрізді болып келеді?( Секвоя)
ІV-топ Қылқан жапырақтылардың қабығында,сондай-ақ сүрегінде болады? (шайырлы өзекшелер)
7.Табиғаттағы маңызы .
Қарағайлар тұқымдасы. Х/ш маңызы. Тамыры –кіндік. Терең өседі. Жапырағы ине тәрізді, дихатомиялы бұтақталған, кезектесіп орн-ды. Бірүйлі өсімдік. Аталықтары топтасып, аналықтары жеке орн-ды. Бұған жататындар: қарағай, шырша, балқарағай, арша.Осылардың х/ш маңызы зор: олар басқа жасыл өсімдіктер сияқты орг-қ заттар түзеді.Қарағайлар сусымалы құмдарға өсіп, олардың жылжуын тоқтатады. Олар өз бойынан ерекше буланып шығатын заттар шығарады. Олар орманда ғана емес, көптеген жақын жердегі зиянды бактерияларды тежейді.
Май қарағай туысы- ағашы жұмсақ, құрылыс материал ретінде де,әр түрлі бұйымдар жасауға да қолданылады. Сонымен қатар оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайд-ды. Қылқанынан лак жасауға қажетті эфир майы алынады. Жас бұтақтарында камфора болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірден бір қажетті дәрі.
Шырша туысы- қабығы ақшылдау сұр түсті, бұтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орн-ды, әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыры терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдік. Ағашын құрылыс материалдарына, әр түрлі бұйым жасауға, отынға қағаз жасауға қол-ды. Ағашынан смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар бар.
Бал қарағай туысы- үлкен ағаш, бұтақтары топтасы орналасады, жарыұты жақсы көреді. Жазда көктеп, қыста қылқандарын тастайды. Жапырақтары ұзын сабақтарында біреуден, қысқасында топтасып орна-ды.Ағашы қызыл, смолаға бай, аса берік, суда шірімейді. Сондықтан шпал дайындауға, кеме жасауға шахтаның астына тіреу ретінде, отынға ж/е қағаз алуға қолданады.Қарағай туысы-улен емес кіші ағаштар, бұтақтары топтасып орн-ды. Жапырақтары 2-5 тен топтасып орн-ды. Аналық стробильдері екі үш жылда пісіп жетіледі. Құрылыс материалы ретінде қол-ды. Діңінен сағыз, смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында аскорбин қышқылы болады. Жас өркендерин мед-да қол-ды.
8.Үйге тапсырма: Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және
адам өміріндегі маңызына «Эссе»жазып келу
9.Бағалау
Күні: 04.02.2015 Сыныбы: 6 Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі. Олардың жалпы сипаттамасы.
Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі.
Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі.
Жалпы мақсаты 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жоғары сатыдағы өсімдіктер жөнінде мәлімет бере отырып гүлді өсімдіктердің қазіргі кездегі саны жағынан ең көп таралған топ екенін ұғындыру, жалпы сипаттама беру.
2. Тәрбиелік мақсаты: Гүлді өсімдіктердің маңызымен таныстыра отырып, оларды қорғауға баулу, эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
3. Дамытушылығы: Оқушыларды интернеттен,электрондық оқулықтардан мәлімет алуға қосымша деректермен жұмыс істей білуге баулу, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Жабық тұқымды өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Олардың көптүрлілігін және ерекшеліктерін білу.Гүлді өсімдіктердің топтастырылуын, дара және қосжарнақты өсімдіктердің ерекшеліктерін, бұл кластарға жататын тұқымдастарды ажырата білу.Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оларды қорғау және көбейту кркектігін ұғынуы.
Негізгі идеялар Гүлді өсімдіктердің маңызын түсіну, оларды қорғау, көбейту
Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнежазба, слайдтар, плакат, фламастар, стикерлер, өсімдіктер суреттері
Оқыту әдістері: СТО,Диалогты оқыту,АКТ 1.Топтық жұмыс,2.Жұптық жұмыс,3.Жеке жұмыс
Тапсырмалар 1. Сұрақтарға жауап беру,
2. Қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер
3. «Шежіре»- гүлді өсімдіктерді топтастыру
4. Гүлді өсімдіктердің маңызы
5. Гүл диаграммасы
6. Салыстыру
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тренинг: Жақсы тілек
Оқушы қасындағы оқушыға өзінің жақсы тілегін айтады, келесі оны жалғастырады
Сөздер жазылған парақтар оқушыларға таратып беріледі.
Сыныпты топқа бөлу(түр, туыс, тұқымдас, класс) Оқушылар түр, туыс, тұқымдас, класс топтарына бірігеді Топ басшысын сайлау.
II.Үй тапсырмасын сұрау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сұрақтарға жауап беру
1.Неліктен ашық тұқымды деп аталады?
2. Ашық тұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады?
3. Бірүйлі өсімдік дегеніміз не?
4. Қарағай қалай көбейеді? Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру
III.Жаңа тақырып Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақтың жоспары:
1. Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.
2. Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі.
3. Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары.
3. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.
4. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі. Оқушының іс-әрекеті
1.тапсырма: «Қосарлы ұрықтану» бенежазба арқылы тақырыпқа шығу.
1.Қосарлы ұрықтану дегеніміз не?
2. Қандай өсіммдіктер қосарлы
ұрықтанады?
3.Жабық тұқымды дегеніміз не?
4.Қандай гүлді өсімдіктерді білесіңдер?
2 тапсырма: Қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктерге сипаттама 1 топ: Қосжарнақты өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
2 топ: Дара жарнақты өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
3 топ: Қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктер
4 топ: Даражарнақтылар класына жататын өсімдіктер
3 тапсырма: «Шежіре»- гүлді өсімдіктерді топтастыру. Түр, туыс, тұқымдас, класқа тиісті өсімдік суреттерін таратып береді. 1 топ түрге, 2 топ туысқа, 3 топ туысқа, 4 топ класқа жататын өсімдіктер суреттерін жіктеп алып постер құрады.
4 тапсырма:
Гүлді өсімдіктердің маңызы
А) Табиғаттағы
Б) Дәрілік ретінде
В) Техникалық
Б) Сәндік Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша гүлді өсімдіктердің табиғаттағы, дәрілік ретіндегі, техникалық, сәндік маңызы туралы постер құрып қорғайды.
Тақтадан көрінген гүлдердің гүл формуласын жазу
5 тапсырма: Гүл формуласын жазу Әр топ өзіне берілген гүлдің формуласын жазады
IV.Қорытындылау
(5 мин)14.30-14.35 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Венн диаграммасы: ашық және жабық тұқымдылар Оқушылар ашық және жабық тұқымдыларға жататын өсімдіктердің ерекшеліктерімен ұқсастықтарын жазады
V.Үйге тапсырма беру Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қазақстанның жабық тұқымды өсімдіктері туралы эссе жазу Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VI.Бағалау
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Формативті, суммативті, топтық, жұптық бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады
Сыныбы_____6 биология____ Күні____06.02.2015_____
Тақырыбы: Крестігүлділер- Шаршыгүлділер- Орамжапырақтар тұқымдасы.
Мақсаты: Шаршыгүлділер туралы түсіндіру
Міндеті:
Білімділік: Шаршыгүлділер тұқымдасына жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Шаршыгүлділер тұқымдасымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Кестемен жұмыс.
Орамжапырақгүлділер.Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды.
Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер.Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар.Жапырақтары кезектесіп орналасады,бөбешік жапырақтары болмайды.Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан,орамжапырақгүлді өсімджіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған.Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған.Тостағанша жапырағы 4,күлтесі 4-еу,аталығы 6-ау,оның 4-еуі ұзын,2-еуі қысқа,аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.Гүлдерінің түсі ақ,сары,қызғылт,ақшыл көк түсті болып келеді.Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.
Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы:жабайы шомырдікі-
Т2+2К4А2+4Ж(2)
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Шаршыгүлділер
Пәні биология Сыныбы__6_______ Күні___11.02.2015______
Тақырыбы: Раушангүл тұқымдастары
Мақсаты:
Білімділік: Раушангүл тұқымдастарына жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Раушангүл тұқымдастарымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Раушангүл тұқымдастары
Сабақтың тақырыбы:Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды раушангүлділер тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру
.Дамытушылығы: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін, тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға раушангүлділер тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға, оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест. Құрал жабдықтармен көрнекілік: Жеміс-жидектердің макет, компьютер, презентация,слайд Сабақтың құрылымы:І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 минут 2.Үй тапсырмасын сұрау:
Сәйкестендіру тестісі
1.Көкөністік өсімдіктер
2.Татымды өсімдіктер
3.Майлы өсімдіктер
4.Дәрілік өсімдіктер
5.Арамшөптер
|
А)Қыша
Б)Ақжелкен
В)Орамжапырақ
Г)Шалғам
Д)Шомыр
Ж)Қышабас
З)Жұмыршақ
И)Рапс
К)Арыш
Л)Тарна
М)Ақбасқурай
|
Қазыр балалар өздеріңнің табиғаттарыңа жақын,өздерің ұнатқан гүлдерді таңдайсыңдар.Ол суреттің артында әртүрлі гүлдердің формулалары берілген.Сендер қандай гүлдің формуласы екенін атап,талдайсыңдар.
♀ Т (5) К 1+2+(2) А (9) +1 Ж1 Асбұршақтың гүлі
*♀ Т(5) К (5) А5 Ж (2) Картоп гүлі
* ♀ К 3+3 А 3+3 Ж (3) Қызғалдақтың гүлі
Т2+2К4А2+4Ж(2) Жабайы шомырдікі
Телеграмма Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын. Орамжапырақгүлділер.Бұларды кейде …………………… деп те атайды.Олар-шөптекті,кейде шала бұталы…………………………. өсімдік.Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын ………….-ға жуық түрлер бар.Жапырақтары ……………. кезектесіп орналасады, ……………………………. жапырақтары болмайды.
Телеграмма
Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.
Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасатындықтан,орамжапырақгүлді өсімдіктер ……………………………………. деп аталған.Бұлардың жемісі ……………….. немесе ………………………. .Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы – …………………… .
Бізден сұрақ-сізден жауап.
1.Жарық сүйгіш ,қылқан жапырақты өсімдік (Қарағай)
2.Қарағай қай мезгілде,қай айда тозаңданады? (Көктемде,мамыр айында)
3.Шымтезек мүгінің латынша атауы (Сфагнум)
4.Жасыл мүк қалай деп те аталады? (Көкек зығыры)
5.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі (Шоқпарбас плаун)
6.Спорангий деген не? (Споралар дамитын орын)
7.Қырықбуынның жаздық өркені мен көктемгі өркені қандай қызмет атқарады? (Жаздық өркен -өсу қызметін,көктемгі өркен -көбею қызметін атқарады)
8.Орамжарырақгүлділердің жемісі (Бұршаққын немесе бұршаққынша)
9.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады? (Ризоид)
10.Қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кең тараған өкілі ( Далалық қырықбуын)
Жұмбақ жасыру
Көктемде ақ гүлге оранады
Күзде қолға доп болып оралады (Алма)
3.Жаңа сабақ
К.Линней өз еңбегінде өсімдіктерді түрге,түрді туысқа,туысты тұқымдасқа,тұқымдасты класқа бөліп жіктеп қарастырғанын білеміз.Барлық өсімдіктерді дара және қосжарнақтылар класы деп бөлген. Даражарнақтыларда бірғана тұқым жарнағы, ал қосжарнақтыларда екі тұқым жарнағы болады. Қосжарнақтылар бұлар жабық тұқымды өсімдіктер, олардың барлығы гүлді өсімдіктер . Гүлдеу нәтижесінде өсімдіктер жеміс пен тұқым түзеді. Орамжапырақгүлділер сияқты раушангүлділер қосжарнақтылар класына жатады. Дүнижүзінде раушангүлділердің 3000 аса түрі бар, біздің Республикамызда да көптеген түрлерін кездестіруге болады. Мысалға : мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштары және бұталы түрлері- раушан мен итмұры, сонымен қатар көпжылдық шөптекті түрлері де бар. Мысылы,теңгежапырақ, қойбүлдірген т.б.
Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей болмайды.
Раушангүлділердің жабайы түрі де,мәдени түрі де кездеседі.Жабай түріне итмұрын,долана,қараған,шетен,тікенгүл жатады.Мәдени түріне алма,алмұрт, құлпынай,таңқурай,шие,т.б. өсімдіктер жатады.
Итмұрын гүлінің формуласы:Т(5)К5А∞Ж∞.
Жабайы алхорының гүлінің формуласы:Т(5)К5А20Ж1.
Гүлшоғырлары әр түрлі, гүлсеріктері қосқабатты, бес тостағанша жапырақша, бес күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтары өте көп, кей түрлерінде төрт, сегіз , тоғызданда кездеседі. Олар ұзынды- қысқалы болып шеңбер құра орналасады. Аналықтары біреу де, көп те болады. Ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Жемістері құстар, жарқанаттар мен су арқылы таралады.
Сәндік гүл раушанды алатын болсақ, ол жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме.Итмұрында аталықтар саны өте көп,жүзге тарта.Соларды адамның еңбегінің арқасында күлтеге айналдырды , содан бұйраланған раушан гүлі пайда болған. Қазіргі кезде жиырма бес іріктемесі шығарылған. Олардан май алынады. Парфюмерия саласында пайдаланылады.
Алма бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың 96,7 %-ы алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді.Алма мидың жұмысын жақсартады.Тәтті алмалар қан құрамын жақсартып,организмнен артық тамақ қалдықтарын сыртқа шығарады.Алманы қабығымен жеген пайдалы.Алма қабығында ағзаға ағзаға пайдалы дәрумендер бар.Ол тамыр соғысын жақсартып,жүрек талмасынан сақтайды.Сонымен қатар алма қабығында рактан қорғайтын дәрумендер де бар. Алмұрттың шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді.
Шиеде калий өте көп болғандықтан,ол жүрекке пайдалы.Қаназдықпен зардап шеккендер үшін табылмас ем.Шие дәруменге өте бай.Оны үнемі пайдаланып жүретін адамдардың жүрек жұмысы жақсарады,асқазандағы аурулар азайып,жүйке жүйесі қалыпқа келеді.
(Оқушыларға проблемалық сұрақ қою)
Бір алма жемісі түзілу үшін 70 жапырақ қажет.Жапырақ пен жемістің түзілуі арасында қандай байланыс бар?
4.Жаңа тақырыпты бекіту
Мына суреттегі гүлдің диеграммасын талдап,формуласын жазыңдар.
Сөзжұмбақ «Раушан»
1.Тікенекті өсімдік (Итмұрын)
2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес өсімдік (Алма)
3.Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме (Раушан)
4.Шырынды жемісті өсімдік (Шие)
5.Жемісі құрама жаңғақшалы болып келетін раушангүлділер тұқымдас өсімдік (Құлпынай)
6.Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі (Шетен)
Оқушыларға жұмбақ жасыру
1)Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс-сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал. (Өрік)
2) Қызыл күрең түрі бар, Тебіндеген бүрі бар.
Піскен кезде қаулайды,
Алтыннан бір аумайды,
Бал татыған нәрі бар,
Онда емнің бәрі бар. (Шабдалы)
Итмұрын гүлінің диаграммасын сызғызу.
5.Оқушыларды бағалау
6Үйге тапсырма беру
Раушангүлділер тұқымдасын оқып, мазмұндау.Кестені толтырып келу
Сипаттамасы
|
Раушангүлділер тұқымдасы
|
Тіршілік формасы
|
|
Морфологиясы
|
|
Гүл формуласы
|
|
Жемістерінің ерекшеліктері
|
|
Тұқымдасқа жататын өсімдіктер
|
|
Пәні : биология________ Сыныбы______6___ Күні___13.02.2015______
Тақырыбы: Алқа тұқымдасы
Мақсаты:
Білімділік: Алқа тұқымдасына жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Алқа тұқымдасымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Кестемен жұмыс.
Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы айырмашылықтар
Жануарлар
|
Өсімдіктер
|
Дайын ағзалық заттармен қоректенеді
Белсенді қозғалады
Мүшелер және мүшелер жүйесі болады
Денесі екі жақты, сәулелі симметриялы болады
|
Органикалық заттарды өздері түзеді
Қозғалмайды
Мүшелер мен мүшелер жүйесі болмайды
|
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Алқа тұқымдасы
Достарыңызбен бөлісу: |