Сабақ №1 Тақырыбы: Анатомия және физиология ғылымдарының дамуына қысқаша шолу


Бас миы – ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі. Дамуы



жүктеу 1,62 Mb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі1,62 Mb.
#20880
түріСабақ
1   2   3

Бас миы – ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі.

Дамуы: Бала дүниеге келер сәтте бас миның жалпры массасы 400гр. Ересек адаммен салыстырғанда нәрестенің миының массасы оның дене массасынан едәуір артық болады. Мидың негізгі бөлімдері ұрықтық дамудың 3-айында басталса, ал 5-айда үлкен ми сыңарларының негізгі жүлгелері көрінеді. Ми постнаталдық дамудың алғашқы 2 жылында қарқында дамиды. Сонан кейін бас миының даму қарқыны төмендейді. Бас миының дамуы 20 жасқа қарай аяқталады. Бұл жаста мидың массасы 4-5 есе артып, орта шамамен 1300-1400 гр болады. Мидың абсолюттік массасы адамның ақыл-ой қабілеттілігін анықтамайтынын айта кеткен жөн.

Ми бөлімдері. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г.

Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан.

Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері – таламусты ажыратады.

Гипоталамус зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.

Таламус – байланыс коллекторы. Таламус арқылы бас миының барлық нервтік-сезгіш жолдары өтеді.

Мишық – қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады.

Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады.



Ретикулярлық формация ми энергиясының аккумуляторы. Ұйқы мен сергектікті, мінез-құлықтың қарапайым және инстинктивті формаларын реттеп, шартты рефлекторлық реакциялардың өтуіне қатысады.

Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары – бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2. қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.



Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.

Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3) ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған.

Сенсорлық аймақтар барлық шетеі рецепторлық түзілістерден нерв импульстерін қабылдайды. Көру, иіс сезу, дәм сезу, соматикалық, висцеральдық, сенсорлық аймақтарды ажыратады.

Қыртыстың қимыл аймағынан нерв импульстері әр түрлі бұлшықеттерге барады. Қыртыстың ассоциативті аймағынан тек адамға ғана тән 2-ші сигналдық жүйенің қалыптасуы тән.

Қыртыстың астында үлкен мисыңарларының ақ заты орналасады. Ақ зат құрамына:

1)ассоциативті талшық;

2)комиссуральді талшық;

3)проекционды талшық кіреді.

Ассиоциативті талшық 1 үлкен ми сыңарларының жеке участоктерін бір-бірімен байланыстырады. Қысқа ассиоциативті талшық жақын аймақтар мен жеке иірімдерді байланыстырса, ал ұзын талшықтар 1 ми сыңарының аумағындағы әртүрлі бөлімдерді байланыстырады.

Комиссуралдық талшықтар – 2 ми сыңарының симметриялық бөліктерін байланыстырады. Олардың көп бөлігі сүйелді дене арқылы өтеді.

Проекционды талшықтар өткізгіш жолдардың құрамына кіріп, қыртыс пен ОЖЖ-нің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.

Ми сыңарларының активті қалыптасуы эмбриогенездің 12 аптасынан басталып, 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады. Клеткалық құрылысы, формасы мен иірімдер мен жүлгелердің орналасуы ересек адамдікіне 7 жасқа жеткенде жақындайды. Олардың жетілуі 20-22 жасқа жеткенде аяқталады. Жаңа туған баланың  үлкен ми сыңарларының массасы 370-400г? 1 жасқа келгенде 2 есе,6 жаста 3 есе артады, 20-60 жас аралығында бір қалыпты, 60 жастан кейін оның салмағы біртіндеп төмендейді.

Бас миының үлкен ми сыңарларыны жоқ балалардың дүниеге келу оқиғалары белгілі. Ондай балаларды анэнцефалдар деп атайды. Олар бірнеше күн ғана тіршілік етеді.

 

 ҮМС қыртысы гипоталамуспен, миндалинамен және орталық мидың кейбір ядроларымен тығыз байланысты. Бұл құрылымдар мидың лимбикалық жүйесін құрайды. Ол эмоция мен зейіннің қалыптасуында маңызды роль атқарады.



ІІІ. Бекіту

Ми сыңарларының қызметі

Сол жақ

Оң жақ






ІV. Үйге тапсырма беру. Парагарф 15-17 дейін оқу

Cабақтың тақырыбы: Үлкен ми сыңарлары Вегетативті жүйке жүйесінің құрлысы мен қызметі
Сабақтың мақсаты:

1. Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері менқызметі туралы ақпарат алу

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Медицина

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,



Көрнекілік: Стенд материалдары

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

І Ұйымдастыру бөлімі

Үйтапсырмасы:



  1. Мидың негізгі бөліктері?

  2. Сопақша мидың қызметі?

  3. Үлкен ми сыңарының құрлысы қандай?

  4. Кестені толтыр

Қызметі

Аймақ атауы

  1. Көрі аймағы

Иіс сезу мен дәм сезу орталығы


Тері бұлшық ет сезім аймағы

Ассоциациялвқ аймақ


Төбе бөлігінің артқы орталық иірімі


Төбе бөлігі





ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізіненжүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталықжәне шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктеріжүйкелержүйке тораптарыжүйке түйіндері(ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды

Жүйке жүйесінің құрлысы мен қызметі

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.



Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұпжұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.



Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады 



Бекіту . 1. Вегетативті жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

  1. Вегетативті жүйке жүйесі адам ағзасының жеке мүшелер қызметіне қалай әсер етеді?

  2. Парасимпатикалық ядролар қайда орналасады?

ІV. Үйге тапсырма беру параграф 18 оқу. Кестені толтыру.

Cабақтың тақырыбы: Сезім мүшелерінің құрылысы мен маңызы


Сабақтың мақсаты:

1. Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері менқызметі туралы ақпарат алу

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,



Көрнекілік: Стенд материалдары

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.



І Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасы:

1. Вегетативті жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

2.Вегетативті жүйке жүйесі адам ағзасының жеке мүшелер қызметіне қалай әсер етеді?

3.Парасимпатикалық ядролар қайда орналасады?


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сезім мүшелері (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты:   және интерорецепторлар  болып екіге бөлінеді. 

-Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды. Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.

-Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды

Анализатор:



  1. тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі - рецепторлық,

  2. қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін - өткізгіш бөлігі;

  3. ми қыртысында қозуды талдайтын - орталық бөлігі.

Сонымен анализатордың бөліктері - шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бірімен-бірі тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса, басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырата алмайды (жойылады).

Тапсырма: Сәйкестігін анықта.



  1. Рецепторлар

2.Сезімтал жүйкелер

  1. Үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

А) импульсты жұмыс беру

Ә) тітіркену қабылдау

Б) рецепторлардан қозудыорталық жүйке жүйесіне беру;

В) Сезімтал нейрондар қимыл-қозғалыс нейрондарына қозуды тасымалдау;

Г) ерекше сезім қалыптастыру


Бекіту1. Анализатор дегеніміз не?

2. И.П. Павлов айтуынша анализатор негізгі бөліктері?

3. Біз қоршаған орта туралы ақпарат қалай аламыз?

ІV. Үйге тапсырма беру параграф 19 оқу. Кестені толтыру.

Cабақтың тақырыбы: Көздің құрлысы және қызметі

Сабақтың мақсаты:

1. Көздің құрлысы мен қызметі туралы ақпарат алу

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,



Көрнекілік: Стенд материалдары

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.



І Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасы:

1. Вегетативті жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

2. Вегетативті жүйке жүйесі адам ағзасының жеке мүшелер қызметіне қалай әсер етеді?

3.Парасимпатикалық ядролар қайда орналасады?


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше. Сыртқы қабығы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.

Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта қантамырлары көп болғандықтан, көзді коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе, қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.

Мөлдір қабық пен нұрлы қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы орналасқан. Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.

Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк немесе боз түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.

Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене - көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады (жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.

Көздің ішкі қабығы - торлы қабықтың құрылысы күрделірек. Көз алмасының түп жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша, колба тәрізді (химиялық ыдыс) болып келеді. Сары дақ колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ - көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.

Таяқша тәрізді жасушалар арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде жақсы көреді. Колба тәрізді жасушалар тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады. Жарық сәулесімен тітіркендіргенде жасушаларда козу пайда болады. Қозу көру жүйкесі арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі. Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.

Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақкірпік, көз алмасын козғалтатын бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан қорғайды. Бұлшықеттер - көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қарай қозғалтады. Жас бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Жас бездері ұдайы жас бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.



Көз гигиенасы

Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45—50 жаста - 33 см-ден жақсы көреді. Ал 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді, көзілдіріктің көмегімен, әр түрлі линзалар(ойыс, дөңес) арқылы реттеледі. Бұл жағдай көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмай, төмендеуінен болады. Мұндайда алыстан көргіштік қалыптасады. Алыстан көргіштік (қырақтық) көбінесе қарт адамдарда кездеседі. Әсіресе, жастарда (мектеп окушыларында) жақыннан көргіштік жиі кездеседі. Жақыннан көретін адамдарға алыстағы заттар бұлыңғырланып көрінеді, оның қандай зат екенін ажырата алмайды. Жақыннан көргіштік көбінесе жарық аз түскен жерде оку, жатып оқу, көлікте жүріп окудан болады. Көз ауруларының ішінде көбірек таралған жұкпалы ауруға - көз қарығуы (конъюнктивит) жатады. Бұл кезде көздің сілемейлі қабығы қабынады. Аурудың болуына өбіне бактерияларвирустар және т. б. ағзалар әсер етеді. Кейде гүл тозаңдары, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін. Көз ауруларын емдейтін дәрігерді -офтальмолог (грекше — көз), кейде окулист (латынша — көз) деп атайды. Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал



Бекіту1. Көз гигиенасы қалай жүргізеді?

2. Көздің құрлысы?

3. Жасбезі дегеніміз не, қызметі?

4. Көз алмасында қанша қабық бар?

ІV. Үйге тапсырма беру параграф 20 оқу. Кестені толтыру

Cабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің қызметі және гигиенасы

Сабақтың мақсаты:

1. Есту мүшесінің құрлысы мен қызметі менқызметі туралы ақпарат алу

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,



Көрнекілік: Стенд материалдары

Сабақ барысы:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.



І Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасы:

1. Көз гигиенасы қалай жүргізеді?



2. Көздің құрлысы?

3. Жасбезі дегеніміз не, қызметі?

4. Көз алмасында қанша қабық бар?
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстардықабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.



Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.

  1. Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолыжатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

  2. Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылыжұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегендежұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

  3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағышытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақэпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.

Бекіту

  1. Есту түтігі дегеніміз не?

  2. Дыбыс тербелістері есту мүшелеріне қалай беріледі?

  3. Вестулбиа дегеніміз не?

ІV. Үйге тапсырма беру параграф 21 оқу. Кестені толтыру

Cабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің қызметі және гигиенасы



Сабақтың мақсаты:

1. Есту мүшесінің қызметі және гигиенасы мен қызметі туралы ақпарат алу

2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

3. Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Медицина

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,



Көрнекілік: Стенд материалдары

Сабақ барысы:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.



І Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасы:

  1. Есту түтігі дегеніміз не?

  2. Дыбыс тербелістері есту мүшелеріне қалай беріледі?

  3. Вестулбиа дегеніміз не?


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар саусақ, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондықтан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бітінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған. Осыған байланысты соқыр адам оқудың арнайы әдісін меңгереді, музыканы жақсы сезеді. Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезімталдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілемейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа өсінділер (15-20 мкм) мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі сілемейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының сілемейлі қабығының беткі жағында болады. Бұл молекулалар мұрынның сілемейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігінде болатын иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.

Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.
Бекіту

  1. Сонымен сезім мүшелеріне адамның қандай мүшелері жатады?



  2. Сезім мүшелері сау адам қандай болады? (Сезім мүшелері сау адамның жұмыс-
    қа қабілеті, білімді меңгеруі, әр түрлі заттарды, құбылыстарды жақсы ажырата білуі жоғары болады. Қауіп-қатерлі жайдайлардан дер кезінде сақтанады.


ІV. Үйге тапсырма беру параграф 22 оқу. Кестені толтыру
жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау