Зат есім 2 түрге бөлінеді:
1) Singular (Жекеше) – a table (үстел), a book (кітап), a pen (қалам) және т.б.
2) Plural (Көпше) – tables (үстелдер), books (кітаптар), pens (қаламдар) және т.б.
Plural form (Көпше түр)
1. Зат есімнің көпше түрі жекеше түрдегі зат есімнің соңына -s көптік жалғауын қосу арқылы жасалады. Мысалы: pen → pens, hand → hands, finger → fingers және т.б.
2. s, ss, x, sh, ch әріптерімен аяқталатын жекеше түрдегі зат есімдерге -es көптік жалғауы қосылады. Мысалы: fox → foxes (түлкі → түлкілер)
class → classes (сабақ → сабақтар)
bus → buses (автобус → автобустар)
bench → benches (орындық → орындықтар)
3. -Y әрібімен аяқталатын жекеше түрдегі зат есімдерге -es көптік жалғауы қосылып, соңғы Y әрібі I әрібіне өзгереді. ЕГЕР соңғы тұрған Y әрібінен алдын дауыссыз әріп тұрса!!! Мысалы: city → cities (қала → қалалар)
army → armies (армия → армиялар)
4. -Y әрібімен аяқталатын жекеше түрдегі зат есімдерге -s көптік жалғауы қосылады. ЕГЕР соңғы тұрған Y әрібінен алдын дауысты әріп тұрса!!! Мысалы: day → days (күн → күндер)
toy → toys (ойыншық → ойыншықтар)
5. -s көптік жалғауы қосылмай, түбірден өзгеру арқылы көпше түрді жасайтын зат есімдер бар. Мысалы:
Singular
|
Plural
|
Translation (Аудармасы)
|
Man
|
Men
|
Ер → Ерлер
|
Woman
|
Women
|
Әйел → Әйелдер
|
Foot
|
Feet
|
Табан → Табандар
|
Tooth
|
Teeth
|
Тіс → Тістер
|
Goose
|
Geese
|
Қаз → Қаздар
|
Mouse
|
Mice
|
Тышқан → Тышқандар
|
Ox
|
Oxen
|
Бұқа → Бұқалар
|
Child
|
Children
|
Бала → Балалар
|
Cases (Септіктер)
Ағылшын тілінде екі септік бар: Common case (атау септігі) және Possessive Case (ілік септігі).
Common Case (Атау септігі) – кім? не? деген сұрақтарға жауап бергендіктен зат есімге ешқандай жалғау жалғанбайды.
Мысалы: dog (ит), tree (тал), blackboard (тақта) және т.б
Possessive Case (Ілік септігі) – кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап
береді және зат есімге (‘) жалғауы қосылу арқылы жасалады. Мысалы:
the girl’s dress à қыздың көйлегі,
the door’s key à есіктің кілті және т.б.
Possessive Case (Ілік септік)
Ілік септік қолданылуы:
Зат есім жекеше түрінде жалғауы қосылуы арқылы жасалады.
Мысалы: the student’s pen à студенттің қаламы,
Kazakhstan’s capital à Қазақстанның астанасы
Зат есім көпше түрінде апостроф қосылуы арқылы жасалады.
Мысалы: the students’ pens à студенттердің қаламдары,
the countries’ capitals à мемлекеттердің астаналары
Count and uncountable nouns
(Саналатын және саналмайтын зат есімдер)
Зат есімдер саналатын және саналмайтын болып бөлінеді.
Саналатын зат есімдер: book (кітап), egg (жұмыртқа), bed (кереует) және т.б. Бұлардың алдына a/an артиклі қолданылады.
Саналмайтын зат есімдер:
жаратылыс құбылыстар (rain, snow, snow storm),
ұсақ және үгітінді (flour-ұн, hair, dust-шаң,wool-жүн),
сұйық (tea, oil, sour milk-айран, milk, coffee),
газ тектес (steam-бу, air, smoke, fog-тұман),
дерексіз ұғымдар (mind-ақыл, sense-сезім, sorrow-қайғы, honesty-адалдық),
өздігінен (gold. Silver) табиғи заттар.
Оларға a/an белгісіз артиклі қолданылмайды. Саналмайтын зат есімдерге көпше түрде жалғанатын -s/-es жалғаулары жалғанбайды.
Common nouns (Жалпы есімдер)
Ағылшын тілінде жалпы есім мындай түрлерге бөлінеді:
1
|
Жеке заттардың білдіретін жалпы есім
|
A book
A girl
A window
A doctor
A tree
|
2
|
Адамдар немесе жануарлар тобының атауларын бірбүтін зат ретінде қарастыратын жалпы жинақтау зат есімдері
|
A family
A crowd
A herd
|
3
|
Саналатын жалпы есім
|
A horse
A postman
A pen
|
4
|
Саналмайтын жалпы есім
|
Wool-жүн
Water
rain
|
Proper nouns (Жалқы есімдер)
Ағылшын тілінде жалқы есім мындай түрлерге бөлінеді:
1
|
Personal names (Кісінің аты-жөні, жануарларға қойылатын аттар)
|
Rakhim
Mukhankyzy
Pussy
|
2
|
Geographical names (географиялық атаулар)
|
The Alatau
The Atlantic Ocean
Almaty
The Thames- Темза өзені
|
3
|
Astronomical names (строномилық атаулар)
|
The Great Bear-Жеті қарақшы
The Milky way-Құс жолы
The Earth-Жер
The moon-Ай
The Uran-Уран планетасы
|
4
|
Names of streets, bridges, hotels, clubs, newspapers and magazines (көше, алаң, көпір, кеме, қонақ үй, клуб, газетөжурнал атаулар)
|
Abai avenue-Абай даңғылы
Trafalgar square-Трафальгар алаңы
The Tower bridge-Тауэр көпірі
The hotel Otyrar-Отрар қонақүйі
The Egemendi Kazakhstan-Егеменді Қазақстан
|
5
|
Names of the months and the days o the week (ай, апта атаулары)
|
September-қыркүйек
February-ақпан
Wednesday-сәрсенбі
Friday-жұма
|
Достарыңызбен бөлісу: |