Кіріспе
5 мин.
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.
Шаттық шеңберін құрғызып, оқушыллардың көздерін жұмғызып қанекей балалар көз алдымызға көгілдір аспанды елестетіп, өз-өздеріне деген ыстық ықыласымызды білдірейік және менің айтқан сөздерімді қайталаңыздар «мен оқуға келдім», «менің оқығым келеді», «мен жақсы оқимын» деп қайталатқызу. Енді балалар көзімізді ашып, жанымздағы достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мұғалімнің айтқан іс-әрекеттерін орындайды.
|
Қағаздар
|
Тұсаукесер
10 мин.
|
Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.
1.Түсті баптау.
2. Сызықтардың жуандығы.
Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «Қарлы кесек» ойынын қолдану. Енді оқушылар қалай ойлайсындар бұл ойынның
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
«Миға шабуыл» Кестені қалай көрінбейтін етуге болады.
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар алдында қағаздарға сұрақтар жазады да қарама – қарсы топ мүшелеріне береді және топтағы әр бір оқушы өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.
Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
15 мин
8мин
7 мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Кестелерді пішімдеу »
Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады. Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде – жарамды мәнерді таңдаймыз.
Кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояу.
Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдарын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек. Одан кейін келесі батырмалардың керектерін таңдайды:
1. Қаламұштың мәнерін таңдауға арналғанбатырманы. Төмен қарай ашылатын мәзірде әртүрлі сызықтар бар: жеңішке, жуан, қосарланған, пунктирлі, толқынды.
2. Төменірек қаламұштың жуандығын таңдау батырмасы орналасқан 0,5г. Жуандық пункттермен көрсетіледі.
3.Егер қажеттілік болса, қаламұштың түсін батырмасымен баптайды. «Басқа түстер» бұйрығын таңдағанда түсті баптаудың қосымша терезесі ашылады.
Слайдтар арқылы жаңа сабаққа шолу жасау.
Оқулықтағы § Кестелерді пішімдеу тақырыбын топтарға оқыту. Сол тақырып бойынша оқушылар өздеріне қажетті сөйлемді дәптерлеріне түртіп алу керектігін, содан сон оқушылар топтың ішінде бір-біріне түсіндіру керектігі айтылады. Постер қорғалады.
«Түртіп алу» стратегиясы.
Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.
Компьютерлік тәжірибелік жұмыс. 162 беттегі А,В,С деңгейлік тапсырмаларды компьютерге енгізу.
«Сұрақ – жауап» бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін білу мақсатында сұрақтар беру:
1.Мәнер дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Кестені мәнерлермен әрлеуге қандай бұйрық көмектеседі?
3.Қаламұштың жуандығын не үшін өзгертеді.
4.Кестенің айналасын қосарланған сызықпен қалай қоршаймыз?
5.Түстер тізімінде жоқ түсті қалай қолданамыз?
6.Құжат бетінің айналасындағы жиекті қалай қосамыз?
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Тақырып бойынша түсіндірмені тыңдайды.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді түртіп алады да мағлұматтарын дәптерлеріне түсіреді, өз тобында талқылайды, постерге түсіріп 2 топ бір-біріне түсіндіреді.
Тақырыпты ортаға салады.
Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.
Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
Оқушылар берілген сұрақтарағ жауап береді.
|
АКТ
Видио ролик.
Постер
Маркер
Компьютерлер.
Постер
Маркер
Дәптер
Сағат
|