Сабақ : №1 Күні: Пән атауы : Информатика



жүктеу 3,59 Mb.
бет4/4
Дата01.01.2020
өлшемі3,59 Mb.
#25741
түріСабақ
1   2   3   4

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________

Сабақ : № 26

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу.

Сабақтың мақсаты Оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру.

Табыс критерийлері:

  1. Нысандармен жұмыс жасай аламын

  2. Суретті тінтуірдін көмегімен өзгерте аламын.

  3. Нысандарды орнынан жылжыта аламын және жоя аламын.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Кім білгір", "Жигсо", "Сұрақ-жауап", "Практикалық жұмыс ", "Кері байланыс", "Критериалды бағалау"

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.

Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».



Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қағаздар


Тұсаукесер

10 мин.


Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1-топ: Суреттің пішімі

2-топ: Нысандарды реттеу

«Кім білгір» тест сұрақтары беріледі.

1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамыз

Б) Ақауды өз бетіммен жоямын

С) Компьютерді электр желісінен ағытамын

Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын

2. Абзацты қандай перне көмегімен қолдануға болады?

А) CapsLock

Б) Shift

С) Tab


Д) Ctrl

3. Кестені құру жолын көрсет?

А) главная - таблица

Б) вид - таблица

С) разметка страница - таблица

Д) вставка - таблица

4. Графикалық объектілерді қалай кірістіреміз?

А) вставка – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

Б) главная – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

С) вид – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

Д) разметка страница– иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып, кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

«Миға шабуыл» Атау жазулары мен суреттерді пішімдеу дегенді қалай түсінесіңдер.

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.


Оқушылар тест сұрақтарына жауап беру арқылы өткен сабақтар бойынша не біледі соны ортаға салады.


Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.


АКТ


Негізгі бөлім
5 мин

10мин


10мин

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу »

Пішімдеу дегеніміз не?

Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.



1 Сурет. Пішімделмеген мәтін





2 Сурет. Пішімделген мәтін

Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптегенген құралдарын қамтыйды. Өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің жазылуы және гарнитурасы, беттерді ортаға түзету, осы сияқты безендірудің параметрлерін пішімдеу деп айтуға болады.

Пішімдеу параметрлерін таңдау кезінде бірнеше ережелерді сақтау қажет:


  1. Шрифтің гарнитурасын мәтіннің стилдік ерекшелігіне үйлесетіндей етіп таңдаңыз;

        2. Бір құжатта үштен артық гарнитураны  және төрттен артық пішінді пайдаланбаңыз;

3.  Бір құжат үшін қәріптің төрт түрлі өлшемін ғана таңдаңыз.


Жаңа сабақты түсіну мақсатында оқулықтағы тақырыпты оқушыларға оқуға беріп «Жигсо» әдісі арқылы оқушылар бірі біріне түсіндіруін қадағалау.
Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар  беру. Оқулықтағы 177 бетте

/жеке жұмыс / 

А, В, С – деңгейлік тапсырмалары таратылады.
Сұрақ - жауап

1. Пішімдеу дегеніміз не?

2. Суреттерді пішімдеу үшін не қолданамыз?

3. Жазуларды пішімдеу үшін нені қолданамыз?



Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

 Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарды оқып, ортаға салады.

Тақырып бойынша екі топ түсініктерін тыңдайды.

Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.


Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды,

қорғап шығады

Оқушылар бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін білу мақсатында сұрақтар қою.

АКТ

Оқулықтар

постер


Қорытынды

5 мин


Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?


Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс.


Үйге тапсырма беру. §26

Кестесін толтыру

Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.


Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________



Сабақ : № 27

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу мен компоненттерін ажырата білуге дағдыландыру.

Табыс критерийлері:

  1. Мультемедиялық тысаукесердің конструкторын білемін. (3-4 бал) 3деген баға

  2. Microsoft PowerPoint бағдарламасының қажеттілігін білемін. (5-8 бал) 4 деген баға

  3. Microsoft PowerPoint бағдарламасының терезе элементтерін білемін ( 9-10 бал) 5 деген баға

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Шеңбер бойымен әңгіме", "жигсо", "БҮҮ", "Бізден сұрақ-сізден жауап" , "Критериалды бағалау"

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.

Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».



Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қағаздар


Тұсаукесер

10 мин.


Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1.Құжат құру.

2. Құжат сақтау.
Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «шеңбер бойымен әңгіме» ойыныны арқылы өткен тақырыптарды сұрау.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

«Миға шабуыл» Microsoft PowerPoint дегенді қалай түсінеміз.

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.


Оқушылар шеңбердің бойымен өткен сабақтар бойынша не біледі соны ортаға салады.


Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.


АКТ


Негізгі бөлім
5 мин

10мин
10мин



Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер. Microsoft PowerPoint программасының интерфейсі»
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын айту, дәптерлеріне тақырыпты жаздырту.

Редакторды іске қосып, оны интерактивті тақтада көрсету.

МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. РоwerРoint мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:

Меню арқылы: Пуск – Программы - Місrosoft РоwerРoint .

Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып:

Создать – Презентация Місrosoft РоwerРoint-ты таңдайды.

Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде Місrosoft РоwerРoint терезесі келесі элементтерден тұрады:

1. Тақырып.

2.Жолақ.

3.Құрылым.

4.Слайд

5.Қалып-күй



Жаңа сабақты түсіну мақсатында оқулықты мұқият оқытып, топтарға тапсырмалар беру. / постер қорғау/

1-топқа  «Місrosoft РоwerРoint» процессорының мүмкіндіктері.

2-топқа  «Місrosoft РоwerРoint» процессорының терезе элементтері.
«Бізден сұрақ-сізден жауап»

Оқушыларға сұрақтар беріледі, сұрақтарға жауап береді.


  1. Тұсаукесер деген не?

  2. Тұсаукесер слайдының қасиеттерін атаңдар.

  3. Місrosoft РоwerРoint терезе элементтерін атаңдар.

  4. Місrosoft РоwerРoint бағдарламасының іске қосу жолдары.

  5. Місrosoft РоwerРoint бағдарламасының қажеттілігі

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

 Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарды оқып, ортаға салады.

Тақырып бойынша екі топ түсініктерін тыңдайды.

Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

АКТ

Оқулықтар

постер


Қорытынды

5 мин





Блеміз»

«Білгіміз келеді»

«Үйрендім»

 

 

 

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс.


Үйге тапсырма беру. §27

БҮҮ кестесін толтыру

Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.


Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________

Сабақ : № 28

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерді безендіру.

Сабақтың мақсаты:  Power Point программасында дайындалған презентацияларды безендіруді үйрету. Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа көшу тәсілдерімен, мәтін элементтерін безендіру кезінде таным белсенділіктерін арттыру.

Табыс критерийлері:

1.Жаңа түстерді құра аламын.

2. Слайдтардың үлгісін түрін өзгерте аламын.

3. Безенжіру шаблоны дегеніміз не екенін білемін.



Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері" , "Миға шабуыл" әдісі, "қарлы қағаз" ойыны, "Компьютерлік тәжірибелік жұмыс", "Есте сақтайық" , "Кім жылдам", "Критериалды бағалау" әдісі.

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңберін» құрғызу.
«Қарлы қағазы» ойыны

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.



  1. Тұсаукесер деген не?

  2. Тұсаукесер слайдының қасиеттерін атаңдар.

  3. Місrosoft РоwerРoint терезе элементтерін атаңдар.

  4. Місrosoft РоwerРoint бағдарламасының іске қосу жолдары.

  5. Місrosoft РоwerРoint бағдарламасының қажеттілігі

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар бір- қағаздан алып сұрақтар жазады да шеңбер болып тұрып аспанға лақтырады. Қағып алған оқушы сол сұраққа жауап береді.

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.


Қағаздар


Тұсаукесер

5 мин.


Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1.Түстер сызбасы.

2.Слайдтардың үлгісі.
«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, жолақтың қандай тіркеме парағы тұсаукесерді безендіру үшін жауап бере алады ма?

Атауларға байланысты шағын топқа бөлінеді.


Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.


АКТ


Негізгі бөлім

15 мин


8мин

7мин


Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Тұсаукесерді безендіру ».
« Тұсаукесерді безендіру» тақырыбында конспекті жазу.

«Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.

Жолақтың Дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін дайын тақырыптарды пайдалануға мүмкіндік береді. Ұсынған тақырыптың ешқайсысы сендердің ойларыңнан шықпай қалуы мүмкін. Алайда қамықпаңдар, программаның жасап шығарушылар тұтынушылар безендірудің барлық параметірлерін өздігінен баптай алуын әбден ойластырған. Түстер шешімін өзгерту үшін Дизайн Түстер  Тақырыптың жаңа түстерін құру бұйрығын орындаңдар. Пайда болған сұхбаттық терезесінде өз түстеріңді таңдап, баптаңдар және әрі қарай пайдалану үшін сақтап қойыңдар. Дәл осындай әрекеттерді қаріптер үшін де орындаңдар.

Безендіру шаблон- ол тұсаукесердің маркерлері мен әріптерінің түрі және мөлшерлерін, қоршау сызықтарының мөлшерін және орналасу орнын, фондық суреттерін және фонды безендіру параметірлерін, түстер сызбасын, слайдтарының үлгілерін және тақырыптарының қосымша үлгілерін бірге есептегендегі мәнерінен тұратын файл.
Компьютерлік тәжірибелік жұмыс.

А, В, С деңгейлі тапсырмалар оқулықтағы 192 беттегі тәжірибелік жұмысты орындату.


«Өзіңді тексер» 

1. Тұсаукесердің безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?

А) Басты

В)Кірістіру

С)Дизайн

Д)Түр


2.Тұсаукесер слайдтарының жалпы безендіруін нені түзетіп, өзгерте аламыз?

А) тақырыбын

В)анимацияны

С)әріптерді

Д)әсерлерді

3.Слайдтарға, ескертпелер беттерінен немесе үлестіру материалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын-ол:

А) тақырып

В) түстер сызбасы

С) әріптер

Д) әсерлер

4.Фонның құйып бояуының түсін өзгерту үшін қандай бұйрықты шақыру керек.

А)Дизайн Фонның мәнерлері Фонның пішімі

В) Дизайн Беттің параметірлері

С) Дизайн Түстер сызбасы

Д) Тақырып


Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.


Оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді.
Мәтінді жазу, өз ойларын салыстыра отырып қорғау.

Компьютермен жұмыс жасайды. Жасаған жұмыстарын қорғап шығады.


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін айтып шығады.

Тест сұрақтарына жауап берелі.




АКТ

Дәптер


Дәптер

Сағат


Қорытынды

5 мин


Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс.

Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды.

Үйге тапсырма беру. §28



Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.



Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________

Сабақ : № 29

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру.

Сабақтың мақсаты Оқушыларға слайд бетіне мәтін қосуға, суреттерді кірістіруге, дыбыс пен видео кірістіруді туралы түсініктерін қалыптастыру.

Табыс критерийлері:

  1. Слайд бетіне мәтін қоса аламын.

  2. Тұсаукесердің слайдына сурет кірістіру.

  3. Дыбыс пен видео кірістіру.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Қалай оқу керектігін үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шеңбер ішіндегі әңгіме", "Миға шабуыл", "Мазайка", "Сұрақ-жауап", "Критериалды бағалау"

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

3 мин.
7 мин



Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Осы шеңберді бұзбай біз « Тұсаукесерді безендіру » тақырыбында не білетіндерін білу мақсатында үй жұмысын сұрайды.

«Шеңбер ішіндегі әңгіме» ойыны.

Ойын шартымен таныстыру. Ішкі және сыртқы шеңбер болады. Бұнда ішкі шеңбердегі оқушылар тақырып бойынша білгендерін сыртқы шеңберге әңгімелейді сағаттын тілімен қозғалып отырады. Содан кейін сыртқы шеңбердегілер әңгімелейді.

Оқушылар бір-бірлеріне есімдерінің бас аріпі бойынша жаныдағы достарына жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар өткен тақырып бойынша сабаққа дайындығын көрсетеді.






Тұсаукесер

5 мин.


Топқа бөлу.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Жаңа сабақты байланыстырып топқа бөлу:

  1. Слайд бетіне мәтін қосу

  2. Тұсаукесердің слайдына сурет кірістіру

  3. Дыбыс пен видео кірістіру


«Миға шабуыл» Суреттерді немесе фигураларды мәтіндік процессорға қалай кірістіруге болады?

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

АКТ


Негізгі бөлім
15мин

10 мин




Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру »
«Мазайка» әдісі бойынша төрт топқа тақырыпты оқуды беру.

1.топ Слайд бетіне мәтін қосу.

(Тұсаукесермен жұмыс істегенде мәтінді теру, жою немесе өзгерту қажеттілігі жиі туындайды. Слайд бетіндегі мәтін оның слайдтағы орналасуын өзгерту ыңғайлы болу үшін бетіне жазу ішіне орналастырады. Бетіне жазуды слайдқа қосымша Кірістіру Фигуралар бұйрығын пайдаланып, қосуға болады).



2.топ Тұсаукесердің слайдына сурет кірістіру.

(Тұсаукесердің слайдына суретті екі тәсілмен кірістіруге болады: жолақтың Кірістіру тіркеме парағына пайдаланып немесе суреттің файылын тұсаукесердің слайдына жай сүйреп әкіліп, орналастыру арқылы. Суретті слайдқа орналастырғаннан кейін оны жолақтың Пішімі тіркеме парағының бұйрықтарын пайдаланып пішімдеу керек).



3.топ Дыбыс пен видео кірістіру. (Тұсаукесердің дыбыстық қолдау сендердің баяндамаларыңды жақсы толықтырады. Кірістіру Дыбыс Файлдан алынған дыбыс бұйрығы көмегімен дыбыстық файлды тұсаукесердің кез келген слайдына қосуға және оын қажетті слайдқа дейін ойынатуға болады.

Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.

Компьютерде тапсырмалар орындау:

Оқушыларға оқулықтағы 199 беттегі Адеңгейлі, В деңгейлі, С деңгейлі тәжірибелік жұмысты компьютерде орындаттыру.


Сұрақ-жауап.

1. Тұсаукесерге қандай нысандарды кірістіруге болады?

2. Тұсаукесерге дыбысты қосудың ерекшеліктерін атаңдар?

3. Тұсаукесерде дыбысты ойнатудың ұзақтығын қалай баптаймыз.

4.Тысаукесерге видеоны қалай кірістіруге болады?


Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқулықтан тақырыпты оқып шығады да өз топтарының ішінде талдау жасайды, түсінгендерін басқа топ мүшелеріне түсіндіріп береді.

Оқушылар берілген тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды.

Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша бақылау сұрақтарын жауап береді.


АКТ

АКТ


Оқулық

парақша


АКТ

Компьютерлер.



Қорытынды

5 мин


Критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Білемін

Білдім

Білгім келеді









Үйге тапсырма беру.§29



Бағалау парақшалары арқылы өздері бағалайды.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.



Бағалау парағы.

Смайликтер.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________

Сабақ : № 30

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды слайдта анимация жасауға, жасаған жұмыстарын көре отырып тұсаукесерде жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Білім деңгейлерін анықтау, нәтижеге жетуге ұмтылуға, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Табыс критерийлері:

  1. Анимацияның жіктелуін білемін.

  2. Слайдтардың ауысым режимін баптауды білемін.

  3. Басқару бартырмаларын білемін.

  4. Жасаған слайдтты көрсете аламын.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Ыстық орындық", "Білгенге маржан", "Практикалық жұмыс", "Мазайка", "Шыңға шығу", " Критериалды бағалау "

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.

Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».



Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Қағаздар


Тұсаукесер

10 мин.


Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 3 топқа бөлу.

1.Анимацияның жіктелуі

2. Анимацияны баптау.

3.Слайдтарды ауыстыру


Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «Ыстық орындық» ойыныны арқылы үй тапсырмасын сұрау.


1.1. Тұсаукесерге қандай нысандарды кірістіруге болады?

2. Тұсаукесерге дыбысты қосудың ерекшеліктерін атаңдар?

3. Тұсаукесерде дыбысты ойнатудың ұзақтығын қалай баптаймыз.

4.Тысаукесерге видеоны қалай кірістіруге болады?


Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

«Миға шабуыл» Анимация дегенді қалай түсінесіңдер, ол не үшін қажет?

Атауларға байланысты топтарға бөлінеді.




Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

АКТ


Негізгі бөлім

15 мин


7 мин

5мин



Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі»

"Білгенге маржан" жаңа сабақ бойынша өз бетінше оқуға баулу.

Анимация әсерді жолақтағы Анимация тіркеме парағының бұйрықтары көмегімен слайдқа тұтастай немесе оның және элементтеріне қолдануға болады. Қайсыбір нысанға анимациялық әсер тағайындау үшін оны ерекшелеп, Анимация Анимацияны баптау бұйрықтарын таңдаңдар да пайда болған сұхбаттық терезеде өздеріңді қызықтыратын әсерді таңдаңдар.


Тұсаукесердегі анимация

Слайдтар


Нысандар

Сурет


Мәтін

Кесте

Фильм, дыбыс

«Мазайка» әдісі арқылы оқушылар бір – біріне жаңа сабақтағы яғни өздеріне бөлініп берген тақырыпшаларды түсіндіреді.

1.топ Анимация.

2.топ Слайдтардың ауысым режимін баптау.

3.топ Басқару батырмалары.
Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Оқулықтағы 213 беттегі Практикалық жұмыстарды компьютерде орындаттыру.


«Шыңға шығу!» ойыны.
Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін олар сол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс.
1. Тұсаукесердің қандай жолмен тартымды етуге болады?

2.Анимацияны не үшін қолданады

3.Анимациялық әсерлерді қалай қосамыз?

4.Слайдтар арасындағы жылжымалы ауысу әсерлерін баптауға бола ма?

5.Анимацияның көмегімен суретті қалай көрсетілген жол бойынша жылжитын етуге болады?


Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарды оқып, ортаға салады.

Тақырып бойынша үш топ түсініктерін тыңдайды.

1 топ оқушылары оқып, түсіндіреді.

2 топ оқушылары оқып, түсіндіреді.

3 топ оқушылары оқып, түсіндіреді.


Компьютерде денгейлеріне қарай тапсырмаларды орындайды.
Шыңға шығу ойыны арқылы бүгінгі сабақта не үйренгендерін білу мақсатында оқушылар интербелсенді тақтада шыққан сұрақтарға жауап береді.


АКТ

Оқулықтар

Дәптерлер

КТ


Сұрақтары



Қорытынды

3 мин


Кері байланыс.

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру. §30


Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.



Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________



Сабақ : № 31

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік желілердің негізгі, яғни хаттама, сервер, шина, браузер және жергілікті, ауқымды компьютерлік желілер жайлы мағлұмат бере отырып оқушылардың бойында нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Табыс критерийлері:

  1. Телекоммуникациялардың ұғымын білемін.

  2. Компьютерлік желілердің негізгі түрлері білемін.

  3. Ғаламторға анықтама бере аламын.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Білгенге маржан", "сұрақ-жауап", "сәйкестендіру", "Тәжірибелі жұмыс", "Кері байланыс" , "Критериалды бағалау"

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.

Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».



Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Қағаздар


Тұсаукесер

10 мин.


Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1. Желілер.

2. Ғаламторлар.
Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «сұрақ-жауап» ойыныны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Power Point не үшін арналған бағдарлама
Power Point - ты іске қалай қосуға болады?
Слайд дегеніміз не?
Презентация деп нені атайды?
Слайдтарды қалай қосуға болады?
Слайдқа объектілерді қалай кірістіреді?
Жаңа слайд ашу тәсілдері?
Слайдты көрсету әдістері?
Слайдты сақтау?
Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.



«Миға шабуыл» Қандай мақсатпен компьютерлерді желіге біріктіреді?

Атауларға байланысты топтарға бөлінеді.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

АКТ


Негізгі бөлім

10 мин


7 мин

5мин



Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор »

"Білгенге маржан" жаңа сабақ бойынша өз бетінше оқуға баулу.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалана білу керектігін атап көрсетті.
Компьютерлік желінің негізгі түрлері олар:
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
Ауқымды желілер
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды
(диск, принтер, файл, құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Жергілікті желі – саны шектеулі әдетте 100 - ге дейін компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі аймақты бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт, немесе компьютерлерді біріктіреді.
Ауқымды компьютерлік желі бұл бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру яғни қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

1.топ Желілер

2.топ Ғаламторлар

Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Оқулықтағы 221 беттегі Практикалық жұмыстарды компьютерде орындаттыру.


«Сәйкестікті тап!». Қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілген терминдердің арасындағы сәйкестікті табу керек.
Браузер --------------------------------- e - mail
Домен ----------------------------------- browser
Хабарламалар тақтасы ------------- domain
Сеанс ------------------------------------- gateway
Желі -------------------------------------- BBS
Электронды пошта ------------------ session
Шлюз ------------------------------------ network

Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарды оқып, ортаға салады.

Тақырып бойынша екі топ түсініктерін тыңдайды.

1 топ оқушылары желілерге анықтама береді.

2 топ оқушылары ғаламторға анықтама береді.

Компьютерде денгейлеріне қарай тапсырмаларды орындайды.
Сабақта не үйренгендерін білу мақсатында оқушылар интербелсенді тақтада шыққан сәйкестендіруге жауап береді.


АКТ

Оқулықтар

Дәптерлер

АКТ

Сұрақтары



Қорытынды

3 мин


Кері байланыс.

Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру. §31


Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.



Смайликтер.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________



Сабақ : № 32

Күні:_____________

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу. Электронды пошта.

Сабақтың мақсаты: Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау.Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын беру.

Табыс критерийлері:

  1. Ғаламтор желісінде ақпарат іздей аламын (3деген баға)

  2. Электрондық пошта аша аламын. (5-8 бал) 4 деген баға

  3. Ақпаратты қорғауды білемін. ( 9-10 бал) 5 деген баға

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Қарлы кесек", "Сұра-жауап", "Мозайка", "Критериалды бағалау", "Практикалық жұмыс",

Сабақтың барысы:

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.

Шаттық шеңберін құрғызып, оқушыллардың көздерін жұмғызып қанекей балалар көз алдымызға көгілдір аспанды елестетіп, өз-өздеріне деген ыстық ықыласымызды білдірейік және менің айтқан сөздерімді қайталаңыздар «мен оқуға келдім», «менің бүгінгі сабақта жақсы нәтидеге қол жеткіземін», «мен жақсы оқимын» деп қайталатқызу. Енді балалар көзімізді ашып, жанымздағы достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».



Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мұғалімнің айтқан іс-әрекеттерін орындайды.


Қағаздар


Тұсаукесер

10 мин.


Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.

1.Ғаламтор желісі.

2. Электрондық пошта.

Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «Қарлы кесек» ойынын қолдану. «Қарлы кесек» сұрақтары.

*Компьютерлік желі дегеніміз не?

*Жергілікті желінің қызметі қандай?

*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

*Шлюз деп нені атайды?

*Желілік құрылғыға не жатады?

*Желілік адаптердің қызметі қандай?

*Интернетке қандай анықтама беруге болады?

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.



«Миға шабуыл» Электронды пошта дегеніміз не кім қалай түсінеді?

Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.

Оқушылар алдында қар бейнесіндегі ақ қағаздарға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындалған сол сұрақтарға жауап береді.

Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.


Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.

АКТ


Негізгі бөлім
15 мин

8 мин


Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу. Электронды пошта »
Ғаламторда ақпарат іөздеу үшін құрамына ғаламтор ресурстары тұрақты жаңарып тұратын ақпарат кіретін арнайы іздеу жүйелері қолданылады.

Түйін сөздері бойынша іздеуді орындау оңай: өздеріңнің браузерлерінің іздеуді орындау оңай: өздеріңнің браузерлеріңді іздеу жолына сендерді қызықтыратын ақпаратты енгізіп, Enter пернесін немесе Іздеу (Табу) батырмасын басыңдар.

Іздеу қалай жүзеге асырылады:

-әдетте сұраныс құрамына әрбір сөз кіреді;

-іздегенде символдардың регистрі ескерілмейді;

-әдетте тыныс белгілері мен арнайы символдарда да ескерілмейді.



Электрондық пошта деп – компьютер желісінде электронды хат алмасу жүйесі. Электрондық потшта көп жағанынан кәдімгі поштаға ұқсайды. 
Интернетке қосылу кезінде тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындайды. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер – компьютерде электрондық « пошта жәшігі » құрылады. Адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылуға дейін сақталады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін адресті ( e – mail ) дұрыс көрсетуі керек. 

«Мозайка» оқыта үйрету әдісі.

Яғни оқушылар өз топтарының атауларына байланысты оқулыққа назар аударып түсініктеме беріп өтеді.

1.Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу.

2. Электронды пошта ашу.

Екі топ екі түрлі тақырыпшаларды бір – біріне түсіндіріп өтеді.



Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Оқулықтағы 223 беттегі Практикалық жұмыстарды компьютерде орындаттыру.

Сұрақ-жауап.

1.Ғаламторда, өз компьютеріңде табылған ақпаратты қалай сақтаймыз?

2.Ғаламтор желісінде ақпарат көшіргенде қандай ережелерді ұстанған жөн?

3.Электронды пошта дегеніміз не?

4.Электрондық пошта жәшігінің адресі қандай бөлшектерден тұрады?


Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.

Оқушылар жасаған жұмыстарын қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды
Сұрақтарға жауап береді.


АКТ

Видио ролик.

Постер

Маркер


Компьютерлер.

Постер


Маркер

Дәптер


Сағат

Қорытынды

5 мин


Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс.

Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды.

Үйге тапсырма беру. §32



Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.



Смайликтер.

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау