С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL
MEDICAL UNIVERSITY
|
Бекітемін
Академиялық жұмыс жөніндегі проректор,
м.ғ.к., профессор Камалиев М.А..
______________________
«____»___________2017 ж.
2017 – 2018 ОҚУ ЖЫЛЫ 5В110200- ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРА ҮШІН
ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы 2017г.
Бағдарлама Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
№____ хаттама, «____» ___________ 2017ж.
Кафедра меңгерушісінің м.а.
м.ғ.к., доцент ____________Кожекенова Ж.А.
Бағдарлама «Х.Досмухамедов ат. ҚДС, МПІ, МІ және менеджемент» факультетінің Білім бағдарламалары комитетінің мәжілісінде бекітілген
№___ хаттама, «____» ___________ 2017ж.
ББК төрайымы _____________ Рамазанова М.А.
Бағдарлама ҚазҰМУ Академиялық Кеңесінің мәжілісінде бекітілген
№____ хаттама, «____» ___________ 2017ж.
Төрағасы, профессор _____________ Камалиев М.А.
Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемде жаңа білім, жаңа технология, жаңа сала, жаңа құндылықтар пайда болуда. Қазақстанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығы негізінде денсаулық сақтаудың жаңа саясаты жүзеге асуда, ол аурудың алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осы мәселені шешудегі тәжірибе жаңа міндеттер мен жаңа тәсілдерді қалыптастыру, жаңа ғылыми дәлелдеулер мен клиникалық медцина, қоғамдық денсаулық сақтау, менеджмент, медбикелік істегі ғылыми зерттелерді дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының халық әлауқатын тұрақты өсіруге қатысты негізгі приоритеттерінің бірі – денсаулық сақтау саласын медициналық көмек көрсетудегі қолжетімді, деркездік, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз ететін дамыған және әлеуметтік бағытталған етіп қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтауда болашақ мамандар денсаулық сақтау жүйесінің дамуының стратегиясы мен тактикасын біртұтас жүйе ретінде қабылдауы қажет. Қазақстанда инвестициялар мен адами ресурстарды максималды дамытуда, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуда және еліміздің әлеуметтік-демографиялық тұрғыда тұрақты дамуын қамтамасыз етуде қолдағы бар ресурстарды тиімді қолдану.
Қабылдау емтиханының мақсаты:
Қоғамдық денсаулықты бағалауда және оны анықтайтын факторларды оқып білуде мамандарды дайындау; білім жүйесін қамтамасыз етіп сақтауда, тұрғындар денсаулығын нығайтып қайта қалпына келтіруде; ұйымдастыру медициналық технологиялар мен басқару процестерінде; шет мемлекеттердің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтаудың дамуын сараптау және қалыптастыру.
Қабылдау емтиханының міндеттері:
- Биостатистика және ғылыми зерттеулер аймағындағы білім және дағды деңгейін, олардың медицина және денсаулық сақтауда қолданылуы анықтау;
- Ғылыми зерттеулер методологиясын меңгеру деңгейін анықтау;
- Экономика, маркетинг, жоспарлау және қаржыландыру, менеджмент, денсаулық сақтаудағы инновациялық үрдістер, медициналық қызметтегі құқықтық және этикалық аспектілер негіздері бойынша білім деңгейін анықтау;
- Қоғамдық денсаулық сақтау аймағындағы білім деңгейі мен денсаулық сақтаудағы медициналық қызметкердің жұмыс тәжірибесіндегі ролі мен маңызын анықтау.
Қоғамдық денсаулық сақтау
Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін негіздейтін интегралды теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.
Қоғамдық денсаулықты ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыру қажет, ал денсаулықты сақтау және нығайту проблемалары денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің нақтылы құзіреті мен жауапкершілігі шегінен шығып кетеді және мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін талап етеді.
Барлық дәрігерлер жоғары деңгейдегі клиникалық дайындықпен қатар саланың сыртқы және ішкі тиімдігін қамтамасыз етушілер болғандықтан қоғамдық денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көре алулары керек.
Ізінше, денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясы мен тактикасын адам капиталына инвестицияны ұлғайту, сонымен қатар ұлт денсаулығының жоғары деңгейіне жету мақсатымен бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан қазақстандық қоғамды тұрақты дамытумен бірбүтін және жүйелі түсіну қажет.
Биостатистика
Зерттеліп отырған құбылыстың шынайы табиғатын зерттеудегі биостатистиканың алатын орны. Деректерді сипаттау және талдау. Бас және таңдама жиынтық. Таңдама тәсіл және оның нәтижелерін бағалау. Белгінің орталық тенденция өлшемдері мен өзгергіштік өлшемдерін анықтау. Статистикалық жорамалдарды тексеру. Статистикалық критерийлер. Айырмашылық критерийлері. Дисперциялық талдау. Сапалық деректерді талдау. Ассоциация өлшемдері. Өміршеңдікті талдау. Корреляциялық тәуелділік. Сызықты регрессия. Стандарттау әдісі. Зерттеуді жоспарлау. Биостатистикада жаңа ақпаратты-есептеу техникасын қолдану. Компьютерлік статистикалық бағдарламалар: SPPSS, StatSoft, SAS.
5В110200 - қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына арналған
«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша
емтихан сұрақтарының тізімі
«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша:
Қоғамдық денсаулық сақтау пәні ғылым ретінде. БДҰ және Оттавтік Хартиясының қабылдаған «денсаулық» терминінің анықтамасы.
Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі бөлімдері.
Қоғамдық денсаулық сақтау ғылымының методологиясы және зерттеу әдістері.
Демография ғылымы туралы түсінік. Демографияның негізгі бөлімдері. Халықтың механикалық қозғалысы, оның халық денсаулығына баға берудегі маңызы.
Демографиялық көрсеткіштерді есептеу әдістемелері: туушылдық және көбею (жалпы, некелік, жасқа байланысты).
Демографиялық көрсеткіштерді есептеу әдістемелері: халық өлімі (жалпы, жасқа байланысты, сәбилер, перинатальды, балалар, аналар).
Халықтың табиғи өсу көрсеткішін есептеу әдістемесі. Халықтың табиғи қозғалысы, оның халық денсаулығына баға берудегі маңызы.
Халық статикасы туралы түсінік, оның негізгі компоненттері. Халық динамикасы туралы түсінік, оның негізгі компоненттері.
Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік.
2016-2019 жж. «Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Халық денсаулығын бағалаудың сандық көрсеткіштері.
Халық денсаулығын кешенді бағалау жүйесіндегі медициналық көрсеткіштер.
Халық аурушылдығының негізгі түсініктері.
Халық аурушылдығы (немесе біріншілік аурушылдық), есептеу әдістемесі.
Жалпы аурушылдық (немесе аурулық), есептеу әдістемесі. Халықтың патологиялық зақымдалу түсінігі.
Медициналық байқаулар түрлері (кешенді, мақсаттық, алдын-ала, кезеңді). Аурушылдықты зерттеудің негізгі әдістері. Медициналық көмек сұрай келу, өлім себептері, медициналық байқау мәліметтері бойынша аурушылдықты зерттеу.
Аурушылдықты талдауда қолданылатын ЕПМ-нің тіркеу-оперативтік құжаттары.
Аурулардың және денсаулықпен байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жікетлуі (ХАЖ -10). ХАЖ 10-шы қайта қарауының құру ұстанымдары.
Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығы. УЕЖ аурушылдығы көрсеткіштерін есептеу әдістемесі.
Салауатты өмір салтының анықтамасы. Өмір салтының категориялары мен құрылымы. СӨЖ мақсаты және насихаттауды іске асыру міндеттері.
Профилактика, оның негізгі түрлері және олардың медико-әлеуметтік маңызы.
Халық денсаулығына әсер ететін негізгі қауіп факторлары.
Қауіп факторларының алдын алудағы интеграция концепциясы.
Салауатты өмір салтын наихаттаудың, қауіп факторларының алдын алудың медико-әлеуметтік маңызы, насихаттау түрлері.
Халық арасында темекі шегу. маскүнемдік, есірткіге құмарлық және уытқұмарлық проблемалары.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексінде мемлекет саясатының негізгі ұстанымдары.
Денсаулықты қорғау сферасындағы түрлі санаттағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
Денсаулықты қорғау сферасындағы пациенттердің құқықтары мен міндеттері.
Халыққа медициналық көмек көрсетудегі медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
Алматылық декларацияның маңызы және осы декларацияға сәйкес біріншілік медико-санитарлық көмек көрсету ұстанымдары.
Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсету түрлері. Қалалық ЕПМ номенклатурасы.
Қалалық емхана: түрлері, құрылымы, жұмысын ұйымдастыру, негізгі функциялары, жұмыс ұстанымдары мен мазмұны.
Диспансерлер: түрлері, құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары және жұмыс мазмұны мен көрсеткіштері.
Қалалық аурухана: түрлері, құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары және жұмыс мазмұны.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Ауылдық ЕПМ номенклатурасы.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру сатылары.
Ауылдық дәрігерлік учаске (ФБ, ФАБ, АДА, АУА).
Орталық аудаңдық аурухана: құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары және жұмыс мазмұны мен жұмыс көрсеткіштері.
Облыстық аурухана: құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары және жұмыс мазмұны мен жұмыс көрсеткіштері.
Әйелдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру түрлері мен ұстанымдары. Қала және ауыл тұрғындарына акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ЕПМ номенклатурасы.
Әйелдер консультациясы: құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары және қызметінің мазмұны мен жұмысының көрсеткіштері.
Медико-генетикалық кеңес беру және «Неке және жанұя» кеңес беру орталықтары.
Босану үйі (перзентхана): құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары және қызметінің мазмұны мен жұмыс көрсеткіштері.
Балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары мен түрлері. Қалалық және ауылдық жерде балаларға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыратын ЕПМ номенклатурасы.
Балалар емханасы: түрлері, құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары, қызметінің мазмұны мен жұмысының көрсеткіштері.
Балалар ауруханасы: тұрлері, құрылымы, негізгі міндеттері, ұстанымдары, қызметінің мазмұны мен жұмысының көрсеткіштері.
ЕПМ жылдық есебінің құрылымы. ЕПМ тіркеу-оперативтік құжаттарының түрлері.
Еңбекке жарамсыздық түрлері. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптауды ұйымдастыру.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру тәртібі.
ДКК: құрамы, функциялары, жұмысын ұйымдастыру.
МӘСК: құрамы, функциялары, жұмысын ұйымдастыру.
Мүгедектіктің себептері.Мүгедектік тобын анықтау критерийлері.
Денсаулық сақтау экономикасы, анықтамасы және міндеттері.
Денсаулық сақтаудағы тиімділіктің түрлері.
Экономикалық зияндылықты анықтау.
Медициналық қызметтің экономикалық тиімділігінің өлшемдері.
Денсаулық сақтауды жоспарлау және қаржыландыру түсініктерінің анықтамасы. Бір тұрғынға бюджеттік қаржыландыруды есептеу әдісі.
Жоспарлаудың негізгі әдістері мен түрлері. Денсаулық сақтаудағы жоспарлардын түрлері.
Денсаулық сақтауды қаржылындыру түрлері.
Денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелердің түрлері.
Медициналық бизнес жетістіктеріне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар.
Денсаулық сақтаудағы мекемесінің бизнес-жоспары, оны құрастыру тәртібі.
Менеджмент және менеджер туралы түсінік. Менеджерге қойлатын талаптар, менеджмент ұстанымдары және әдістері.
Басқару стильдері. Стратегия: анықтамасы, түрлері, стратегиялық мәлметтер қоры, стратегия өңдеу үрдісі.
Маркетинг тұжырымдамалары. Маркетинг түрлері. Маркетингтегі негізгі әдістер.
Денсаулық сақтаудағы нарық түрлері, медициналық тауарлар мен қызметтер нарығы.
Денсаулық сақтаудағы медициналық қызмет сапасы және медициналық қызмет сапасын басқару түсінігі.
Медициналық көмек сапасының құрамы, Донабедиан үштігі.
Стандарттау туралы ұғым, оның міндеттері. Денсаулық сақтаудағы стандарттар түрлері.
Стандарттарды құрастырғанда қойылатын негізгі талаптар.
Десаулық сақтаудағы сапаны бағалауда үрдістің иникаторлары, нәтижесі мен құрылымы.
Денсаулық сақтау мекемелерін лицензиялау және аккредитациялау түсінігі.
Денсаулық сақтау мекемелерін лицензиялау және аккредитациялауға қажетті құжаттар.
Медициналық сақтандыру негізгі түсініктері, түрлері, іске асыру механизмі.
Қоғам денсаулығын қорғау комитеті: құрылымы, негізгі функцилары, жұмыс бағыттары.
«Биостатистика» пәні бойынша:
Статистиканың ғылым ретінде ұғымы..
Биологиялық статистика ұғымы.
Биологиялық статистика пәні, мақсаты және міндеттері.
Деректер түрлері: үздіксіз, дискретті, реттік, номинальды.
Үзіліссіз сандық деректер
Дискретті сандық деректер
Сапалық деректер
Өлшеу шкалалары
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар
Бас жиынтық және таңдама жиынтық туралы ұғым.
Таңдама әдіс ұғымы.
Таңдамаға қойылатын негізгі талаптар. Репрезентативтілік ұғымы.
Бас жиынтықты бөлшектеп бөлуді қажет етпейтін таңдамалар
Бас жиынтық бөлшектеп бөлінетін таңдамалар
Варианта, жиіліктер,салыстырмалы жиіліктер, таңдама көлемі туралы ұғымдар.
Орталық тенденция өлшемдері: таңдама орта және таңдама медиана.
Деректердің өзгергіштігін өлшеу: стандартты ауытқу, құлаш, перцентильдер.
Вариация коэффициенті.
Квартиль, квартиль аралық интервал.
Бас жиынтық параметрлерін нүктелік және интервалдық бағалау.
Орта мәннің стандарттық қатесі.
Популяцияның орта мәні үшін сенім аралығы.
Деректердің қалыпты таралуы ұғымы. Қалыпты таралуды сипаттайтын параметрлер.
Қалыпты таралудың графигі. Гаусс қисығы.
Қалыпты таралудың қасиеттері
Үш сигма ережесі.
Стандартты z таралу, оның параметрлері.
Таңдамадағы пропорцияның таңдама таралуы. Пропорцияның стандарттық қатесі. Популяциядағы пропорция үшін сенім аралығы.
Дискретті деректерді графиктик түрде кескіндеу: полигон.
Үзіліссіз деректерді графиктик түрде кескіндеу: гистограмма, қорапты диаграмма, «жапырақты сабақша» графигі.
Статистикалық жорамалдың анықтамасы. Жорамалдардың түрлері.
Процедура ретінде жорамалды тексеру
Статистикалық критерий ұғымы және критерий статистикасы
Бірінші және екінші текті қателіктердің анықтамалары.
Параметрлік және параметрлік емес критерийлер.
Критерийдің мәнділік деңгейі, қуаттылығы ұғымдары, олардың сандық мәндері.
Критикалық аймақ, жорамалды қабылдау аймағы, критерийдің сыни нүктелері.
Жұптасқан t- тест: анықтамасы, қолданылу аясы.
t статистикасын есептеу және түсіндіру. р мәні (p-value).
Сенім аралығы әдісі: жұптасқан деректердің орта мәндерінің айырмасы үшін 95% сенім аралығы.
Стьюденттің жұптаспаған t- критерийі: анықтамасы, қолданылу аясы.
Сенім аралығы әдісі: екі тәуелсіз популяцияның орта мәндерінің айырмасы үшін 95% сенім аралығы.
t статистикасын есептеу және түсіндіру. р мәні (p-value).
Стьюденттің жұптаспаған критерийінің параметрлік емес аналогы: Манн- Уитни критерийі.
Вариациялық қатарды ранжирлеу: анықтамасы, ранжирлеу ережесі.
Рангтердің жалпы қосындысы.
Манн- Уитни критерийінің қолданылу шарттары.
Стьюденттің жұптасқан t- критерийінің параметрлік емес аналогы:Уилкоксон критерийі.
Жұптасқан айырмаларды ранжирлеу.
Уилкоксон критерийінің қолданылу шарттары.
Фактор, фактор деңгейі, факторға жауап ұғымдары.
Дисперсиялық талдау,оның түрлері, қолданылу аймағы.
Топішілік және топаралық дисперсиялар ұғымы.
Дисперсиялық талдаудың негізгі идеясы.
Тәуелсіз екі популяцияның пропорцияларын салыстыру: Z тест.
Пирсонның Хи- квадрат критерийі.
Фишердің дәл критерийі.
Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу (RR) және түсіндіру.
Салыстырмалы қауіп-қатердің стандарттық қатесі.
RR үшін сенім аралығы және оның түсіндірілуі.
Қауіп-қатерлер айырмасы (RD). Қауіп-қатер айырмасын есептеу және түсіндіру.
RD үшін 95% сенім аралығы.
Шанстар қатынасын (OR) есептеу және түсіндіру.
OR үшін сенім аралығы және оның түсіндірілуі.
Сызықты корреляция. Пирсонның таңдама корреляция коэффициенті және оның қасиеттері.
Корреляциялық тәуелділіктің тығыздығы мен сипатын анықтау.
Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру.
Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті.
Сызықты регрессия. Сызықты регрессия параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша бағалау.
Тура және кері регрессия ұғымы. Регрессия коэффициентінің мәні.
Түзу сызықты регрессияның таңдама теңдеуі.
Цензурирленген деректер. Оқиға және өмір уақыты.
Каплан-Мейердің мезеттік әдісі.
Өміршеңдік функциясы, оның қасиеттері. Өміршеңдік қисығы. Популяциядағы өміршеңдікті бағалау. Өміршеңдік медианасы.
Стандарттау әдісі. Стандартталған коэффициенттер. Тікелей стандарттау әдісі.
Ұсынылатын әдебиет
«Қоғамдық денсаулық сақтау: пәні бойынша:
Общественное здравоохранение: учебник / Аканов А.А., Тулебаев К.А., Камалиев М.А., Куракбаев К.К. [и др.]. – М.: Литтерра, 2017. – 496 с.
Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.-512с.,2011
Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.-512 с,2009
Медик В.А., Юрьев В.К. Общественное здоровье и здравоохранение.- 288с- 2012
Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009 г.
Организация и оценка качества лечебно- профилактической помощи населению. Учеб.пос. / Под ред. В.З.Кучеренко.- М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008.- 560с.
Организация и оценка качества леч,-проф.помощи населению. Под ред. В.З.Кучеренко,- 2008.- 560с.
Камалиев, М.A. Қазақстан халық медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау тарихы .М.A. Камалиев; Р.К.Биғалиева, Т.Х.Хабиева; С.Д.Асфендиярова ат-ғы.- Алматы, 2008.126с.
Основы экономики здравоохранения. Учеб.пос./ Под ред. Н.И.Вишнякова, В.А.Миняева.- М: МЕД пресс-информ, 2008.- 144с.
Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения: Учебное пособие для вузов / Под ред. В.З. Кучеренко. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 256 с.
Аканов А.А., Камалиев М.А. Система здравоохранения Республики Казахстан: современное состояние, проблемы, перспективы. К вопросу о финансовой устойчивости в системах здравоохранения. 2010 - 56 с.
Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения (статистические материалы) Алматы, 2013.
Бурибаева Ж.К. Системный анализ и моделирование в общественном здравоохранении. 2009, -66с.
Шарманов, Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения. [Текст] / Т.Ш. Шарманов.- Алматы-Вашингтон-Женева, 2008.- 184с.
Государственная программа «Денсаулық» на 2016-2019 годы.
Постановление Правительства Республики Казахстан №2136 от 15.12.2009 г. «Об утверждении Перечня Гарантированного объема бесплатной медицинской помощи»
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 августа 2013 года № 479 «Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно – поликлиническую помощь».
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июля 2010 года № 498 «Об утверждении Правил оказания стационарной помощи в медицинских организациях по охране здоровья матери и ребенка»
Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана « «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность»». – Астана, 2017.
Камалиев М.А. и др Бизнес-планирование в системе здравоохранения. Уч.метод.пособие. Алматы:"Эверо2009",-34 с.
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: Учебное пособие для вузов. – М.: ГЭОТАР-медиа, 2008. – 64 с.
Татькова А.Ю., Чечельницкая С.М., Румянцев А.Г. К вопросу о методике оценки качества жизни, обусловленного здоровьем// Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2009. - №2.- С.46-51
Кадыров Ф.Н. Стимулирующие системы оплаты труда в здравоохранении в рамках введения эффективного контракта /Под ред. академика РАМН В.И.Стародубова. – М.: ISBN 978-5-903834-06-8. 2014.- 360 с.
Кудрина В.Г., Андреева Т.В., Дзеранова Н.Г. Эффективность обучения медицинских работников информационным технологиям: М.- «Менеджер здравоохранения»,2013.-248с.
Система мониторинга и оценки деятельности органов и организаций здравоохранения. Теория и практика. Уч.метод. пособие. Авторы; Аканов А.А., Камалиев М.А., Усатаев М.М. и др. 2009.-80с.
http://online.zakon.kz/
http://www.poliklinika.kz/
http://www.mz.gov.kz
http://kkmfd.mz.gov.kz/
http://medulka.ru/
Биостатистика пәні бойынша:
Раманқұлова А.А. Биологиялық статистика. Оқу құралы. Алматы: «Ақнұр», 2016.
Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.
Медик В.А., Токмачев М.С., Фишман Б.Б. статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000г.
Петри А. Сэбин К. Наглядная медицинская статистика. Перевод с английского под редакцией Леонова В.П. Учебное пособие для вузов. М.: «ГЭОТАР-Медиа», 2010г.
Применение методовстатистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения. Под редакцией чл.-корр. РАМН, проф. КучеренкоВ.З. Учебное пособие. М.: «ГЭОТАР-Медиа», 2011г.
Ланг Т.А., Сесик М. Как описывать статистику в медицине. Перевод с анлийского под редакцией В.П. Леонова. М.: Практическая медицина, 2011г.
Сергиенко В.И., Бондарева И.Б. Математическая статистика в клинических исследованиях. – 2-е изд.; -М. ГЕОТАР-Медиа, 2006г.
В.И.Зайцев, В.Г.Лифляндский, В.И.Маринкин. Прикладная медицинская статистика. Учебное пособие.- С-Петербург, Фолиант, 2006.
Жидкова О.И. Медицинская статистика (конспект лекций). – М. «Эксмо», 2007.
Лукьянова Е.А. Медицинская статистика. – М: Изд. РУДН, 2002.
Денисов И.Н., Кича Д.И., Чернов В.И. руководство к практическим занятиям по общественному здоровью и здравоохранению. Учебное пособие.-М.:МИА, 2009г.
Шапиро Л.А., Шилина Н.Г. Руководство к практическим занятиям по медицинской и биологической статистике. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Красноярск, 2003г.
Приложение №5
к Приказу № 11 от «30» января 2017г.
Редакция: 1
|
Магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
|
беттің беті
|
Достарыңызбен бөлісу: |