Мазмұны:
Облыстық кітапханалардың ұйымдастыру-функционалдық құрылымы. ОКЖ-ң библиографиялық қызметінің құрылымы. Арнаулы ғылыми және ғылыми-техникалық кітапханалардың библиографиялық жұмысын ұйымдастыру. Кітапхананың қандай мекемеге бағынатындығына қарамастан оқырманның саны мен жұмысының көлеміне қарамастан, библиографиялық жұмыс барлық кітапханада жүргізіледі. Бұл жұмыс дұрыс ұйымдастырылса кітапхананың жалпы жұмысының тиімділігімен сапасы артады. Кітапханадағы библиографиялық жұмысты ұйымдастыру дегеніміз барлық библиографиялық құралды пайдалана отырып, кітапхананың алдында тұрған міндеттерді орындаудағы шаралардың комплексі болып табылады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Әртипті кітапханалардағы библиографиялық қызмет ұйымдастырудың құрылымы қандай?
2. Библиографиялық қызметтің негізгі бағыттары қандай?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 6-14.
Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 13-22.
Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 7-14.
2 апта
А)Тақырып: Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты (АБА)
В) Мақсаты: Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратының құрылымымен танысу. (АБА)
С) Негізгі сұрақтар:
1. Әртүрлі типті кітапханаларда библиографиялық жұмыстың негізгі бағыттары және оны ұйымдастыру принциптері.
2. Материалдық – техникалық базаның библиографиялық процестерді ұйымдастыруға әсері.
Мазмұны:
Кітапхананың АБА- дегеніміз анықтама және библиографиялық басылымдардың, кітапхана каталогтарымен картотекаларпдың жиынтығы, бұл баспа басылымдарымен қатар басқа да құжаттар бойынша оқырмандардың оқуына жетекшілік етеді. Әрбір кітапхананың АБА- сы екі ең негізгі бөлімнен тұрады. 1. Анықтама библиографиялық қор. 2. Каталогтар мен картотекалар жүйесі. АБА- ның негізгі қызметі әр кітапхананың ақпараттық потенциалының көлемін кеңейту. Бұл жұмыс отандық және шетелдік әдебиеттерді оқырмандардың сұранысы бойынша кітапхана қорынан іздеп тауып беру.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Кітапхана АБА-сының анықтамасы қандай?
2.Кітапхананың АБА- сы қандай бөлімдерден тұрады?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 67-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методика: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.палата, 1990.-с.67-153.
4. Каталоги и картотеки ЦБС: Практ. Пособие.- М., 1985.-128с.
А)Тақырып: Кітапхананың анықтама-библиографиялық қоры.(АБҚ)
В) Мақсаты: Кітапхананың анықтама-библиографиялық қорының құрамымен танысу.(АБҚ)
С) Негізгі сұрақтар:
1. Әртүрлі типті кітапхананың АБҚ-ң қызметі, бағыты мен құрамы, ұйымдастыру принциптерімен көздері
2. Кітапхана АБҚ-ң анықтама басылымдары.
Мазмұны:
Анықтама библиографиялық қор бұл кітапхананың библиографиялық аппаратының бір бөлігінен саналады. АБҚ негізінен ресми сипаттағы материалдарды анықтамалықтар мен библиографиялық құралдарды және орындалған анықтама қорын құрайды. Оның мазмұны кітапхананың типіне, жұмысының профиліне, оқырмандардың контенгентіне, олардың талап тілектеріне байланысты жасақталады. Кітапханашылар мен библиографтардың кәсіби тұтыну ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. АБҚ екі бөлімнен тұрады. 1. оперативті көр қолданылады.2. пассивті сирек қолданылады. АБҚ –ды қамтитын құжаттардың өзін үш түрге бөлуге болады. 1. ғылыми еңбектер, оқулықтар. 2. анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер.3. библиографиялық құралдар мен библиографиялық көрсеткіштер.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Кітапхана АБ қоры дегеніміз не? Оның анықтамасы.
2.Кітапхананың анықтама библиогафиялық қоры неше бөлімнен тұрады?
3. АБ қорын қамтитын құжаттар неше топқа бөлінеді.
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 67-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методика: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.палата, 1990.-с.67-153.
4. Каталоги и картотеки ЦБС: Практ. Пособие.- М., 1985.-128с.
5. Коготков Д.Я. Справочно-библиографический аппарат библиотека: Лекция.-М., 1998.-61с.
3 апта
А)Тақырып: Кітапхананың АБҚ-ы жалпы библиография көздері
В) Мақсаты: Кітапхананың АБҚ-ы жалпы библиография көздерін қарастыру
С) Негізгі сұрақтар:
Жалпы библиография көздері- кітапхананың ақпараттық ресурсының басты бөлігі.
Ағымдық библиографиялық құралдар.
Мемлекеттік библиографиялық құралдар көрсеткішінің жүйесі.
Мазмұны:
Кітапхананың анықтама библиографиялық қорын қамтитын жалпы библиографияның көздері үш түрлі топқа бөлінеді. 1. көпшілік еңбектер, оқулықтар. 2. анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар. 3. библиографиялық құралдар мен библиографиялық көрсеткіштер. Әртүрлі мазмұндағы және әртүрлі бағыттағы библиографиялық құралдар- мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштер- оқырмандарға анықтама библиографиялық қызмет көрсетуде қолданылады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Кітапхананың анықтама библиографиялық қорының жалпы библиографиялық көздері дегеніміз не?
2.Кітапхананың анықтама библиогафиялық қорының жалпы библиографиялық көздері неше топқа бөлінеді?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 67-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методика: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.палата, 1990.-с.67-153.
А)Тақырып: Кітапхананың АБҚ-ы жалпы библиография көздері
В) Мақсаты: Кітапхананың АБҚ-ы жалпы библиография көздерін қарастыру
С) Негізгі сұрақтар:
ТМД- дағы Ұлттық кітап палаталарының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштер.
ҚР Ұлттық кітап палатасының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштері.
Жалпы библиографияның ретроспективті көздері.
Мазмұны: ТМД- дағы Ұлттық кітап палаталарының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштер. ҚР Ұлттық кітап палатасының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштері. Жалпы библиографияның ретроспективті көздері. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап палатасы мемлекеттік библиографияның орталығы. ҚР Ұлттық кітап палатасының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерді шығарудағы әдістемелік- библиографиялық қызметі.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. ТМД- дағы Ұлттық кітап палаталарының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерін атаңыз?
2. ҚР Ұлттық кітап палатасының мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерін шығарудағы қызметі?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 67-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методика: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.палата, 1990.-с. 43-56.
4 апта
А)Тақырып: Кітапхананың АБҚ-ы ғылыми-көмекші библиография көздері.
В) Мақсаты: Кітапхананың АБҚ-ы жалпы библиография көздерін қарастыру
С) Негізгі сұрақтар:
Ғылыми-көмекші библиография көздері
Ғылыми, өндіріс және мәдениет саласын сигналды, реферативті және шолу деңгейінде ағымдық библиографиялық ақпараттау жүйесі.
Мазмұны:
кітапхананың анықтама библиографиялық қорында ғылыми көмекші библиографияның көздері елеулі орын алады. Олар көпсалалы, салалы, тақырыптық және т.б. ғылыми көмекші библиографиялық құралдар болып табылады. Біздің елімізде ғылыми қызметкерлер мен мамандардың ақпараттық талап тілектерін қанағаттандыру мақсатында қолданылады. Бұл жүйенің жұмыс үш бағытта жүргізіледі. 1. сигналды басылымдар ақпараты. 2. реферативті басылымдар. 3. шолу түріндегі басылымдар.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми-көмекші библиография көздерін атаңыз?
2. Ғылыми, өндіріс және мәдениет саласын сигналды, реферативті және шолу деңгейінде ағымдық библиографиялық ақпараттау жүйесін атаңыз?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 105-123
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 77-80.
А)Тақырып: Кітапхананың АБҚ-ы ғылыми-көмекші библиография көздері.
В) Мақсаты: Кітапхананың АБҚ-ы ғылыми-көмекші библиография көздерін қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
ТМД ірі орталықтары – ВИНИТИ, ИНИОН және т.б. библиографиялық басылымдардың жүйесі.
ҚР Ұлттық ғылыми академиясының орталық ғылыми кітапханасының, РҒТК, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің ғылыми-кітапханасының, ҚРҰК-ң ғылыми көмекші библиография саласындағы басылымдарының жүйесі.
Мазмұны:
ТМД ірі орталықтары- ВИНИТИ, ИНИОН ғылыми көмекші библиографиялық көздерін шығаратын ірі орталықтар болып саналады. ВИНИТИ басылымдарының жүйесі бұл көпсалалық библиографиялық құралдар болып табылады. ВИНИТИ- дің шығаратын РЖ- дың құрамы сан түрлі болып келеді. Ғылыми техникалық- ақпарат ғылым мен техниканың әртүрлі саласы бойынша РЖ шығарады. ИНИОН- қоғамдық ғылымдар саласы бойынша РЖ шығарады. ҚР Ұлттық ғылыми академиясының орталық ғылыми кітапханасы, РҒТК, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің ғылыми-кітапханасы, ҚРҰК-ң ғылыми көмекші библиография саласында әртүрлі тақырыптар да басылымдарының жүйесін шығарады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. ТМД ірі орталықтары – ВИНИТИ, ИНИОН және т.б. библиографиялық басылымдардың жүйесін атаңыз?
2. ҚР Ұлттық ғылыми академиясының орталық ғылыми кітапханасының, РҒТК, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің ғылыми-кітапханасының, ҚРҰК-ң ғылыми көмекші библиография саласындағы басылымдарының жүйесін атаңыз?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 105-123
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 77-80.
5 апта
А) Тақырып: Кітапхананың АБҚ-ы ұсыныс библиография көздері.
В) Мақсаты: Кітапхананың АБҚ-ы ұсыныс библиография көздерін қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
1. Ұсыныс библиографиялық құралдарының жүйесі және олардың ерекшеліктері
2. Құралдар жүйесінің көпаспектілі жіктелуі
Мазмұны: Анықтама библиографиялық қордағы құралдар негізінен оқырмандардың жалпы білім деңгейі бойынша ақпараттық талап тілектерін қанағаттандыруға қолданылады. Бұл құралдар ең алдымен оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімдермен библиографиялық бөлімнің анықтама библиографиялық қорынан елеулі орын алады. Ұсыныс библиографиялық құралдар жүйесін жасауды ұлттық кітапхана, ОӘҒК және аудандық ОКЖ –ң орталық кітапханасы ұлкен роль атқарады. Бұл кітапханалар, әсіресе ОӘҒК өлкетану сипаттағы құралдарды шығарумен айналысады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Ұсыныс библиографиялық құралдарының жүйесі және олардың ерекшеліктері қандай?
2. Құралдар жүйесінің көпаспектілі жіктелуі дегеніміз не?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 105-123
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 77-80.
А)Тақырып: АБҚ-ы ұсыныс библиография көздері.
В) Мақсаты: АБҚ-ы ұсыныс библиография көздерін қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
Әмбебап және комплексті библиографиялық құралдар.
Өлкетану және елтану ұсыныс көрсеткіштері
Айтулы даталарға арналған күнтізбелер.
Мазмұны: Анықтама библиографиялық қорда ұсыныс библиографиялық көрсеткіштер библиографиялық қызметте көптеп қолданылады. Олардың көптеген түрлері кездеседі. Әмбебап ұсыныс библиографиялық көздер және комплексті библиографиялық құралдар, өлкетанулық және елтану ұсыныс көрсеткіштері, айтулы даталарға арналған күнтізбелер. Ұсыныс библиографиялық құралдарды шығаруда ОӘҒК үлкен роль атқарада. Сол сияқты ОКЖ- ң орталық кітапханасы өлкетанулық ұсыныс көрсеткіштерін шығарады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Әмбебап және комплексті библиографиялық құралдар дегеніміз не?
2. Өлкетану және елтану ұсыныс көрсеткіштерін атаңыз?
3. Айтулы даталарға арналған күнтізбелер дегеніміз не?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 82-94.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 105-123
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 77-86.
6 апта
А)Тақырып: Кітапхананың каталогтар жүйесі.
В) Мақсаты:. Кітапхананың каталогтар жүйесін қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
Алфавиттік, жүйелік және пәндік каталогтар – кітапхананың АБА басты бөлігі.
Электрондық каталогтар, оларды ұйымдастыру.
Мазмұны: Кітапхананың АБА- дағы каталогтар мен картотекалар жүйесінің мәні ерекше. АБА қолдану бағыты бойынша 2 бөлінеді. 1. басты каталог( қызметкерлер үшін) 2. оқырмандарға арналған. Ал библиографиялық жазулар белгілі бір топтама бойынша орналастыруда каталогтар бірнеше түрге бөлінеді. а) алфавиттік в) жүйелі с) пәндік д) хронологиялық е) топографиялық ж) сөздіктемелік. Осылардың ішіндегі ең көп қолданылатын ең алғашқы үшеуі. Каталогтар оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындауда үлкен роль атқарады. Дәстүрлі каталогтармен қатар каталогтардың жаңа түрі электрондық каталогтар кеңінен қолданылуда.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Алфавиттік, жүйелік және пәндік каталогтар – кітапхананың АБА басты бөлігі болып неге саналады?
2. Электрондық каталогтар, оларды ұйымдастыру дегеніміз не?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 67-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 43-56.
4. Каталоги и картотеки ЦБС: Практ. Пособие.- М., 1985.-128с.
5. Коготков Д.Я. Справочно-библиографический аппарат библиотека: Лекция.-М., 1998.-61с.
6. Сукиасян Э.Р. Библиотечные каталога: Методические материалы.- М.: ИПО Профиздат, 2001.-192с
7. Мотренко И.Л. Традицинные и электронные каталоги: дифференцировнний подход. //Библиография.- 2001.-№2.-с. 59-61.
А)Тақырып: Әртипті кітапханалардың анықтама-библиографиялық аппараты.
В) Мақсаты:. Әртипті кітапханалардың анықтама-библиографиялық аппаратын қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
ОҒӘК-ң анықтама-библиографиялық аппараты, оның құрылымы.
ОКЖ АБА- ң ерекшелігі.
Арнаулы ғылыми және ғылыми- техникалық кітапханалардың анықтама бибилиографиялық аппараты.
Мазмұны: Облыстық кітапхананың АБА- дағы каталогтар мен картотекалар жүйесінің мәні ерекше. АБА қолдану бағыты бойынша 2 бөлінеді. 1. басты каталог( қызметкерлер үшін) 2. оқырмандарға арналған. Ал библиографиялық жазулар белгілі бір топтама бойынша орналастыруда каталогтар бірнеше түрге бөлінеді. а) алфавиттік в) жүйелі с) пәндік д) хронологиялық е) топографиялық ж) сөздіктемелік. Осылардың ішіндегі ең көп қолданылатын ең алғашқы үшеуі. Каталогтар оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындауда үлкен роль атқарады. Дәстүрлі каталогтармен қатар каталогтардың жаңа түрі электрондық каталогтар кеңінен қолданылуда. ОКЖ- да орталық кітапханасында барлық жүйеге арналған алфавиттік, жүйелік және пәндік каталогтар ұйымдастырылады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. ОҒӘК-ң анықтама-библиографиялық аппараты, оның құрылымы қандай.?
2. ОКЖ АБА- ң ерекшелігі қандай?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 67-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 43-56.
4. Каталоги и картотеки ЦБС: Практ. Пособие.- М., 1985.-128с.
5. Коготков Д.Я. Справочно-библиографический аппарат библиотека: Лекция.-М., 1998.-61с.
6. Сукиасян Э.Р. Библиотечные каталога: Методические материалы.- М.: ИПО Профиздат, 2001.-192с
7. Мотренко И.Л. Традицинные и электронные каталоги: дифференцировнний подход. //Библиография.- 2001.-№2.-с. 59-61.
7 апта
А)Тақырып: Библиографиялық картотекалар.
В) Мақсаты:. Библиографиялық картотекаларды қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
Библиографиялық картотекалар- АБА басты бөлігі.
Мақалалардың жүйелі картотекасы: (МЖК) құрылымы және құрастыру. ОКЖ-ң МЖК-ы, ғылыми және ғылыми-техникалық кітапханалардағы МЖК-ы.
Мазмұны: библиографиялық картотека дегеніміз- карточкалы түрде ашып көрсетілетін құрал. Картотеканың артықшылығы болып саналатын ерекшелігі ол басылым кітап қорында болса да, болмаса да, ол құжатқа сипаттама жазылып көрсетіледі. Картотеканың ішіндегі ең бастысы- мақалалардың жүйелі картотекасы, оның құрылымы жүйелі каталогқа сай ұйымдастырылады. Бұл картотека ОӘҒК- де және орталықтанған кітапхана жүйесінде ұйымдастырылады. Ол мақсат жағынан әмбебап, ал бағыты жағынан жалпы картотека болып есептелінеді. Бұл картотека кітапхананың библиографиялық қызметінде оқырмандардың сұраныстарын орындауда көптеп қолданылады.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Библиографиялық картотекалар дегеніміз не?
2. Мақалалардың жүйелі картотекасының құрылымын атаңыз?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 137-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 87-93.
4. Каталоги и картотеки ЦБС: Практ. Пособие.- М., 87-90.
5. Коготков Д.Я. Справочно-библиографический аппарат библиотека: Лекция.-М., 1998.-61с.
А)Тақырып: Библиографиялық картотекалар.
В) Мақсаты:. Библиографиялық картотекаларды қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
Тақырыптық және арнаулы картотекалар: бағыты мен мазмұны.
Арнаулы картотекалар, олардың түрлері.
Мазмұны: библиографиялық картотека дегеніміз- карточкалы түрде ашып көрсетілетін құрал. Картотеканың артықшылығы болып саналатын ерекшелігі ол басылым кітап қорында болса да, болмаса да, ол құжатқа сипаттама жазылып көрсетіледі. Картотеканың ішіндегі ең бастысы- мақалалардың жүйелі картотекасы, оның құрылымы жүйелі каталогқа сай ұйымдастырылады. Бұл картотека ОӘҒК- де және орталықтанған кітапхана жүйесінде ұйымдастырылады. Ол мақсат жағынан әмбебап, ал бағыты жағынан жалпы картотека болып есептелінеді. Бұл картотека кітапхананың библиографиялық қызметінде оқырмандардың сұраныстарын орындауда көптеп қолданылады. Кітапханаларда арнаулы және тақырыптық картотекалар ұйымдастырылады. Олардың түрлері: рецензиялар, персоналия, иллюсстративтік материалдар, көркем әдеби шығармалардың картотекасы.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.Тақырыптық және арнаулы картотекалар дегенміз не?
2. Арнаулы картотекалар, олардың түрлері қандай?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметова С. Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру. – А: Мектеп, 1987б. Б. 15-31.
2.Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 137-153.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 87-93.
4. Каталоги и картотеки ЦБС: Практ. Пособие.- М., 87-90.
5. Коготков Д.Я. Справочно-библиографический аппарат библиотека: Лекция.-М., 1998.-61с.
8 апта
А)Тақырып: Библиографиялауды ұйымдастыру және технологиясы
В) Мақсаты:. Библиографиялауды ұйымдастыру және технологиясын қарастыру.
С) Негізгі сұрақтар:
1.Библиографиялық құралды құрастырудың жалпы мәселелері.
2.Библиографиялық құралды құрастыру- кітапхана қызметіндегі әдебиеттерді библиографиялаудың басты бағыты.
Мазмұны: Библиографиялау процессі- библиографиялық жұмыстың негізгі құрамды бөлігі болып саналады. Библиографиялау элементі- кітапхана қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу, оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсету процестерінде қолданылады. Сонымен қатар библиографиялау жұмыс библиографиялық құралды құрастыруда кеңінен қолданылады. Библиографиялық құралдың құрастырудың бірнеше кезеңі болады: дайындық кезеңі, әдебиеттерді іздеп табу процессі, аналитикалық кезең, синтетикалық кезең, қорытынды кезең. Әртипті кітапханаларда библиографиялық құралды құрастыру жұмыс маңызды орын алады. ОҒӘК-ң библиографиялық бөлімі әртүрлі тақырыптарда библиографиялық құралдар жасайды. Бұл кітапхана өлкетану библиографиясының орталығы болғандықтан көбінесе өлкетанулық құралдарды шығаруға үлкен мән береді.
Д) Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Библиографиялық құралды құрастыру дегеніміз не?
2. Библиографиялық құралды құрастырудағы әртипті кітапханалардың қызметі дегеніміз не?
Е) Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ахметова С., Ақшалова М. Кітапханадағы библиографиялық жұмыс: ұйымдастыру мен методика.-Алматы: Ана тілі, 1993.- б.5-52.
2. Коготков Д.Я. Библиографическая деятельность библиотеки организация, управление, технология: Учебник.- С/б, 2005-с. 154-185.
3.Библиографическая работа в библиотеке: организация и методико: Учебник Под ред. О.П.Коршунова.М.: Кн.полата, 1990.-с. 94-131.
Достарыңызбен бөлісу: |