431
XXIV ТАРАУ
ОЙЫНШЫҚТАР
Ойыншықтың сипаттамасы
Ойыншықтар – арнайы жасалған, ойнауға, балалар мен
ересектердің ойын әрекетін қамтамасыз етуге арналған заттар.
Ойыншықтың басты ерекшелігі
болып онда жалпыланған
тұрғыда заттың типтік қасиеттерінің көрініс табуы саналады,
оларға байланысты бала ойнай отырып, белгілі бір іс-қимылды
жасайды. Мысалы, қуыршақ – адамның жалпыланған образы.
Онымен ойнай отырып, балалар адамның өміріне тән іс-
әректтерді орындайды: ұйқтауға жатқызады, тамақтандырады,
шомылдырады, арбада тасиды, киімін ауыстырады және т.б.
бала
ойындарында қуыршақ ән айтады, билейді, қонақтарды
қарсы алады. Сөйтіп, ойыншық бала нақты іс-әрекеттерді
орындауы үшін қажет.
Ойыншықта затты бейнелеудіңшарттылығы бар, ол да
онымен түрлі іс-әректтерді орындауға мүмкіндік береді
(доңғалақтағы құлыншақты жіппен жүргізуге болады, онда
қонжықты қыдыртуға болады). Және, керісінше, табиғи, «жерге
жақын» ойыншық баланың қиялына кеңшілік бермейді,
ойынның түпкі ойының дамуын тежейді,
әрекеттердің белгілі
жиынына бағдар береді. К.Д.Ушинскийдің бақылауынша,
«...балалар қозғалмайтын, аяқталған, жақсы жасалған, өз қиялы
бойынша
өзгерте
алмайтын
ойыншықтарды
ұнатпайды.»
(Ушинский К . Д .
Избр. пед. соч. — М., 1954. — Т.
2.
— С. 476). Ойыншықтағы қозғалыс құрылыммен,
материалдармен, бөлшектерінің қозғалысымен, дыбыстармен
қамтамасыз етіледі. Қыз балаға үстел
басына отырғызуға
432
болатын, қолынан жетектеп, тазикте шомылдыруға болатын,
шашын тарап, мерзім бойынша көйлек кигізуге болатын және
т.б. қуыршақпен ойнаған біршама қызықтырақ.
Ойыншық, А.С.Макаренконың бейнелі сөзі бойынша, -
«материалдық негіз», ол ойын әрекетін дамыту үшін қажет.
Оның көмегімен бала қиялдағы образын жасайды, айналадағы
өмір туралы өз әсерлерін білдіреді, белгілі бір рөлді ойнайды.
Міне, қыз бала
қуыршақ - сәбиді қолына алды, оны тербетіп,
жылы сөздер айтып, әлдилей бастады, яғни өзін «ана» ретінде
ұстай бастады, оның әрекеттеріне, балаға деген қатынасына
еліктеп, қимылдар жасады. Сонымен, ойыншық, Е.А.Флерина
әділ атап өткендей, «баланы өмір сүріп, әрекет етуге үйретеді».
Балалық шақтың міндетті түрдегі серігі,
ойын-сауық, ермек
заты бола тұрып, ойын жалпы білім беретін мәнге ие, баланың
әртүрлі дамуының мақсаттарына қызмет етеді. Тәрбие беру
міндеттерінің кең шеңбері ойыншықтардың мазмұны, түрі,
материалдары,
орындалу
техникасы,
жас
ерекшелігі
қолданысының әртүрлілігіне қарай шешіледі.
Кішкентай баланың дамуының негізі – мықты денсаулық,
өмірге құштарлығы. Сүйікті бала ойыншықтары (доп, божы,
кегель ойыны, серсо, шеңбер және т.б.) сәбилерді жүгіруге,
лақтыруға,
тастауға, секіруге, қағып алуға және т.б. баулиды,
яғни қозғалыстарды дамытады, қимыл, қарым-қатынас жасау
белсенділігінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тосынсыйы
бар,дыбысталатын, жүретін ойыншықтар таңқалыс, кездейсоқ
қуаныш шақырады, күлдіріп, алдандырады,
бала өмірін
баққытырақ қылады. Кішкентай бала үшін ойыншықтар –
дүниеге деген өзіндік терезе, олар оның дүниетанымын
кеңейтіп, білімге құмарлығын оятады. Көптеген заттар бала
өміріне жануарларды, керек-жарақты, техниканы және т.б.
бейнелейтін ойыншықтар арқылы енеді. Олардың көмегімен
бала проблемалық міндеттерін шешетін, өзіндік ойлап, тәжірибе
жасауға үйренетін ойыншықтар бар. Мысалы, конструктордан
оның доңғалақтары «нағыз доңғалақтар» сияқты айналатын
433
арбаны
қалай жасауға, мұнараны қалай құрастыруға болады?
К. Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып ойыншық – бала
сезімдерін тәрбиелеудің өзіндік мектебі екеніне назар аударды.
«Нәресте өз ойыншықтарына шынайы үйір болады, оларды
ыстық және емірене жақсы көреді, және те олардағы сұлулық
емес,
өзі
оларға
бекіткен
қиялдағы
суреттерді
сүйеді»
Достарыңызбен бөлісу: