қызығушылықтарын тәрбиелеу
Балалар – қоршаған ортаның білуге құмар зерттеушілері.
Осында ерекшелік оларға туғаннан берілген. Өз кезінде И. М.
Сеченов баланың тумысынан және «өте құнды» қасиеті жүйке-
психикалық ұйымдастырылуы – қоршаған өмірді түсінуге
есепсіз ұмтылу деген. И.П. Павлов бұл қасиетті «бұл
не?» рефлексі деп атаған. Осы рефлекстің әсерінен бала
заттардың қасиеттерімен танысады, олардың арасына өзі үшін
жаңа байланыстар орнатады. Ерете жастағы балаға тән заттық
«зерттеушілік» әрекет қоршаған ортаға танымдық қатынасты
дамытады және бекітеді.
Бала сөйлеуді үйренген соң, олардың танымдық әрекеттері
жаңа сапалы сатыға көтеріледі. Заттарды тікелей қабылдау
негізінде ғана емес, сондай-ақ түсінік базасында да сөйлеу
арқылы балалардың білімдері жинақталады, аналитикалық-
синтетикалық әрекетке қабілеті қалыптасады.
Баланың үлкендермен қарым-қатынасында мінезі өзгереді:
жеке тұлғалық және танымдық байланыстар маңызды орын ала
бастайды. Атан-анасымен, отбасының басқа мүшелерімен,
179
педагогпен араласып бала жаңа білім алады, өзінің көзқарасын
кеңейтеді, жеке тәжірибесін молайтады.
Білуге құиарлық пен танымдық қызығушылықтар қоршаған
ортаға танымдық тәсілдердің әртүрлі формаларын көрсетеді.
Білуге құмарлық танымдық әрекеттің ерекше формасы, баланың
қоршаған ортаны, құбылысты тануға, әрекетті үйренуге
сараланбаған бағытталу түрінде сипатталады. (С. Л.
Рубинштейн, Д.П.Годовикова). Білуге құмар бала тануға
ұмтылады, ал нені тану керектігі маңызды емес (осы жерде
сараланбаған білуге құмарлық көрініс табады).
Танмыдық
қызығушылық
баланың
жаңаны
тануға
ұмтылысында,
заттардың
белгілері,
қасиеттері
туралы
түсініксіздік жағдайларға жауап іздеуде, олардың негізіне ену
ұмтылысында, олардың арасындағы байланыс пен қарым-
қатынасты табуда көрінеді (Т. А. Куликова). Сондықтан
танымдық қызығушылық білімге құмарлықтан объектілерді кең
түрде
қамтитындығымен,
танымының
тереңдігімен,
талғамдылығымен ерекшеленеді. Танымдық қызығушылықтың
негізі – белсенді ойлау әрекеті. Танымдық қызығушылықтың
ісерінен бала назарын ұзақ және тұрақты аударуға, ой және
практикалық міндетті шешуде дербестік танытуға қабілетті бола
алады. Ойлануға тура келетін жағымды эмоциялар – таңғалу,
табыс қуанышы – өз күшіне сенушілік береді.
Баланың танымдық қызығушылығы ойын, сурет, әңгіме және
шығармашылық әрекеттің басқа түрлерінде көрінеді. Сондықтан
үлкендер осындай әрекетті дамыту үшін жағдаймен қамтамасыз
ету қажет. Мысалы, бала тасымалдау құралдарымен қызығады.
Ол үшін тиісті ойыншықтар алу, онымен бірге қандай да
модельдер жасау, ойынға қатысу керек. Қызығушылықты
нығайту үшін баламен көлік тақырыбында әңгілемелу керек,
оны сурет салуға ынталандыру қажет т.б. Баланың табысты
әрекеті танымдық қызығушылық дамуының негізі болып
табылады.
Үлкен ынталандыру күш болса, білуге құмарлық пен
танымдық қызығушылықтың арқасында бала бір нәрсені тануға
әрекет етеді. Бала өзін толғандыратын сұрақтарға үнемі жауап
сұрап, оқып беруді, әңгімелеуді сұрайды.
Бұрыннан
баланың
сұрақтары
білуге
құмарлықтың,
танымдық қызығушылықтың негізгі формасы болып саналған.
Алайда, зерттеушілер А. И. Сорокина, М. М. Рубинштейн
180
балалар сұрақтарының әртүрлі уәждерін анықтады. Авторлар
сұрақтарды екі түрге бөледі: танымдық және коммуникативтік.
Бала коммуникативтік сұрақтарды өзінің алаңдаушылығына
ересектерді тартуға, солармен қарым-қатынас орнату үшін
қояды. Мысалы, 4 жасар Саша әкесінен: «Сіз кішкентай
болғанда қараңғы бөлмеге кіруге қорықтыңыз ба?» деп сұрайды.
Мұндай сұрақтар балада қорықққанда, қуанғанда туындайды.
Олар ересектерден ерекше сергек қатынасты: баланы не
толғандырғанын түсіну, оның толғаныстарына енуді талап етеді.
Балалардың көптеген сұрақтарының негізінде танымдық уәж
жатыр: балалар өз білімдерінде жетіспеушілікті сезінгенде,
молайтып, нақтылап, жаңа білімді алуға ынталанғанда сұрақтар
қояды.
Баланың әртүрлі тәжірибесі танымдық қызығушылықтардың
қайнар көзі болып табылады. Бұл сұрақтарды бала қандай да бір
заттармен, құбылыстармен танысқанда, ересектермен және
құрдастарымен сөйлескенде, өз талдауларының нәтижесі кезінде
қояды. Бес жасар бала мынадай сұрақтар қояды: «Айланы
өтіріктен қалай айруға болады?», «аспандағы жұлдыздар күндіз
қайда кетеді?», «Адамға не маңызды – ми немесе жүрек».
Мектеп жасына дейінгі балаларды не қызықтырады? Балалар
сұрақтарының мазмұны әртүрлі болады. Психологтардың
дәлелдемелері бойынша, балалар мәселелеріне қатыспайтын
білімнің бір де бір саласы жоқ. Балалар оларды қоршаған заттар,
алыстағы планеталар мен ғарыш, қоғамдық өмірдегі,
табиғаттағы құбылыстар, адамзаттың пайда болуы мен Жердегі
барлық тіршілік, соғыс пен әлме, мінез-құлықтың нормалары
мен ережелері, жеке сөздердің мағынасы мен міндеті және т.б.
туралы сұрайды. Сонымен, соңғы бес жылда ресей балалары дін,
шіркеу, дәстүрлермен байланысты көп сұрай бастады.
Өмір ағымына байланысты сұрақтар формасы бойынша
өзгереді. 2-3 жасар балаларды заттардың атаулары, белгілері мен
қасиеттері қызықтырады. Олар: қайда? кім? не? қандай? сынды
сұрақтар қояды. Мысалы, 3-жасар Саша: «Бұл не? Бұл кітап
жаңа ма? Менің кітабым ба?» деп сұрайды.
Жасы үлкенірек балаларға (4 — 4,5 жасар) қоршаған орта
туралы алған әсерлерін белсенді түрде ойша талдау тән.
Олардың сұрақтары байланысты, ақиқаттағы заттар мен
құбылыстар арасындағы қатынасты айқындауға, жалпы және
әртүрлі ұқсастықты анықтауға бағытталған. Сұрақтар формасы
181
бойынша қиындайды және көрініс табады: не үшін? неге?.
Сөйтіп, 4,5 жасар бала: «Неге бір дән еккесін, көп масақө
шығады? Адамдар не үшін атом бомбасын ойлап шығарған?
Бұлт қалай жылжиды?» секілді сұрақтар қояды. 5-6 жасар балаға
қандай да бір зат пен құбылыс туралы: «Қандай найзағайлар
болады? Олар неге әртүрлі? Неге найзағайдан өрт шығуы
мүмкін? Ал сен шар найзағайын көрдің бе? Ол қандай? Ол
жарқырай ма?» сұрақтары тән.
Сұрақтардың аяқталуы 4,5-5,5 жасқа келеді. Неге үлкенірек
жаста сұрақтар саны азайа бастайды? Ғалымдар бұл мәселеге
келген бірізділік танытпайды. Біреулері, баланың ойлау
әрекетінің дамығаны соншалық, ол туындаған сұрақтарға өз
күшімен жауап іздеуге талпынатындығын айтады. Ал
басқаларының пікірінше, сұрақтардың азаюы тәрбиенің және
оқытудың жағдайларына байланысты дейді, мысалы: ересектер
балалардың білуге құмарлықтарын мадақтамайды, олардың
сұрақтары бойынша жиі наразылықтарын білдіреді («Сенің
сұрақтарыңнан жалықтым! Үндеме, үлкен болсаң да үнемі сұрақ
қоя бересің!»). Нәтижесінде балада егер сұрақ қоя берсе, өзінің
білмегендігін білдіру деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |