Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша


оқу пәндерінің мазмұнын игеру деңгейін тексермейді



жүктеу 449,02 Kb.
бет141/149
Дата06.10.2023
өлшемі449,02 Kb.
#43680
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   149
multi-823 x986873926

оқу пәндерінің мазмұнын игеру деңгейін тексермейді. Мұнда басты назар оқушылардың мектеп пәндерін оқығанда иемденген, ересек өмірде қажетті ауқымды білім мен біліктерінің дәрежесіне және пәнаралық құзырлылықтарына (әртүрлі пәндерді оқуда және ақпараттың басқа да көздерінен алған білімдерін ұсынылған проблемаларды шешуде қалайша қолданатындығы) аударылады.
PISA бақылаудың жазбаша тест түрін қолданады (тестердің жабық және ашық түрлері), әр оқушыға тест тапсырмаларын орындау үшін 2 астрономиялық сағат беріледі. Бақылау нәтижесі ретінде сандық көрсеткіштер ескеріледі.
«Оқу сауаттылығы» деген ұғымды PISA кең тұрғыдан қарастырады: мұнда мәтін оқу техникасы меңзелмейді. Бұл ұғымда орта мектеп түлегінің мәтіндерді түсіне біліп, олардың мазмұны бойынша ойланып, оқығандығы туралы өз ойларын жеткізе білуі ескеріледі. PISA бағалауында әсіресе әртүрлі ситуацияларда сауатты түрде оқуға баса назар аударылады. Ол үшін оқушыларға түрлі мәтіндерді оқу тапсырылады: көркем шығармалардан үзінділер, ғұмырнамалар, хаттар, құжаттар, газет пен журналдардан алынған мақалалар, нұсқаулықтар, жарнамалар, географиялық карталар, т.б. Бұған қоса ақпараттың әртүрлі формалары да келтіріледі: суреттер, диаграммалар, кестелер, схемалар, графиктер.
Сонымен, оқу сауаттылығы дегеніміз адамның жазбаша мәтіндерді түсінуі және олар бойынша ой толғауы (рефлексия), олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін, қоғам өміріне белсенді түрде қатысу мақсатында өз білімдері мен мүмкіншіліктерін дамыту үшін қолдануы.
Математикалық сауаттылықты бағалауда да PISA тестері оқушылардың мектеп бағдарламасын қаншалықты деңгейде білетіндігін тексермейді. Мұнда жеке тұлғаның математиканың өмірде алатын рөлін түсініп, өз өмірінде туындаған проблемаларды шешуде, әртүрлі ситуацияларда математикалық білімдерді қолдануы (математикалау) қарастырылады: әртүрлі шешімдерді ой елегінен өткізу, оларды сараптау мен талдау, шешім жасағанда интуицияны қолдану.
Сонымен PISA бағдарламасы ұғымында математикалық сауаттылық дегеніміз адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда математиканы, математикалық ұғымдарды қолдануы. PISA тестері оқушыларға оқу ситуацияларын бермей, күнделікті өмірде жиі кезігетін (медицина, мекен-жай, спорт, т.б.) практикалық ситуациялардың шешімін табуды ұсынады. Бұларды шешуде оқушы тек математика бойынша білімін ғана емес, сонымен бірге басқа білім салаларындағы білімдері мен біліктерін қолдануы қажет (физика, биология, т.б.).

жүктеу 449,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау