РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
47
12. Стандарт «БІЛІМ АЛУШЫЛАР»
ЖОО білім алушылар контингентiн қалыптастыру саясатын талдайды.
Берілген стандарт өлшемдеріне сәйкестігін бағалаған кезде білім алушылардың
кәсiптік біліктілікті қалыптастыруға жәрдемдесетін және жеке қажеттiліктері мен
мүмкiндіктерін ескеретін оқыту ортасын бағалау жүзеге асады.
ЖОО білім алушылардың жеке бiлiм беру траекториясы арқылы тиiмдi
көтерілуі үшін қажет тетіктері мен талаптарды бағалайды.
12.2 Бағалау өлшемдері
«12.2.1 ЖОО білім алушылар контингентiн қалыптастыру саясатын және
оның рәсімдерінің айқындығын көрсетуi керек».
·
Білім алушылар контингентi қалай қалыптастырылады?
·
ЖОО талапкерлерге қандай қосымша талаптар қояды?
·
ЖОО-да оқуға дейін студенттерді бағдарламалардың талаптары туралы
ақпараттандыру қалай қамтамасыз етіледі?
·
ЖОО білім алушыларды қабылдау үдерісі мен одан кейінгі прогресі
арасындағы сәйкестікті қалай бағалайды?
·
Студенттер мен талапкерлер контингентті қалыптастыру рәсімдерін
жүзеге асыру тәртібі туралы (қабылдау ережесі, курстан курсқа өту, басқа ЖОО-
лардан ауысу, басқа ЖОО-ларда меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру тәртібі,
оқудан шығару) қалай біле алады?
·
Проблемалары бар студенттерге қалай көмек көрсетіледі?
·
Болуы мүмкін мәселелерді болдырмау мақсатында студенттермен
қандай алдын алу шаралары қолға алынған?
·
ЖОО-да қандай курстан курсқа өту балдары орнатылған?
·
Олардың тиімділігін арттыру үшін барлық бағадарламалар контингенті
бойынша ақпарат талданады ма?
·
ЖОО-ның сайтында контингентті қалыптастыру бойынша мәліметтер
орналасқан электрондық мекен-жайды көрсетіңіз.
«12.2.2 ЖОО алқалы басқару органдарында студенттердің өкiлдiгiн
қамтамасыз етуi керек».
·
ЖОО-ның қандай алқалы басқару органдарында студенттер қатысатынын,
қандай қызмет атқаратынын сипаттап беріңіз. Соңғы 3 жыл үшін қатысу динами-
касын көрсетіңіз.
·
Алқалы органдарда студенттер қаншалықты белсенді қатысатынын тал-
дап беріңіз.
·
ЖОО-да қандай студенттік алқалы органдар жұмыс істейді?
·
Студенттердің әлеуметтік белсенділігі білім беру бағдарламаларының са-
пасына және жеке оқыту нәтижелеріне ықпал етеді ме?
·
ЖОО-ның қоғамдық өміріне еліктіргендігі мен студенттік өзін-өзі
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
49
·
Академиялық ұтқырлықты қолдау қалай жүзеге асады? Соның ішінде
пререквизиттерді зерттеу, меңгерілген пәндерді қайта тапсыру және т.б.?
·
Студенттерге кеңес беру қалай ұйымдастырылған? Проблемалар ерте
кезеңде
анықталып, шешілетініне қандай дәлелдер бар?
«12.2.7 Дарынды білім алушыларды қолдайтын бағдарламалардың бар бо-
луы маңызды фактор болып табылады».
·
Жеке білім беру траекториясын жобалау үдерісі оның жеке сапаларының
негізінде жүзеге асады ма?
·
ЖОО-да білім алушылардың зияткерлік дағдыларын дамытуға қатысты
білім беру мақсаттары бар ма?
·
ЖОО тілдерді білу деңгейі мен оларды бағдарламаға біріктіру дәрежесін
қалай анықтайды?
·
Дарынды білім алушыларды қолдау мүмкіндіктерін сипаттаңыз.
·
Қолдау бағдарламалары туралы дарынды студенттерді қалай
ақпараттандырады?
·
Дарынды студенттер олардың қабілеттерін көтеруді есептегендегі жеке
білім беру траекториясын қалай қалыптастыра алады?
·
Дарынды студенттер үшін бар мүмкіндіктерді талдаңыз. Қандай
үрдістерді байқадыңыз? Қандай перспективалар бар?
«12.2.8 ЖОО түлектерді жұмысқа орналастыруға, түлектермен байланыста
болуға және түлектердің бiрлестiгiн құруға барынша күш салуы керек».
·
Түлектерді жұмысқа орналастыру қалай жүзеге асырылады?
·
Студенттерді жұмысқа орналастыру үшін қажетті құрылымдық
бөлімшелер бар ма?
·
Түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты нақты статистика бар ма?
·
Олардың қанағаттануын талдау қалай іске асады?
·
Студенттер үшін коучинг бағдарламасы жүзеге асырылады ма?
·
Студент ЖОО-да оқып жүрген уақытта немесе оны аяқтағаннан кейін
мансаптық шешім қабылдауда және жұмыс іздеу барысында қалай тиісті кәсіби
көмек ала алады?
·
ЖОО кері байланысты демеп отыру үшін қандай құралдар қолданады?
·
Түлектердің бiрлестiгі қызмет жасайды ма? Қандай нысанда? Ол қандай
қызмет түрлерін жүзеге асырады?
·
Түлектер форумының электрондық мекен-жайын келтіріңіз. Онда қандай
мәселелер шешіледі?
«12.2.9 Түлектердің кәсiптік қызметi мен жұмысқа орналасуының
мониторингі маңызды фактор болып табылады».
·
Түлектердің жұмысқа орналасуының мониторингі қалай жүзеге асыры-
лады?
·
Түлектердің кәсiптік қызметiнің мониторингтеу тетіктерін сипаттап
беріңіз.
·
ЖОО-да түлектерді қолдаудың, олардың кейінгі кәсіптік дамуының
бағдарламалары бар ма?