Руководство по эксплуатации Если вы не получили требуемое качество обслуживания в сервисе, обращайтесь в головной сервисный центр по контактным данным, указанным в условиях



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17645
түріРуководство
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

RMK-M271

31

KAZ



немесе «–» батырмасын басыңыз (дисплейде «SОn» жазбасы жанады,   индикаторы 

сөнеді).


3.  Тақтада батырмаларды 5 секунд бойы басып тұрмаңыз. Баптаулар автоматты түрде 

сақталады.



Автоматты бағдарламаларды қолданған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі

1.  Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).

2.  Ингредиенттерді мультиасүй тостағанында әзірлеу бағдарламасына сәйкес орнала-

стырып, оны аспап корпусына салыңыз. Барлық ингредиенттердің, соның ішінде сұй-

ықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын бақылаңыз. 

Тостаған қиғаштықсыз орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жана-

сатындығына көз жеткізіңіз.

3.  Мультиасүй қақпағын тарсылға дейін жабыңыз. Аспапты электр желісіне қосыңыз,   

басқышын басыңыз.

КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ 

пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз

4.  Әзірлеу бағдарламасын таңдау үшін басқару панелінде сәйкес батырманы басыңыз. 

Батырма жанындағы индикатор жанады, дисплейде әдепкі әзірлеу уақыты мен   

индикаторы пайда болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдау кезінде дисплей-

де температураның әдепкі шамасы шығады.

5.  Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, сіз оның 

шамасын өзгерте аласыз («Әзірлеу уақытын орнату», 31 бет).

«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында сіз бағдарлама басталғанша сіз қалаулы әзірлеу 

температурасын орната аласыз. Мәнді арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін 

«–» батырмасын пайдаланыңыз.

6.  Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната аласыз («Бағдарламаның баста-

луын кейінге қалдыру», 31 бет).

7.  Дайындау бағдарламасын іске қосу үшін, «Старт» батырмасын басыңыз, автожылыту 

индикаторы жанады (егер бұл функция қосулы болса). Әзірлеу уақытының кері санағы, 

таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты, «Старт» батырмасын басқаннан кей-

ін бірден немесе тостағанда қажетті температураға қол жеткізгеннен кейін басталады

«МАКАРОНЫ» бағдарламасында әзірлеу уақытының кері санағы тостағандағы су қай-

нағаннан кейін, өнімдер салынғаннан кейін және «Старт» батырмасын қайта басқаннан 

кейін басталады.

Қажет кезде «Старт» батырмасын баса отырып, автожылыту функциясын алдын ала 

сөндіруге болады, автожылыту индикаторы сөнеді. «Старт» батырмасын қайталап 

басу, осы функцияны қайта қосады («Дайын тағамдар температурасын сақтау (ав-

тожылыту)», 32 бет).

8.  Әзірлеу уақытының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді, дисплейде 

«End» жазбасы пайда болады. Әрі қарай, таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы 

баптауларға байланысты, аспап автожылыту режіміне (дисплейде   индикаторы 

жанады) немесе күту режіміне ауысады.

9.  Енгізілген бағдарламаны өзгерту үшін, әзірлеу бағдарламасын немесе автожылытуды 

тоқтату үшін «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз

Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайындалған мультиасуйтеріне қоса 

тіркелетін аспаздық кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді пайдалануды 

ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.redmond.company сайтында таба аласыз.

Әзірлеу уақытын орнату

REDMOND RMK-M271 мультиасүйдерінде «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа, әр бағдар-

лама үшін әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға болады. Белгіленген уақыттың өзгеру қада-

мы және ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.

1.  Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін «Время» батырмасын басыңыз. Дисплей-

де сағат шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.

2.  Параметр шамасын арттыру үшін «+» батырмасын басыңыз,ал кеміту үшін «–» баты-

рмасын басыңыз.

3.  «Время» батырмасын басыңыз және минут шамасын «+» және «–» батырмаларының 

көмегімен орнатыңыз.

Сағат және минут шамаларының өзгеруі бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапазонның макси-

малды (минималды) шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан бастала-

ды. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.

Кейбір автоматты бағдарламаларда орнатылған әзірлеу уақытын есептеу аспап 

белгіленген жұмыс температурасына шыққаннан кейін басталады. Мысалы, егер салқын 

су құйып, «НА ПАРУ» бағдарламасында 5 минут әзірлеу уақытын орнатсақ, онда бағдар-

ламаны іске қосу және белгіленген уақыттың кері санағы тек су қайнағаннан кейін және 

тостағанда жеткілікті тығыз бу түзілгеннен кейін басталады.

Бағдарламаның басталуын кейінге қалдыру

«Отсрочка старта» функциясы әзірлеу бағдарламасы жұмысы бастағанға дейінгі уақыт 

аралығын белгілеуге мүмкіндік береді. Стартты кейінге қалдырудың максималды уақыты 

24 сағат. Стартты кейінге қалдыру уақытын орнату қадамы — 1 минут.

1.  Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгер-

ту үшін «Отсрочка старта» батырмасын басыңыз. Дисплейде   индикаторы пайда 

болады, уақыт индикаторындағы уақыт шамасы жыпылықтауды бастайды.

2.  Параметр шамасын көбейту үшін, «+» батырмасын басыңыз, азайту үшін — «–» баты-

рмасын басыңыз.

3.  «Время» батырмасын басыңыз және минут шамасын «+» және «–» батырмаларының 

көмегімен орнатыңыз.

Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапазонның максималды 

шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан басталады. Шаманы жылдам   

өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау