6
KK
сертификаты бар. Аппараттың негізгі сипаттамалары біріктіру шлангаларының
арасындағы бар деректер кестесінде көрсетілген. Оны электржелісі мен су
құбырына қосуды тек уәкілетті маман ғана орындай алады. Сондай-ақ ішкі
жабдықтың сервистік қызмет көрсетуін, қаспағын кетіру, коррозияға қарсы
қорғауыш анодын тексеру немесе ауыстыруды тек уәкілетті сервистік қызметі
ғана жасай алады.
ЖИНАҚТАУ
Жылытқыш су жинау орындарына барынша жақын орнатылуы керек.
Сужылытқышты ванна немесе душ бар жайларда жинақтау барысында міндетті
түрде IEC 60364-7-701 (VDE 0100, 701 бөлімі) стандартының талаптарын ұстану
қажет. Қабырғаға оны 8 мм диаметрлі минимальді номинальді қабырғалық
бұрандалары көмегімен бекітіңіз. Жылытқыш ілінетін жерлердегі осал
жүккөтергіші бар қабырғалары мен еденді тиісті бекіту қажет. Жылытқыштар
қабырғаға тек тік қалпында орнатылуы керек.
Жылытқыштың біріктірктіретін және жинақтайтын көлемдері [мм]
СУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСЫЛУ
Суды жеткізу және бұру құбырлары әртүрлі түспен көрсетілген. Көк – суық су,
қызыл – ыстық су.
Жылытқышты су құбырына екі тәсілмен қосуға болады. Қосудың қысымды
(жабық) жүйесі бірнеше жерден судың тартылуын қамтамасыз етеді, ал
қысымсыз (ашық) жүйесі – тек бір ғана жерден судың тартылуын қамтамасыз
етеді. Қосудың таңдалған жүйесіне қатысты тиісті қоспалауыш батареяларын
орнату қажет.
Қысымды (жабық) қосу жүйесінде суды тарту орындарына қысым теңестіргіші
бар қоспалауыш қолдану қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында
сужылытқыш жұмыс істеп тұрған уақытта су жіберу құбырына, нақты қысыммен
салыстырғанда қысымның 0,1 МПа (1 бар) жоғарыға артуын ескертіп тұратын
сақтандырғыш клапанын немесе қауіпсіздік тобын орнату қажет. Сақтандырғыш
клапанындағы шығару саңылауы ауа кіріп тұруы үшін үнемі ашық болуы тиіс.
Жылыту барысында бактағы су қысымы сақтандырғыш клапанында белгіленген
қысым шегіне дейін ғана көтеріледі. Су құбырына судың кері төгілуі
A
B
C
OGB 80 E4
830 600 260
OGB 100 E4
975 750 255
OGB 120 E4 1130 900 260
OGB 150 E4 1345 1100 275
7
KK
қарастырылмағандықтан, сақтандырғыш клапанының шығару саңылауынан су
тамшылауы мүмкін. Бұл суды су төгілетін тесікке, сақтандырғыш клапанының
астына орнатылуы қажет сифон арқылы төгуге болады. Сақтандырғыш
клапанының астына орнатылатын су төгу шлангісі тік және төменге қарай
бағытталуы тиіс және оның қатып қалмауына жол ьерілмеуі тиіс.
Судың тамшылауын болдыртпау үшін, су жіберу құбырына сужылытқыш
бакының көлемінің 5%-нан кем болмайтын көлемдегі кеңейту багын орнату
қажет.
Сақтандырғыш клапанының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін,
қақтардан
тазартуды
және
сақтандырғыш
клапанның
бұғатталып
қалмағандығын бақылауды қамтитын мерзімді тексерулерді жүзеге асыру қажет.
Тексеру барысында тұтқа күйін ауыстыру немесе сақтандырғыш клапанның
сомындарын шешіп алу арқылы (клапан типіне қарай) оны ашу қажет. Мұнымен
бірге сақтандырғыш клапанындағы шығару саңылауынан су шығуы қажет, бұл
оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығының белгісі болады.
Қысымсыз (ашық) қосу жүйесінде сужылытқыштың су жіберіліп тұратын орнына
жүйеде су болмай қалған жағдайда, бактағы судың ағып кетуінің алдын-алатын
кері клапан орнату қажет. Мұндай қосу жүйесі барысында тек қана ағынды
қоспалауыштарды
монтаждауға
жол
беріледі.
Жылыту
барысында
сужылытқыштағы су көлемі артады, мұнымен қатар су қоспалауыш құбырынан
тамшылап
тұруы
мүмкін.
Судың
тамшылауын
болдыртпау
үшін,
қоспалауыштағы кранды қатты бұраудың қажеті жоқ, себебі бұл әрекет тек
қоспалауыштың зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Қысымды (жабық) жүйе
Қысымсыз (ашық) жүйе
Жылыу элементі мен сақтандырғыш клапаны арасында жабу клапанын
орнатуға тыйым салынады, себебі ол сақтандырғыш клапанның жұмысын
бұғаттайды!
Сужылытқышын суқұбыры желісіне, егер желідегі қысымы ноимнальдіден төмен
Аңыз:
1 - Қысым теңестіргіші бар қоспалауыш
2 - Кеңейткіш багы
3 - Сақтандырғыш клапаны
a - Сынау клапаны
b - Кері клапаны
4 - Шығаруы бар құйғыш
5 - Сынау саптамасы
6 - Редукциялық клапаны
7 - Бекіткіш клапаны
8 - Кері клапаны
9 - Төмен қысымды қоспалауыш
H - Суық су
T - Ыстық су
8
KK
болса, редукциондық клапанысыз қосуға болады. Егер желідегі қысымы
номинальдіден жоғары болса, редукциондық клапанын пайдалану міндетті.
Электр желісіне қосу алдында сужылытқышты мәндетті түрде суға
толтыру қажет. Алғашқы рет толты ру бары сы нда қоспалауы штағы ы сты қ
судың кранын ашыңыз. Су қоспалауыш науасынан су аға бастаған кезде бак
толады.
Электржелісіне қосу алдында сужылытқышқа 1,5 мм
2
(H05VV-F 3G 1,5 мм
2
)
минимальді қимасы бар жалғауыш шнурын салу қажет және қорғауыш қақпағын
жабу керек.
Сужылытқышты электржелісіне қосу электр қондырғыларын
жинақтаудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы керек. Сужылытқыш пен электр қоректену желісі
арасында электр құрылғыларын жинақтаудың ұлттық
стандарттарына сәйкес келетін, аспапты желіден толық
ажыратуға мүмкіндік беретін құрылғысы қарастырылуы керек.
Аңыз:
1 - Жалғайтын қапсырмасы
2 - Қосполюсті жылу сақтандырғышы
3 - Жылытқыш (2 x 1000 W)
4 - Электрондық реттегіш
5 - Термостат датчигі
6 - Магнийлі аноды
L - Фазалық өткізгіші
N - Бейтарап өткізгіші
- Қорғауыш өткізгіші
Электрсхемасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Жылытқышты бөлшектер алдында ол электр
желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз! Барлық әрекеттерді тиісті
біліктілікке ие мамандар атқаруы тиіс!
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Су құбыры мен электр желісіне қосылғаннан кейін су жылытқышы пайдалануға
дайын. Су жылытқышы электрондық реттегішімен жабдықталған, ол
сужылытқыштағы судың температурасын орнату мен көрсетуін, аспапты
пайдалану деректерінің негізінде жұмыстың оңтайлы режимін автоматты
орнатуын ("SMART" бағдарламасы), жұмыс уақытын бағдарландыруды, бактағы