ұсынылған. Ал екінші тақырыпшада Англиядағы мемлекеттік және жеке
мектептердің басқарушылық кеңестерінің мысалдары терең зерттелген.
Сонымен қатар бұл жерде Англиядағы заңнама мен қолданыстағы модель,
ағылшын реформасының жетістіктері мен проблемалары, мемлекеттік
мектептер жанындағы басқарушы кеңестің құрамы мен қызметі туралы
мәселеге толық жауап берілген. Англияның басқарушы органдарын толық
түсіну үшін Шолуда бақарушылық кеңестердің қолданыстағы түрлері туралы
анықтамалар және тұтас алғанда басқарушы кеңестер қызметінің тиімділігі
туралы негізгі қорытындылар ұсынылған.
Көптеген елдердегі мектептерде түрлі, кеңестер, комитеттер, форумдар
мен комиссиялар сияқты құрылған басқарушы органдардың көмегімен
мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар және білім беруді басқарудың жергілікті
органдары басқаруға қатыса алады.
Шындығында барлық елде қамқоршылық кеңес коммерциялық емес
ұйымдардың жарғысы шегінде қызмет етеді. Кеңестің негізгі қызметі ұйымның
басты құндылықтары мен мақсаттарын кепілді сақтау болып табылады.
Мысалы, АҚШ, Англия және басқа шетелдік мемлекеттердегі орта
мектептердің қамқоршылық кеңестерінің мақсаты бұл – «мектептің миссиясы
мен міндетін алға жылжыту», Нидерланды мен Швейцарияда – «сапалы білім
беру қызметін көрсету», бұлардың барлығы өз кезегінде тұтас алғанда
мектептің қызметіне тиімді ықпал етеді.
Кей жағдайларда, игерген іс-тәжірибе мен білімге байланысты, кейбір
тұлғалар қызметтің белгілі бір саласына тағайындалуы мүмкін; басқа
жағдайларда жарғы кеңеске ұжымдық міндеттерді бірге бақылау мүмкіндігін
береді.
Зерделенген елдердің көпшілігінде кеңестер ұйымға тиесілі мүлікке
бақылау, белгілі бір қаржыны басқару, операциялық соманы басқару, және
нәтижесінде мектеп бюджетін және педагогикалық құрамның сапасын бақылау
міндетін атқаратын, қызметтің белгілі бір саласы кіретін комитеттерден тұрады;
олардың қызметі білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі.
Мұнан да басқа көптеген мемлекеттерде кеңес білім беру стандарттары
шеңберінде қызмет ететін қайырымдылық жобаларына ерекше көңіл бөледі.
Шет елдерде басқарушы органдардың міндеті барынша кең. Сол
міндеттердің бірі – білім беру ұйымының немесе мектептің саясатын дайындау,
ол құндылықтарды алға бастырады, сондай-ақ жұртшылықпен өзара
әрекеттесудің барлығы қолданыстағы жарғыға сәйкес жүргізілетініне кепілдік
береді. Сол сияқты кеңес коммерциялық емес ұйымның жарғысына өзгеріс
енгізуге, және жарғысын өзгертуге уәкілетті.
Кейде дамыған елдерде осындай өзгерістердің салдарынан қамқоршылық
кеңестері тұтас әлеуметтік институттар деңгейіне дейін өседі, мемлекет
олардың заңмен бекітілген нормативтік-құқықтық негізі мен берік
материалдыққаржылық базасы бар қызметін таниды.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес қамқоршылық кеңестері нақты қоғамдық
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін инструмент болып табылатынын атап
11
көрсету қажет.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір жылдан үш жылға дейін мерзімге
сайланады (Англия, Нидерланды), алайда түрлі жарғылар тұлғаларға әр мерзімі
аяқталғаннан кейін қайта сайлану және қайта тағайындалу мүмкіндігін береді.
Калифорнияда мектеп кеңесін сайлау тәртібі ерекше – шахмат кестесі
бойынша, сайлау әр 4 жыл сайын болмайды, мысалы, егер қамқоршылық
кеңесінің мүшелері 6 адам болса, онда әрбір 2 жыл сайын келесі 4 жылға бос
орын (вакансия) болуы тиіс.
Шет елде тиімді қызмет ету мақсатында басқару органдары оқытудың
нұсқаулықтарымен қамтамасыз етіледі, кеңес мүшелерінің біліктілігін арттыру
бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мысалы АҚШ-та білім беру мамандарын
тікелей мектептік кеңестерде жұмыс істеуге даярлау қарастырылмаған болса
да, қазіргі таңда мектеп кеңестерінің біліктілігін арттыру және оқыту мектеп
кеңесінің барлық мүшелері үшін міндетті форма деңгейіне ауысып отыр.
Бағдарламалар мектеп кеңестерінің мемлекеттік ассоциациясымен немесе
мектеп кеңесі мойындаған басқа да органдармен, мысалы халықаралық
ассоциациясымен немесе қалалық білім беру бөлімдері кеңесімен ұсынылады.
АҚШ мектеп кеңестерін оқыту шеңберінде мектеп кеңесінің жаңа
мүшелері бағдарлануы тиіс. Мектеп кеңесінің жаңа мүшелері мәдениет пен
мәнмәтін дайындаған және өз міндеттерін орындауын жалғастырып отырған,
өзі шешім қабылдау процесі үшін осыған дейін мүше болған кеңеске кіреді.
Мектеп кеңесінің жаңа мүшелері мектеп бағдарламалары мен қызметі
жөніндегі негізгі ақпаратты түсінуінің өте қажет. Кеңес мүшелерінің бастауыш
және бағдарлық бағдарламаларсыз іс-тәжірибе алуы, өз міндеттерін тиімді және
сеніммен атқаруы үшін кеңесте кемі екі жыл қызмет етуі қажет.
Мемлекеттік білім беруде ұсынылатын негізгі тақарыптар білім туралы
заңдардан, өзара қаржылық қарым-қатынастан және кеңес пен аймақтағы
мектептің аға инспекторы арасындағы өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Басқа тақырыптар келіссөздер, оқыту курсын басқару, еңбектегі құқықтық
қатынастар, саясатты дайындау, заңнама, жергілікті халықпен байланыс орнату,
стратегиялық жоспарлау және арнайы білім беруден тұрады.
Мектеп кеңестері мүшелерін білім беру салаларындағы соңғы зерттеулер
саласындағы деректермен таныстыру АҚШ мектеп кеңестерін оқытудың
айтарлықтай жаңа параметрлері болып саналады. Мұндай ақпарат, баламалы
шешім қабылдау мен қарастырылған мәселе бойынша тиімді нұсқаны таңдау
негізін қамтамасыз ететіні сөзсіз.
Англиядағы басқару органының бірден бір ерекшелігі – мектепте
қайырымдылық қорының болуы. Егер мектептің қызметін қайырымдылық қоры
қолдап отырса, кеңестер осы қордың да жұмысын басқарады. Сол сияқты,
қаржыны жұмсаудың басым жақтарын анықтайды, қанша мұғалімді
тағайындауды, басқа қанша қызметкер қабылдауды, мектепке қажет техника
және оқу құралдарын сатып алуды, жөндеу жұмыстарына және қалыпты
жағдайда ұстап тұру үшін қанша қаржы жұмсау қажет екенін кеңес шешеді.
Эстон Республикасы мектептерін басқару тәжірибесі қызықты.
12