сондай-ақ бұл оқушылардың зерттеу жұмыстары, отандық және шетелдік
оқымыстылармен танысуы, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы.
Бұл жобалардың нәтижелерін ауданның (олар картофельдің аудандастырылған
элиталы тұқымдарын алды) және Арнасай ауылының фермерлері (су құбыры
жөндеу жұмысына жабылған кезде халық ауыз суды балалардың жобасы
бойынша түзетілген бұлақтардан алды) пайдалана алды.
Алматы қаласындағы №175 гимназия мектептердің қолдаушылығы мен
патронатына мысал бола алады. Бұл гимназияның ата-аналары – танымал
адамдар, «2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің
атқарушы дирекциясы» АҚ Алматы филиалының директоры Қайрат Досаев
қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған уақыт аралығында мектепке барынша
белсенді түрде көмек көрсетілуде.
Дегенмен, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қамқоршылық кеңесі
міндеттерінің бірі – бюджеттен тыс қаржы тарту, оларды бөлу және бақылау
болғандықтан, олар банкте өз шоты болмайынша күн көре алмайды. Мұның
барлығы заңды тіркеуді, салықтық есептілікті, штатты қажет етеді. Осыған
байланысты білім беру ұйымдары қазіргі таңда қамқоршылық кеңестері
қызметін заңды ресімдеу мен сүйемелдеу мәселесін қарастыруы қажет.
Қамқоршылық кеңестерін құру мен жұмыс істеудің шет елдік іс-
тәжірибесін зерттеу көрсеткендей, олар жанынан құрылған мекемелердің
(органдардың) ұйымдастыру құрылымын және саясатын қалыптастыратын
жоғары атқарушы билігі бар, заң шығару органдары болып табылады.
Шет елдік кеңестердің қызметі жөніндегі әдебиеттер талдауы олардың
басым қызметтерін көрсету мүмкіндігін береді.
Білім беру саясатын жүзеге асыру. Бұл қамқоршылық кеңестері жауап
беретін басты міндеті. Ұлыбританияда басқармаға «мүдделі тараптардың»
Басқарушы кеңестер арқылы қосылуымен мектептік білім беруді басқарудың
жекеленуі негізгі стратегия ретінде таңдап алынды.
Бірақ Ұлыбританияда жекелену кезінде мемлекет мектепті басқарудан бас
тартқан жоқ, ол өзіне 28 000-ға таяу ағылшын мектептерінің қаржыландыруы,
саясаты мен оқыту бағдарламаларының негіздері үшін жауапкершілік алды.
Білім беру реформасында мемлекеттің идеологиялық рөлі білім беру жүйесін
«цементтемеді» және орталықтандырмады, себебі білім беруді дамытудың
нарықтық реттеуіне және қоғамның (сатып алушылар) білім беруді басқару
ісіне қатысуына барынша жақындату негізгі мақсат болды.
Үздіксіз тоқырау жағдайындағы білім беру мекемелері үшін
Ұлыбританияда нарықтық орта құру әрекетінде өте қызық және нәтижелі
эксперименттер жүргізілді. Олардың бірі әу баста жұмыстың инновациялық
стиліне ниеттенген және көрсетілетін қызмет «планкасын» беретін жергілікті
(колледждің, мектептің) бәсекелес пайда болуынан тұрады.
Ұлыбританияда мемлекет білім беру саласындағы өзгерістер мен
инновация идеяларын таратушы рөлін атқарады.
Нәтижесінде қоғамның білім беруді басқару механизмі ретінде қатысуы
мектептердің Басқарушы кеңестерін үлкен жетістікпен пайдалану мүмкіндігін
7
береді.
Шындығында әрбір ағылшын мектебінде қоғамдық Басқарушы кеңес бар
(ол бұрын «Басқарушы орган» деп аталды). Бұл Кеңес, заң жүзінде, мектептің
қызметіне басшылық жасауы тиіс. Осы органның құрамына келесі өкілдер
кіреді:
‐ ата-аналар, оларды басқа ата-аналар сайлайды;
‐ мұғалімдер, оларды мектеп қызметкерлері сайлайды;
‐ директор;
‐ жергілікті басқару органының өкілдері.
Бұл топ Кеңестің басқа мүшелерін: іскерлік орта мен жергілікті
қауымдастықтың басқа да маңызды құрылымдарының өкілдерін тартады. Егер
мектептің қызметін қайырымдылық қоры қолдап отырған болса, олар осы
қордың да жұмысын басқарады. Кеңестің құрамында оқу орнының көлеміне
байланысты 15-тен 20-ға дейін адам болады. Кеңес төрағасы сайланады, ол
мектеп директоры, немесе мектеп мұғалімдерінің бірі болмайды.
Педагогикалық құрамды негізінен директор іріктесе де, Кеңес мұғалімдердің
лауазымын бекітеді. Шын мәнінде Кеңес мектептің педагогикалық құрамы
үшін жұмыс беруші рөлін атқарады. Мектептің Басқарушы кеңесі мектеп
бюджетін бөлуге жауап береді. Кеңес қаржыны жұмсауда басымдықтарды
орналастыру үшін жауап береді, қанша мұғалім тағайындау, басқа қанша
қызметкер қабылдау, қандай техника және кітаптар сатып алуды, мектеп
ғимаратының жөндеу жұмыстарына және қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін
қанша қаржы жұмсау қажет екенін шешеді.
Ол мектептің оқу бағдарламасы үшін жауап береді (міндетті ұлттық оқу
жоспарын орындауға бөлінген уақыттан тыс сағаттарға иелік ете алады) және
мектеп өмірінің ережесін (оқушылар тәртібінің ережесі, мектеп формасын
енгізу немесе бас тарту) орнатады.
Ол шын мәнінде мектеп ғимаратының қожайыны болуы мүмкін, іргелі
инвестициялардың көп бөлігін тартуға жауап береді. Кеңестің жұмысын
жұртшылық бақылайды. Жылына бір рет Кеңес мүшелері мектептің қызметі
туралы жылдық есепті жариялап отыруы тиіс, онда мектептің білім беру
тестілеуіндегі нәтижелері де көрсетілуі қажет. Мұнан кейін жалпымектептік
жиналыс болады, онда оқушылардың ата-аналары дайындалған баяндаманың
мәні бойынша сұрақтар қоя алады. Қолда бар деректерге сүйене отырып, Кеңес
балаларды оқыту мен мектептің келешектегі жай-күйінің сандық көрсеткішін
жасайды, бұл көрсеткіштерді жетілдіру жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ
жоспарланған көрсеткіштер де (мақсаттар) жарияланады. Кеңес қызметінің
көптеген түрі мектеп саясатын іске асыруда ең беделді дауысқа ие болатын
директордың тікелей қатысуымен атқарылады. Жергілікті биліктер мектеп
өмірін тура басқара алмайды. Бірақ олар мекеменің үлгеріміне мониторинг
жүргізеді және өз тарабынан қаржының жұмсалуын бақылайды. Мектептерге
өкілеттікті табыстау – шындығында оларды өзін өзі басқаруға, дербес және
тәуелсіз режимге ауыстыру, – олар бірқатар шарттарды орындағаннан кейін
ғана мүмкін болады. Егер мектепті басқару тиімсіз, сыбайлас жемқорлық
8