жағдайы немесе мектептің академиялық көрсеткіштері сәйкес емес болса және
ата- аналардың шағымын тудырған кезде жергілікті өкіметтің араласу құқығы
бар және араласуы тиіс. Мұндай билікті құқық заңмен ресімделген.
Араласудың ең жеңіл формасы – бұл жазбаша ескерту, ол мектеп директорына
және мектептік басқару органына (кеңеске) жолданады. Онда қалыптасқан
жағдайды түзету бойынша мектеп қандай шара қолдануы тиіс екені
хабарланады. Ең болмағанда, өкімет мектептен бюджетін тартып алуы немесе
басқару органдарын ауыстыруы мүмкін. Бірақ әр жолы, мектептің қызметіне
араласқысы келген кезде, олар өздерінің араласуын дәйекті түрде дәлелдеулері
қажет.
Ағылшын реформасының жетістіктері мен проблемалары:
1)
Білім беруді реформалау үшін мектептер тікелей жауапты. Ол үшін
мектептер қаржымен және билік өкілеттігімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз
етілген. Олар жұртшылық алдында есеп беруге міндетті болғандықтан оларға
артылатын жауапкершілік те көбейе түседі.
2)
Жақсы директорлар мен мұғалімдерде көптеген формальды
тәуелділіктен азат болу сезімі пайда болды. Енді шұғыл жөндеу жұмыстары
қажет болған жағдайда білім беруді басқарудың жергілікті органдарынан
рұқсат сұрау қажет емес. Сондай-ақ мұны ешкіммен келісу керек емес, тек
алып, жасау қажет.
3)
Мектептерді түрлендіру мүмкіндігі пайда болды, себебі әр мектеп өз
тағдыры үшін жауапты.
4)
Мектеп өмірін демократияландыру. Қазіргі таңда мектепті басқару ісіне
ата-аналар бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым көп қамтылып отыр.
5)
Мектеп атқаратын негізгі міндеттерге қатысты мәліметтер кең түрде
жарияланады. Білім берудегі жариялылықтың британдық нұсқасы міне,
осындай. Сол себепті ешқандай проблема жұртшылық назарынан тыс
қалмайды.
Дегенмен, күні бүгінге дейін лайықты шешімі табылмай отырған
мәселелер бар.
Бірінші проблема: мектептік Басқарушы кеңестің құрамына кіретін
азаматтар шындығында еріктілер (волонтер) болып жұмыс жасайды, оларға бұл
еңбектеріне ақы төленбейді, бірақ бұдан Кеңес мүшелерінің жауапкершіліктері
азаймайды.
Екінші проблема: бұрынғыша көп нәрсе директорға, оның тұлғалық
қасиеттеріне және кәсіби біліктілігіне байланысты. Қазір мектеп басшыларын
дайындауға көп қаржы бөлінуде. Бұл процесс 90‐жылдардың ортасында
басталды, шындығында оны ең болмағанда 80‐жылдары бастау қажет еді.
Өзгеріс процесі кей уақытта проблемалы және шиеленіскен сипатта болғанына
қарамастан, қазір көптеген ағылшын мектептерінің қызметкерлері (ата-аналары
да) «уақытты кері бұруға» және бұрынғы жағдайға оралуға келіспейді деп
сеніммен айтуға болады.
Басқарушы кеңестерді (БК) құру және қызмет ережесі 2003 жылдың
наурыз айында қабылданды, және келесі жаңа ережелер 2003 жылдың 1
9
қыркүйегінен 2006 жылдың 31 тамызына дейін қолданысқа енгізілуі тиіс
болды. Біздің жағдайда Басқарушы кеңестердің ағылшындық моделін енгізу
мүмкін емесі анық.
Білім берудегі жағдай, және де біздің қоғамның азаматтық мәдениеті
мектеп жұмысының барлық жауапкершілігін кеңеске жүктеп қоюға мүмкіндік
бермейді. Англияда бұл үшін 15 жыл қажет болды. Шын мәнінде Басқарушы
кеңес директорға, оқушыларға, ата-аналарға, директормен бірге мектептің бүкіл
педагогикалық қызметкерлеріне басшылық жасайды.
Біздің жағдайда Басқарушы кеңесті басқару вертикалында мектеп
директорына теңеп, алқалы орган ретінде құрып көру керек. Бұл кезде
мүдделер жанжалын болдырмау үшін басқару өкілеттігін директор, кеңес және
білім беруді басқарудың жергілікті органы арасында бөлуге аудару қажет.
Осы іс-тәжірибе нығаюына қарай мектептік білім беру табиғи түрде
басқарудың жаңа принциптері мен стиліне ауысады, директорлар мен
әкімгерлерге қойылатын талаптарды, соңынан білім беруді басқарудың барлық
жүйесін өзгертеді.
Соңында, бірақ ағылшындар айтқандай, мектеп кеңестерінің пайда болуы
–
білім беру жүйесін ырықтандыру жолы ғана емес, сонымен бірге азаматтық
қоғамды дамыту, демократияны дамыту инструменті маңыздылығы жағынан
соңында емес.
АҚШ және Еуропа мектептеріндегі қамқоршылық кеңестері қызметінің іс-
тәжірибесін қарастырайық.
«АҚШ мемлекеттік мектептеріндегі басқарушы органдар» тақырыпшасы
функционалдық міндеттер, білім беру саясатын дайындау, білім беру
ұйымдарын басқару, мемлекеттік білім беру саясатына, шешім қабылдау
рәсіміне жұртшылықты тарту, мектеп кеңесінің құрамы, өкілетті мерзімі мен
мектеп кеңесі мүшелерін оқыту туралы талдау ақпаратынан тұрады. Мұнан
басқа осы бөлімде Калифорния штаты мысалында мемлекеттік мектептердегі
мектеп кеңесінің моделі қарастырылады.
Мектеп кеңесі білім берудің қоғамдық-мемлекеттік басқарудағы негізгі
механизмі ретінде жұртшылықты тартудағы мектеп кеңесінің рөлі және оның
міндеттері, мектеп кеңесі мүшелерінің міндеттері, мектеп кеңесін құру рәсімі
мен құрамы, мектеп кеңесі мүшелерінің саны, мектеп кеңесінің өкілетті мерзімі
және сайлау зерделенген.
АҚШ қамқоршылық кеңестері туралы мәселені зерделеудегі келесі
маңызды кезең – бұл жеке мектептердің моделін зерттеу. Сол себепті құралда
Гэллоуэй, Пайдея, Беркли Кэрролл жарғылары мысалдарында жеке мектептер
басқарушы органының моделі ұсынылған.
Қамқоршылық кеңестерінің еуропалық модельдері талдаулық шолудың
үшінші бөлімінде қарастырылған. Бұл жерде Еуропалық Одақтағы басқарушы
органдар, және Англия егжей-тегжейлі зерделенген.
Еуропалық Одақтағы Басқарушы органдардың талдаулық шолуы
Еуропадағы қазіргі кездегі бар модельдердің жалпы сипаттамасынан тұрады,
Финляндия, Норвегия, Нидерланды және Швейцарияның іс-тәжірибесі
10