Рудный қаласы әкімдігінің



жүктеу 4,82 Mb.
бет4/6
Дата23.11.2018
өлшемі4,82 Mb.
#23926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

«Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен спорт бөлімі «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Спорт бөлімі көрсететін мемлекеттік қызмет балама емес болып табылады және ХҚКО арқылы ғана жүргізіледі.


Осы қызметтің ерекшелігіне байланысты және жаттықтырушыларға разряд және біліктілік беру қызметін тек қана уәкілетті орган (яғни спорт бөлімі) беруге құқылы болғандықтан, қызмет алушылардың үлесі қала тұрғындарының санынан емес, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдар санынан қалыптасады.

2018 жылдың 1 қаңтарына спорт бөлімімен 475 спортшы бұқаралық дәреже алды және 9 жаттықтырушыға екінші біліктілік санаты берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үлесі 1,2% құрады.

Талдауды негізге ала отырып, тұрғындарды дене шынықтыру және спорт қызметімен қамтамасыз ету деңгейі, сонымен қатар қалада осы секторлар мекемелері құрылымдарының салаластығы жоғары екенін атап өткен жөн.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

1. Спорт объектілеріне тұрғындар қатысуының артуы.

2. Дене шынықтыру және спортпен барлық жастағы тұрғындардың қамтылуының өсуі.

3. Рудный қаласында «Futsai Arena» спорт кешенін жалға беру бойынша МЖС болуы.




Әлсіз жақтары (W)

1.Материалдық-техникалық базаның нашар жабдықталуы.

2. Спорт залдарының жеткіліксіз саны.

3. Бюджет балансындағы спорт кешендерінің жоқтығы.



Мүмкіндіктері (О)

1.Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қалалық инфрақұрылымда жағдай жасау.

2.Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу.

3.Қолда бар спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу.

4. Қызметтің барлық салаларында жұмысшылардың кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).


Қауіп-қатерлері (Т)

1. Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорттық нәтижелер көрсететін спортшылар мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, нормативтік құқықтық актілер толық жетілдірілмегендіктен осы сектордан кадрлар кетуде және осы бағыттағы біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалады.




Негізгі мәселелер

Спорт инфрақұрылымының толық дамымауы.

Спорт ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуының төмен деңгейі.

Еңбекақының және жаттықтырушы оқытушылар құрамының төмен деңгейіне байланысты білім беру секторындағы дене шынықтыру және спорт секторынан білікті кадрлардың кетуі.



Даму тенденциясы

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар үлесінің артуы.

Қаладағы спорт мектептері мен клубтарында оқу-жаттықтыру процесі сапасының жақсаруы.

Әртүрлі деңгейде өтетін жарыстардағы жоғары нәтижелерге жету.


2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті талдау

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
Рудный қаласында 2017 жылдың 9 айында тіркелген қылмыстың үлесі 14,1% құрады, (облыс бойынша барлығы 13009 қылмыс тіркелген). Рудный қаласының ІІБ 1845 қылмыс тіркелген. (38,5% қысқарды немесе 1156 факті), ауыр қылмыс саны 16,0%-ға (168 қарсы 200) төмендегенде, аса ауыр қылмыс саны 35,7%-ға (19-дан 14-ке) өсті.

Мыналардың саны өсті:

- қасақана өлтіру (125,0%, 5 фактіге, 4-тен 9-ға дейін);

- ауыр дене жарақаты (9,7%, 3 фактіге, 31-ден 34-ке дейін);

- зорлау (20,0%, 2 фактіге, 10-нан 12-ге дейін);

- тонау (450,0%, 9 фактіге, 2-ден 11-ге дейін);

-автокөлікті ұрлау (6,7%, 2 фактіге, 30-дан 32-ге дейін);

- мал ұрлау (100,0%, 5 фактіге, 0-ден 5-ке дейін).

- есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс (1,8%, 2 фактіге, 114-тен 116-ға дейін); 116 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде есірткі сатуға байланысты – 40; заңсыз айналымнан 26 кг 854 гр (2016 жылы 532,5 гр) есірткі алынды.

Мыналардың саны қысқарды:

- алаяқтық (-62,5%, 5 фактіге, 8-ден 3-ке дейін);

- тонау (-46,3%, 87 фактіге, 188-ден 101-ге дейін);

- біреудің затын ұрлау (-47,2%, 932 фактіге, 1973-тен 1041-ге дейін);

- азаматтардың пәтерлерінен ұрлау (-48,6%, 372 фактіге, 766-дан 394-ке дейін);

- автокөлікті тонау - (-65,6%, 64 фактіге, 93-тен 32-ге дейін);

- ұялы телефондарды ұрлау - (-37,5%, 138 фактіге, 368-ден 230-ға дейін);

- бұзақылық (42,0%, 29 фактіге, 69-дан 40-қа дейін);

- алаяқтық (-23,1%, 25 фактіге, 108-ден 83-ке дейін);

- жасалған қылмыстардың саны өсті (қысқарды):

- қоғамдық орындарда (-32,9%, 339 фактіге, 1031-дан 692-ке дейін үлес салмағы 37,5);

оның ішінде көшеде (-31,0%, 178 фактіге, 575-дан 397-ке дейін үлес салмағы 21,5);

ішімдік ішу арқылы (-6,9%, 22 фактіге, 318-ден 296-ға дейін үлес салмағы 31,5);

жасөспірімдер жасаған (+26,3%, 5 фактіге, 19-дан 24-ке дейін үлес салмағы 2,6);

бұрын сотталғандармен (-8,3%, 58 фактіге, 701-ден 643-ке дейін үлес салмағы 68,4);

ауыр және аса ауыр қылмысты ашу құрады – 79,3% (78,6% және 81,8% (92,3%) сәйкесінше.
Қылмыс динамикасы





2013

жыл


2014 жыл

2015

жыл


2016

жыл


2017 жылдың 9 айы

Тіркелген қылмыстың саны

4646

3941

3542

3577

1845

Оның ішінде ауырлық санаты:
















Үлкен емес

420

499

496

298

161

Орташа ауыртпалық

3733

3135

2726

2605

1192

Ауыр

469

286

286

234

168

Өте ауыр

24

21

34

29

19

2015 жылы тіркелген қылмыс саны 3542 бірлікті құрады, ол 2013 жылы тіркелген қылмыс санынан 23,7%-ға төмен. Орташа ауыртпалық қылмыс саны 13%-ға (2726 қарсы 3135) төмендегенде, аса ауыр қылмыс саны 61,9%-ға (21-ден 34-ке) өсті.

2016 жылы тіркелген қылмыстар саны 3577 құрады, ол 2015 жылғы тіокелген қылмыстан ұқсас кезеңнен 9,9% құрады, қылмыстың барлық түрлерінен төмендегені байқалады.

Қылмыстың алдын алу, оны ашу, тергеу жөніндегі ұйымдасқан қабылданған және тәжірибелік шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар тергеу, криминалды полиция, қоғамдық қауіпсіздік, жол полициясы бөлімшелерін нығайту барысында және басқа да қабылданған алдын алу шараларының арқасында ауыр қылмыстың төмендеуіне қол жеткізілді.

2016 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылуы -70,0%-ды (74,4%) және тиісінше 60,0%-ды (100,0%) құрады.

Мыналардың саны өсті:

- дене жарақаты (69,6%, 16 фактіге, 23-тен 39-ға дейін);

- ұрлық (22,5%, 38 фактіге, 169-дан 207-ге дейін);

- біреудің затын ұрлау (6,5%, 144 фактіге, 2206-тен 2350-ге дейін);

- азаматтардың пәтерлерінен ұрлау (-11,2%, 84 фактіге, 748-дан 832-ке дейін);

Мыналардың саны қысқарды:

- қасақана өлтіру (40,0%, 4 фактіге, 10-нан 6-ға дейін);

- зорлау (25,0%, 3 фактіге, 12-ден 9-ға дейін);

- тонау (450,0%, 9 фактіге, 2-ден 11-ге дейін);

- қосалқы (66,7%, 2 фактіге, 3-ден 1-ге дейін);

-автокөлікті ұрлау (41,4%, 24 фактіге, 58-ден 34-ке дейін);

- мал ұрлау (66,7%, 2 фактіге, 3-тен 1-ге дейін);

- ұлы телефон ұрлау (1,8%, 8 фактіге, 457-ден 449-ға дейін);

- бұзақылық (46,9%, 216 фактіге, 177-тен 94-ке дейін);

- ұрлық (64,1%, 83 фактіге, 337-ден 121-ге дейін);

ішінде есірткі сатуға байланысты – 52; заңсыз айналымнан 7 кг 609 гр (201 жылы 3 кг 854 гр) есірткі алынды.

Есірткіге байланысты заңсыз есірткі тасымалдау қылмысы (20,8%, 38 фактіге, 383-тен 145-ке дейін); 145 есірткі қылмысының 71 өткізге қатысты; заңсыз тәлкіленді 33,396,716 грамм (2015 жылы – 7,2226,592 грамм) есірткі.

Топтық және қайталанатын қылмыстың, алкогольден мастанған жағдайда жасалатын қылмыстың алдын алу міндеті маңызды болып қала береді. Мұнда бірінші кезекте алдын алу есебінде тұрған адамдармен жұмыс жасау ұйымдастырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға 1 жылжымалы, 1 стационарлық полиция орны, 10 автопатруль жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын 46 полиция қызметкері қызмет етеді. ІІБ күшімен 43 жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Учаскелік полиция инспекторларымен (43 бірлік) 2674 адаммен жеке-алдын алу жұмыстары жүргізіледі (оның ішінде 255 бұрын сотталғандар, 783 ішімдікке салынғандар, 554 нашақорлар, 99 ҚМБ, 11 әкімшілік қадағалау, 185 ҚРТ, 597 кәмелеттік жасқа толмағандар).

Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс саны 24 (2016 жылы – 19 ).

Ювеналды полиция инспекорлар саны 31 бірлікті құрайды.

Ескерту-алдын алу қызметі Рудный қаласының құқық қорғау органдарымен жүргізіледі. Жұмыс жылдары ішінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім (бұдан әрі - КІБ) жұмысы құрылымын анықтау қалыптасты: бірлескен отырыстар, қатысушылармен жеке-алдын алу жұмыстары; КІБ есепте тұрған тізбені нақтылау мен салыстыру (ай сайын); ай сайын бірлескен қоғамдық-алдын алу іс-шаралары, рейдтік іс-шаралар.

Бас бостандығынан айыру орындарынан оралған кәмелеттік жасқа толмаған адамдарды жұмысқа орналастыру, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдары білім бөлімінің бақылауында тұр. Алдын алу жұмыстарының алға қойылған міндеттерінің бірі құқықтық, адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда және кәмелетке толмағандар арасындағы бейәлеуметтік мінез-құлықты ескертуде мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін келісуді қамтамасыз ету болып табылады. Жыл сайын ата–ана қоғамымен позитивтік өмір құндылықтарын құру мәселелері бойынша конференция жүргізіліп тұрады. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету шаралары ұйымдастырылып, жүргізіледі.

2017 жылдың есеп беру кезеңінде Рудный қаласының аумағына 5280 шетел азаматтары келді, барлығы алыстағы шетелдерден келді.

Әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 304 шетел азаматтары тартылды, оның ішінде 12 елден қуып шығарылды. Заңсыз шетел азаматтарын тарту бойынша 7 факті анықталды. Шетелдіктермен 6 қылмыс жасалды, шетелдіктерге қатысты 19.

2015 жылдың есеп беру кезеңінде тергеушілер іс жүргізуінде 3970 (2014 жылы 3941)қылмыстық іс болды. Оның ішінде өндіріспен 1303 сотқа бағытталды (1213/532-2014 жыл).

2017 жылы тергеуші өндірісінде 2598 іс болды (2016 жылы 4733). Оның ішінде өндірістік сотқа 459 іс бағытталды (1435/456-2016 жыл).

Рудный қаласы автопаркінің саны 27901 бірлік көлігін құрайды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің штаттық саны, оның ішінде құрылымдық бөлімшелері – 90 бірлік. Рудный қаласының жолдарында 36 (2016 жылы 39 немесе – 7,7%) жол-көлік оқиғалары тіркелген, онда 8 (2016 жылы – 5 ) қайтыс болды және 36 (2016 жылы -43) адам.

Рудный қаласы ІІБ-ның әкімшілік полиция құрылымдары құқық бұзушылық пен қылмысты ескерту, болдырмау және алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын, бас бостандығын қорғау бойынша жағдай жасау.

2. Қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық тіркеу және есепке алу.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған өзгенің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасын іске асыру.

4. Полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік дайындығын және кәсіби деңгейін арттыру.


Әлсіз жақтары (W)

1. Ішкі істер органдарының негізгі қызметтеріндегі тұрақсыздық және кәсіби мамандардың кетуі.

2. Отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының жетпеуі.

3. Тұрмыстық мастану, алкоголь мен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмеуі.

4. Ауыр өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалтудың жеткіліксіз деңгейі.

5. Полиция бөлімшелерін қажетті материалдық-техникалық жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі.



Мүмкіндіктері (О)

1. Қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру.

2. Ақпараттық жүйелерді және электрондық деректер базасын құру және жаңғырту.

3. Құқық бұзушылық пен қылмыс санының өсуіне уақытылы шаралар қабылдау.

4. Террористік және экстремисттік ұйымдар мүшелерін ұстау және анықтау бойынша іс-шаралар өткізу.

5. «Мектеп» полиция инспекторлары институтын дамыту.

6. Полиция нарядтарын жеделділігін арттыру.

7. Жедел басқару орталығының функцияларын пайдалануды кеңейту.

8. Қалада бейне бақылау жүйесін құру.


Қауіп-қатерлері (Т)

1. Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында қылмыстық топтарды белсенді түрде шоғырландырудың қауіп-қатері өсуде.

2. Қазақстанға көршілес мемлекеттерде болып жатқан тұрақсыз әлеуметтік-саяси ахуал көші-қонның және оған ықпал ететін қылмыстардың өсуіне әсер етеді.

3. Экстремалдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдарды ұсынатын шетел миссионерлерінің және діни бірлестіктердің қызметі.




Негізі мәселелер

Рудный қаласының ІІБ кадрларының толық болмауы.

Учаскелік жол полиция қызметкерлері мәдени әрекеттерінің төмен болуы.

Қоғамдық орындарда және көшелердегі қылмыстың жоғары салыстырмалы үлесі.

Жол жүрушілердің жүріс-тұрыс мәдениетінің төмендігі.

Қала полицейлері, оның ішінде жол патрульдік полициясы бос лауазымдарының толық болмауы.

Автопатруль, жылжымалы және стационарлық полиция пункттерінің тапшылығы, оларды компьютерлермен, қолданыстағы бірыңғай деректер банкіне қолжетімділікпен жабдықтау.

Бас бостандығынан айырылған тұлғаларды бейімдеу және оңалтудың толыққанды жүйесі.

Тұрғындарды есірткі пайдалануға таратудың жоғары деңгейі.

Нашақорлықты алдын-алу жүйесін құруды қажет етеді.



Даму тенденциясы

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жол жүру ережесін және қоғамдық тәртіп саласындағы заңнаманы сақтау.

Тәулік бойы жол жүру ережесін автоматты түрде белгілеу және бақылау жүйесін дамыту.

Есірткі құмарлықтың ерте алдын алу жүйесін құру талап етіледі.

Мамандандырылған медицина мекемелерін дамыту.

Заң шығару деңгейінде нашақорлыққа қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға амалдарды ұйымдастыруды жетілдіру.

Барлық мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып қолданыстағы ақпараттық-насихаттау шаралары кешенін қабылдау.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының ауыртпалықтарын төмендету және ескерту

Рудный қаласының аумағы мезгілдік су тасқынына, өндірістік және ландшафтты өрттерге, қауіпті метеорологиялық құрылыстарға (қар жауу, қатты желдер мен боран, ауа температурасының тез төмендеуі, қатты аяздар, мұзды тайғақ құрылыстар, құрғақшылық) ұшырағыш болып келеді.

Төтенше жағдайлар бойынша ақпарат


Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Өрттер

148

124

138

148

85

Төтенше жағдайлар

9

11

49

3

1

Өрт жағдайында қайтыс болды, адам

5

9

12

5

0

Өрттен құтқарылғандар, адам

8

7

7

4

1

БАҚ сөз сөйлеу

449

497

459

652

433

Өрт қауіпсіздігіне оқытылған азаматтар

2521

1096

2025

6866

7700

Үй-үйді аралау

356

521

425

3088

1574

2017 жылдың ағымдағы кезеңінде қала аумағында 1 төтенше жағдай болды, салдарынан 2 адам қаза болды, 2016 жылы 3 төтенше жағдай болды, салдарынан 2 адам қаза болды, 2015 жылы 49 төтенше жағдай болды, салдарынан 17 адам қаза болды, 2014 жылы – 11 төтенше жағдай болды, салдарынан 10 адам қаза болды.

Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар фактілеріне тоқсан сайын талдау жасайды.

2017 жылдың 9 айының ішінде Рудный қаласының аумағында тұрмыстық және өндірістік өрт шығудың 85 жағдайы болды, 2016 жылы 148 жағдай, 2015 жылы 141 жағдай, 2014 жылы 124 жағдай тіркелді.

Өрт салдарынан 2017 жылдың ағымдағы кезеңінде адамдардың қаза табуы болған жоқ, 2016 жылы 5 адам қаза болды, 2015 жылы 12 адам қаза болды, 2014 жылы 9 адам қаза болды. Өрт сөндіру қызметі мен авариялық-құтқару жұмыстары қызметкерлерімен 2017 жылы 1 адам құтқарылды, 2016 жылы 4 адам, 2015 жылы 7 адам, 2014 жылы 7 адам құтқарылды. 2017 жылдың 9 айындағы өрт салдарынан болған материалдық шығын 400000 теңгені құрады, 2016 жылы – 345 997 теңге, 2015 жылы – 900 000 теңге, 2014 жылы – 2 675 000 теңгені құрады. 2017 жылы 2016 жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда өрт саны 26,7 % азайды, материалдық шығын 15,6 % артты.

Өрттер көбінесе келесі себептермен пайда болды:

- 2017 жылы: отты абайсызда қолдану – 61 оқиға, ошақ пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы – 7 оқиға, электр құралдарын техникалық пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу – 14 оқиға, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 3 оқиға.

- 2016 жылы: отты абайсыз қолдану – 104 оқиға, өртеу – 6 оқиға, пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы – 10 оқиға, электр құралдарын техникалық пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу – 18 оқиға, дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 4 оқиға, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 2 оқиға, тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу– 2 оқиға, балалардың тентектігінен болған – 1 оқиға.

- 2015 – 2014 жылдары: отты абайсыз қолдану – 2015 жылы 106 оқиға, 2014 жылы 45 оқиға 136 % артқан; өртеу – 2015 жылы 8 оқиға, 2014 жылы 27 оқиға, 70 % кеміген; пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы – 2015 жылы – 3 оқиға, 2014 жылы – 12 оқиға, 75 % азайды; электр құралдарын техникалық пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу – 2015 жылы 14 оқиға, 2014 жылы 10 оқиға, 40 % артқан; дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 2015 жылы 1 оқиға, 2014 жылы 5 оқиға, 80 % кеміген, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 2015 жылы 3 оқиға, 2014 жылы 2 оқиға, 50 % артқан.

Қалада аумағында 2 химиялық қауіпті объект орналасқан: «Рудненский водоканал» ЖШС сүзгі станциясы, «Фирма «Арасан» ЖШС, бұлар өз өндірісінде қатты әсер ететін улы заттарды: 22,5 тонна хлорды, 0,9 тонна аммиакты қолданады. Осы объектілерде ҚӘУЗ-дан өндірістік персоналды және аумақты қорғау және оларды тастаудан авария салдарын жою жоспарлары әзірленген және бекітілген. Қаланың химиялық қауіпті объектілеріне (ХҚО) ҚӘУЗ-ды тастағанда авария болған жоқ.

Қала әкімінің өкімімен табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал ТЖ жою үшін (2010 жылғы 27.10.шығ.№ 150 ) жалпы саны 2951 адам болатын тобы құрылды, соның ішінде: 4 штабты мамандандырылған құрылымдар (171 адам санымен), шұғыл елеу жасағы (122 адам және 32 техника бірлік санымен), 71 аумақтық қалыптастыру, (1385 адам санымен), 271 объекттік қалыптастыру, (1273 адам санымен).

Бүгінгі таңда бейбіт және соғыс кезінде төтенше жағдайлар төнген жағдайда қала тұрғындарына жария ету ақпарат берудің қолжетімді құралдарын, дауыс зорайтқыш қондырғылары бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет және полиция органдарының автомобильдерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Қостанай облысы ІІД-нің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 134 және ТЖД-нің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 85-б бірлескен бұйрығына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қауіп-қатері төнген жағдайда МӨҚ-тің жария етуші автомобильдері үшін халыққа және мемлекеттік органдарға жария етудің 36 пакеті әзірленген. «Рудный даусы» телеарнасы және радиосы арқылы тұрғындарға ақпарат беру қарастырылған. Рудный қаласының әкімімен бекітілген «Баршаның назарына» хабарландыру белгісі бойынша электр дабылдамаларын іске қосу және тұрғындарға ақпарат беру схемасын Төтенше жағдайлар басқармасы әзірленді.

Рудный қаласында 2016 жылы шомылу кезіңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыс өткізілді. ТЖ бойынша Басқарма, МПС және Рудныйлық СРАОСО бөлімшесімен 2016 жылы судағы шомылу кезіңінде күзету және ең қауіпті акваторий және халықтың жаппай демалыс орындарында бірлескен партрульдеу және рейдтер өткізу графигі құрылған.

Рудный қаласының су-құтқару станциясымен құтқару, су астына сүңгу жабдығы мен құралдары дайындалды (гидрокостюмдер - 6 дана, дем алуға арналған аппараттар – 4 дана, жоғары қысым компрессоры – 2 дана, құтқарушы жилеті – 4 дана, құтқару шеңбері – 4 дана). Жүзу құралдары дайын күйге келтірілді (еспелі қайық – 1 дана сыйымдылығы 4 адам, үрлемелі қайық - 3 дана сыйымдылығы – 20 адам). Су қоймаларындағы ТЖ кезінде шұғыл әрекет ету үшін шұғыл режимде жұмыс істеуге арналған іздеу тобы құрылды.

УАЗ – 390902 автокөлігі техникалық ақаусыз күйде, қажетті мөлшерде ЖЖМ және азық-түлік қоры жасалды.

Рудный қаласының аумағында шомылуға арналған ресми орындар қарастырылмаған. Сонымен қатар қалада ұйымдастырылмаған және ресми емес шомылуға арналған орындар бар, олар демалуға арналған мәдениет және демалыс саябағы және МЖК ауданы аумағында орналасқан. Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында 8 туристік база (Таран ауданы) аумағында және қалада жаппай шомылу орындарының стихиялық орындарының түбін тазарту және суға сүңгіп тексеру ұйымдастырылған. Азаматтардың өмірін және денсаулығын сақтау мақсатында су қоймаларының 5 жабдықталмаған және қауіпті учаскелерінде тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған.

Рудный қаласының аумағында азаматтардың қаза болуына жол бермеу бойынша іс-шаралар өткізу үшін 2015-2016 жылдар және 2017-2018 жылдарға арналған шомылу кезеңіндегі су қоймаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы, Ішкі істер басқармасы, Рудный қаласының судан-құтқарушы станциясы және Рудный қалалық білім бөлімі арасында бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар Рудный қаласының әкімі – ТЖК төрағасымен бекітілді.

2016 жылдың 13 сәуірінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қалалық комиссияның отырысы келесі тақырыпта өтті: «2016 жылдың шомылу кезеңінде Рудный қаласының су қоймаларында халықтың қаза болуының алдын алу іс-шаралары туралы».

«2016-2017 жылдарда судағы шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» төтенше жағдайды жою және алдын алу бойынша комисия төрағасымен – Рудный қаласы әкімімен әзірленген және бекітілген.

«Рудный қаласы әкімдігінің Рудный қаласының білім бөлімі ММ» бірлесіп «Қауіпсіз каникулдар» үгіттеу мен насихаттау жұмыстарының бірлескен жоспары құрылды.

Рудный қалалық білім бөлімімен бірлесіп мектеп басшыларымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, лагерьлердегі жауаптылармен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі ережелері» және «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында жиналыстар өтті, жадынама таратылды.

«Казпошта» АҚ Рудный ҚПБТ жергілікті баспаға басылымға 600 жадынама қосымша «Өрт қауіпсіздік ережелері және су қоймасындағы қауіпсіздік жадынамасы» шығарылды;

Жергілікті «ТВС» телеканалында барлық шомылу маусымы аралығында тәулігіне 12 рет «Су қоймасындағы болу ережесі» бейнеролик трансляциясы шығарылды, сонымен қатар №1 ЦОН бөлімінде «Су қоймасындағы болу ережесі» бейнеролик трансляциясы шықты.

Тобыл өзеніндегі 4 ұйымдастырылмаған жерлерде 5 «Шомылуға тыйым салынған» тыйым салу белгілері орналтылған.

Су қоймаларына шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Рудный қаласының «Океан» ӘПЖ тәрбиеленушілері 4-адам Рудный қаласының «СРАОСО» суға сүңгуші-құтқарушылар куәлігін адлы және суға шомылу кезеңінде Тобыл өзенінің жағажайындағы азаматтардың жаппай демалатын орындарында «Мәдениет және демалыс саябағында» кезекшілік өткізілді.

2017 жылдың суға шомылу кезеңін қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Рудный қаласында нақты жұмыстар өткізілді. 2017 жылдың суға шомылу кезеңінде қауіпті акваторийларда және халықтың судағы жаппай демалатын жерлерінде ТЖ Басқармасы, ЖПҚ және Рудный СРАОСО бөлімінің бірлескен патрульдеу және рейдтер өткізу графигі жасалды.

22.05.2017 жылы қала әкімінің орынбасары А.Т. Өмірбаевтың төрағалығымен Рудный қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның отырысы өтті, онда келесі мәселе қарастырылды: «2017 жылдың суға шомылу кезеңінде халықтың қаза болуының алдын алу шаралары туралы». Отырыс нәтижесі бойынша 2017 жылдың суға шомылу кезеңінде халықтың қаза болуының алдын алу бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді.

«Суға шомылу кезеңі» және «Өрт қаупі бар кезеңде» алдын алу қауіпсіздік шаралары аясында төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының МБ «СРАОСО» бірлесе отырып 22.05.2017 жылы келесі тақырыптарға интерактивті сабақ ұйымдастырды: «Жаз кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері» және «Судағы қауіпсіздік ережелері» оған Рудный қаласының және Қашар кентінің 21 орта мектептерінен 1543 оқушы қатысты.

29.05.2017 ж. Рудный қаласы әкімдігінің КГКП «Шығармашылықты дамыту және жастар сарайында» Рудный қаласының төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруға қойылатын талап негіздері» қалалық семинарын өткізді. Қала семинарының тақырыптарының бірі – «Жаз кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері және судағы қауіпсіздік әрекетінің ережелері» болды. Семинарға әлеуметтік педаготар, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары, мектеп алаңдарының (лагерлердің) бастықтары, мектеп алаңдары кезінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, жалпы саны 71 адам қатысты.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Рудный қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындармен өрт кезінде және суда адамдардың қаза болуының алдын алу және ескерту мақсатында түсіндіру және алдын алу шаралары өткізіледі, сонымен қатар төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерлері қаланың бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстарын өткізеді.

2017 жылдың шомылу маусымы басталған кезден бастап шомылу маусымы кезеңіндегі адамдардың жарақат алу қатерін және қаза болуын төмендету мақсатында, қала аумағында орналасқан жергілікті телеарналарда және LED экрандарда «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» атты ескерту бейнероликтері көрсетілді. 2017 жылдың шомылу маусымы кезеңінде Басқарма қызметкерлері «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында өткізілді: рейдтер (ЖПҚ бірлесе отырып) – 134; интерактивті сабақтар – 1; сұхбаттасу/дәрістер – 962; радио бағдарламалар – 30; телебағдарламалар – 8; газеттерде мақалалар басылымға шықты – 2.

Тұрғындар арасында «Судағы қауіпсіздік іс-әрекетінің ережелері» тақырыбына – 1606 дана көлемінде, «Аз көлемді қайықта балық аулау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбына – 100 дана көлемінде парақашалар, нұсқамалар, жадынамалар таратылды.

Рудный қаласының әкімі Б.Т. Ғаязовтың 2016 жылғы 15 қаңтарда бекіткен 2016 жылы Рудный қаласының объектілерінде кешенді және тактикалық-құтқарушылық оқытуларды, объектілік жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес, 5 кешенді оқыту (8 жоспарланған), 15 тактикалық-құтқарушылық оқыту (21 жоспарланған), 45 - объектілік жаттығулар (53 жоспарланған) өткізілді. 2016 жылдың ағымдағы кезеңінде объектілерде, жоспарға сәйкес 2 кешенді оқыту (3 жоспарланған), 12 тактикалық-құтқарушылық оқыту (22 жоспарланған), 38 объектілік жаттығулар (43 жоспарланған) өткізілді.

2017 жылы «Көктем-2017» РКШО өткізуге қатысты онда қала әкімінің авариялық-құтқару қызметінің, шұғыл әрекет ету жасағының, жылжымалы басқару пунктінің (ЖБП) дайындық деңгейі тексерілді. РКШО «Көктем-2017» аясында авариялық-құтқару қызметімен және азаматтық қорғау құрамасымен тактикалық-құтқарушылық оқыту өткізілді. Төтенше жағдайларды жою бойынша әрект ету (өзара әрекет ету) жоспары тексерілді және нақтыланды. Республикалық штабтық жаттықтыру «Қорғау- 2017» аясында Рудный қаласында жинақты эвакуациялау пунктін күшейту бойынша штабтық жаттықтыру өткізілді. Қалалық шұғыл әрекет ету отрядымен жаттықтыру өткізілді, оның барысында құрылым командирлерінің құжаттамасы тексерілді, сонымен қатар құрылымының жеке құраммен жасақталуы, техникамен, мүлікпен және азық-түлікпен жабдықталуы тексерілді.

Рудный қаласының объектілерінде кешенді және тактикалық-құтқарушылық оқытуларды, объектілік жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес 2017 жылы, Рудный қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ТҚБ бірлесе отырып ағымдағы кезеңде өткізді: кешенді оқытулар – 5; тактикалық-құтқарушылық оқытулар – 19; объектілік жаттығулар – 39.

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу іс-шарасы жоспарына сәйкес 2 қыркүйектен бастап Рудный қ. ТЖБ қызметкерлері Рудный қ. ҚЖ №1 және Қашар п. ӨСБ -13 бірлесе отырып тұрғын үй секторларын аралау өткізілді, аралап шығу нәтижесінде 284 адам нұсқамаланды, 302 дана көлемінде жадынамалар мен буклеттер таратылды, 64 жапсырма жапсырылды, сонымен қатар 265 жеке тұрғын үйлер, 77 көп қабатты үйлер және 3 қабатты саны көп үйлер зерттелді. Сонымен қатар 103 жертөледе жанатын материалдар, қоқыстардың бар екендігі тексерілді. ЖПТК қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар өткізілді.

Халықты ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту мақсатында дауыс зорайтқышы бар өрт сөндіру техникасы қолданылды, ол арқылы халықты өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға шақырылды.

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу мақсатында білім беру объектілерінде өткізілді:

13.09.2017 ж. ҚМБ «№ 11 орта мектеп» КММ 7 сынып оқушыларының арасында келесі тақырыпқа ашық сабақ өткізілді: «Оқу мекемелеріндегі және күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері». Сабаққа 61 адам қатысты 87 жадынама таратылды.

19.09.2017 ж. «Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК 1 – 2 курс студенттерінің арасында «Өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау туралы» тақырыбына нұсқама өткізілді, 89 адам қамтылды, 97 жадынама таратылды.

26.09.2017 ж. «Оқу мекемелеріндегі және күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбына 1 интерактивті сабақ өткізілді. Сабаққа 21 мектеп қатысты 638 адамды қамтыды. Рудный қаласының ҚЖ №1 6 экскурсия өткізілді 97 адам қатысты.

Рудный ІІМ ЖПҚ қ. бірлесе отырып БТМЖ адамдар болуы мүмкін жерлерде 30 рейд өткізілді, жағдайы төмен отбасылар тұратын жерлерде өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша 177 адамды қамтыған нұсқамалар өткізілді, жағдайы төмен өмір салтын ұстанатын 237 отбасы және 18 БТМЖ адам тексерілді және тіркеуге алынды.

Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде өрттің пайда болуының алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілді: қаланың баспа басылымдарында 3 мақала жарияланды, радиода 32 сөз сөйлеу өткізілді, теледидарда 5 сөз сөйлеу өткізілді, ұйымдар, кәсіпорындарындағы радионүктелерінде 66 сұхбаттар жарияланды. 29.09.2017ж. «Жаңалықтар» ақпараттық шығарылымында «Апталық кеңес» айдарында Рудный қ. ТЖБ бастығы В.И. Гричин «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері» тақырыбында сөз сөйледі.

ҚР ІІМ Қостанай облысы ТЖД ТЖК Қостанай облысы сайтына Рудный қаласының аумағында өрт қауіпсіздігінің айлығын өткізу туралы мақала жіберілді. 2016 жылдың өрт қауіпсіздігі айлығының төңірегінде.

2016 жылдың өрт қауіпсіздігі айлығының аясында іс-шаралар қатарын өткізілді. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары Рудный қ. ТЖБ бастығымен әзірленді және бекітілді.
21.09.2016 ж. «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК өртке қарсы қауіпсіздік бойынша оқыту өткізілді, «№ 14 орта мектебі» КММ 7 сынып оқушыларының арасында келесі тақырыпқа ашық сабақ өткізілді: «Оқу мекемелеріндегі және күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері». Сабаққа 73 адам қатысты 50 жадынама таратылды. 05.09.2016 ж. -16.09.2016 ж. аралығында Басқарма қызметкерлері тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндіру және алдын алу сұхбаттарын өткізу мақсатымен тұрғын үй секторларын аралау өткізілді 13, 14, 15, 17, 7 шағынаудандарды қамтыды.

ЖПҚ ІІМ Рудный қ. бірлесе отырып БТМЖ адамдар болуы мүмкін жерлерде 10 рейд өткізілді, жағдайы төмен отбасылар тұратын жерлерде өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша 57 адамды қамтыған нұсқамалар өткізілді, жағдайы төмен өмір салтын ұстанатын 237 отбасы және 18 БТМЖ адам тексерілді және тіркеуге алынды.

Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде өрттің пайда болуының алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілді: қаланың баспа басылымдарында 3 мақала жарияланды, радиода 17 сөз сөйлеу өткізілді, теледидарда 3 сөз сөйлеу өткізілді, ұйымдар, кәсіпорындағы радионүктелерінде 31 сөз сөйлеу жарияланды.

2016 жылы БАҚ 652 сөз сөйлеу өткізілді, соның ішінде: теледидардан – 41, радиодан – 544, басылымға – 67. 78 тұрғын үй секторының үйлерін аралап шығу өткізілді, 3088 адамды қамтыды, халықпен 8 жиналыс өткізілді, 468 адам қамтылды, 164 дәріс оқу мен сұхбаттасу өткізілді 6866 адамды қамтыды, үгіт-насихат материалдарының 6 түрі әзірленді, халық арасында 2488 данасы таратылды.

2017 жылдың 9 айының ішінде БАҚ 433 сөз сөйлеу өткізілді, соның ішінде: теледидардан – 30, радиодан – 368, басылымға – 35. 57 тұрғын үй секторының үйлерін аралап шығу өткізілді, 1574 адам қамтылды, халықпен 8 жиналыс өткізілді, 696 адам қамтылды, 68 дәріс оқу мен сұхбаттасу өткізілді 7700 адам қамтылды, үгіт-насихат материалдарының 6 түрі әзірленді, халық арасында 2515 данасы таратылды.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау:


Күшті жақтары (S)

1. Смс-хабарламаны, теледидар және радио каналдарын пайдалана отырып тұрғындарды төтенше жағдайлар қауіпі жайында хабарландыру.



Әлсіз жақтары (W)

1. Тұрғындарды толық көлемде хабардар ету жүйесінің қызмет етпеуі, тұрғындарды шұғыл және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнген анықталған хабардар ету.

2.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше төтенше жағдайлар, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық қорғаныс бiлiмдердi насихаттау қоғамдық қауіпсіздікті және мінез-оқыту туралы ақпаратты өндіру және орналастыру.


Мүмкіндіктері (О)

1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар саласындағы мағлұматтарды насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу, түрлі төтенше жағдайлар төнген жағдайда әрекет ету ережелері бойынша көрнекі оқу құралдарын тарату.

2. Табиғи өрттен туындайдын залалды қысқарту үшін өрт сөндіру пункттерін дамыту және оның санын ұлғайту.

3. Су тасқыны қауіпі бар учаскелерді инженерлік қорғау бойынша іс-шаралар өткізу.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Су тасқынының ауыр салдары су басу қауіпін төндіреді.





Негізгі мәселелер

Ауылдық округтерде өрт сөндіру деполараның болмауы.

Гидротехникалық ғимараттар, дамбылар, платиналардың уақытында жөнделмеуі су астында қалуға қауіп төндіреді.

Тұрғындардың жаппай суда демалуы үшін арнайы жағажайлардың болмауы.

Облыстың ауылдық өңірлеріндегі тұрғындардың жаппай суда демалу орындарында ведомстволық құтқару орындарының болмауы.

Даму тенденциясы

Су тасқыны кезеңінде және өрт кезеңінде үстіртін және жер бетінде мониторинг жүргізу ТЖ-дан экономикаға тиетін залалдарды қысқартуға мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа, орман және даладағы өрттердің ошағын табуға жеделділікті арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайлар төнгенге дейін алдын алу іс-шараларын жедел жоспарлауға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың жаппай суда демалу орындарында арнайы жағажайларды ашу.

Ауылдық өңірлердегі тұрғындардың жаппай суда демалу орындарында ведомстволық құтқару орындарын ашу.

Азаматтық қорғау саласында оқу-материалдық базаны жақсарту.
2.1.4 Инфрақұрылымды талдау

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы басымдықтардың бірі айқындылық және қоғамға есеп беру қағидаттарында құрылған жаңа мемлекеттік басқару үлгісін құру деп белгіленген. Осы үлгіні құру үшін негіз «электрондық үкімет» болып табылады.

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 277 қаулысын орындау үшін Рудный қаласында және Қашар кентінде орнатылған Үкіметтің, облыс және қала әкімдіктерінің электрондық қызметіне 5 қоғамдық қолжетімділік пункті Халыққа қызмет көрсету орталығының балансына берілді.

Рудный қаласында және Қашар кентінде мынадай мекенжайлар бойынша Үкіметтің, облыс және қала әкімдіктерінің электрондық қызметіне қоғамдық қолжетімділіктің 5 пункті орналасқан:



жүктеу 4,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау