Рудный қаласы әкімдігінің


Өнеркәсіптегі негізгі мәселелер



жүктеу 4,82 Mb.
бет2/6
Дата23.11.2018
өлшемі4,82 Mb.
#23926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Өнеркәсіптегі негізгі мәселелер:

негізгі өндірістік қорлар тозуының жоғары деңгейі;

технологиялық артта қалу;

өнімнің энергия, еңбек және материалдық сыйымдылығы;

шығарылатын өнімнің бәсекеге төмен қабілеттілігі;

машина құру кешені (ғылыми-зерттеу институттары, конструктор бюросы, тәжірибе-зерттеу базасы, сынау орталықтары және техникалық бақылау) инфрақұрылымының толық дамымауы.

Даму тенденциясы

1. «Бизнестің 2020 жол картасы» бюджеттік бағдарламасы аясында өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуды жүзеге асыру;

2. «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында инновациялық технологияларды енгізу жолы арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін артыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік

2013 жыл мен 2016 жыл аралығында шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың саны тұрақты болып келеді және 5903 адамды құрайды.

Ұқсас кезең ішінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім (тауар мен қызметтер) шығаруы 1,6 есе өсті.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны 12141 бірлікті құрады, оның ішінде: 1703 - шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғасы (жалпы саннан 14 ), 10438 – жеке кәсіпкер (86). 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10281 бірлікті құрады, оның ішінде: 1722- шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғасы (жалпы санынан -16,7%), 8559- жеке кәсіпкер (83,3%).

2017 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9175 бірлікті құрады, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары - 1814 (19,8% жалпы санды), 7361 – жеке кәсіпкерлік (80,2%). Қызмет етіп отырған субъектілер саны 6398 бірлік немесе 69,7%.

Сала құрылымында субьектілердің негізі үлесі – 56%-ы (5283 субъект) сауда саласында жұмыспен қамтылған. Осындай жағдай сауда қызметі шағын бизнес кәсіпорындары үшін өте тиімді екенін түсінді екенін түсіндіреді, өйткені олар көп қаржы шығындарын талап етпейді және қысқа мерзім ішінде ақша айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және шағын кәсіпкерлер субъектілері үшін өте тиімді болып қала береді. Көлік және байланыс – 15,8% (1494), өнеркәсіп және құрылыста сәйкесінше 3% және 2,3% (281 және 220), ауыл шаруашылығында 0,4% (34), басқа да салаларға 18% (1385).


Рудный қаласындағы шағын кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындар саны, бірлік

730

720

760

736

800

Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны

5440

5870

5955

5903

6604

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджеттен бөлінетін трансферт сомасы жыл сайын ұлғаюда.

2013-2015 жылдар ішінде кәсіпкерлікті қолдауға 508,7 млн. теңге игерілді, оның ішінде жаңа өндіріс орындарын дамытуға 21 грант бөлінді, 17 кәсіпкер шағын несие алды, 60 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша курстан өтті, 64 жоба пайыздық мөлшерлеме бойынша жәрдемақы алды, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жоба іске асырылды.

«Бизнестің 2020 жол картасы» шеңберінде 2016 жылы пайыздық мөлшерлемеге жәрдемақы несие 2 млрд. 45 млн. теңге сомасына 19 жоба, несиені кепілдендіру 63,2 млн. теңге сомасына 5 жоба келісілді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры арқылы 31 млн. теңге сомасына 14 жоба келісілді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын шағын несиелеу бойынша 7 млн. теңге сомасына 2 бизнес жоба келісілді. «Даму-Блиц» аймақтық қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 18 млн. теңгеге 1 жоба келісілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» құрауышы компоненті бойынша 106 тыңдаушы өтті. «Іскер байланыс» жобасының бірінші кезеңі шеңберінде Қостанай қаласында 3 кәсіпкер оқудан өтті, «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша 8 қатысушы оқудан өтті. «Жас кәсіпкерлер мектебі» 2 тыңдаушы оқудан өтті.

«Бизнестің 2020 жол картасы» бизнестің қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдың 9 айы ішінде пайыздық мөлшерлеме жәрдемақысына 26 жоба құпталды, кепілдендіру бойынша 15 жоба құпталды. «Қос қолдау» өңірлік қаржыландыру бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – 6 жоба құпталды.

Шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдау шеңберінде оқытудан ағымдағы жылы «Бизнес- Кеңесші» компоненті бойынша 74 қатысушы өтті, «Жас кәсіпкерлер мектебі» - 40 қатысушы, 89 кәсіпкердің бизнесін ашуға көмек көрсетілді.

Бұдан басқа, кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін, сонымен қатар тегін кеңес беру үшін қалада 2013 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдау орталығы қызмет етеді, онда кәсіпкерлер қажетті кеңес қызметтерін ала алады.

Қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыруға және кедейлік деңгейін төмендетуге ықпал етеді, Дегенмен, әзірге шағын кәсіпкерлік нашар әртараптандырылған, инновациялық белсенділігі төмен оқшау болып қала беруін жалғастыруда.

Азық-түлік нарығындағы бәсекелестік ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен шағын бизнес арасында тәрізді, жергілікті тауар өндірушілер мен отандық, шетелдік компаниялар арасында да білінеді. Сол сияқты ішкі азық-түлік нарығы өзге өңірлерден, жақын және алыс шетелдерден тауарларды әкелу есебінен қалыптасады.

Жергілікті тауар өндірушілердің негізгі әлеуетті бәсекелестік артықшылығы – жалпы өзіндік құндағы көлік шығысының төмен үлесі есебінен сатуға бағаның төмендігі. Дамыған көліктік-логистикалық жүйенің болмауын, қысқа мерзімді қоймалау жүйесінің дамымағандығын кемшіліктерге жатқызуға болады.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау:


Күшті жақтары (S)

1.Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары («Бизнестің 2020 жол картасы» бірыңғай бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы, Индустрияландыру картасы, «Өнімділік 2020», «Экспорттаушы 2020», «Агробизнес 2020» бағдарламалары).

2.Қала құрушы кәсіпорынның болуы.

3.Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, өндірілетін өнім көлемінің саны жағынан өсуі.



Әлсіз жақтары (W)

1.Нарықтың әлемдік жағдаятынан өңір экономикасы дамуының жоғары тәуелділігі.

2. Екінші деңгейдегі банктермен несиелеу көлемінің төмендеуі, сонымен қатар несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемені ұлғайту.

3. Шағын және орта бизнестің қаржы мәселелері: несие беру мекемелерінде кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығына, жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің жоқтығына, құжаттарды қарау мерзімінің ұзақтығына байланысты несие ресурстарына шектелген қолжетімділік.

4. Салалық теңдестірілмегендік және шағын бизнесті әртараптандырудың төменгі деңгейі.


Мүмкіндіктері (О)

1. Әлеуетті кәсіпкерлер ретінде қарастыруға мүмкін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың болуы



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Макроэкономикалық ортадағы жағымсыз өзгерістер.

2. Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру




Негізгі проблемалар:

шағын және орта бизнесті несиелеу қиыншылықтары жеке айналым қаражатының, кепілдік мүліктің, жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің жетіспеушілігіне;

білікті мамандардың жетіспеуіне;

электрондық сауданың дамымауына;

қаржы мәселелеріне несие беру ұйымдарында кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығына, жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің жоқтығына, құжаттарды қарау мерзімінің ұзақтығына байланысты несие ресурстарына шектелген қолжетімділік).

Даму тенденциясы

Көлемдерді өсіру және банк жүйелерінің тәуелділігінен шығуы мақсатында сыртқы және ішкі нарықтың маркетингтік зерттеулері.

Жалпы өзіндік құнынан көлік шығынының төмен үлесі есебінен жергілікті тауар өндірушілерінің тауарлары құнының төмендеуі.

Ішкі сауда.

Қалада соңғы уақытта ішкі сауда саласында берік жағымды қарқын байқалады: тұрғындарға сату көлемінің өсуі, сауда желісі мен қызмет инфрақұрылымының, оның ішінде заманауи технологияларды қолдана отырып тауарларды өткізу процесін жүзеге асыратын сауда объектілерінің дамуы байқалады.

Тауар айналымының динамикасы





2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Бөлшек сауда тауар айналымы, млрд. теңге

35,2

31,8

33,2

39,6

33,1

Көтерме сауда тауар айналымы, млрд. теңге

39,3

110,6

44,8

64,4

26,3

Бөлшек сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар үлесінің біртіндеп артқаны байқалады, бұл азық-түлік емес тауарларға бағаның озық өсуінен және тұрғындардың сатып алу қабілетінің артуымнан туындауы мүмкін.

Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірді аумақтық дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды жасаушысы болып табылады.

Жаһандану және қатаң бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру өзекті мәселе болып отыр. Кәсіпкерлерге ішкі және дүниежүзілік нарықтарда барды сақтауға және жаңа «тауашаларды» бағындыруға тура келеді.

Қала халқын сауда алаңдарымен қамтамасыз ету 1000 тұрғынға 620 шаршы метрді құрайды.

Қалада 917 сауда орнына 9 сауда нарығы тіркелген. Базарлар түрі бойынша азық-түлік, азық-түлік емес, мамандандырылған және әмбебап болып бөлінеді.

Сауданың дамуына әсер етуі мүмкін негізгі мәселелер мыналар болып табылады:

сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамалықты нашар қамтамасыз ету, оларды қолдану тетігінің жоқтығы;

сауда нарығындағы көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау:

Күшті жақтары (S)

1. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, өндірілетін өнім көлемінің саны жағынан өсуі.

2. Шағын кәсіпкерлікті дамытатын нарық инфрақұрылымының болуы: «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ, ШКМ кәсіпкерлер ассоциациясы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру.


Әлсіз жақтары (W)

1. Электрондық сауданың әлсіз дамуы;

Кепілдік қамтамасыз етудің болмауына байланысты несие ресурстарына қолжетімділікті шектеу.

2. Банк несиелері сыйақыларының жоғары пайыздық мөлшерлемесі; несие мекемелерінде құжаттарды қарастыру мерзімдерінің ұзақтығы; салық салу аясында жеңілдіктердің болмауы; несие қатынастары облысында жеңілдіктердің болмауы.



Мүмкіндіктері (О)

1. Франчайзинг және аутсорсинг негіздемелерінде ірі және орта кәсіпорындармен өзара пайдалы кооперативтік арақатынасты дұрыстау.

2. Шағын кәсіпкерлікте өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін әлеуеттің болуы.

3. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткізушілері, дайын өнімді өткізу мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу туралы ақпараттар қорын құру.

4. Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту.

5. ШОК консалтингтік және кеңес беру қызметтерін көрсету.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Бірнеше шағын және орта кәсіпорындардың банкроттығына байланысты тіркелмеген жұмыссыздықтың өсуін, криминалдық жағдайдың және әлеуметтік шиеленістің артуы.

2. Ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің өсуі;

3. Теңгенің девальвацияға ұшырауына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына деген бағаның өсуі.



Негізгі мәселелері

Дамыған көлік-логистикалық жүйенің жоқтығы.

Жайғастырылған өткізу нарығының жоқтығы, бұл ұсақ тауар өндірушілердің өз бетінше (делдалсыз) шығаратын өнімін облыстың ішкі нарығында және оның шегінде өткізуге кедергі келтіруі мүмкін.

Қысқа уақытқа қоймалар жүйелерінің дамымауы.

Бөлшек сауда саласында қолданыстағы заңнаманың жетілмеуі.

Дамыту тенденциясы

Франчайзинг және аутсорсинг негіздемелерінде ірі және орта кәсіпорындармен өзара пайдалы кооперативтік арақатынасты дұрыстау.

Шағын кәсіпкерлікте өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін әлеуеттің болуы.

Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткізушілері, дайын өнімді өткізу мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу туралы ақпараттар қорын құру.

Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту.

ШОК консалтингтік және кеңес беру қызметтерін көрсету.


Құрылыс.

Құрылыс жөніндегі деректер






2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың

9 айы


Құрылыс ұйымдарының саны, бірлік

37

42

42

60

-

Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі,

млн. теңге



14316

20533

21804

11819

7340

Тұрғын үйді беру ш.м

28

28,1

29

22,1

21,5

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар, млн. теңге

2140

2797

2492

2059

2613

1 ш.м тұрғын үйдің нақты орташа құны, мың теңге

67

69,7

85,9

93,1

-

2003 жылмен салыстырғанда 2014 жылы қаладағы құрылыс ұйымдарының саны 5 бірлікке өсті, 2015 жылы 2014 жылдың деңгейімен бірдей болды, 2016 жылы 18 бірлікке ұлғайды.

2003 жылмен салыстырғанда 2014 жылы орындалған мердігерлік құрылыс жұмыстарының көлемі 43%-ға, 2015 жылы 6% өсті, 2016 жылы 52% төмендеді, 2016 жылы 52% төмендеді.

2013-2015 жылдары орташа 28 мың шаршы метр, 2016 жылы – 22 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жыл сайын пайдалануға 28 мың шаршы метр тұрғын үй енгізіледі.

Құрылыс нарығында бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін көптеген айқын және жасырын кедергілер бар. Негізгілеріне мыналар жатады:

салынған объектілерге төлем қабілеттілігінің төмен сұранысы;

конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің жеткіліксіз саны және оның инфрақұрылыммен төмен қамтылуы;

инфрақұрылымға салынып жатқан және салынған объектілерді қосу кезіндегі кедергілер.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау:

Күшті жақтары (S)

1. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік қорғалған тұрғындар санаттары үшін тұрғын үй салу: кезекте тұрғын, жас отбасыларға тұрғын үй жинақ банкісі арқылы тұрғын үй салу.



Әлсіз жақтары (W)

1. Салынған объектілерді сатып алу бойынша тұрғындардың төмен төлем қабілеттілігі,

2. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің қажетті инфрақұрылыммен қамтылмауы.

3. Қолда бар инженерлік инфрақұрылым қуаттылығы жетіспегендіктен инфрақұрылымға салынып жатқан және салынған объектілерді қосу кезіндегі кедергілер.



Мүмкіндіктері (О)

1. Үй салуға қызмет етіп отырған коммуникацияны қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, инженерлік коммуникацияны өткізуге республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту қажет.

2. Индустриалды тәсіл арқылы үй құрылысы бұйымдары арқылы тұрғын үй құрылысын салу жоспарланады, ол тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқартады және бір шаршы метр тұрғын үй бағасын төмендетеді.


Қауіп-қатерлері (Т)

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі.

2. Қаржы-несиелік жүйенің тұрақсыздығы салдарынан құрылыс саласындағы тоқырау.



Негізгі мәселелер:

тұрғын үй бағасы құнының жоғарылығы, ол жалпы тұрғын үй құрылысының өсуін ұстап тұрған фактор болып табылады;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өскені байқалады; оның себебі болып әлеуметтік қорғалған санаттағы азаматтарда тұрғын үй сатып алуға ақша қаражаттарының болмауы, ауылдық жерлерден қалаға тұрғындардың көшуі болып табылады.

құрылыс индустриясының өзге мәселелерін ескермейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның жетілмегендігі

бақылау-қадағалау органдар тарапынан көптеген негізсіз тексерістердің болуы.

Дамыту тенденциясы

Құрылыс жұмыстары көлемін ұлғайту мүмкіндігі үшін елдің ішінде сонымен қатар шетелде ірі және шағын кәсіпорындармен өзара пайдалы бірлескен байланыс орнату.

Азаматтардың өсіп жатқан қаржылық мүмкіндігі (төлеу қабілеттілігі) алдағы кезеңдерде құрылыс саласының экономикалық дамуын анықтайды.

Инновация және инвестиция

2016 жылдың қорытындылары бойынша қаланың 15 шаруашылық жүргізуші субъектісінің (2013 жылы – 15 кәсіпорын, 2014 жылы -16 кәсіпорын, 2016 жылы – 15 кәсіпорын) технологиялық инновациясы болды.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2013 жылы 9%-ды, 2014 жылы – 8,9%-ды, 2015 жылы – 7,6%-ды, 2016 жылы – 7,8%-ды құрады.
22-кесте

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктерінің негізгі көрсеткіштері






2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Азық-түлік және процестік инновациялар шығындары, млн. теңге

205,7

225,9

1233,4

1264,1

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі

9

8,9

7,6

7,8

Инновация өнімінің көлемі, млн. теңге

428,2

891,6

2046,7

679

2014 жылы азық-түлік және процестік инновацияларға ішкі шығындар өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға өсті және 225,9 млн. теңгені құрады. Инновацияның барлық түрлері бойынша инновация саласында жоғары белсенділік ірі кәсіпорындардан байқалды және 35,3%-ды құрады (17 ірі кәсіпорындар ішінен 6-ы инновациялық қызметті іске асырды).

2013 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 2 есе өсті және 891,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде 754 млн. теңгеге өнім іске асырылды. Инновациялық өнім көлемі шығарылған экспортқа 166,8 млн. теңгені құрады.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өнімдік және процестік инновацияларға шығындар 5,5 есе ұлғайды және 1233,4 млн. теңгені құрады. Инновациялық өнімнің көлемі 2,3 есе ұлғайды және 2046,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде 1562,4 млн. теңге іске асырылды, экспортқа 619,2 млн. теңге қойылды.

2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда өнімдік және процестік инновацияларға шығындар 2,5 есе ұлғайды және 1264,1 млн. теңгені құрады. 2016 жылы инновациялық өнімнің көлемі қысқарды және 679 млн. теңгені құрады, оның ішінде 519,6 млн. теңге іске асырылды, экспортқа 111 млн. теңге қойылды.

Ағымдағы және әлеуетті мәселелер

Өндірістің тиімділігін арттыруға кері әсерін тигізетін жабдықтың тозу деңгейінің жоғарылығы.

Қолда бар өндіріс қуаттылығының толыққанды пайдаланылмауы;

Кәсіпорындарда жоғары емес инвестициялық тартымдылық және айналым қаражаттарының тұрақты тапшылығы.

Келесі жылдарға проблемалары мәселелерді ескере отырып, инновациялық белсенділікті арттыру жаңадан енгізілген өнім, машиналар мен жабдық сатып алу және «ноу-хау» енгізу есебінен жоспарлануда.
23-кесте

Негізгі капиталға инвестициялар



Барлығы инвестициялар, млн. теңге

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Рудный қаласы

54136

58568

58477,9

61919

34936

Қостанай облысы

180419

129134

162976

178451,6

138970

% түріндегі үлесі

30

30,5

35,9

34,7

25,1

Инвестициялардың нақты көлем индексі, %

101

103,2

96,5

86,6

73,6

2016 жыл ішінде негізгі капиталға нақты көлем индексі 86,6%-ды құрады. Облыс бойынша осы көрсеткіш – 92,5%.



Индустриалдық-инновациялық даму.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысымен Қазақстан Республикасын 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Тұжырымдамасы бекітілді, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен Қазақстан Республикасын 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Аталған бағдардаманың басымдылығы болып әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа шығарылатын өнімді дамыту мен құру болып табылады. Рудный қаласында 2010 жыл мен 2016 жыл аралығында 18,9 млрд.теңге сомаға 8 жоба іске асырылды, оның ішінде:

1. Құны 703 млн. теңге тұратын «Жас-Қанат-2006» ЖШС заманауи жаңғыртылған құс фабрикасын салу. 2010 жылдың шілде айында пайдалануға берілді. 70 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын толығымен жобалық қуаттылыққа қол жеткізді.

2. Жылына 60 млн. тонна кен өндіретін кен дайындау кешенін ұлғайту. құны 7,3 млрд. теңге сомаға «ССКӨБ» АҚ-ның № 17 технологиялық секциясын салу. Жоба 2011 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. 30 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын жобалық қуаттылыққа қол жеткізді.

3. Құны 7,5 млрд. теңге тұратын, жылына қуаттылығы 75 мың тонна дайын өнім шығаратын «ССКӨБ» АҚ-ның металлпрокаттау зауытын салу. 2011 жылдың шілде айында пайдалануға берілді. 650 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын иілмелі болат өзек (шарлар, өзекше) және болат арматура өндірісін ретке келтірді (республикалық индустрияландыру картасы).

4. Өндірістік цехты құны 120 млн. теңге тұратын, жалпы қуаттылығы жылына 1600 тонна диаметрі 110-450 мм полиэтиленді құбыр және фитинг дайындайтын «ТПК Металл Инвест» ЖШС өндірістік цехы ретінде қайта жаңарту. 2011 жылдың қараша айында енгізілді. 13 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын полиэтиленді құбырлар өндірісін ретке келтірді, жылдық жоба қуаттылығына қол жеткізді.

5. Құны 150 млн. теңге тұратын «Ақбарс НК» ЖШС-нің тез дайындалатын кеспе өнімін өндіретін зауытын салу. 2012 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын тез дайындалатын кеспенің 4 түрін 4 түрлі қалталау арқылы шығарады.

6. Құны 900 млн. теңге тұратын «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасын жаңғырту. 2014 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. 6 жаңа жұмыс орны құрылды.

7. Рудный қаласында құны 1250 млн. теңге тұратын «Лидер-2010» ЖШС сүт және қышқыл сүт өнім өндіретін зауыт салу. 2015 жылдың маусым айында пайдалануға берілді. 30 жаңа жұмыс орны құрылды.

8. Рудный қаласында құны 1043 млн. теңге тұратын «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасын жаңғырту. 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. 7 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қалған 4 жобаны: 2018 жылы - 14,8 млрд. теңге сомаға 1 жобаны, «ССКӨБ» АҚ жалпы сомасы 402,4 млрд. теңгеге 3 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Рудный қаласының аумағында 2012-2016 жылдары 5,5 млрд. теңге сомаға 23 жоба іске асырылды, 279 жаңа жұмыс орны құрылды. Ол мынадай жобалар: «Казогнеупор» ЖШС «Кесек шамот құрылысы», «Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалының «Сыра қайнату корпусын кеңейту», ЖК «Карагулина» «Ұннан жасалатын және кондитерлік өнім өндірісін ұйымдастыру және нан-тоқаш өнімі өндірісін жаңғырту», «Рудныйсоколоврудстрой» ЖШС «Энергия шаруашылығын жаңғырту», «Рудный ТЖШ» ЖШС «Электровоздарды сатып алу», «Меркурий-2» ЖШС «Жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін көлік сатып алу», «Лидер-2010» ЖШС «Чисбер» СБ ірімшіктерді өлшеп салу желісін орнату мен іске қосу», «КранСервис-РИЦ» ЖШС «Автокешен салу», «Горняк» жастар спорт клубы» АҚ «Қашар кентінде модуль түріндегі спорттық-сауықтыру кешенін салу және қызмет етуі», ЖК «Ахмедов» «Трансформер жиһаздар үшін механизмдерді шығаруды ұйымдастыру», ЖК «Каращук» «Неміс диагностикалық орталығында заманауи автокөліктердің электрондық диагностикасы, «KTS 540 жүйелік сканері бар Bosch FSA 740 мотортестер» жабдығын сатып алу», ЖК «Долгушева» «Саябақшы, бағбаншы және ландшафт дизайнерлері үшін өндірістік консультациялық сауда кешенін салу және оның қызмет етуі», «Қостанай газ-бетон» ЖШС «Газ-бетон өндірісін ұйымдастыру», «Рудный РВД» ЖШС «Жоғары қысымда киілетін жеңдерді дайындайтын шеберхананы ұйымдастыру үшін жабдықтар және толымдаушыларды сатып алу», «Real RD» ЖШС «Бөлме іші есіктерін және жиһаз үшін МДФ қасбеттер жасайтын цехті құру», ЖК «Жалелов» «Тоқылған киімдерді дайындайтын шеберхананы ұйымдастыру», ЖК «Омарова» «Заманауи және қазақ ұлттық киімдері өндірісін ұйымдастыру», ЖК «Қоңыртаев» «Рудный қаласында мал алаңын салу», «Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалының «Өндірісті жаңғырту», «АиМБ» ЖШС «Өндірісті жаңғырту», «Мeat Prom» ЖШС «Вакуумды қаптамада котлет, тефтель және басқа да еттен дайындалатын жартылай фабрикаттарды өндіретін цех құру», «Корпорация Меркурий» ЖШС «Рудный қ., Горняков көш. 42 мекенжайы бойында шатхана ғимаратын монша-сауықтыру кешені ретінде қайта жабдықтау», ЖК «Смоян» «Жылыту кешенінің құрылысы». Қала жоғары өндірістік әлеуетке ие.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. «Бизнестің 2020 жол картасы» бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында өңірдің кәсіпкерлеріне инновациялық құрамдағы жобаларды іске асыру үшін қаржылай қолдау көрсетіледі.



Әлсіз жақтары (W)

1. Инновациялық технологияларды енгізу бойынша дәстүрлі өнеркәсіп кәсіпорындары белсенділігің төмендеуі.

2. Өнеркәсіп кәсіпорындарында қомақты, жоғары технологиялық бұйымдардың жоғары құнға қосылған төмен үлесі.

3. Өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтың тозуының жоғары деңгейі.

4. Қолда бар өндірістік қуаттылықты толық қанды пайдаланбау.

5. Кәсіпорындарда жоғары емес инвестициялық тартымдылық және айналым қаражаттарының әрдайым тапшылығы.



Мүмкіндіктері (О)

1. Өңірлік, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу.

2. «2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын жетілдіруді іске асыру.

3. «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізу жолы арқылы өнімділікті арттыру.



Қауіп-қатерлері (Т)

  1. Өнеркәсіптің шикізаттық бағыты.

2. Жеке сала бойынша өңдеуші кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

3. Шикізатқа бағаның төмендеуі.

4. Экспортқа бағытталған жобалар үшін өмір сүрудің жоғары деңгейінің және баға саясатының әсер етуі.




Негізгі мәселелер инвестиция және инновация саласында:

ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар бойынша кәсіпорындар шығындарының және бюджет шығыстарының қысқаруы;

облыстың кәсіпорындары, академиясы және сервистік ұйымдары арасындағы әлсіз байланыстар;

бизнестің инновациялық белсенділігінің төмендігі;

технологияларды коммерциялау мәдениетінің жетілмеуі;

инвестиция саласында қызмет етіп отырған заңнаманың жетілмеуі;

өңірлік инновациялық жүйенің жоқтығы.

Даму тенденциясы

Өңірдің инновациялық және инвестициялық тартымдылығын дамытуға өңірлік, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу септігін тигізетін болады.

2013-2014 жылдар ішінде негізгі капиталға инвестицияны талдау көрсеткіштің жыл сайынғы өсімінің бар екенін көрсетеді, 2015 жыл ішінде инвестицияға нақты индекс көлемі төмендеді және 96,5% құрады, 2016 жылы 86,6% бұл елде қалыптасқан экономикалық жағдайға (теңге девальвациясы, инфляция) сонымен қатар статистика көрсеткіштерін қалыптастырудың жаңа әдістемесін қолдануға байланысты болды.

2016 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 61,9 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,8%-ды құрады. Қаланың инвестиция үлесі облыс көлемінде 2013 жылы 30% бастап 2016 жылы 34,7% дейін өсті.

Қала экономикасы дамуының оң сәті көбіне кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаттары есебінен негізгі капиталға инвестициялардың қаржыландырылуы болып табылады, олардың жалпы инвестиция көлемі 95,8% құрады. Инвесторларға мына салалар тартымды болып табылады: өнеркәсіп (негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемі – 92,9%), көлік және қаптау (1,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (3,4%), білім (0,8%), күн көріс және тамақтану қызметтер– (0,43%).


2.1.1.1 Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

Аумақтық-кеңістік жағынан халықтың өмір сүру сапасын арттыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында Рудный қаласы Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының негізгі ережелерін, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сонымен қатар жергілікті деңгейде әзірленген құжаттарды ескере отырып дамитын болады. Осылайша, қала ресурстардың (инвестиция, инфрақұрылым және жұмыс күштерінің және т.б.) тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін және экономикалық даму келешегі мен тұрғындар санының ұлғаюы болады.

Ұзақ мерзімді келешекте қаланың негізі мамандығы болып тау-кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп болып табылады.

Қала экономикасын диверсификациялау мақсатында жалпы құны 14777 млн. теңге болатын 307 тұрақты жұмыс орнын құра отырып «Жылына қуаттылығы 500 мың тонна цемент шығаратын цемент зауытының құрылысы» («Рудненский цементный завод» ЖШС) «зәкірлі» жоба іске асырылуда. Іске асыру мерзімі 2008-2018 жылдар. Нақты тұрғыда жоба қуаттылығы – жылына 500 мың тонна цемент.

Қосалқы және ұлттық холдингктерге қызмет көрсетуші өнеркәсіптерді дамыту үшін «Казахский арматурно-изоляторный завод» ЖШС түрлі нысандағы шыны изоляторларды тасымалдауға «KEGOK» ЖШС-мен ұзақ мерзімді шарт жасасты. 2016 жылға арналған шарттардың жалпы сомасы 40 млн. теңгеден артық.

«ССКӨБ» АҚ қала құрушы кәсіпорындары орта және шағын бизнесті дамыту бойынша жасалған шарттар шеңберінде серіктестік бағдарламаға қол қойды, оның шеңберінде мыналармен шарттар жасалды:

- «ТРАНСРЕМВАГОН» ЖШС вагондарды жөндеу бойынша қызметтер көрсетуге;

- «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығы» ЖШС денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуге;

- «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Қостанай тасымалдау бөлімшесі Железорудная стансасы темір жол арқылы тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге, вагондар, теміржол жолдарын ұсынуға;

«Сервис 2008» ЖШС жұмысшыларды тамақтандыру қызметін көрсетуге;

- «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны қолғап тігу бойынша қызмет көрсетуге.

Шағын және орта бизнесті дамыту «Бизнестің 2020 жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қарастырылған.

Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған іс-шаралар моноқалада белсенді қызмет ететін кәсіпорындар санын арттыруға мүмкіндік туғызды. Осылайша, 2013 жылмен салыстырғанда белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 10,0%-ға ұлғайды, бұл қалада жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізді.

Экономикалық өсу орталығының проблемалары

Өнімдерді өткізу мәселесі маңызды мәселелердің қатырында, ол әлем нарығында бағаның төмендеуіне, сонымен қатар қалада өндірілетін өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты.

Қаланың кейбір шағынаудандарында және Қашар кентінде газбен қамтамасыз ету жүйелерінің болмауы.

Коммуналдық меншіктегі кәріз коллекторының тазарту құрылыстарынан Василев буландырғышына дейін авариялық жағдайда болуы.

Жеке меншіктегі, Парк көшесінде орналасқан кәріз коллекторының авариялық жағдайда болуы.

Темір кені орындарының қалаға жақын жерде орналасуы.

Қала маңайында орманның болмауы.

Даму тенденциясы

Қаланы дамыту екі бағыт бойынша іске асырылады:

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде экономиканы диверсификациялау, шағын және орта бизнесті дамыту;

инфрақұрылымды дамыту.


2.1.2. Әлеуметтік саланы талдау

Демографиялық әлеует

2013-2017 жылдар аралығында қала тұрғындарының саны 1138 адамға өсті немесе 0,9%-ға ұлғайды. Қаладағы тұрғындар санының өсуі халықтың көшіп-қонуы және халықтың табиғи өсуі есебінен болуда.

Рудный қаласы бойынша тұрғындар санының өзгеру қарқыны





2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 1 қазанына

Тұрғындар саны, адам

128240

128654

130055

129843

129378

Туылған

1714

1731

1737

1688

1213

Қайтыс болған

1619

1615

1659

1614

1215

Тұрғындардың табиғи өсуі (азайуы)

95

116

78

74

-2

Неке саны

1101

1064

1000

937

765

2017 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша халық саны 129378 адамды құрайды.



Көші-қон.

2013 жылы қалада көші-қон сальдосы теріс, 2014-2015 жылдары оң болып табылады. 2016 жылы – теріс. Көбіне қалаға ауылдық жерлерден әлсіресі жастар келеді.




Көші-қон көрсеткіштері

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Келді

1873

3393

3790

3169

3541

Кетті

1979

2670

2836

3566

3443

Айырмасы

-106

723

954

-397

98

2017 жылдың 9 айы ішінде қаладан 3443 адам кетті, 3541 адам келді.



Білім

Білімнің қолжетімділігіне және сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 9 блоктан құралады:

- оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;

- мекемелердің материалдық-техникалық базасының жағдайы;

- педагогтардың кәсібилігі;

- тамақтандыруды ұйымдастыру;

- әдебиеттермен және оқулықтармен қамтамасыз ету;

- санитарлық-гигиеналық жағдайы;

- педагогтар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы;

- педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы;

- қосымша білім беру қызметтерінің сапасы.

Жыл сайын қала оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама арқылы сараптама жүргізіледі, соған сәйкес білімнің қолжетімділігіне және сапасына халықтың қанағаттану деңгейінің пайызы байқалады. 3 жылда жүргізілген сауалнама талдауы осы индикатордың 1,8 %-ға өскенін көрсетті. Бұл мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту: қаланың барлық мектептеріне компьютерлік техниканы сатып алу, «№ 1 Қашар орта мектебі» КММ, «№ 15 орта мектебі» КММ, «№ 21 гимназия» КММ-не және «№ 5 гимназия» КММ-не күрделі жөндеу жүргізу арқылы мүмкін болды.

Білімнің қолжетімділігі, оның сапасын жақсарту міндеттерінің бірі педагогикалық кадрлардың кәсібилігін арттыру және мұғалім кәсібінің беделі болып табылады. 2013 жыл мен 2017 жыл аралығында мұғалімдердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар, біліктілігі жоғары педагогикалық қызметкерлердің үлесі орта есеппен сол деңгейде қалды.

Рудный қаласының білім беру жүйесінде 1255 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, оның:

83,2 %-ы - жоғары кәсіби білімі бар мамандар (2013 жылмен салыстырғанда + 0,9%);

50,3 %-ы – біліктілігі жоғары және бірінші санаттағы педагогтар (2013 жылмен салыстырғанда – 2,8%).

Мектеп қызметінің маңызды бағыттарының бірі педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау болып табылады.

Рудный қаласының білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру процесі жүйелі түрде өтеді және педагогикалық қызметкерлердің әртүрлі санаттағы біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары, педагогикалық кадрлардың курстық даярлығына қажеттілік диагностикасы арқылы жүзеге асырылады.

Курстық даярлықтың тиімділігі әртүрлі деңгейдегі семинарлар, шығармашылық есептер, педагогтардың қалалық секциясы отырысында сөз сөйлеулері арқылы байқалады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өту тікелей педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға байланысты. Қаланың білім жүйесі үшін басқарушылардың және педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің тұрақты өсуі тән.




Кезең

Педагогикалық кадрлардың саны

Оның ішінде:

жоғары санаты барлар

1 санаты барлар

2012-2013

1100

231

330

2013-2014

1118

242

389

2014-2015

1166

265

350

2015-2016

1170

270

354

2016-2017

1255

287

345

2016-2017 оқу жылы мен 2014 -2016 оқу жылы аралығында аттестаттауды өтуге байланысты жоғары және бірінші санатты педагогтардың саны көбейіп келеді, негізгі кезеңнен басқа (5 жыл), педагогтар аттестаттауды мерзімнен бұрын өтіп, өздерінің біліктілігін арттыруда. 2013-2014 оқу жылы мен 2014-2017 оқу жылы аралығында бірінші санатты педагогтардың саны 15 адамға азайды, бұл кадрларды табиғи алмастыруға (білікті мамандардың зейнеткерлікке шығуы, халықтың көшуі) және санаты жоқ жас мамандарды тартуға байланысты.

Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша республикада жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесіне түбегейлі жаңа тәсілдерді қалыптастыру жүзеге асырылуда. 4,5 жылдың ішінде (2012-2017 жылдары) қала педагогтары біліктілікті арттырудың үш деңгейлік курстарында біліктілігін арттыруды өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы «Назарбаев зияткерлік мектебі» АБҰ мен Педагогикалық шеберлік орталығымен және Кембридж университетінің оқытушыларымен бірлесіп, құрастырылды. Деңгейлік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына қабылдау және іріктеу ережелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде болып жатқан өзгерістер соңында білім сапасын арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша қаланың 250 мұғалімі оқып шықты, ол қаланың барлық педагогикалық ұжымының 19,9% құрайды.

Қала мектептері бойынша сияқты пәндер бойынша да деңгейлік бағдарламалар жөнінде курстық даярлықты өтуге үміткер педагогтарды бөлу бойынша жұмысты қалалық білім бөлімі өткізуде.

Сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізу сертификатталған мұғалімдер авторлық жұмыстарды жасауда белсенді жұмыс істеп, жаңа идеяларды ата-аналар жиналыстарында, әдістемелік және педагогикалық кеңестерде, семинарлар мен конференцияларда насихаттап жүргендері анықталды.



Ұсынылатын білім сапасын жақсарту

Қаланың білім беру кеңістігін 22 мектеп ұсынады, оның ішінде: 5 – аралас тілде оқытатын мектеп, 8 – мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп, 2 – гимназия, 1 – мектеп-гимназия, 3 – негізгі мектеп, 1 – бастауыш мектеп, 1 – мектеп-лицей, 1 – кешкі мектеп.

2013 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілде оқытумен қамту 3,8%-ға өсті, ана тілінде оқуға сұраныс толығымен қанағаттандырылды, «№ 15 орта мектебі» КММ мен «№ 19 орта мектебі» КММ сыныптардың толып кетуі азайды. Аралас мектептер саны артты. Соңғы үш жылдың өзінде 4 жалпы білім беретін мектептерде («№ 14 орта мектебі» КММ, «№ 18 орта мектебі» КММ, «Железорудная стансасының № 20 негізгі мектебі» КММ, «№ 13 орта мектебі» КММ) мемлекеттік тілде оқытатын сыныптар ашылды. 2015 жылы қазақ тілінде білім алатындар саны барлығы 3511 адамды немесе білім алушылардың жалпы санынан 26,5% құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 0,5%-ға артық. 2015 жылы мемлекеттік тілде оқытатын мектепалды даярлау сыныптарына ұлты бойынша қазақ 356 бала (2008 жылы - 217, 2014 жылы - 335) түсті, бұл қазақ балалардың ана тілінде оқытумен қамтылуын арттырудың тұрақты үрдісін көрсетеді.

Рудный қаласында білім беру ұйымдары мен мекемелерінің жүйесін сақтау мен дамыту, олардың материалдық-техникалық және кадрлық қорын нығайту бойынша; әртүрлі зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерімен оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру мен сапалы білімге конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

2012 жылы Перцев ауылындағы негізгі мектеп жабылды, оған 2012 жылғы 26 шілдедегі № 14 «Техникалық қорытынды» негіз болды, онда «Перцев негізгі мектебі» ММ-де кемшіліктер мен бұзылушылықтар табылған, бұлар мектеп ғимаратының 2-қабатын бұзу қажеттілігін растайды. 2013 жылы Перцев ауылында 25 орынға арналған шағын орталығы бар 150 орынға арналған жаңа орта мектептің құрылысына ЖСҚ әзірленді. 2014-2015 жылдары жаңа Перцев мектебінің құрылысы бойынша құрастыру-құрылыс жұмыстары жүргізілілді. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу процесі басталды. Осы мектепті пайдалануға беру сапалы білім алуға және оған қол жетімділікті қамтамасыз етуге ата-аналардың, балалардың әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жаңа мектепті салу кезінде құрылған заманауи жағдайлар тек ауылдағы балаларды ғана емес, сонымен бірге ересектерді ұйымдастырылған демалыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, салауатты өмір салтын дамытуға, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескертуге ықпал етеді.

Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі сапалы білім алуға барлығының құқығы тең болып табылады.

Рудный қаласында ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуға жағдайлар жасалған. Арнайы білім арқылы түзетіп-дамытып оқыту ұйымдастырылды:

- жалпы білім беретін мектептерде ПДК балаларға арналған түзету сыныптары ашылу негізімен;

- жалпы білім беретін мектептерде бір сыныпта ОҚР бар оқушылар мен ондай шектеулері жоқ балалардың бірге оқу жолымен.
Түзетіп-дамытып оқытатын сыныптар контингенті мен жүйесі

динамикасын талдау



Оқу жылы

Түзетіп-дамытып оқытатын сыныптар саны

Түзетіп-дамытып оқытатын сыныптар оқушыларының контингенті

2012-2013

40

378

2013-2014

42

388

2014-2015

39

362

2015-2016

37

354

2016-2017

39

361

2013-2014 оқу жылы мен 2016-2017 оқу жылы аралығында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерге біріктіруге байланысты түзетіп-дамытып оқытатын сыныптардың саны 5 сыныпқа азайды. 2017-2018 оқу жылында қаланың барлық мектептерінде 257 бала (2014 жылы 268 бала) түзету-педагогикалық қолдау алу жолымен арнайы жағдай жасай отырып, жақсы дамып келе жатқан құрдастары ортасына біріктірілді.



Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша білім сапасының бағасы

Білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу нәтижесін сырттай бағалауды жасау мақсатында 2004 жылы республикада ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді (әрі қарай ҰБТ). ҰБТ – мектеп түлектерінің мемлекеттік аттестациясы мен колледждер мен ЖОО-на түсу емтихандарын біріктіретін, жаңа технологияларға негізделген, білім ұйымына тәуелсіз білім сапасын бағалайтын ұлттық жүйе

Жалпы соңғы 3 жылда ҰБТ-ге қатысушылар санының азаю үрдісі байқалып отыр.
ҰБТ-ге қатысушылар санының динамикасы





2012-2013

оқу жылы


2013-2014

оқу жылы


2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

2016-2017 оқу жылы

Қатысушылар саны, адам

368

342

309

268

212

Мектеп бітірушілердің жалпы санының пайызы

70%

71%

67,03%

58,13%

47,43%

2012 жыл мен 2017 жыл аралығында 10-11 сыныптар оқушылары контингентінің азаюына және қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде сияқты емтихан түрінде де тапсыруды таңдау мүмкіндігіне байланысты ҰБТ қатысушыларының саны 22,57% азайды. 2017 жылы ҰБТ-ге қатысудың облыстық көрсеткіші 54,47 баллды құрады. 2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа нысанда жүргізіледі.

ҰБТ қорытындылары:


Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Динамика

Орташа балл

81,38

86,44

82,6

86,78

77,05

-4,33

білім сапасы, %

42,93

59,36

50,16

59,7

-

+16,77

2013 жылдан бастап орташа балл 2017 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 4,33 баллға өсті. 2017 жылы қала бойынша білім сапасы 52,6% құрайды.

Өткен жылмен салыстырғанда ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштерінің төмендеуінің себебі мыналар болып табылады:

- Жақын және алыс шет елдеріне оқуға түсушілердің саны өсті (Ресей Федерациясының ЖОО-на 195 түлек: Санк-Петербург, Екатеринбург, Челябі, Мәскеу, Омбы, Тюмень, Томск, Магнитогорск, Южно-Уральск, Троицк, Қорған; Қытай ЖОО-на 3 адам, Чехия мен Германия ЖОО-на – 2 түлек); Қазақстан Республикасының шекарасынан 200 түлек жоғары оқу орындарына оқуға түсті. (РФ колледждеріне түскен түлектердің саны 85 адамды құрады)

- жыл сайын жоғары нәтиже беретін № 2 гимназия түлектері ҰБТ қатыспады;

- 114 жақсы оқитын және 6 үздік оқитын түлектер ҰБТ қатыспады;

- Алтын Белгінің 7 алушыларынан тек қана 4 түлек ҰБТ тапсырды, оның біреуі шығармашылық емтихан тапсырды;

- түлектердің арнайы тек қана екі міндетті мамандықтарға тапсырды, олар бойынша 40 балл алу қажет, ҰБТ нәтижесін есепке алу жаңа енгізілген өзгерістерді есепке алмай жүрігізілді; онда түлектер қала бойынша 7 адам. (бес пән бойынша балдардың жоғары түрі – 140 балл, екі пән бойынша – 40 балл);

- 2017 жылы ҰБТ қайтадан тапсыруға рұқсат берілді, ол түлектердің Қазақстанның ЖОО-на түсуі үшін өз мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік туғызады.
«Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің саны


Жыл

Үміткерлер саны

Олардан растағаны

%

2013

10

6

60

2014

9

5

55,56

2015

17

9

52,9

2016

5

4

80

2017

8

7

89,25

«Алтын белгі» белгісіне үміткерлер – оқушылар саны бірнеше жылдан бері түрленіп келеді, ол мектептер бітірушілерінің түрлі деңгейімен түсіндіріледі. Үміткерлердің үздік білімін растау пайызы да өзгеріп отырады, ол тест тапсырмасының деңгейі мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Білім жүйесін жаңғырту жағдайында жаратылыстану-ғылыми топтама пәндерінің рөлі де жоғарлауда. 2013 жылғы кезеңнен бастап ЖМЦ пәндері бойынша білім беретін бағдарламаны жақсы меңгерген оқушылардың үлесі тұрақты өсіп келеді. Көрсетілген кезеңде оң қарқын +0,9%-ды құрады.
Оқушылардың үлесі


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

44,1

44,3

45

53

53,3

Осы көрсеткіштің тұрақты өсуі жұмыс жүйелілігінің нәтижесінде, келесі бағыттарда көрсетілген:



  • Бейіндік оқытуда ЖМЦ пәндерінің білім сапасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану тиімділігі (мұғалімдердің интернет сайттарының көбеюі 28-ден 122-ге дейін);

  • Білімнің модернизациялануына байланысты мұғалімдердің білімдерін арттыру (курстық даярлық, өзін-өзі оқыту);

  • математикалық, жаратылыстану ғылыми сауаттылықты және PISA, TIMSS зерттеу тапсырмаларының негізінде оқу сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік оқулығын құрастыру;

  • ЖМЦ пәндерінің оқу сапасының мониторингі бойынша ақпараттық база (бақылау жұмыстары, тестерді сараптау, оқушыларды дайындау бойынша дидактикалық материалдар, әдістемелік қосымша күштің болуы);

  • бейіналды және бейіндік оқыту бойынша іс-шаралар (семинарлар, кеңестер және т.б.);

  • мектептің психологиялық қызметі, оқушылардың психологтық педагогикалық диагностикасы (қиын тақырыптарды оқудағы қиыншылықтар, ҰБТ-ге дайындалу кезіндегі қобалжу дәрежесі және т.б.).

жүктеу 4,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау