«Ислам – дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз»
Н.Ә.Назарбаев
Діни дүниетаным – ежелгі замандардан бастап адамзат баласының тарихи
дамуымен бірге жасасып, өмір сүріп келе жатқан рухани құбылыс. Түрлі ерекшеліктерге
байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы жəне
олардың əр жерде əртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір
заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі
формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін
жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың жəне өзге де
игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам
ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы
өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына əсер ететін, наным-сенім
қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Діннің қай уақыттардан бері, адам
санасымен тұтаса отырып, моральдық қызмет атқарғандығы тарихи таным арқылы көрініс
табады, сол арқылы біз діннің қандай рөлі бар екендігін анықтауға мүмкіндігіміз болады.
Мораль — адамзат мəдениетіндегі қоғамдық сананың бір формасы. Діни
дүниетаным құқық, өнер сияқты мораль ретіндегі да қоғамдық сананың бір формасы
ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра
мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық
нормаларының шығу төркіні бірыңғай алғанда діни тыйымдар мен əдет ғүрыптық салт-
санадан келіп шығады.
Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен
тығыз байланыста дамиды. Əсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі
орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие.
Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мəн
берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сəті — адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі.
Сондықтан діни рəсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене
араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы
болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады.
Діннің
моральды
қалыптастырудағы
орнының
маңыздылығын
сол
діндердегі
адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.
Дін өз кезегінде адамзат мəдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырыла
отырып, адамның жеке жəне қоғамдық өміріндегі реттеуші, қалыпқа түсіре отырып, бір
арнаға тұтастырушы фактор ретінде қарастырылады. Осы тұтасу өз кезегінде мəдениеттің
барлық салаларынан көрініс табады.
Діннің моральдық рөлінің ұдайы қатынаста болуы үшін, адамға ең қажетті нəрсе –
тəрбие. Əсіресе, бұл қазіргі жастарға өмірдегі шынайы құндылықтарды ұғынуы үшін
546
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
өмірде өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын кеңейту үшін қажет.
Тəрбиеге жеткілікті көңіл бөлмеушілік қоғам тарапынан жастар тəрбиесіне салғырт жəне
немкетті қарау, кейбір шектен шыққан əдепсіздік пен арсыздықтың көрініс беруіне алып
келіп отырғаны шынайылық. Жастардың ұлттық тəрбиеге қырын қарауы, бұл батыстық
тұтыну мəдениетіне еліктеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, жастарға имандылықты,
ұлттық дəстүрлерді насихаттап, сөзден іске көшу керек. Салт-санамыздағы тəрбиелік мəні
бар құндылықтарды жастар арасында насихаттау үшін сөз бен іс-əрекеттеріміздің
арасындағы сəйкестілік болу керек. Ұлттық рухтың уызын ұлттық құндылықтар құрайды.
Ұлтына деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, əдет-ғұрпыңды, дініңді білуден бас-
талады. Қазақстан – 2050 Стратегиясында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Əбу Ханифа
мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дəстүрді,
ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та əлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін
қадірлей отырып, ата дəстүрін ардақтағаны абзал» – көрсетілген. Əрине, ұлттық дəстүрден
жəне ата-баба дінінен хабары бар жас өзінің ұлттық болмысы мен рухани дүниесінен, ата
дəстүрімен, ана сүтімен сіңген тəлім-тəрбиені өмір бойы ұстанады. Ата-баба өсиеттері,
адамды тəрбиелілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні белгілі. Ұлттық тəрбиенің бір
негізі діни мəдениетімізде жəне өнегелі тəлім-тəрбиемізде жатыр. Адамзат пайғамбары:
«Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім», – деген. Вебер, Дюркгейм жəне қазіргі
заманғы көптеген əлеуметтанушылардың пікірінше, діннің негізгі қызметіне –
«мағыналық пайымдау» қызметі жатады. Яғни, адам өз өмірінің мағынасын толық
дəрежеде түсініп жəне түйсініп өмір сүруі шарт. Дін қоғамның нормалары мен
құндылықтарын насихаттай отырып, тұрақтылыққа негіз жасайды, яғни, əлеуметтік
құрылымға пайдалы нормаларды орнықтырумен қатар, тұрақтандырушы функцияны да
атқарады. Жəне адамның моральдық міндеттерді орындаудағы алғышарттарын
қалыптастырады .
Діннің міндеті – қандай да бір нормалы заңдастыру емес, нормативтік тəртіптің
өзін қабылдау. Сондай-ақ, бүгінде діннің кері интеграциялануы деген мəселені
көтерушілер бар. Мысалы, экономика саласында, еңбекті ұйымдастырудың қазіргі
заманғы əдістерін енгізуде кедергі келтіруі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болса да
атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да сипатта мəнге ие болуы
мүмкін. Дін интеграция мен тұрақтылық əкелуші ғана емес, кейтұстардағы кертартпа, дін
бұзушы ағымдар арқылы қиратушы, жанжал əкелуші фактор ретінде де қарастырылады.
Осыған байланысты дін əлеуметтануы харизмалық жетекшілердің рөлі жайлы мəселеге
ерекше назар аударады. Вебер харизмадан əлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы əсерін
жəне өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.
Дін қоғам тұрақтылығының факторы ғана емес, кейтұстардағы кертартпа, дін
бұзушы ағымдар арқылы, сонымен қатар, əлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі ретінде де
қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін «капитализм
рухын» жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді. Нəтижесінде, Еуропа
тарихында жаңа дəуір мен индустриалдық өркениеттің дамуына қарай тарихи алға
басушылық байқалады. Сонымен қатар, қазіргі таңда дін батыс қоғамында өзінің
позициясын жоғалту үстінде: адамдар шіркеуге жиі бармай, діни рəсімдер де жиі
сақталмай жатыр. Көбісі өздерін агностиктер немесе атеисттер қатарына жатқызады.
Тіпті, дінге сенетін адамдардың өздері де дінді басты орынға қоймайды. Мемлекеттің
экономикалық даму қарқыны жоғары болған сайын, елде діни адамдардың саны аз
болатындығы байқалады. Осыдан келе, дін жəне қоғам өзара тығыз байланысты
болғанымен, бұз өзгермелі үдеріс екенін байқаймыз.
547
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ƏДЕБИЕТ
1.
Құлсариева, А. Т. Этика : оқу құралы. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. - 256 с.
2.
Бұлұтай, М. Дін жəне ұлт. М. Бұлұтай. - Алматы: Арыс, 2006. - 608 с.
Достарыңызбен бөлісу: |