Бұл зерттеулердің мақсаты өлшеудегі дəлдігі жоғары жəне пайдалануы ыңғайлы ,
құрылысы қарапайым жəне көрсеткіштің бағасы төмен болатын технологиялық
құрылғыны ойлап табу .
Жалпылай сұйықтықтың деңгейін өлшейтін құрылғыларды салыстыра отырып,
жаңа құрылғыны жасап шығарылады. Оның негізгі құрылысына арқан арқылы сезімтал
элемент сұйықтыққа енеді. Ол қаптамамен қапталған сəуле таратушы жəне сəуле
қабылдағыштардан тұрады. Арқан арқылы механикалық есептегіш ,күшейткіш жəне
қосымша элементтен жасалады. Басқа құрылғылардан ерекшелену себебі, оның сезімтал
элементтіндегі сəулелендіргіш ретінде жарық көзі, ал сəуле қабылдағыш ретінде толқын
диапозоны 0,4-0,8 мкм аралығында жұмыс жасайтын, күлгін түстен қызыл түске дейін
қабылдауға мүмкіндік беретін жартылай өткізгішті түс датчигі қолданылады.
Сезімтал элементтің сыртқы қаптамасы жарық көзінен сəулеленген жарық
көрініс бергеннен кейін қабылдағышқа түсіп, сынып, сəйкес ортада боялатындай жарық
өткізетін материалдан жасалған. Сезімтал элементтің ортаға орналасу мүмкіндігінің
бірнешеуін мысалыға келтірсек болады.
Бір бірінің арасына саңылау қалдырып зертелетін ортаға вертикаль орналасқан
қаптама екі кварцты немесе шыны түтіктерден жасалуы мүмкін. Екі түтіктің біреуіне
жарық көзі, ал екіншісінде түтік бойымен үйлесімді түрде қозғала алатын қабылдағышқа
түс датчигі орналасқан.
Өлшенетін ортаға екі түтік жіберудің орнына бір түтікке сəуле өткізгіш қабілетіне
ие бөлімшеге бөліп,оны ось бойына перпендикуляр орналастырып, бірінші жарық көзі,
ал екіншісіне түс датчигін қоюға болады.
Түтікті дене осіне перпендикуляр жасап жарық өткізгіш аралықпен үш бөлімшеге
бөліп, оның ортаңғысында жарық көзі, ал қалған екеуінде жарық датчиктері
сəулелендіргіштен жасауға болады.
Түс датчигі мен жарық көзін сұйық деңгей көрсеткішіне пайдалану радиоизотопты
мен салыстырғанда эксплуатацияға ыңғайлы əрі радиактивті гамма сəулелері жоқ болып
келеді.Сонымен қатар түс датчигі мен жарық көзін пайдаланғанда радиоактивтіліктен
қорғану мұқтаждықтың болмауы ғана емес, құрылғының құнында едəуір арзандата алады.
Қолданылатын құрылғыда түс датчигі мен жарық көзі физикалық жұмыс жасағанда
бірбіріне
жақынырақ
орналасуына
мүмкіндік
береді,
осы
арқылы
өлшемнің
нақтылануына, яғни дəлдік айқын анықталуына мүмкіндік туады, ал прототиптерде бұл
мүмкін емес, гамма-квант сəулелендіргіштері қабылдағышқа жақын орналасқанда
прототипте сұйық орталарды тығыздығы бойынша айыру қабілеті төмендейді. Сонымен
331
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
қатар, нұсқаулы пайдалану мүмкіндігі арқасында сезімтал элемент қаптамасы құрылғыны
қарапайым қылып жəне құрылғыға деген түрлі пайдалану талаптарын қанағаттандыруға
мүмкіндік береді. Көрсеткішті құрауда тігінен жəне жарық көзінен алшақ орналасқан екі
түс датчигін қолдану екі орта бөлімінің шекарасын өлшеу дəлдігін одан ары жоғарылатуға
мүмкіндік береді. Бұл əрбір түс датчигінен келетін бірдей сигнал əртүрлі күшейткіштің
кіреберісіне түсіп, шығарда олар бір ортада болса нөлге тең болады. Егер түс датчиктері
əртүрлі ортаға түссе, онда олар шамасы əртүрлі сигналдар жасап шығарады. Əртүрлі
күшейткіштің шығысында жеткілікті түрде басқа ортаның түсін көрсететін сигналды
алуға жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |