Информатика Дарабозы
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1). Сынып оқушыларын түгендеу.
2). Сабақ жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл – өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 – 10 – нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.
VII. Марапаттау
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан
«Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 9 – сынып оқушыларын ортаға шақырамын.
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
Кез келген программаның алғашқы жолы….. сөзінен басталады (Program)
2. Нақты тип операторын тап (Real)
3. Алгоритмнің түрлері? (Сызықтық, тармақтық, циклдік)
4. Қалдықты бөлу? (MOD)
5. Integer қандай сан? (бүтін)
6. Меншіктеру операторы қалай белгіленеді? (:=)
7. Var қызметші сөзінің аудармасы. (Айнымалы)
8. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
9. Түбір астындағы Х – ті Паскальда қалай болады? (SQRT (X))
10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын кұрал… (Компьютер)
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе.
ІІ. “Тіл – өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор – монитор)
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі – пробел – blank)
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус – cactus – тікенекгүл)
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта – клавиатура – keyboard)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан – мышка – maus)
Достарыңызбен бөлісу: |