33
Қазіргі саналы өмірін тəуелсіздік
кезеңінде өткізген жастардың Отанды сүюі,
ұлттық ұстанымына берік болуы мен ана
тілін құрметтеуі қандай деңгейде? Біз оларды
осы бағытта тəрбиелеуде не істеп жатырмыз?
Мемлекет болып, қоғам болып? Өздерін адам
жанының инженерлері атап жүрген, кеңес
кезінде қолдарымыз қысқа болды деп зарлап
жүрген жазушыларымыз, киношыларымыз,
əртістеріміз, ғалымдарымыз тəуелсіздікке
қолымыз жетті ме, жетпеді ме деп жастар са-
Ўлт таєдыры
ҚАЗІРГІ
ЖАСТАРДЫҢ ТІЛІ
қағып алайын» немесе «Банкке кел, қалқатай.
Ақшаңды теспей сорайын» деген солардың жар-
намаларынан басқа шығарма оқыған жоқпын.
Айтпақшы, Мұхтар Мағауиннің қазіргі
биліктегі адамдардың екіжүзді қалпын керемет
суреттеген «Жармағын», Мұхтар Шахановтың
шындығын жоғалтқан жазушылар, ғалымдар,
ұстаздар мен саясаткерлер жайлы өлеңін оқыған
екенмін ғой. Ақын:
Сəдуақас АҢСАТ,
Халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ
Қызылорда облыстық филиалының
төрағасы
насына əлгі сезімдерді сіңіруге жатпай-тұрмай
22 жыл бойы қандай кітаптар жазды, қандай
кинолар түсірді, басқа да қандай шығармалар
тудырды? Қазіргі заманның геройларын сом-
дап шығарса, олар кімдер? Банкирлер ме,
кəсіпкерлер ме, əкімдер мен министрлер ме?
Бұрын «Қырманға кел, қалқатай. Білегіңді сы-
банып» деп жастарды еңбекке, ауылға шақырса,
қазір «Базарға кел, қалқатай. Қалтаңды
34
Ертелі-кеш тек билікті мақтан
тұта отырып,
Көп газеттің, телеарнаның айтатыны
өтірік.
Қаншама жұрт сондықтан да өтірікке
нанады,
Кейбіреулер қызметі үшін сатқындыққа
барады.
Кім айырма салса жиі ісі менен сөзіне-
Екі жүзді, əрі алаяқ пенде оның өзі де.
Егер адам жойып алса жүрегінің
шындығын,
Рух қуатын сезінбесе адал, əділ мұңдының,
Елге қажет пайдалы ойлар жүргенімен
миында,
Шындығы өлсе, бітті, ісі бағаланар
тиынға, - деп қорытқан
. Сонда тəуелсіз
еліміздің тұғырын кімдер қалап жатыр?
Экономикалық көрсеткіштерімізбен əлемнің
50 елінің қатарына ендік деп бөркімізді аспанға
атып жүргеніміз, халқымыздың руханиятының
сол деңгейге көтерілгенін білдіре ме?
Тəуелсіз ел ең бірінші ана тілімен
көрінеді. Сосын барып басқаларымен. Қазақ
тілі өркен жаймаған жерде қандай тəуелсіздік
болмақ? Қазір барлық жерлерде қазақ
балабақшалары, қазақ мектептері, жоғары
оқу орындарында қазақ топтарының саны
көбейгені рас. Бірақ, орыс тілді мектептерде
300-мыңнан астам қазақ балаларының оқып
жүргені, ал, қазақ мектептерінде 3 мыңға
жуық өзге ұлт өкілдерінің оқып жүргені
көңілді көншіте ме? Мемлекет қазақстандық
балалардың қазақ тілінде тəрбие мен білім
алуын қамтамасыз ететін батыл қадамдар мен
кешенді бағдарламаларды жедел қолға алма-
са көш түзелмейтіні айдан анық болып тұр.
Онсыз мемлекеттік тілдің мəселесі 100 жылда
да оңалмайды. Тарих ғылымдарының канди-
даты, ғалым Сəбит Шілдебай өзінің баспасөз
бетінде жарық көрген: «Түрік танырлық балаң,
кəне?» деген мақаласында: «Қазіргі биліктің
«Тілдердің үш тұғырлығы» дегенінен асқан
қауіп жоқ. «Үш тұғырлы» деген ұғымның өзі
арам ойдың туындысы! Тұғыр адамда біреу
ғана болуы тиіс. Ол тұғыр - ана тілің! Ана
тілінде ірге тасын бекітіп алып, содан соң ғана
өзге тілдерге оқытып жатқан жапондар ақымақ
болмаса керек-ті» - деген ойы көпшіліктің
көкейінде жүрген ойды дөп басқаны анық.
Көшеде, қоғамдық көлікте, түрлі іс-
шараларда, яғни күнделікті өмірде жастар-
мен кездеспей тұрмаймыз. Сонда олардың
бір-біріне қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі аға
ұрпақ өкілдерін қатты қынжылтады. Əрине,
мен бəрін жамандаудан, көпке топырақ шашу-
дан аулақпын, дегенмен жаман əдеттің жұққыш
келетінін, «бір құмалақтың бір қарын майды
шірітетінін» ұмытпайық.
Ағылшын тілінде «сленг», «жаргон» де-
ген сөздер бар, оның мағынасы фразеологизм-
ге ұқсас, яғни фонетикалық, грамматикалық
жүйеге бағынбайды. Осы сөйлемшелердің
өзгеше түріне жастар тым құмар болып бара-
ды. Оны сəнге айналдырып алған, мақтаныш
көреді: «сындырды», «базар жоқ», «лапша ілді»,
«құлақтан тепті», «қуады екенсің», «лақтырып
кетті», «қораға кірді» деген сөздерді жиі
естиміз. Шешімін таба алмаса, «тормозы ұстап
қалды», «зависать етіп қалды», көпшілікпен
келуді «толпа», менменсуді «типаж болу»,
ақша талап етуді «счетчик қою», қоңырау ша-
луды «маяк тастау» деп жатады. Бұл – жаргон
сөздерде орыс сөздерінің компоненттері бар.
Бірақ бұл Тургеневтің, Толстойдың, Чеховтың
тілі емес, демек бұл орайда жақсы нəрсені,
озық ойды алып отырған жоқ. Бұл көшенің
сөзі. Бұндай сөздер біздің кезімізде де болған.
Бірақ оны көпшілік орында емес, өз орталарын-
да қолданатын. Шекарадан шығып бара жатса,
тыйым салушылар (ата-ана, мектеп, қоғам бо-
лып) тосқауыл қоя білетін.
Кейде сленг бір аймақта қолданылады
да, елге тарап кетеді. «Қуғынбай», «сасы-
машы» деген сөздер тіркес ретінде Батыс
Қазақстан өңірінде қолданылса, қазір Сыр
*
«Үркер»*
№6*
2014