Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата24.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

9

Жалғыз ба?!

Ол да мендей жағасында Есілдің,

Тұрып -тұрып үнсіз кетіп қалды ма?

Мен күттім ғой адал болып сертіме,

Қайда үмітім демеу болған дертіме?

...Бұл қалада сирень де бүр ашпаған,

Мен түгілі ол да сенің  еркіңде...

Көктем,мені неге алдадың келем деп?

(Біз қосылсақ ескі мұңды жеңер ме ек?)

Неге менің сол жақ кеудем сыздайды,

Неге  қайғым бара жатыр тереңдеп?!

Енді батсам шықпаймын ғой,сол анық,

Өз мұңыма өзім қалдым тоналып.

Жаздың демі жылытпайды-ау жанымды,

Көктем, енді, сен келгенше оралып...

Мен наз айтсам,айтамын тек көктемге,

(Ал,əйтпесе,бұл өмірге өкпем не?)

...Жылап қалған ұмыттың ба сол қызды,

Өткен жылы сен қаладан кеткенде.

...Сіз Көктемді көрдіңіз бе, Жаз – мырза???

ЖОҒАЛТУ

Шерге айналып кеттің бе, жүрегімде 

жатқан мұң ?!

Сатқындығын кешпеймін сені ап кеткен 

Ақпанның!

Өкінішіме ортақ боп, өксігімді тарқатшы - 

Бауырын бұлттың қызартып, мағынасыз 

батқан күн!

Сен барда бұл қаланың қадіріне жетпедім,

Айтшы не деп ақталам, ойламайды деп пе

 едің?!

Біз асыға күтетін аңсарларға алданыш



Сен қайда деп сұраса, не дер екем, 

Көктемім?!

Албырт ұлын Алатау алып қалды деймін бе?!

Мұңы сіңген көзіңді жан ұқпады деймін бе?!

Аққуы жоқ айдыннан жалыққаны деймін бе?!

Ой жегесін кеудесін тарыққаны деймін бе?!

Қазығы ғой, айналып, барып қалды 

деймін бе?!

Əлде өлеңнің ішінде қалып қалды деймін бе?!

Не десем де мезгілдің мерейі үстем 

болып тұр,

Тағдырыңа адасқақ нығметіңмен соны ұқтыр.

Таңдайдағы өлеңін маңдайдағы бағы қып,

Тəңір сенен сұрарым - Сабырыңа 

жолықтыр!

31-ЖЕЛТОҚСАН

Желтоқсанмен қалса қайғы,қалса мұң,

Көтермеймін бұдан артық сарсаңын.

Бұл күндері менен үміт жалыққан,

Менде үмітті сүйрей-cүйрей шаршадым.

Көңіл қимас ештеңе жоқ өткеннен,

(Шақтар ғана шарасыз қап,жеккөрген)

Мендегі ең бір тəтті дейтін сəттерді,

Бірге жерлеп кетіппін сол көктеммен.

Содан бері жылдардан бақ таппадым,

(Сағыныш боп жүрегіме батпа мұң)

Мен арымды Тағдырымның алдында,

Қаншалықты ақтай алдым,ақтадым?!

Досым көп деп алданыппын бекер мен,

Мендегі аңсар алданышпен өтелген.

Жылағанның бір сүртісіп көз жасын,

Өз қайғымды өзім ғана көтергем.

Қанша ғұмыр қалды дейсіз кешпеген,

Қанша мұң бар жүректе əлі өшпеген.

Аялдашы,бір қарайын өткенге,

Уақыт сенің кетпейді ғой ештеңең.

Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ. «Менің ішкі шерімді кім түсінер, 

 

 

 

 

Өлеңнен басқа ешкімге айта алмаған...»



10

Кім болам?



Алматы қаласының өнерлі 

оқушыларынан құралған «Мұрагер» 

жəне «Атамұра» оркестрлеріндегі дом-

бырашылар ішіндегі жеке күй тарту 

бойынша үлкен бəсекелерде биіктен 

көрініп жүрген Сұлтанбек Тəжіғалиев 

Б.Атыханұлы атындағы №36 мектеп-

гимназиясының 7-сынып оқушысы.

Соңғы жылдары Сұлтанбек қол 

жеткізген жетістіктерінің өзі бір төбе. Түркия 

мемлекетінде өткен «Аrt Alimpia-2012» 

жасөспірімдер байқауында жеке аспап-

та ойнау номинациясы бойынша  І орын-

ды жеңіп алды. Гонгонг, Макао қаласында 

өткен халықаралық жасөспірімдер  өнер 

байқауында  аспапта ойнау номинация-

сы бойынша бас жүлдені жəне Алтын ку-

бокты жеңіп алып, Қазақстанның мерейін 

асқақтатты  (2013ж). Республикалық  «Тай 

жарыс» Радио-фестивалінде аспапта орын-

дау бойынша І орынды иеленді (Бурабай 

2013ж).

–Осындай шəкіртімді мақтан етемін, 



– дейді Ш.Смаханұлы атындағы №62 

гимназияның музыка пəнінің мұғалімі, 

Алмалы аудандағы №2 Оқушылар үйі 

домбыра үйірмесінің жетекшісі Тасқын 

Əлімбайұлы. 

Орайы келгенде айта кетейік, 

Қытайдың Құлжа қаласында туып өсіп, 

2007 жылы ғана тарихи Отанына оралған 

Тасқынның қазақтың ұлттық аспабын та-

Кім болам?

ӨСЕР 

ЕЛДІҢ 


БАЛАСЫ 

ОСЫНДАЙ



11

лапты жасқа меңгертудегі əдіс-тəсілдері өз 

алдына бір бөлек əңгіме. 

Сұлтанбек бес қыздың артынан ер-

ген жалғыз ұл. Солай екен деп үй-іші оны 

орынсыз өбектеп, аса еркелетіп жіберген 

емес. Əкесі Серік өмір бойы заң қызметінде 

істегендіктен де болар, отбасындағы 

темірдей тəртіп Сұлтанбектің елгезек, əдепті 

болып өсуіне игі əсерін тигізді. Əсіресе, 

əпкелері Алмагүл, Эльвира, Альфия, 

Салтанат, Нұргүлдердің ықпалы да мол бол-

ды. Анасы Рая болса ұлының сабақта озат, 

жақсылыққа талпынғыш екендігін айтудан 

еш жалықпайды. 

–Жаз айларында ата-анаммен бірге 

қала сыртында демаламын. Сондай-ақ  шет 

елдерге де саяхаттап көрдік. Ел көру, жер 

танудың адам өресін өсіруге əсері зор, – 

дейді Сұлтанбектің өзі. Ол 5 жасында та-

эквондо үйірмесіне алғаш  барғандағы 

Салтанат ҚАЖЫКЕН«Өсер елдің баласы осындай»

əсерлерін, спортпен шұғылданудағы əдіс-

тəсілдерін, сондай-ақ 2013 жылы Бейжіңнен 

визамен Гонгонгқа одан əрі кемемен 1,5 сағат 

жол жүріп тарихи қала Макаоға барғандағы 

көңіл-күйін күнделікке де түсіріп жүр екен.  

Қазіргі таңда мектеп оқушылары ара-

сында өтетін көптеген өнер байқауларына, 

концерттерге белсенді түрде қатысып жүрген 

Сұлтанбектің болашағынан мол үміт күтуге 

толық негіз бар. Қазақ мектебінде оқи жүріп 

ағылшын тілін жақсы игерген қаршадай ұл 

Алла қосса келесі оқу жылы, яғни 8-сынып-

тан бастап Назарбаев зияткерлік мектебінде 

оқитын болады. 

Таяуда «Ұлы арман» атты V аудандық 

өнер байқауында ол күй сайысы бойынша 

жеңімпаз деп танылды. Олай болса күні 

ертең оның еліміздің сүйінетін бір ұлы бола-

тынына сенімдіміз.  



Салтанат ҚАЖЫКЕН

Айтулылар айтқан сөз

Мақсат – әрекетті ақтап алады.

Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау