Республики казахстан



жүктеу 420,5 Kb.
бет5/5
Дата14.11.2018
өлшемі420,5 Kb.
#19579
түріСамостоятельная работа
1   2   3   4   5

Сипаттамалы аударма

Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.

Реалиая сөздерді аударудың барлық тәсілдерін келесі схемамен белгілеуге болады:

1) транслитерация, транскрипция;

2) калькалау, жартылай калькалау, семантикалық неологизм;

3) ұқсас аударма;

4) контекстуалды аударма.

Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру. Газет-журнал мақалаларын аударғанда да қоғамдық-мәдени түсініктемелерді қолдануға болады.

С.Г. Тер-Минасова пікірінше, реалиялары бар түпнұсқа мәтіннің аудармада барабарлы қабылдауы мүмкін. Бұл үшін аударма тілінде «қоғамдық-мәдени түсініктемелер берілуі керек. Алайда аударма амалдары осы тілде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті болу қажет.

Қоғамдық-мәдени түсініктеме

Көркем мәтіндерді және оларды түсіну, түсініктемесіз түсіну оңай емес. Бірақ та, қазіргі әдебиет те кейбір кездерде түсініктемелерді беруді қажет етеді. Ал шетел оқырмандары үшін ол тіпті қажет. Ертектер де сондай түсініктермен қамтамасыз етілген болу керек.

Ертектер тілі мәдени, ұлттық, тарихи жағынан белгіленген лексикалық бірліктермен толықтырылып жатады. Бұл өмірдің және мәдениеттің өзгергенімен өте байланысты.

Яғни, мәдениетаралық қатынас немесе олардың арасындағы дау өз және жат мәдениеттер аралығында ғана емес, сонымен қатар өзге мәдениеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл қоғам өміріндегі өзгерістер жаңа деңгейге көтеріліп, келесі ұрпақ өзінің арғы аталарының дүние тану жөніндегі түсініктерін ұқпауымен, білмеуімен байланысты.

Басқа мәдениеттің өкілдері үшін арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер өз мәдениетіндегі және тілдегі өзгерістерді айна ретінде белгілейді. Шетел оқырмандарына (аударма тілде сөйлейтін адамдар үшін) арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер мәдениеттер арасындағы түсініксіздікті көрсетіп, оны реттейді. Сонда да бұл тек қана өз және шет мәдениеттер арасындағы түсініксіздік емес, сонымен қатар бір халықтың әдеби шығармаларында тіркелген өткен заманның және қазіргі заман мәдениеті арасындағы түсініксіздік.

Қоғамдық-мәдени түсініктеме біздің мәдениетімізді оқып жүрген шетел оқырмандары үшін де, өз оқырмандарымыз үшін де өте қажет.

Қоғамдық-мәдени түсініктеменің ішіне  мыналар кіреді:

1) историзмдер – қарым-қатынас кезінде адамдармен қолданылмайтын заттарды немесе құбылыстарды білдіретін сөздер, және халық өмірінде, тілде қолданыстан шыққан реалия сөздер;

2) архаизмдер – қолданыстан шыққан көне сөздер;

3) қазіргі қазақ тілінде өз мағынасын өзгерткен сөздер;

4) шет және қазіргі қазақ оқырманымен реалия сөздерге, аллюзияларға қажет етілетін қоғамдық-мәдени түсініктемелер.

Сонымен, осындай түсініктемелер автор және басты кейіпкерлер сияқты бір мәдени топқа жататын адамдар үшін қажет. Өйткені қазіргі оқырманның фондық білімдері өзгерді. Осындай түсініктемелер көне сөзді қазіргі тілге тек қана аудармай, сонымен қатарар автордың ойын толығырақ ашуға мүмкіндік жасайды.

Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін  пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.

Гете айтқандай, «Аудармада аударылмайтынға жету қажет. Сонда ғана басқа халықты, жат мәдениетті білуге болады». Гетенің сөздерін реалия анықтамасына жатқызуға болады. Өйткені реалия тек қана аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген, басқа халықтың тұрмысында, тілінде жоқ сөздер. Алайда, аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде оларға эквиваленттерді немесе аударма тәсілдерін қолдануға тырысады.

Аударма мәселелері бірнеше кезеңдерден тұрады. Көптеген аудармашылар «реалия» сөзінің мағынасы туралы әлі күнге дейін таласуд; реалия сөздер топтамасы туралы көптеген қарама-қарсы пікірлер бар (негізінен қарастырылып жатқан сөздерді қандай қасиеттеріне байланысты топтарға бөлу қажет). Алайда  тағы бір талас реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілдерді қолдану қажет деген мәселе төңірегінде туады. Сонымен, реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілді таңдауы қажет деген сұрақ аудармашы алдында тұрған  сұрақтардың бірі және ол аудару мақсаттарына байланысты болады.

Дұрыс аударма жасау үшін аудармашы фондық білім мен мәліметтермен қамтамасыз  етілген болу керек.

Реалия сөздерді жеткізу үшін, мәтіннің жанрына қарап, талдап, ойлану қажет. Егер де бұл ертек болса, онда ұлттық ерекшеліктеріне қарау қажет, егер бұл этнографиялық очерк немесе басқа елдерге, аудандарға саяхат туралы әңгімелер болса, онда реалия сөздер максималды түрде жеткізілуі керек.
Практикалық сабақ № 14

Тақырыбы Жаттығулар орындау. Кәсіби мәтін № 14

Сабақтың мазмұны. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс,семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Ресми хаттар.

Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Қызметтік жеке хатттар. Бүл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе орісінің кеңдігі жоне қызметтен тыс моселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын моселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.

Үсыныс хаттар. Бүл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыга үсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.



Сұраныс хаттары. Бүл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сүрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының неғізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Жолдама хаттар. Қүжатпен бірге жіберілетін қосымшаньтң немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бүл хаттар өрсетілген ақпараттың долдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

Хатты жазып отрығнада онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығьщызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқьшаған жөн.


Үлгі Жолдама хат
Казақ мемлекеттік Ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының директорына

Абай атындагы Алматы мемлекеттік упиверситетіндегі филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қоргаитын ДР 14.05.04 диссертациялық кеңес 10.02.02 — қазақ тілі мамандыгы бойынша Оспанова Өміргул Ақанқызының "Қазақ тіліндегі көсемшеніц магынасы мен қызметінің дамуы" атты кандидаттық диссертация жумысыны және авторефератыныц 2 данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу ушін жіберіп отыр.

Диссертацияның қоргалган куні 11 наурыз 1999 жыл.

Диссертация кеңес төрайымы, филология гылымының докторы,

профессор З.Қ. Ахметова
Үлгі: Қызметтік хат

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. 480100, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. тел. 91-33-77

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры К.Ш.Құсайынов мырзаға

Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қореайтын кеңес шешімімен (хаттама №11, 10-шы ақпан 1998 жыл) Сіз басшылық жасап отырган А.Байтурсынов атындагы Тіл білімі институты мына диссертацияга жетекші уйым болып бекітілді: Бейсембекова Жулдыз Сардырбекқызының "Қазіргі қазақ тіліндегі буйрық райдың парадигмасы мен магыналық қурамы" атты кандидаттық диссертациясы, 10.02.02. — қазақ тілі мамандыгы бойынша.

Осыган орай аталган диссертацияны Сізге жіберіп отырмыз, оның қоргаллы 18 наурыз 1998 ж. белгіленді. Оган мына мерзімге дейін пікір беруіңізді өтінеміз:

16 наурыз 1998ж.

Жетекші уйым басшысының қолы елтаңбалы мәрмен бекітілуге тиіс. Пікірде кеңейтілген турде мынадай тустарга жауап беруіңізді сураймыз:

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы гылымдармен және жалпы мемлекеттік багдарламамен байланысы.

2. Диссертацияныц 'Тылыми дәрежелер мен еылыми атақтар беру туралы Ереженің " ушінші бәлімі қоятын талаптарга сәйкестігі.

Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, филология гылымының кандидаты, доцент ^^_^__^ Мусатаева М.Ш.
Қолы
Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "р.з." таңбаларын койып түрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мотін" деген мағына береді.

Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады.

1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып койса, қойылған қолдан кейін "р.з." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол койылады.

2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлім.ет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "р.з." белғісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі.

"р.8. 4- квартал бойынша жасалеап есепті жаңа гана қабылдап алдым. 1999 жыягы желтоқсанның 31-і саг. 17.30"

(сиғнатура, факсимиле)

"р.з." Шүғыл жолсапарға шығуға ткра келіп түр. Сондықтан 2 аптаға дейін сізбен кездесе алмаймын. Кездесу уақытын қосымша хабарлаймын. 22.04.98.

Құрметті


(сишатура, факсимиле)

Кейбір күрделі, күтуге келмейтін, тығыз жағдайларда постскриптум қайталап та жазылады. Онда "Р.р.з." постскрилтум белгісі қойылады. Оның жазылу реті де дәл жоғарыда айтылғандай.



Қолданылған мәліметтің дәлдігі туралы.

Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мүқият тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет қолданылмағын жөн, қүжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде жіберіледі:



- дайындалған қүжаттың мазмүны мен сапасына немқүрайды бақылау жасалғанда;

қүжатты дайындаушыньщ білім мен тәжірибе деңғейі төмен болғанда; жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда;

- құжатты дайындаушы өз ісіне немқүрайды, салақ қараған жағдайда;

- құжатты дайындау барысында дүрыс мәлімет қолданбаған жағдайда;

- қүжаттарды дайындау барысында бағдарламалық-техникалық қүралдарды дүрыс пайдаланбаған жағдайда;

- қүжаттарды дайындау технологиясы бүзылған жағдайда.

Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты- жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы керек. Қүжаттағы сандық мөліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек.

Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта көрсетілуі керек, я болмаса қүжаттың соңында ескерілуі тиіс. Мысалы, Көлемі 5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бүл құжаттан бөлек, 10 беттік қосымшаны коса жіберіп отырмыз т.с.с,

Құжаттағы бүкіл ақпарат мұқият текесерілуі керек. Қүжаттағы ақпартты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар:

1. Техникалық. Мүнда қате жазылған сөздер, дүрыс қойылмаған тыныс белгілері, дүрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда үсталады.

2. Заңдық. Мүнда қүжат мазмүнының қазіргі күші бар заңдарға және қүқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі.

3. Қаржы-экономикалық. Мүнда қүжатта шығарылған қаржы-экономикалы шешімдердің үйлесімділік, тиімділік дәрежесіне баға беріледі.

4. Статистикалық. Мүнда қүжаттағы статистикалық мәліметтердің актуалъдылығы мен ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі.

5.Конфиденциалдық. Мүнда күжат мазмүнында жариялылығы шектеулі мағлүматтың немесе мемлекеттік қүпия болып саналатын я қызметтік, коммерциялық қүпия болып табылатын мәліметтің жіберІлмеу жағы тексеріледі.

6. Ақпараттық. Мүнда құжатты алушының мекен-жайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дүрыстығы тексеріледі.

Қүжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дүрыс жасалу жауапкершілігі қүжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер қүжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орьгадаушы белгіленеді.

Құжатты дүрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі.
ЖЕДЕЛХАТ

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.



Жеделхаттың артықшылықтары:

  • мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады;

  • формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ;

  • жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады;

  • қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады;

  • жеделхаттар тез жеткізіледі;

  • жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді.



Жеделхатты жазу талаптары :

  • мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс;

  • мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды;

  • кейбір сөздерді қысқартуға болады;

  • цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті);

  • жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады;

  • жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.

Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).



Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.

Жеделхаттың реквизиттері:

1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:



  • түрі, категориясы;

  • номері, датасы, жіберілген уақыты;

  • алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.

2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:

- жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі;

- датасы;

- автордың мекен-жайы.


Жеделхаттардың рәсімделуі:

  • мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.

  • Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады.

Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.


Практикалық сабақ № 15

Тақырыбы Қорытынды сабақ. Кәсіби лексиканы жинақтау

Сабақтың мазмұны. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар-тренингілер, зертханалық жұмыс, семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтіндермен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

 

1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

 

2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші;

2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б.

3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

 

Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

 

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.



 

1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат т.б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.



3 ПЕРЕЧЕНЬ ТЕМ ДЛЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ОБУЧАЮЩЕГОСЯ

3.1 Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы. Кәсіби мәтіндер.

3.2 Аудармада мәтін атауының ерекшелігі. Оқу техникасының аударма жасауда маңызы. Мәтінді толық және дұрыс түсіну. Аудармашының сөздікпен жұмыс істей білуі. Аударма жасауда қазақ тілі ерекшеліктерін білу. Технологиялық мамандық студентінің аударма негіздері туралы білімінің маңызы. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер.

3.3 Тілдік практикаға арналған жаттығулар, тренингтер.

1 нұсқа


1. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытын көрсетіңіз.

1992ж.


1988ж.

1990ж.


1991ж.

1989ж.


2. Сөйлемді аяқтаңыз: 22 қыркүек – Қазақстан халықтарының ... .

Білім күні

Жаңа жыл

Жеңіс күні

Тілдері күні

Тәуелсіз күні

3. Мақалды табыңыз?

Ғылым-теңіз, білім-қайық

Ғылым адамды биіктетеді

Ғылым шыңдайды

Ғалым ғылыммен айналысты

Ол-әйгілі, білімді ғалым

4. Білім кілті-тіл.

Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз?

Знание-ключ к языку

Язык и знание-сила

Знание-сила

Люби и береги свой язык

Язык-ключ к знаниям

5. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз?

Сыныптан мұғалім жаңа ғана шығып кетті

Сыныптан шығып кетті мұғалім жаңа ғана

Мұғалім шығып кетті жаңа ғана сыныптан

Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті

Сыныптан мұғалім шығып кетті жаңа ғана

6. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Хлорлы сутек ерітіндісінің қызыл түсі ненің белгісі?

Сұраулы

Жалаң


Жақсыз

Хабарлы


Толымсыз

7. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз?

Әрекеттесу

Заттар


Намыс

Молекула

Химиялық

8. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз?

И-нер-тті

Кү-кірт


Су-тек

От-тек


Э-ле-мент

9. Химиялық заттардың қасиеттерін зерттеумен айналысатын адамды белгілеңіз?

Аналитик

Зерттеуші

Технолог

Химик


Оқытушы

10. Химия тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз?

Жеміс

Периодтты жүйе



Бұтақ

Сабақ


Мектеп

Сәбіз


11. Химиялық процеске тән белгісін атаңыз?

Ерітінді


Масса

Жылдамдық

Эквивалент

Коэффициент

12. «1869-шы» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз?

Бір мың сегіз жүз алпыс тоғызыншы

Бір мың сегіз жүз алпыс тоғыз

Бір мыңыншы сегіз жүз алпыс тоғызыншы

Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз

Бір мың сегіз жүз алпыс тоғыз дай

13. Зертханалық сабақ кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз?

Студенттерді оқытады

Сабақта жауап береді

Тақта сүртеді

Гүл суарады

Тамақ ішеді

14. Жайылма сөйлемді табыңыз?

Дмитрий Менделеев-химик-ғалым.

Су-әмбебап еріткіш.

Оттек-химиялық элемент.

Ол-шындық

Периодтты жүйені 1869 жылы орыс ғалымы Дмитрий Менделеев құрды.

15. Тек ашық буынды сөзді анықтаңыз?

Қышқыл
Қою


Жылтыр
Тұнба
Сулы

16. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін сын есімді қойыңыз.


Азот иіссіз, түссіз, дәмсіз, ауадан...газ.
Жұмсақ
Ауыр
Жеңіл
Арзан
Белгісіз

17. Қазақстанның қай жерінде металлургия кәсіпорындарының орналасқанын белгілеңіз:


Солтүстік батыс
Оңтүстік
Батыс
Шығыс
Солтүстік

18. Синонимдер қатарын табыңыз?


Аймақ, қорық, белес
Күшті, ескі, қысқа
Көркем, әдемі, әсем
Ашық, кең, жаңа
Биік, аласа, ұзын
19. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз?

сынып, парта

дәптер, қалам

мереке, білім

қыркүйек, қоңырау

кітап, оқушы

20. Қ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз?

ө...іл


үзді...сіз

уа...ыт


ше...ара

іс...ер


2 нұсқа

1. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз.

З-Х

Т-Д


Қ-Ғ

В-Ф


П-Б

2. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

Ғылым

Ғалым


Реакция

Элемент


Күкірт

3. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.

Сабақ

Кәсіби


Тіл

Масса


Көлем

4. Керекті зат есімді табыңыз.

Мен өндіріс практикасы бойынша ... жаздым.

Сабақ


Есеп

Кітап


Дәптерде

Қаламның


5. Бейорганикалық химия тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз?

Заттар


Атомдық масса

Тотығу-тотықсыздану реакциясы

Гидролиз

Бейтараптау

6. Химиялық реакция нәтижесунде түзілетін заттарды көрсетіңіз?

Өнімдер


Шикі зат

Қалдықтар

Жылу

Ағынды сулар



7. Химиялық өндіріске қатысты сөздерді табыңыз.

кең, таза, суретші

сынып, қабат, жарық

құралдар, қалдықтар, ауа

шебер, тігінші, қоғам

көше, даңғыл, шағын аудан

8. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... қызмет орының.

де


мен

ім

ің



ың

9. Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз?

Орманды дала

Табиғатты қорғау

Газет шығару

Сурет салу

Жануарлар мен құстар

10. Химиялық заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз?

Алыс

Ақылды


Үлкен

Қара


Тәтті

11. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз: Қарағанды жерінде темір, көмір көп.

Қарағанды

Жерінде


Темір

Көмір


Көп

12. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз?

Заттың атын

Заттың іс-қимылының мекенін

Заттың іс-қимылының мезгілін

Заттың қимылын

Заттың түр-түсін

13. Күрделі сын есімді табыңыз?

Көк

Сары ала


Ауыр

Жасыл


Тұнба

14. Химиялық тақырыбында «Күрделі ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз?

Құрам

Құжат


Ағаш

Қалам


Жұмыс

15. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз?

Күміс элементі

Алтын сағат

Металл күрек

Екі зат


Қарапайым реакция

16. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз?

Заттың санын бөлшектеп көрсетеді

Заттың реттік санын білдіреді

Заттың санын топтап көрсетеді

Заттың дәл нақты санын білдіреді

Заттың санын жинақтап көрсетеді

17. Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз?

1600 мың шаршы шақырым

2700 мың шаршы шақырым

3700 мың шаршы шақырым

1500 мың шаршы шақырым

1700 мың шаршы шақырым

18. «Тілден артық қазына жоқ ,

Тілден артық қасиет жоқ» сөздерінің авторын табыңыз.

А.Жұбанов

Н.Назарбаев

Б.Момышұлы

С.Торайғыров

Ә.Тәжібаев

19. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.

Еңбек етсең емерсің

Ердің атын еңбек шығарады

Не ексең, соны орарсың.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей

Көз қорқақ , қол батыр

20. Синоним сөздерді табыңыз.

Мұғалім, ұстаз, оқытушы

Әдемі, сұлу, алтын

Тақта, орындық , бүгін.

Қараша, қабат, үй

Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.







жүктеу 420,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау